Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:05, реферат
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------------------3
І. Инвестицияның теориялық негіздері----------------------------------------------6
1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны мен пішіндері--------------------------------6
1.2. Инвестиция көздері және оның нарықтық экономикада атқаратын рөлі---------------------------------------------8
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе-----------------------------------------------11
ІІ. Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторына инвестицияны тарту проблемалары----------------14
2.1. «Қазақстан 2030 - Стратегиясындағы» инвестиция мәселелері---------14
2.2. Қазақстан Республикасының инвестицияларды игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау--------------16
2.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика шартындағы инвестициялар құрылымын талдау және жүзеге асырылуы-------------------------18
ІІІ. Қазақстан Республикасының банктеріндегі инвестициялық операциялардың жағдайы-------------------------------------22
3.1 Банктің инвестициялық операциялары----------------------------------------22
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесін дамытудың жолдары---------------------------------------------------26
Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------29
Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------------------------------------30
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығынын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
1.3. Инвестиция қолданып экономиканы көтерудегі дүниежүзілік тәжірибе
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық салымдардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық салымымен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашанда ірі капитал салымен керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент – деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.
Мемлекеттік құнды қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
Муниципалды құнды қағаздар - бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу және тағы басқалар болып табылады.
Кооперативтік құнды қағаздар – шаруашылық субъектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар - деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай;
б) капиталды.
ІІ. ІІ. Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторына инвестицияны тарту проблемалары
2.1. «Қазақстан 2030 - Стратегиясындағы» инвестиция мәселелері
Аса маңызды әлемдік проблемаларға соғыс және бейбітшілік, экономиканы халық тұтынатын азаматтық өнімдерді өндіруге көшу проблемалары жатады.
Адамзаттың әлемдік проблемаларын шешу үшін, әлемдік деңгейдегі барлық күш – жігерді біріктіру қажет. Әлемдік экономикада аса ірі материалдық қаржы, ғылыми – техникалық күш – қуат және маман кадрлар бар. Қолда бар мүмкіндікті білімділікпен, парасаттылықпен, іскерлікпен және үлкен жауапкершілікпен адам игілігіне пайдалану қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін мәселесі. Міне, сондықтан да барлық елдердің, оның халықтарының ынтымақтастығын нығайту, халықаралық еңбек бөлінісін тереңдету, халық шаруашылықтық байланыстарды интернационалдандыру, жер бетінде баянды бейбітшілік орнатудың, әлемдік проблемаларды шешудің нақты жолы [12].
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.
Қалың
бұқараға «географиялық» деген
термин түсінікті, ал «
Геоэкономикалық
процестің Қазақстан үшін тағы
бір пайдалы жағы - әлемдік рыноктық
қатынастарға қатысып, табиғи
және интеллектуалдық күш-
2.2. Қазақстан Республикасының инвестицияларды игерудің басталуы мен қалыптасу сатыларына талдау
Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тарту 1992 жылдан басталды. Алғашқы экспорттық несиені Австрия мен Германия үкіметтері берді. 1993 және 1995 жылдары республика экономикасын жүйелі қайта құруды жүргізу (STF) және макроэкономикалық тұрақтылық пен реформаны қамтамасыз ету (Stand by) бағдарламалары бойынша халықаралық валюта қорымен келісім жасалды.
1992-1995 жылдары Қазақстан шетелдерден техникалық көмек түрінде 270 млн. доллар алды. Мұның ішінде МБРР (ХДККБ) – 6 млн. доллар, БҰҰ бөлімшелерінен – 4 млн., ЕС (ЕО) – 80 млн., ЕБРР (ЕДККБ) – 3 млн., USAID жобасы (Арал, Қызылорда) – 4 млн. доллар бөлді. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін Еуропа банкісі 77,5 млн. доллар беруге әзір. Жалпы республика экономикасындағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға 9 млрд. АҚШ доллары қажет.
Қазақстанның әлемдік экономикалық рынокқа шығуының айқын көрінісі ірі тарнсұлттық корпорациялардың, біріккен кәсіпорындардың қанат жоюы. айталық САМСУНГ корпорациясы біздің экономикаға 1 млрд. доллар инвестиция жұмсады. «Теңіз - Шевроил» жөнінде әрбір республика тұрғыны хабардар. Әлемнің назары – Каспий теңізі мұнайын, Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ газын игеру. Қытай халық республикасы мұнай құбырын 60 айда бітіруге, оны салуға 3,5 млрд. доллар жұмсауға әзір. Ал АҚШ-тың қызығушылығын туғызған мәселе – Қарашығанақты игеру. Мұндағы акционерлік қоғам бақылау пакетіндегі Ресей Лукойл компаниясының үлесі – 15%, «Аджип Бритиш газ» - әрқайсысы 32,5, Техас үлесі – 20%. Сөйтіп, Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне шыңдап ене бастады. 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуы бырысында біздің республика өзінің сыртқы экономикалық қатынастарын Ресеймен, Қытаймен және ислам, Орта Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдерімен де тереңдетеді. «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлмдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болды. Олардың Қазақстаны Еуразия орталығы бла отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресей және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.» Сондықтан да статегиядағы жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың алғашқысы – ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізудің басты факторы – «көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз.» Ал ұзақ мерзімді жеті басымдықтың үшіншісі – «Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға нгізделген экономикалық өсу». Халықаралық экономикалық қатынастардың қанат жаюы – объективті процесс. Мұның басты негіздері – қоғамдағы еңбек бөлінісінің тереңдеуі, тауарлардың көп өндірілуі және қажеттіктердің ұлғаюында жатыр. Әсіресе тауар өндірісі мен әлемдік рыноктың мүмкіндігі, экономикалық кеңістік пен инфрақұрылымдардың өркендеуі халықаралық байланыстрға кең жол ашады. Адамзат қоғамының дамуы барысында біздің республиканың да сыртқы қатынастары өрістеп келеді, оларға өндіргіш күштердің өсуі, меншіктің көп түрлілігі оңды ықпал жасауда. Көшпелі халықтар үшін ақша-тауар қатынастары өте ыңғайлы, сондықтан Қазақстан әр кезде сыртқы саудаға мән берген. Ұлы жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан республикасы шетелдермен қарым-қатынасқа, дамыған мемлекеттердің инвестициясын пайдалануға ерекше назар аударуда.
2.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономика шартындағы инвестициялар құрылымын талдау және жүзеге асырылуы
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауында өтпелі
кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы
республиканың бет бейнесі
«Қазақстан – 2030» стратегиясында
Н. Ә. Назарбаев халықаралық
- шетел инвестициялары
мен ішкі жинақталымдардың
Әлемдік экономикалық кеңістіктегі елдерді Қазақстанның табиғи байлықтары, саяси тұрақтылығы мен демократиялық ахуалы қызықтырады. Сондықтан да дүниежүзінің дамыған, әсіресе рыноктық экономикасы бар мемлекеттер біздің республикаға инвестиция жұмсауға әзір екендігін іс жүзінде көрсетуде. Тек бір жылдың ішінде, яғни 1997 жылы республика 3 млрд. доллар инвестиция сіңірді. Егемендік алған жылдардың ішінде 10,1 млрд. долларға тең инветиция алынды, ал бұл жан басына шакққанға 600 доллардан келеді. Жоғарыдағы жалпы инвестицияның 6,5 млрд. доллары мемлекеттің кепілдігінсіз алынды, яғни шетел капиталының тікелей инвестициясы. Шетел инвестициялары өз нәтижелерін көрсете бастады. Алдымен республикадағы тоқтап қалған ірі өнеркәсіп орындары жанданып, жұмысшыларға жалақы төлеп, мемлекетке салық және т. б. берешектерінен арыла бастады. Оның айқын мысалы «Испат - Кармет» өмірімен көруге болады. Тек оны комбинатта емес жалпы республика экономикасы 1997 жылы макроэкономикалық көрсеткіштерді жақсартты: инфляция 17,5 проценттің орнына 12 процентке төмендеді, сыртқы тауар айналымы 13,6 млрд. долларға өсті, теңгенің долларға бағамы 90 теңгенің орнына 76,77 деңгейінде тұрақталды. Ал республиканың жиынтық ұлттық өнімі жан басына шаққанда 1,2 мың долларға жетті, жалақы өндіріс саласында 12 мың теңгені құрады. Рыноктық экономикаға көшіп жатқан Қазақстанның жоғарыдағы көрсеткіштері одан дща жақсы болар ма еді, егер әлемдік қауымдастықтан және қаржы институттарынан алған көмектерді тиімді пайдалана білсек. Алғашқы жылдарда шетелдерден алынған несие-қаржылар коммерциялық құрылымдардың қалтасында кетіп, құмға сіңген судай болды. Төлем мерзімі жеткен несиенің процентің қайтару халықтың мойнына түсіп, онсыз да тапшы мемлекеттік бюджет есебінен шетелдерден алған қарызды қайтару керек болды.