Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:53, курсовая работа
Қазақстан экономикасын барынша бәсекеге қабілетті етудегі мемлекеттің рөлін ғылыми негіздеу мен жалпы Қазақстанға қатысты салалық, аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекелестік мәнін анықтау, экономиканың бәсекеге қабілетті болу ерекшеліктерін зерделеу отандық және шетелдік ғалымдардың теориялары мен көзқарастарын кешенді әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы сияқты мәселелер көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық көрген.
КІРІСПЕ
3
1
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
1.1
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі
6
1.2
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
9
1.3
Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі
15
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы
19
2.2
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
25
3
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру
26
3.2
Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
32
ҚОРЫТЫНДЫ
39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
42
Бірінші кезеңде (2003-2005 жылдар) одан әрі технологиялық дамудың жүйелік мәселелері шешілді. Заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге, салаларды дамытудың негізгі бағдарламаларын қалыптастыруға қол жеткізілді.
Екінші кезеңде – 2006-2010 жылдарда өнеркәсіпті жаңарту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру және экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды. Бұл бағытты іске асырудың құралдары мен теті-ктері «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасында көрініс тапты.
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысының» негізгі миссиясы ұлттық экономиканы жаңартуды шапшаңдату және басты жалпы ұлттық мақсатқа – Қазақстанның серпінді дамуын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге қол жеткізу үшін қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалпы құны 54 миллиард АҚШ долларына жуықтайтын 45 серпінді жобадан тұратын базалық тізім қалыптастырылды. 2008 жылы Индустрия және сауда министрлігі тарапынан 3 жоба пайдалануға енгізілді.
Мәселен, Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да құны 153,9 млн. АҚШ долларын құрайтын сортты прокат өндірісі ұйымдастырылды. 2008 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған бұл жоба 560 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. «АрселорМитталТеміртау» АҚ-дағы жаңа өндірісті іске қосу қосымша құны жоғары өнімді игерумен қатар, елдің металл прокаты экономикасы үшін қажетті импортқа мұқтажын төмендетті.
Ал құны 113 млн. еуро тұратын «Sillicium Kazakhstan» ЖШС-інде «Өзекті кварцтан металлургиялық кремний өндірісі» жобасын іске қосу 300 жұмыс орнын ашты. Жобаны іске асыру ел үшін жаңа экспортқа бағдарланған саланы құруға негіз қалады, бұл өнім әлемде алюминий және химия өнеркәсібі үшін кеңінен қолданылады және электрондық приборлар жасаудың маңызды шикізаты болып табылады.
Ақтөбе облысында «Восход» кенішінде «Восхол-Ориел» ЖШС-ның хром рудалары кен-байыту комбинаты іске қосылды. Құны 250 миллион АҚШ доллары тұратын бұл өндірісте 500 жұмыс орны құрылды. Жобаны жүзеге асыру металлургия өнеркәсібі үшін руда базасын дамытуға және елдің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Ал биылғы 2010 жылы «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-ның ферроқорытпалар және құрыш балқыту өнімдері зауытын жаңғырту жоспарланып отыр. (Жамбыл облысы, құны 127,9 млн.АҚШ доллары, 1170 жұмыс орны).
Көрсеткіштері онша жоғары болмаса да, бұрынғы бағдарламаларды тиімсіз болды деуге болмайды. Елге инвестициялар тартылды, бірлескен кәсіпорындар құрылды, бұрынғы жұмыс жасап келген кәсіпорындар қайтадан жарақтандырылды және жаңа өндірістер ашылды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне қарағанда, Индустриялық-инноваация-лық стратегия ауқымында республиканың барлық аймақтарында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 246 млрд.теңгенің 154 инвестициялық жобасы іске қосылды. Олардың ішінде кәсіпорындардың өз қаржылары 103 млрд. теңгеден, несиелік қаражаттар 116 млрд. теңгеден, мемлекеттік даму институттарының қаржысы – 20 млрд.теңгеден, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржысы – 5 млрд. теңгеден асады. Сөйтіп, инвестициялық жобалар негізінен 47 пайызы несиелік қорлардан және 42 пайызы өз қаржылары есебінен жүзеге асырылды. Жобаларды жалпы қаржыландырудың жалпы сомасында даму институттарының қаражаттары 8,1 пайызды, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржысы 2,2 пайыз болды.
Іске қосылған жобалардың саны бойынша аймақтар арасында Ақтөбе (40) және Шығыс Қазақстан (22) облыстарында ең көп жоба іске қосылған. Салалар жағынан алғанда жобалардың арасында құрылыс материалдары (45) мен тамақ өнімдері (43) салаларының үлесі жоғары. Іске қосылған өндірістерде 11631 жұмыс орны құрылған болса, бұл орайда 3525 жұмыс орнын ашқан Ақтөбе облысы көш бастап келеді.
2009 жыл Қазақстанды
индустриялық дамытудың жаңа
кезеңі болды. Дағдарыс
Көрсеткіштер |
ж ы л д а р: | ||||
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 | |
Тікелей шетел инвестицияларын реттейтін ережелердің бизнеске әсері |
100 |
99 |
98 |
97 |
96 |
Тікелей шетел инвестициялары мен технологиялары |
103 |
102 |
101 |
100 |
99 |
Инвесторларды қорғау индикаторы бойынша DoingBusiness» рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту |
52 |
51 |
50 |
49 |
48 |
Елдің бәсекеге қабілеттілігі бойынша Дүниежүзілік Банк индексін |
67 |
65 |
63 |
61 |
60 |
Кесте 5 – Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін болжау
Ал инновациялық даму жайына келетін болсақ, Қазақстан бұл орайда алғашқы қадамдар жасап үлгерді. Инновациялық инфрақұрылым құрылды: даму институттары жұмыс істеуде, атап айтқанда, Инновациялық қор, Технологиялар трансферті орталығы, Ғылым қоры, технопарктер.
Сондай-ақ «Астана
– жаңа қала», «Ақтау теңіз айлағы»,
«Ақпараттық технологиялар
Ғылыми жұмысты жазу барысында бізге төмендегі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:
1. Отандық және
шетелдік ғылыми әдебиеттерде
бәсекелестікке қабілеттілік
2. Алға қойылған
мақсаттарды, бәсекелестікке
3. Қазақстан
Республикасы үшін
4. Бәсекеге қабілеттілік критерийлері талданып, қазіргі кезде дүние жүзінде бәсекеге қабілеттілік индексін есептейтін үш орталықтың: Давостағы Бүкілдүниежүзілік экономикалық форумның, Лозаннадағы менеджментті дамыту институтының және АҚШ-тағы Гарвард университетінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріне саралау жүргізілді.
5. Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жылнамасында атап көрсетілген Қазақстан үшін маңызды болып табылатын 5 міндеттің ішінен зерттеу жұмысында екі негізгі мәселеге баса назар аудару көзделді: біріншісі, инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мен іске асыру; екіншісі, ауылшаруашылық өндірісін дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты диверсификациялау.
6. Еліміздің инновациялық әлеуетіндегі ЖІӨ-гі ғылымның үлесі өте төмен; зерттеу ұйымдарының саны зерттеушілер санына қарағанда жоғары қарқынмен өсуде; мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін зерттеушілердің үлесі азаю үстінде; ғылымға құйылар инвестиция өсуде, ғылымға жас мамандар аздап болса да келе бастады; орындалған жұмыстар көлемі өсуде, бірінші кезекте бюджеттік қаржының көбеюі арқасында; қорғау құжаттарының саны аз; Қазақстанда жасалып жатқан технология негізінен ендірілмей қалып отыр; кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі өте төмен; өнеркәсіп өнімінде инновациялық өнімдердің үлесі де төмен.
7. Бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет. Сонда ғана экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
8. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін көтеру үшін келесі маңызды, бірақ Қазақстан үшін толықтай жүзеге асырылмаған өндірушілерді қолдау бағытында өндірушілердің ресурстық артықшылықтарының қолдау потенциалын толық қанды қолдану, сонымен қатар тарифтік және тарифтік емес реттеу және кейбір салаларды тікелей субсидиялау қажет.
Бәсекеге қабілеті бар аграрлық өндіріс қалыптастыру үшін баға,ең жоғары пайда алуға және ең жақсы өткізу рыногын қалыптастыруға, жоғары сапалы азық-түлік тауарларына қажеттілікті қанағаттандыруға бәсекелестік орта құру керек. Бұл кәсіпорындардың және салалардың әр түрлі қызмет түрлерін оңтайлы үйлестіруге жағдай туғызады, оның негізгі көрсеткіші әрбір пайдаланылған ресурс бірлігіне алынған пайда болып табылады.
9. Аграрлық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі интенсивті технологиялар және жоғары білікті еңбек негізінде өзіне өндіріс, жоғары сапалы өнімді қайта өңдеу сияқты бағыттарды үйлестіру керек.
Бәсекеге қабілетті
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру
барысындағы салық жүйесін мемл
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2. Брылев А. Конкурентоспособность сельскохозяйственной продукции. // АПК: экономика и управление. – 1998.
3.Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» Заңы // Егемен Қазақстан, 2008, 30 желтоқсан.
4.Царькова С.В. Методологические аспекты исследования конкурентоспособности переходной экономики России: Автореф. дис. – М., 1999. – 23.
5. Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление. Серия "Высшее образование" – М.: ИНФРА-М, 2000. – 312 с
6. Емельянов С. Международная конкурентоспособность производителей: факторы, определяющие положение на рынках и конкурентные преимущества. // Маркетинг в России и за рубежом. – 2002.
7. Портер М.Э. Международная конкуренция./ Пер. с англ. – М.: Международные отношения., 1993. – 896 с.
8. Шеховцева Л.С. Конкурентоспособность региона: факторы и метод создания. // Маркетинг в России и за рубежом. – 2001.
9. Парахина В.Н., Парахин К.А. Конкурентоспособность региона как экономическая категория. // Сборник научных трудов. Серия «Экономика».
10. Яшева Г.А. Как оценить конкурентоспособность товара. // Маркетинговое образование. – 2004.
11. Трубилин А. Конкурентоспособность – главный фактор эффективного производства. // АПК: экономика, управление. – 2002.
12. Нурмаганбетов К.Р. Рыночное регулирование производственно – хозяйственной деятельности фирмы по переработке сельско – хозяйственной продукции. Алматы, Ғылым, 1997.
Информация о работе Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері