Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:53, курсовая работа
Қазақстан экономикасын барынша бәсекеге қабілетті етудегі мемлекеттің рөлін ғылыми негіздеу мен жалпы Қазақстанға қатысты салалық, аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекелестік мәнін анықтау, экономиканың бәсекеге қабілетті болу ерекшеліктерін зерделеу отандық және шетелдік ғалымдардың теориялары мен көзқарастарын кешенді әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы сияқты мәселелер көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық көрген.
КІРІСПЕ
3
1
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
1.1
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі
6
1.2
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
9
1.3
Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі
15
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
2.1
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы
19
2.2
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
25
3
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру
26
3.2
Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
32
ҚОРЫТЫНДЫ
39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
42
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторы бірінші кезекте, азаматтардың өмір сүру деңгейімен сапаның көтерілуі, тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы, елде заңдардың сақталу деңгейі және тағы басқалар болып табылады. Яғни, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстарды пайдалану тиімділігі және халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары.
Бәсекелестік
орта ішкі және сыртқы нарықтарда қалыптасатын
болғандықтан мына төмендегі факторлар
ескеріледі: бәсекелестік, қарсыластар,
потенциалды бәсекешілердің, жеткізіп
берушілер мен сатып
Өнімдердің
бәсекелестік қабілеті елеулі дәрежеде
өнімдердің өзіндік құнынан тәуелді
болады, оны төмендету ресурс сақтау
технологияларды пайдалануға
Тиімділікті кешенді бағалау өндірістік күштердің болуынан, оны пайдалануға және жағдайын көрсететін факторларды қамтиды: өндірістік қатынастар (шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмі), табиғи жағдайлар және өндірістің мерзімділігі.
Талдау нәтижелері агроөнеркәсіптік өндіріс тиісті деңгейде дамымай отырғанын көрсетті: ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі, оның сапасы, шығындардың төмен қайтарылымы халықтың бәсекеге қабілетті жоғары сапалы тамақтық азық-түлікке деген қажеттілігіне жауап бермей отыр.
Қазақстаның жалпы көлемінде (2003-2009 жылдары) Солтүстік өңір 68,2% - астық, 45,5% - сүт, 53,1% - сиыр етін өндіреді.
Шығындар көлемі – 75,1%, сатылған ауыл шаруашылығы өнімдері – 73,3%, пайда – 80,8% құрады (11-кесте).
Ауылдағы халықтың жан басына өндірелетін ет деңгейі Солтүстік өңірде орташа республикалық деңгейден 70,3%-ға жоғары, Батыс өңірде ет – 96,0%-ға, сүт өндіру деңгейі 90,8%-ға, астық – 4 есеге жоғары болды.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабельділік деңгейі Солтүстік өңір бойынша 55,4%, Батыста – 29,7%, Орталық өңірде – 54,5%, Оңтүстік өңірде – 10,8%, Шығыста – 30,1%. Ал Қазақстан бойынша орташа – 30,1%, оның ішінде астық өндіру рентабельділігі, тиісінше, - 58,3; 38,3; 58,2; 28,3; 22,9, мал шаруашылығында – 0,8; 10,0; 16,2; 6,1; 25,4% мөлшерінде болды.
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстанда тәуелсіздікке
қол жеткізілгелі бері бірталай жүйелі
реформалар жүзеге асырылды. Ел басшылығы
жекелеген салалық
Бұл жетістіктерге жету жолында бірнеше стратегиялық құжаттар қабылданды. Мәселен, 2015 жылға дейінгі индустрияық-инновациялық даму стратегиясын алайық. Бұл құжат Қазақстанда мұнай мен газ болмай қалған күнде қай бағытта жұмыс жасау керек деген сауалға жауап береді.
Елде бірталай даму институттары құрылды. Әуелі Қазақстанның даму банкі құрылды. 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қордың қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа саясаты ұстануда, онда барлық мұнай қаржылары Ұлттық қорға құйылады, одан ағымдағы бюджет жапа шекпейді, жылдық даму бағдарламалары Ұлттық қордан берілетін трансферт арқылы қаржыландырылатын болды. Одан соң Қазақстандық инвестициялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы, Маркетингтік-талдау орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы ж.б. құрылды.
Отандық шикізаттық емес өндірісті дамыту үшін ең алдымен бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту керек. Олардың дамуы үшін өзіндік құннан алынатын салықты азайту керек.
Бұл істе соңғы жылдары біршама істер атқарылды. Бұрын бұл салықтың көлемі 20 пайыз болса, біртіндеп 14 пайызға түсірілді. Жақын жылдары тағы да төмендей түсетіні уәде етілуде. Сондай-ақ жеке табыс салығы да 30 пайыздан 20 пайызға түсірілді, әлеуметтік салықтың да регрессивтік шкаласы белгіленді. Ғылыми ізденістер мен жаңа технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтарда да ерекше оңтайлы режим жасалуда. Бұдан бюджет бірталай зиян шегеді, бірақ болашақ үшін бұл өте керек, осылай ету арқылы үнемделген қаржыны кәсіпорындар өндірістің модернизациясына, жаңа құрал-жабдықтар мен желілер алуға жұмсайтын болады.
Қазіргі кездегі негізгі мақсат жаңа инновациялық кәсіпорындардың жетіліп дамуына жағдай жасайтын, олардың бәсекеқабілеттілігін көтеретін нарықтық механизмдерді барынша дамытып, экономиканың шикізат өндіру бағытынан қосылған құны жоғары, сапалы дайын өнім өндіруге бет бұру. Ал шикізаттық емес салалардың қарқынды дамуы үшін салықты төмендету, ыңғайлы инвестициялық климат қалыптастыру, модернизациялық процестерді жеделдету, еңбек нарығын тиімді пайдалану керек.
Постиндустриалды кеңістікте технологиялық прогресстің маңызды факторларының бірі – мемлекеттің инновациялық саясаты болып отыр. Мұны экономикасы мықтап дамыған технологиялық дамудың жоғарғы сатысында тұрған мемлекеттерде нарық субъектілерінің инновациялық белсенділігі мен экономикалық өсім арасындағы шартты байланысы дәлелдеп отыр. Ұлттық экономикада ғылыми сыйымдылығы жоғары және жоғары технологиялық салалардың болуы, олардың ішкі нарық пен әлемдік деңгейдегі бәсекелік артықшылықтары бар өнім шығару қабілеттері түбінде ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттілігі мен ұлттық инновациялық жүйенің басты факторы бола алады.
Біздің алдымызда бәсекеге қабілетті өнім өндіру және оны әлемдік рынокқа шығару міндеті тұр.Еліміздің географиялық орналасуы аймақтық рынокқа негізделген жоғары технологиялық өндірісті дамытуға қолайлы, бұл біздің болашақта аймақтағы сервистік-технологиялық орталық болуымыз тиіс екенін көрсетеді. Онда да шетелдік технологияны сатып алу емес, өзіміздің технологиялық, ғылыми-техникалық әлеуетті өрістету, ресурстарды ғылымды дамыту жолындағы таңдалған басым бағыттарға жұмсау, оның жетістіктерін өндіріске енгізуді жеделдету. Ғылыми-техникалық дамудағы жаңа бағыттар дегеніміз – биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет және ақпараттық-коммуникациялық технология. Бұл салаларда бізде отандық және трансұлттық компаниялармен бірлесе қызмет атқарып нақты жетістіктерге жетуге толық мүмкіндік бар.
Денсаулық сақтау мен білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, орта және шағын бизнесті дамытпайынша, экономиканың тұрақты түрде әрі ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Ғылымды дамытудағы мақсаттар қаржылық қамтамасыз етуді арттыруды, салаға инвестиция тартуды талап етеді. Осыны ескерген Үкіметіміз 2012 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаржыны бүгінгіден 25 есе өсіруді, яғни, жылына 350 миллиард теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Осы істерді қамтамасыз ету мақсатында “Самғау” мемлекеттік холдингі құрылып, барлық іскерлік және қаржылық бақылау бір ортадан жүргізілетін болды.
Елбасы Жолдауында елімізде қазіргі заманға лайық академиялық орталықтар құрумен қатар, шетелдіктердің қатысуымен технологиялық парктер құру, осылар арқылы түрлі инкубациялық жобаларды жүзеге асыру, елімізде халықаралық оқу орындарының филиалдарын ашу мәселелері қамтылған. Бүгінде экономикалық миграция жайлы бағдарлама жасалуда, яғни, өзге елдерден кәсіби менеджерлер шақыру қолға алынбақ. Мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар.
Экономиканың бәсекелестігі тек қана жұмыс күшінің біліктілігінде емес екенін ескерсек, ол сонымен қатар, біріншіден, басқа мемлекеттердің өндіретін және шығаратын әр түрлі тауарлары мен қызметтерінің бәсекелестігінің қабілеттілігі. Егер де елдің бәсекеге қабілеттілігі оның компанияларының мүмкіндігі, халықаралық нарықта сала бойынша алда тұруы т.б. мүмкіндіктері екені белгілі болса, нарықтық қатынастарда мемлекетпен бірге жаһандық маңызға ие болатын оның сапа деңгейі, бизнес қызметінің нәтижелігі. Сондықтан мемлекеттің оның дамуына барлық жағдайды жасауы, яғни себепкер болуы дамыған шет елдердің тәжірибесінен белгілі. Осыдан шығаратын қорытынды: мемлекет қандай жағдайда болмасын бизнестің дамуына барынша ықпал жасау керек, өйткені, бизнес қоғамның әл-ауқатының жақсаруына, тұрғындар өмірінің деңгейінің өсуіне, өндірістің техникамен қамтамасыз етілуіне тікелей қатысты, сонымен бизнестің қоғамдағы орны іскерлік белсенділікке ие болып, ол негіз болып табылады.
Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың пәрменді шараларының бірі мемлекет пен бизнес әріптестігін нығайту болып табылады. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды механизмдерінің бірі болып табылатындықтан мемлекет пен бизнес әріптестігін қарастырамыз.
Қазіргі уақытта мемлекеттік билік пен бизнес жаңа жағдайды қалыптастыруда, оған себеп болған мәселе ол жаңа шаруашылық кезеңіне көшумен байланысты болды, яғни социалистік кезеңнен нарықтық кезеңге өту. Осыдан келіп, нарық жүйесінде жаңа ұстанымдарды қалыптастыруға тура келді, бизнес өкілдері өздерін дамыту бойынша стратегиялық бағыттарды таңдауда өздері ерікті және ұстанымдары өзіндік болжамға негізделіп, ұзақ және қысқа мерзімді жоспарды жүзеге асыруда ең жақсы деген басқару шешімдерін қабылдайды. Сондықтанда, мемлекет шағын және орта бизнесті бәсекелестік бағытқа қарай негіздеп қолдау көрсетуі керек. Осыған байланысты, мемлекеттің негізгі тапсырмасы –экономиканы тұрақтандыру мақсатында, шаруашылықтың нәтижелігін көтеруде, инвестиция мен өндірісті ынталандырып, экономикалық өсімді қамтамасыз етуде өзінің мүмкіндіктерін жеке бизнеспен ұштастыруы керек деген тұжырымдарды дамыған шет елдер тәжірибесінен байқап жүрсек, сондай-ақ, өз еліміздің басшысы да осы мәселені назарға алуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әр жылға арналған Жолдауына назар аударсақ, елді нәтижелі стратегиялық дамытуда мемлекеттік басқарудың жаңа формуласын жасақтаған. Ол формула жаһандандыру жағдайын басқару кезінде мемлекет пен бизнес әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларды шешуде стратегиялық әріптестігі.
Бірақ та, осы жағдайға байланысты мемлекет пен нарықтың, үкімет пен бизнестің арақатынастары арасындағы мәселелер бойынша көп жағдайда шешілмеген ғылыми тапсырмалар бар. Еліміздің ХХІ ғасырдағы алдына қойған мақсаты нәтижелі мемлекет болу. Егер де мемлекеттегі қоғам әлсіз болса, ол қоғамның тұрақсыздығына, жемқорлыққа және кедейшілікке әкеліп соқтырары хақ. Осындай мәселелерді болдырмау үшін нәтижелі мемлекет қандай жағдай болса да бизнеске қарсы тұрмауы тиіс. Керісінше, мемлекеттің институционалдық құрылымы арқылы жеке сектордың өнімділігінің көтерілуіне және қоғамның берекеттілігін орнатуға маңызды нәтижелер көрсетілуіне бағытталғаны дұрыс. Сондықтан Қазақстан да өзінің мемлекеттік басқару тәжірибесінде мемлекет пен бизнестің әріптестігін ұзақ мерзімді кезеңде олармен өзара қызметін дамытып отыруды алға қоюда.
Қазақстан Республикасының 2012 жылы елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына келесілер жатады:
1.Бизнес-ортаны жақсарту, қаржы секторын нығайту, сенімді құқықтық ортаны қалыптастыру арқылы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындалу.
2.Отын-энергетикалық
кешенді, металлургия, химия
3.Білім беру
және денсаулық сақтау
4.Әлеуметтік
қорғаудың жетілдірілген
5.Ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес 2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.
Сонымен жоғарыда
айтқанымыздай, біздің елімізде қазіргі
дағдарыс кезінің өзінде экономиканы
жаңарту мен дағдарыстан
Қазақстан Республикасының
үдемелі индустриялық-
Орта мерзімді кезеңдегі негізгі теңгерімді экономикалық өсу инвестициялық үдерістерді және тұтынушылық белсенділікті ынталандыру болып табылады. 2010 – 2014 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны жылына орташа 3,6 %-ті құрайтын болады. Бұл белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың жинақталуының жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етеді. 2010 – 2014 жылдары тұтынудың өсуі орташа 2,6 %-ті құрайды. Бұл ретте, мемлекеттік тұтыну үй шаруашылықтарындағы тұтынумен салыстырғанда барынша жоғары қарқынмен өседі. Тұтастай алғанда Үкімет ЖІӨ-нің құрамдауыштары өсуінің мынадай параметрлерін қамтамасыз етеді.
Кесте 4 - 2010 – 2014 жылдары экономика өсуінің параметрлерін болжау, %
Көрсеткіштер |
ж ы л д а р: | ||||
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Тұтыну |
101,0 |
102,2 |
102,9 |
103,3 |
103,7 |
оның ішінде жеке |
101,2 |
102,0 |
102,8 |
103,2 |
103,5 |
мемлекеттік |
101,0 |
102,8 |
103,5 |
103,7 |
104,0 |
Инвестициялар |
101,1 |
103,4 |
103,8 |
104,4 |
105,1 |
Тауарлар және қызметтер экспорты |
104,9 |
102,5 |
102,8 |
102,3 |
103,4 |
Тауарлар және қызметтер импорты |
103,9 |
102,6 |
103,3 |
102,8 |
103,5 |
Ескертпе – [49] көз негізінде құрастырылған |
Информация о работе Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері