Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасын барынша бәсекеге қабілетті етудегі мемлекеттің рөлін ғылыми негіздеу мен жалпы Қазақстанға қатысты салалық, аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекелестік мәнін анықтау, экономиканың бәсекеге қабілетті болу ерекшеліктерін зерделеу отандық және шетелдік ғалымдардың теориялары мен көзқарастарын кешенді әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы сияқты мәселелер көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық көрген.

Оглавление

КІРІСПЕ
3
1
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері

1.1
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі
6
1.2
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
9
1.3
Шетел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі
15
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ

2.1
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайы
19
2.2
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару жағдайын талдау
25
3
ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1
Мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру
26
3.2
Экономиканың бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
32


ҚОРЫТЫНДЫ

39


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

42

Файлы: 1 файл

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі.doc

— 413.50 Кб (Скачать)

     Жалпы  түрде, мемлекеттік бәсекеге қабілеттілікті  еркін бәсеке жағдайында мемлекеттің  әлемдік нарықтың талаптарын қанағаттандыратын өнім мен қызмет өндіру қабілеттілігі ретінде  анықтауға болады.

Жалпы алғанда, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  бірнеше маңызды қасиеттерге  ие:

  1. бәсекеге қабілеттілік – салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;
  2. ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік цикліне және басқа да жағдайларға тәуелді;
  3. әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі құбылмалы сипатқа ие;
  4. бәсекеге қабілеттілік нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т.с.с. байланысты;
  5. бәсекеге қабілеттілікке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды .

Осы жағдайларға  байланысты бәсекеге қабілеттілік жүйелі түрде, уақытқа және қоғамдық талаптарға сай тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу қажет.

М. Портердің  «Халықаралық бәсеке» атты еңбегінде  қалыптасқан теориялық ұстанымға  сәйкес жекелеген уақыт аралығындағы дамуын анықтайтын негізгі төрт қозғалыс күшіне немесе ынтаға сәйкестендірілген ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің ерекше төрт сатысы бөліп көрсетіледі (2 – сурет).

    


 


 

 

Сурет 2 –Ұлттық  экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің даму сатылары

    

Өндіріс факторлары негізіндегі бәсеке.

     Аталған  сатыда іс жүзінде барлық ұлттық  салалар әлемдік нарықта ойдағыдай  әрекет етуде, бәсеке күресіндегі  өзінің артықшылықтарына негізгі  өндіріс факторларының арқасында  жетуде: табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы мәдениетіндегі өнімді өсіруге қолайлы жағдай, жартылай білікті арзан жұмыс күші.

     Осындай  экономикада ел ішіндегі фирмалар  арасындағы бәсеке қарапайым  және қол жетімді технологияны  талап ететін салаларда өнімнің  бағасын төмендету негізінде айрықша жүреді. Өндіріс факторына сүйемелденген экономикада ішкі нарыққа бағдарланған салалар ауқымы импорттық тауарларды алмастыратын отандық алмастырушыларды құру арқылы кеңейтіледі.

 

                 1.2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері

 

     Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі  әр текті және әр бағытта  көптеген факторларға байланысты. Өнімнің нарықта нәтижелі сатылуына  әсер ететін факторлар объективті  емес, тұтынушылардың субъективті  қабылдауына байланысты. Мұндай  факторлар экономикалық әдебиетте «табыстың стратегиялық факторлары» немесе «табыстың негізгі факторлары» деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторларды  екі негізгі топқа бөледі. Олар: субъективті және объективті. Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша, субъективті факторлар өндірушіге байланысты емес, оларға психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады, мәселен, тұтынушылардың ұстанымдары, әдеті, салты және т.б.

Объективті  факторлар өндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе жанама (сатылған өнімге техникалық қызмет көрсету, делдал ұйымдардың қызметі және т.с.с.) түрде байланысты болады.

Осы жіктеуге ұқсас, өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне  әсер ететін факторларды эндрогендік  және экзогендік деп бөледі.

Эндрогендік факторлар  өндірістік кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайды және өнімнің техникалық – экономикалық деңгейіне ықпал етеді.

Экзогендік  факторлар - әлемдік нарықтың немесе импорттаушы мемлекеттің өнеркәсіптік тауарлар нарығының қажеттіліктерін  және тауарға деген сұранысты  анықтайды. Мұндай жіктеу дұрыс, алайда, біріншіден, ол бағаның өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін фактор екендігін ескермейді, екіншіден, өндіруші тарапынан әсер ететін факторларды нақтылауды қажет етеді, өйткені өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету өндірушіге байланысты.

Тауардың өмірлік цикліне байланысты бәсекеге қабілеттіліктің факторлары екі топқа бөлінеді :

  • өнімді дайындау мен өндіру барысында пайда болатын факторлар – техникалық деңгейі мен дайындау сапасы;
  • өнімді нарықта өткізу үдерісіне әсер ететін факторлар – тұтынушының сатып алу шығындары мен тұтынушының талабын қанағаттандыру (жеткізу, сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету және т.б.).

А. Трубилин бәсекеге қабілеттіліктің факторларын сыртқы, сапалық және экономикалық деп бөледі. Оның пікірінше, сыртқы факторларға  экономика мен нарықтың даму үрдістері, ғылыми – техникалық ілгерілеу, тұтыну құрылымындағы өзгерістер, нарық құрылымы және бәсекелестер құрамы жатады. Сонымен қатар, мұнда кәсіпорынның имиджі мен танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі де үлкен мәнге ие.

Екінші топ факторларын қазіргі қолданыстағы стандарттар, мөлшерлер, ұсыныстар анықтайтын өнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді. Өнімнің сапасын анықтау халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) талабымен жүргізіледі.

Бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін үшінші топтағы факторларға өнімнің өзіндік құны мен бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштер жатады.

Әлемдік тәжірибеде өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  келесі факторлармен анықталады:

  • өнім сапасының нарықтың және нақты тұтынушының талабына сай болуымен;
  • сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
  • тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;
  • кәсіпорынның нарықтағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі 3 – суретте көрсетілген  негізгі кешенді үш факторға тәуелді:

  1. міндет - өнімді қандай мақсатқа пайдаланатынын, оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды;
  2. жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің кешенді көрсеткіштері ретінде қарастыруға болады;
  3. баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше, нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлдеқайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болады.

Төменде аталған үш факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір – бірін толықтырып отырулары қажет.

     Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды техникалық, экономикалық және әлеуметтік – ұйымдастырушылық деп те бөлуге болады.

     Техникалық  факторлар тауардың техникалық  – конструкторлық сипатын, оның  міндеті мен белгілі бір топқа  қатысын, адам ағзасы мен психикасына  сәйкестігін бейнелейтін эргономикалық көрсеткіштерін сипаттайды.

 

 

Сурет 3 – Бәсекеге қабілеттіліктің кешенді үш факторы

     Экономикалық  факторлар өнімді өндіруге кеткен  шығындармен, оның бағасымен,  тауарды сату кезіндегі шығындармен  және басқаларымен анықталады.

     Әлеуметтік  – ұйымдастырушылық факторлар  тұтынушылардың әлеуметтік құрылымын,  олардың ұлттық ерекшеліктерін, өндірістің, өткізудің және тауарды  жарнамалаудың ерекшеліктерін көрсетеді.

     Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды бір топ авторлар бағалық және бағалық емес факторларға бөледі.

     Бағалық  факторларға тауарды сатып алу  бағасын (жеңілдіктерді, төлеу  мерзімін ескере отырып) жатқызуға  болады. Тауардың сатылу бағасы  өнімді өндіруге және өткізуге  кеткен шығындардан, өндірушінің табысынан, түрлі салықтар мен алымдардан құралады. Сондықтан да, бағалық бәсеке кезінде өндірушілер шығындылықты төмендетуге үлкен мән береді. Бұл бағаны өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі фактор ретінде қалыптастырады.

     Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігіне әсер  ететін бағалық емес факторларға:  өнімнің сапасын, ұйымдастырушылық  – коммерциялық жағдайларды,  сауда маркасының имиджін және  өндірушінің беделін жатқызуға  болады. Бұл жерде өнімнің сапасы  оның тұтынушылық қасиетін анықтайды және сол үшін маңызды болып есептеледі. Ұсынылып отырған өнім тұтынушы тарапынан сыналып, басқа ұқсас өнімдермен салыстырылады. Өнімнің қасиеті тек оның сапасына ғана емес, сол өнімнің құрамына кіретін заттардың жоғары сапасына да байланысты. Алайда, тұтынушыға өзі үнатқан өнімнің сапасымен қатар, ол өнімді сату жағдайлары да үлкен әсер береді. Өнімді жеткізіп беру, белгілі бір жеңілдіктер көрсету, өнімнің бұзылмауына кепілдік беру, несиеге беру және т.с.с. тұтынушының бір өнімнен екінші өнімді таңдауына ықпал етуі мүмкін.

     Бағалық  емес фактор нарыққа ұзақ уақыт  өнім шығарып жүрген, тұтынушылардың  талғамынан шыққан өндірушілер  үшін өте маңызды болып келеді. Өйткені, біркелкі өнімдердің  ішінен тұтынушы өзіне жақын,  таныс, сауда маркасы сенім білдіретін өндірушінің өніміне басқа өнімдерге қарағанда жоғары баға беруге де дайын. Осы жағдайлардың өзі – ақ өндіруші үшін бағалық емес факторлардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

 




 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 



 

 

Сурет 4 – Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар

 

     Бұл  факторлардың әрбірі, тиісті дәрежеде  өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің  қалыптасуына әсер етіп отырады.  Кейбір жағдайларда сыртқы факторлар  ішкі факторларға қарағанда өнімнің  бәсекеге қабілеттілігіне көбірек ықпал етеді. Өйткені, мемлекеттің әлемдік нарыққа шығуда және ішкі нарықты қорғауда ұстанып отырған саясаты, халықтың әл – ауқатына байланысты тұтынатын тауарларының мәзітін өзгертуі, пайдаланылатын шикізат сапасының өзгеруі, ішкі нарықтағы бәсекелі ортаның сақталуы, теріс пиғылды бәсекені шектеу жұмыстары, нарыққа жаңа өнімдердің шығуы, тұтынушының белгілі бір өнімге деген тұрақты ұстанымы және тағы басқалар өнімнің бәсекеге қабілеттілігін ішкі факторларға қатыссыз өзгертуі мүмкін.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін ішкі факторлар кәсіпорынның қызметіне тікелей байланысты, сондықтан да олар кәсіпорын тарапынан қадағаланып, реттеліп отырады. Мұндай факторларға келесілерді жатқызуға болады [19]:

  • өндірістің техникалық деңгейі;
  • өндірісті ұйымдастыру деңгейі;
  • өндірістік шығындар;
  • шикізаттың, материалдардың және басқа да өнімге қажет заттардың сапасы мен бағасы;
  • әлеуметтік – психологиялық жағдайлар;
  • кәсіпорынның жарнамалық және ұйымдастырушылық қызметі (өнімді сату кезіндегі қызмет көрсету жағдайлары);
  • өнімнің патентті – құқықтық қорғалу дәрежесі мен халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі.

 Кедергінің  биіктігі мынадай факторлармен  анықталады:

 


                                                                                                  

                                                                                                 Жаңа бәсекелестер

Жеткізушілердің                                                                         қаупі кезеңі

саудаласу қабілеті


 

 

 


 


 

                                                                                                Клиенттердің 

                                                                                                саудаласу қабілеті

Информация о работе Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері