Инвестициялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:05, реферат

Краткое описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Оглавление

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------------------3
І. Инвестицияның теориялық негіздері----------------------------------------------6
1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны мен пішіндері--------------------------------6
1.2. Инвестиция көздері және оның нарықтық экономикада атқаратын рөлі---------------------------------------------8
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе-----------------------------------------------11
ІІ. Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторына инвестицияны тарту проблемалары----------------14
2.1. «Қазақстан 2030 - Стратегиясындағы» инвестиция мәселелері---------14
2.2. Қазақстан Республикасының инвестицияларды игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау--------------16
2.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика шартындағы инвестициялар құрылымын талдау және жүзеге асырылуы-------------------------18
ІІІ. Қазақстан Республикасының банктеріндегі инвестициялық операциялардың жағдайы-------------------------------------22
3.1 Банктің инвестициялық операциялары----------------------------------------22
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесін дамытудың жолдары---------------------------------------------------26
Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------29
Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------30

Файлы: 1 файл

инвестиция.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

Экономикалық әдебиеттерде көрсетілгендей, бір елдің екінші елге берешек-қарызы болуы халықаралық экономикалық қатынастарда кездесе беретін құбылыс, оған үйренуге, төзуге болады. Мысалы Венгрияның сыртқы қарызы 24,8 млрд. доллар, жан басына шаққанда 2,5 мың доллар; Мексика – 153,5 млрд. әр адамға – 1,7 мың доллардан; Индонезия – 956,6 млрд. доллар, жан басына – 491 доллардан; қазақстанның шетелге берешегі 1994 жылы 2,5 млрд. долларды құрады сөйтіп әрқайсымыз шетелдерге 145 доллардан қарыздар болдық .                   Шетелдерден алынған несие қаржының, инвестицияның республика аймақтары мен экономика салалары бойынша тиімді болу проблемасы назардан түспеуі қажет. Айталық, 1997 жылы инвестицияның салалық құрылымы төмендегідей болды:         

40% инвестиция – түсті  металлургияға, 37% - мұнай газ секторына, 7 проценті байланысқа және 5 проценті энергетика саласына жұмсалды. Сөйтіп жалпы инвестицияның 89 проценті өндіріс саласына бағытталды. Бұл – маркстік-лениндік теорияға, яғни әуелі материалдық өндірісті дамыту, сосын «қалдық саясатымен» әлеуметтік саланы өркендете жоспарына сай. Әрине, біз өндірісті жандандыруға тіпті де қарсы емеспіз.   

Алайда, Қазақстанның болашағына шын жанашыр бизнесмендер ел байлығын талан-таражға түсірмес еді. Әуелі  өндірістегі  негізгі  қорларды жақсартуға, жаңа  технологияны  енгізуге, сапасы жоғары, сұранысы мол тауарларды шығаруға күш салуымыз керек. Осы    бағытта  өткен 1997 жылы оіңды істер байқалды. Негізгі капиталдағы шетел салымының үлесі 1996 жылғы 13,5 пайыздан 1997 жылы 25 пайызға  өсті. Жалпы шетел меншігіндегі және олардың қатысуымен жұмыс істейтін  кәсіпорындардың үлесі 40 пайызға артты, ал мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың үлесі 1995 жылғы 52,9  пайыздан 25 пайызға азайды.

Қазақстанның әлемдік  рынокқа шығуы мүмкіндіктерінің зор екендігін 

Н. Ә. Назарбаев АҚШ-қа барған сапарында (1997 ж.) және ондағы өткен ғылыми-практикалық конференцияда американ кәсіпкерлеріне, мемлекет қайраткерлері мен инвесторларына нақты деректермен дәлелдеді. Мысалы, 2015 жылы Қазақстан мұнайдың қоры  жөнінен дүние  жүзінде  Сауд Аравиясынан  кейінгі екніші, ал газ жөнінен 5 – орынға шығады. Қазірдің өзінде Батыс Қазақстанда 200 млрд. тонна мұнай  қоры жинақталған. Қарашығанақта  американдықтардың деректері бойынша мұнайдың қоры 1,1 млрд. тонна, тіпті теңіздегіден де көп. Жоспарланған күрделі қаржы 10 млрд. доллар, күтілген түсім – 90 млрд. доллар, бөлінетін табыс – 62 млрд. доллар, мұның 80 пайызын Қазақстанға тиесілі.

Әлемдік  рынокқа  шығудың  Қазақстан үшін тағы  бір  жолы -  ауыл шаруашылығы өнімін,  соның  ішінде  астық, әсіресе бидайды  көптеп сату. Астыққа  деген шетелдердің  сұранысы – Қытай  213 млн. тонна, Жапония  – 26,7, Корея – 11,3, Египет – 8,5, Алжир  – 5,6. Морокко – 3,9 млн. тонна  болып отыр. Әлемдік  деңгейде осыншама сұранысқа  ие болып отырған астық  өндіру соңғы  жылдарда республика бойынша  кеміп кетті, оның  шығымдылығы да төмен. Қазақстан дүниежүзілік рынокқа ұлттық өнімдерін шығарса көп пайда келтірер еді. Францияда  болған жерлест еріміз  біздің апарған ұлттық  кілемдеріміздің тез өтіп кеткенін, соңынан оны іздеп – сұрағандарын еске алады. Егер рынок талаптарына  сай ауыл шаруашылығы  өнімдерінің  ұқсатылған түрлерін  сұранысқа қарай, маркетинг зерттеулеріне сүйеніп шетелге  шығарса, онлда дүние жүзі Қазақстан кәсіпкерін танып білер еді. Өндірісіміз дүниежүзілік  стандартқа  баяу бейімделіп келеді. Ал түсті металлургия өнімдері жөнінде жағдай   өзгеше. Бұл тауарларға жоғары.

Әлемдік рынокта, өркениетті елдердің қоғамдастығында орын алып, қызмет істеу  үшін экономикалық және  құқықтық заңдарды терең оқып – білу керек. Әсіресе дүниежүзілік  нарық пен сауда – саттық тәсілдерін және оның  заңдарын жан – жақты  біліп, меңгеру – басты шарт.    

                             

 

ІІІ. Қазақстан  Республикасының банктеріндегі  инвестициялық операциялардың жағдайы

3.1 Банктің инвестициялық операциялары

Банк қызметіндегі инвестицялаудың өзіндік ерскшелігі бар. Кең мағынада, банктік инвестиция - пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

Ал, тар мағынада, банктік инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

Банктің инвсстициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің  құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауга және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

•  инвестициялық саясаттың басты мақсаты;

• баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;                                

• инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;                   

•  инвестициялардың құрамы мен құрылымы;

• бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтім мерзімінің тиімділігі;

• инвестициялар портфелінің диверсификациялапуынч қойылатын негізгі талаптар;

• портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;

•  сақтау тәртібі  және сақтандыру механизмі;

• пайдалар мен зияндардың есебі;

•компьютерлік қамсыздандыру  бағдарламалары.

Банктердің инвестициялық  қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттетрге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруга және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг — бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттын келіп түспейтіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер).

Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:

1)  мемлекеттің бағалы қағаздары;

2)мемлекеттік емес (корпоративтік) бағалы қағаздар

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына қарай төмендегідей 19-кестемен беруте болады.

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

Дисконттық, мұндай багалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларғы жеңілдікпен (номиналдык құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:

100-75 = 25 теңге немесе

25 теңге: 75 теңгс (бастапқы салынған инвестиция)*100 %  =33.3%

Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, оида бір күндік табыс: 33,3%: 91 күн = 0,3659 % құрайды. Демек, бір жылдық табыс: 0,3659 % * 364 күн = 133,19 % тең.

Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ртеке дейін төленеді.

Аралас, ягни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бүл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі-түріндегі табыстардан құралады.

Бүгінгі таңда ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық     операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы    қағаздарга жұмсалып отырғаны жасырын  емес.  Себебі,  мұндай  бағалы  қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез  арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.

Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

• акциялар;

• облигациялар;

•  депозиттік және жинақ сертификаттары;

•  илотекалық куәліктер;

-  депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде инвестицялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

Акция — бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Дивидент төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамының табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция, иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жинылысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы - қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты (сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы).

Облигация — оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және  эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық    құны мен пайызды  қайтарып  беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста  жүрген облигациялар табыстылығана қарай екі түрге бөлінеді:

- Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;.

- Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Мысалғы, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге купон мөлшерлемесі - 10 %, онда облигацияның ағымдағы табысы төмендегідей түрде есептеуге болады.

Купон/баға * 100 = 10/100*100 = 10%

Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:

10/150*100 = 6.66%

 

3.2 Қазақстан Республикасындағы  инвестиция  жүйесін дамытудың жолдары

Көптеген  елдерде  салымдық  банктердің  қызметін басқа  да  қаржылық – несиелік мекемелер  немесе коммерциялық банктер атқарады.

Қазақстан Республикасында  да мұндай банктердің функцияларын негізінен  Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңгейдегі  банктері  атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының  коммерциялық  банктері  бірінші  типті банктердің операцияларын  жүзеге  асыру өз деңгейіенде болып отырған жоқ. Коммерциялық банктің  салымдық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын,  диверсифискация, табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру.

Біраз уақыт бұрын  отандық банктердің  атына олардың  нақты экономика секторындағы  шаруашылық субъектілермен  қатынастары туралы қатаң сын  айтылған болатын. Қазақстанның экономикасына  айналым  және  салымның  қаражаттардың  тапшылығын банктердің несиелері қанағаттандырмады.

Бұл жағдай 2000 жылдан бастап жақсара бастады. Банктер қаржы нарығының неғұрлым  активті және  капиталды қатысушылардың бірі  болды. Қазақстандағы бір банктің  орташа капиталы валюта эквивалентінде шамамен 30 млн. АҚШ долларын құрайды. 2003 жылы банк активтерінің

60 % нақты  экономика  секторына  жіберілді,  өндірістің дамуымен және  банктердің ресурстық базасының артуымен банктер нақты экономика секторын несиелеуге белсенді қатысуын көрсетеді.

2002 жылы экономиканы   дамытуға  кеткен  несиелердің   көлемі 672,4 млрд. тенге,  шетел   валютасында  4,3 млрд. АҚШ долларын  артық  болды. Ал 2003 жылдың  қазан айындағы  мәліметтер бойынша  банктердің экономикаға бағытталған несиелерінің жалпы көлемі 924,3 млрд. теңгені құрады, бұл 6,25 млрд АҚШ долларынан артық.

Сонымен  экономиканы  салымдауда банктердің  инвестициялық   қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің  қаржылық  салымдарға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керпек. Сондай – ақ, шағын және ворта бизнеске  инвестицияларды бөлу  шарттарын жеңілдету жолдарын іздестіру қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының  активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.

Инвестициялар. Мемлекет қазіргі танда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.

Әлемдік банктің Қазақстанды  салым үшін ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ-тың 21 млрд. долларынан астам қаржы тартылды.

Қазақстанның бүгінгі  күнде әлемдік қауымдастықта нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып салымның рейтингке ие болды.

Қазақстан экономикасына  келген инвестициялық салым, мұнай-газ  саласын қоса есептегенде, 2003 жылдын қаңтар — қыркүйегінде 729,6 млрд теңгені құрады, ал бұл, 2002 жылдың сондай айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 10,8 %-ке артық ( 1 – Кестеде көрсетілген).

Информация о работе Инвестициялар