Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 19:46, реферат

Краткое описание

Әр түрлі мекемелер мен фирмалалардың, сондай–ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернациялауынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағаннан көрінеді.

Оглавление

Кіріспе 3
Халықаралық экономикалық қатынастар. Жүйесіндегі халықаралық сауда 4
Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні және құрылымы 7
Дүниежүзілік сауданың құрылымы 9
Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі 12
Қорытынды 14
Пайдалынған әдебиеттер тізімі. 16

Файлы: 1 файл

ekonomika.docx

— 34.07 Кб (Скачать)

         Өнеркәсіп дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі олардың өзара сауда – қарым қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

         Қазіргі уақытта негізгі тауар  тасқыны,  «үлкен үштік»: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

     Халықаралық экономикалық қатынастардың  пәні және құрылымы

 

         Егер экономикалық құбылыстарды  зерттейтін ғылымдардың жиынтығын  алып қарастырсақ, олар бір зәулім дарақтың тамырынан тарап өскен желектері тәрізді болып көрінер еді. Ол дарақ, бүкіл экономикалық ғылымдардың методологиялық негізгі, экономикалық теория.

         Халықаралық экономикалық қатынастар  теориясы да өз бастауын экономикалық  теориядан алады. Дегенмен, әрбір экономикалық ғылым саласының өміршеңдігін, басқа экономикалық ғылымдардан ерекшелігін, қалыптасып даму кезеңдерін тек соның өзіне тән, дербес пәні болуы ғана дәлелдейді.

         Халықаралық экономикалық қатынастардың  пәні – осы қатынастарды жүзеге асыру механизмдерін талдап, оқыту.

         Халықаралық экономикалық қатынастардың  жекелеген елдердің салалық, аймақтық  шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым – қатынастарын зерттейді.

         Халықаралық экономикалық қатынастар  дүниежүзілік шаруашылықтағы тағы  кездейсоқ экономикалық қатынастарды  емес, сол қатынастардың тұрақты  түрде қайталанып отыратын, бәріне ортақ, дәйекті процестерін талдайды.

         Халықаралық экономикалық қатынастың  механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобын халықаралық келісім – шарттар, хартиялар, кодекстер т.б. осы қарым – қатынастардың көздеген мақсаттарға жетуіне қажетті құжаттар құрайды.

         Халықаралық экономикалық қатынастардың  құрылымы мынадай:

         Ал, дамушы елдердің өз экспортына  қолайлы база жасау бағытындағы  іс–қимылдары көптеген кедергідерге кездесетін белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, атап айтсақ АҚШ  «Таргетинг» дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар қолданылады.

         Таргетинг – экспорттық потенциялды,  негізінен бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру.

         1997 жылдың басында, Мәскеуде, Интеграциялық  комитетте Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғыстанның және Ресей Федерациясының  сарапшы топтарының Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымының кіру мәселесі жөніндегі жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурде өткен БСҰ – ға мүше мемлекеттер министрлері конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. 

      

     Дүниежүзілік  сауданың құрылымы

 

         Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды  және өскелең дамып келе жатқан  секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының  тауарлары, оның ішінде ғылыми  сыйымды тауарлар.

         Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми  сыйымды тауарлар экспорты жылына 500 млрд. $ құрайды, ал жоғары технологиялық  өнімнің үлесі 40 % - ке жақын.  Машиналар мен жабдықтар саудасының  да рөлі артып келеді.

         Осымен байланысты ғылыми –  техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы – несие қызметтерінің  айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар  мен жабдықтар сауданың қарқыны  бірқатар жаңа қызметтер түрлерін  өмірге алып келді. Оларға, инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты есептеу  қызметтері жатады.  

         Инжиниринг – клиентке көрсетілген  инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске  жұмсалған күрделі қаржыны, немесе  басқа шығындарды өтеуде жоғары  нәтежеге жету. Ондай нәтижеге  жету үшін инжиниринг материалдық,  технологиялық, еңбек және қаржы  ресурстарын тиімді пайдаланудың  әдістерін іздестіреді.

      

         Лизинг – машиналар мен жабдықтарды  белгілі бір мерзімге арендаға ( жалға ) беру туралы келісім.  Лизинг халықаралық және ұлттық  деңгейде өнеркәсіп – банк  монополияларының жалғасып кетуінің  жаңа нысаны.

         Консалтинг – жобаларды дайындау  және жүзеге асыру кезіндегі  кеңес беру қызметі. 

         Соңғы онжылдықта ( 1985 – 1996 ж.ж  ) өнеркәсібі дамыған елдердің  машиналар мен жабдықтар экспорты  үш есе өсті. Әсіресе, электротехникалық  және электронды жабдықтарды  экспорттау жедел қарқынмен дамып  келеді, олардың үлесіне мпшинатехникалық  өнімдері экспорттың 25 % тиеді.

         Халықаралық саудада жедел дамып  келе жатқан саланың бірі химиялық  өнімдер саудасы. Энергоресурстар  мен шикізатқа сұранысының көбейгенімен  шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік  едәуір төмен. Мұның себебі , біріншіден , шикізатты алмастыратын жасанды  өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден  , шикізаттың өзін ұтымды пайдалану  арқылы қалдықсыз , терең өңдеу  процестерін қолдану. 

         Дүниежүзілік азық – түлік  саудасының оған деген сұраныстың  біршама азайғаны байқалады. Бұл  белгілі дәрежеде өнеркәсібі  дамыған елдерде азық – түлікпен  қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен  байланысты.

         Халықаралық ұйымдардың ( БҰҰ , ХВҚ  ) мәліметтері бойынша соңғы онжылдықта ( 1985 – 1996 ж.ж ) халықаралық сауда  жыл сайын орта есеппен 5,2 % өскен. Бірақ мұншалықты өсу  барлық уақытта бірдей емес. Мысалы , 1989 жылы халықаралық сауданың  өсуі 8,2 % болса, ал 1993 жылы 4 % - ке дейін  төмендеген. Мүның басты себебі  өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал,дәл осы кезеңде азиялық  «жаңа индустриалды елдер » сыртқы сауда қарқыны 10 % - тен асқан.

         1994 жылы халықаралық сауданың  көлемі 9,5 % - ке жоғарылап, осы  жылдардың басындағы төмендеу  тенденциясы тоқтаған. Бұл тенденцияны төмендегі кестенің көрсеткіштері дәлелдейді 

  1987-91 1992 1993 1994 1995 1996
Халықаралық сауд

көлемі,млрд. $

Халықаралық сауд

көлем өсуі %

Халықаралық сауд

баға деңг. өзгеруі

Халықаралық сауд

көлемінің өсімі %

Өнерк. дамығанд

ел экспорты %

Мұнай экспорт  ел

импортың өсімі %

Дамушы елдердегі  импорттың өсімі%

    

     -

   

    11  

     5 

     6 

     6 

     5 

    11

 
3650

  

   6 

    1 

    5 

    4 

   13 

   13

 
3600

 

   - 1 

- 5  

   4,0 

    2 

2 

   14

 
4050 

   12 

    2 

  9,5 

   10 

1 

    11

 
4700 

  16 

   6 

   8 

   8 

   0 

   11

 
5020 

   7 

   0 

   7 

   6 

   3 

  10

 

         Дүниежүзілік сауданың 90 – жылдардың  орта шенінде жедел өсуі АҚШ – тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуіменбайланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық конъюктурасының жақсарғаны әсер етті.

         Егер сауда саласындағы кедергілер  біртіндеп жойыла берсе , онда халықаралық тауарлар рыногы жыл сайын орта есеппен 6 % - ке өсері анық.

         Жекелеген елдердің дүниежүзілік  саудадағы рһлін қарастырсақ , онда дүниежүзіндегі ең ірі экспорттаушы және импорттаушы елге АҚШ жатады. 1994 жылы АҚШ – тың сыртқы сауда айналымы 1,2 трлн. $ - дан асты. Мұның өзі дүниежүзілік сауда көлемінің 28 % - ін құрайды. Жапонияның көрсеткіштері жоғары.

         Алманияның сыртқы сауда айналымы 802 млрд. $ болып , дүниежүзілік сауда көлемінің 18,8 % - ін құрайды. Жапонияның бұл көрсеткіштері 672 млрд. $ мен 15,2 % болды. Ең ірі сауда мемлекеттернің қатарына Франция , Ұлыбритания , Италия ,

     Канада, Голландия, Гонконг, Белгия кіреді. Қытай , Сингшапур ,чили , Финляндия елдерінің де экспорты жедел қарқынмен дамып келеді.

         Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдамақ , оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едікү Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой көрсетеді. Олардың негізгісі – мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда – экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы. Дүниежүзілік банктің есептеулеріне қарасақ бұл одақтардың шеңберінде 90 – жылдары дүниежүзілік сауданың 42 % жүзеге асырылған.

         Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтардың сауда орталықтардың құрамы мынадай:

     Еуропалық Одақ – Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.

     Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы –Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.

     Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім – АҚШ, Канада, Лихтенштейн.

     Азия  – Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы – Австралия, Бруней , Малайзиф , Сингапур , Тайланд , Жаңа Зеландия , Папуа – Жаңа Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Жапония, Гонконг , Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили. 

       « Меркосур » - Бразилия, Аргентина,  Парагвай, Уругвай.

     Оңтүстік африкалық даму комитеті Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.

     Батыс Африкалық экономикалық және валюталық  одақ – Котд Ивуар , Буркина – Фасо , Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.

     Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық ассоцияциясы – Индия , Пакистан , Шри Ланка , Бангладеш , Мальдив Бутан, Непал.

     Анд пакті – Венесуэла , Колумбия , Эквадор , Перу , Боливия.

     Аталған одақтастықтардың құрудың негізінде  саяси, экономикалық, тарихи мәні бар  объективті процестер жаьыр. Бұл  процестердің күшеюі бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына игі әсер етеді (аймақ, одақ шеңберінде), екінші жағынан, кез келген жабық құрылымға тән – бірқатар кедергілер де болады.

         Біртұтас , әлемдік рыноктар жүйесін қалыптастыру бағытында әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар. Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібіенн түскен жоқ. Сауда – экономикалық одақтастықтарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне, ескере отырып, проблемалардың оңтайлы шешімін іздестіру үстінде. 
 
 
 
 
 
 
 

     Қазақстанның  халықаралық саудадағы  орны және рөлі

 

         Қазақстанның егемен ел ретінде  Біріккен Ұлттар Ұйымына және  басқа да көптеген халықаралық  ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын  халықаралық сауда қарым –  қатынастарына интеграциялауға  объективті жағдайлар жасады.

         Қазақстан экономикасының бүгінгі  жағдайын талдап қарасақ, онда  біз мынадай оңды құбылыстарды  байқар едік:

     Теңгенің  тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге  доллармен салыстырғанда 28,8 процент  төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 процентке  ғана төмендеген. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп  күтуліде.

     Инфляция  деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жыолдың орта шенінде  жылдық 75 процент болса , сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 процент болды.

     Өндірістің  құлдырауы тежеліп , макроэкономикалық  ахуал барынша тұрақтанып , келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім ( ІЖӨ ) 1996 жылдың бірінші  жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен  салыстырғанда – 100,1 процент, соның  ішінде өнеркәсіп өнімі – 100,2 процент  болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы  тоқталып, бірщама экономикалық өсуге  қол жеткізілді.

Информация о работе Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу