Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:03, курсовая работа

Краткое описание

М Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.
Экономикалық құрылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оның тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс: ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5
II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2010 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................16
III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................19
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................28

Файлы: 1 файл

Инфляция мани, себептери.doc

— 202.50 Кб (Скачать)

          Жалпы мемлекеттік  және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт  барлық мүмкін болатын баптар бойынша  оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді,оқушыларды, тіркелген  кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

          Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

    а) тура әдістермен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

    ә) секвестірлеу әдісімен – барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын  төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне  сәйкес үйлесімді төмендетумен;

    б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

    в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен. Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының  іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін  әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

          Мыналардың нәтижесінде  инфляцияның екінші типін шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен  туатын инфляцияны жою проблемаларын  шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:

    1) жалақыны көбейту;

    2) ұйымдық сипаттағы себептер бойынша  шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

    3) шикізат және энергетикалық ресурстар  иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің  бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

          Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою  өзара байланысы проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.

          Инфляцияны төмендету  проблемаларының бірінші блогы  экономикалық тұрақтандырудың бүкіл  жүйесінің орталық буыны ретіндегі  өндірістің құлдырауын жоюда болып  отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.

          Біріншіден, еңбек  өнімділігінің үәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты  күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы  еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

          Сауда – делделдық  сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың  жеңілдік жүйесімен, несиені кедергісіз алумен және несиелер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылады.

          Инфляцияны жеңіп  шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі  қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші  субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған мехынизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.

          Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды  жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде  қамтамасыз етумен байланысты болады.

          Инфляцияға ықпал  етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл  пирамидасының негізіне қойылады.

          Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден  еңбек өнімділігінің нақты артуына  қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің  еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына  тең өсімі өзінің сипаты бойынша  инфляциялық емес болып табылады.

          Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы  тарапынан инфляцияны төмендету  шаралары оның құрлымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық – импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                         

                                                    Қорытынды 

    Инфляцияны  реттеу үшін 2008 жылы бірқатар нормативтік құжаттар әзірленді. Атап айтқанда, наурыз айында - Қазақстан Республикасындағы инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды. Құжатқа сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар Қазақстандағы инфляцияның себептеріне талдау жұмыстарын, инфляциялық үдерістерге мониторингтер жүргізуде. Негізгі күш-жігер халық тұтынатын тауарлар мен қызметтердың негізгі тобына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге, ішкі рынокты бірінші кезектегі қажетті тауарлармен толықтыру жөніндегі шараларды қабылдауға, алақол бәсекелестіктің, рынокта өзінің басымдылық жағдайын теріс пайдаланушы субъектілердің жолын кесуге, өнім өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы арағайындарды қысқартуға бағытталуда. Үкіметтің инфляцияға қарсы саясатының аясында 2008 жылы сондай-ақ, астық экспортына тыйым салынды, өсімдік майлары мен тоңмайлардың, күріштің қорын толықтыру жөніндегі шаралар жүргізілді. Үкіметтің ағымдағы жылдың мамыр айында мұнай экспортына енгізген кедендік баж салығы жанар-жағармай материалдарының қазақстандық рыногындағы жағдайды орнықтыруға сеп болуы керек. Оған қоса, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына берілген тапсырмаларға сәйкес, Ұлттық банк 2008 жылы Үкіметпен бірлесе отырып елдегі бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды жоспарлауда. Әлемдік экономика баяулаған және бірқатар экспорттық тауарлардың бағасы төмендеген жағдайда жүзеге асырылатын тұрақтандырушы іс-қимылдардың жедел жоспары талдап жасалынды. Ұлттық банк өз тарапынан 2008-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары аясында қаржы секторын қолдау және бағаның тұрақтануын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдауда. Қысқа мерзімдік ноталар (құнды қағаздар) шығару, банктерден депозиттер тарту, қайта қаржыландыруға заемдар беру - қаржы рыногындағы сыйақы ставкаларын реттеу мен банк ликвидтілігінің (төлем қабілеттілігінің) негізгі операциялары болып табылады. Ұлттық банк мемлекеттік құнды қағаздардың кепілдемесімен қайтарма РЕПО операциялары түрінде банктерге қайта қаржыландыру заемдарын беруді жалғастырады. Қажет болған жағдайда қаржы рыногының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар күшейтіледі. Бұл жағдайда Ұлттық банк қомақты көлемдегі тікелей ұзақ мерзімдік көмек беруден қалыс қалады.

        Инфляцияны төмендету проблемаларының бірі экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.

       Біріншіден, еңбек өнімділігінің  уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тәкелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

       Сауда-делдалдық сфераға қарағанда  өндірістік сфераның басымдығын  қамтамасыз ету қажет. Өндірістік  сфераның дамуын көтермелеуге  салықтардың жеңілдік жүйесімен,  несиені кедергісіз алумен және  несиелер бойынша төмендетілген  пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және тағы сол сияқты жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.

       Инфляцияға ықпал етудің ең  түбегейлі құралы экономиканы  мемлекеттік реттеу шеңберіндегі  бағамен жалақыны бақылау қою  болып табылады. Баға мен жалақыны  реттеудің ауқымдарын таңдау  қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында  айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.

       Қорыта айтқанда, Қазақстандағы  қазіргі инфляцияның себептерін  нарыққа өту дейінгі инфляцияны  тудыратын факторлардан іздестіру  керек. Олардың ең бастысы-шаруашылықты  басқарудың жоспарлы бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығындағы  материалды ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шекізеді. Әсіресе:

    ұлттық  өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізу;

    құрал-жабдықтарды  өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;

    мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;

    несиелік  және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.

         Дағдарыстан шығу үшін өндірістің құлдырауын тоқтатып, экономиканы тұрақтандыру қажет екені даусыз. Ол үшін алдымен бүгінгі күні күйреп жатқан ақша-қаржы жүйесін сауықтыру және инфляцияны ауыздау керек.

        Негізінен мемлекет тарапынан  осы инфляцияны болдырмау шараларын  жүргізу қажет. Мемлекет экономиканы көтеру үшін инфляцияны қатаң бақылау керек. Біз болашақ қаржыгерлерміз осы дағдарыстан шығудың жолдарын да, сол үшін атқарылатын істің түрлерінде жеткілікті түрде қарап, анықтап отыруымыз қажет. Инфляцияны болдырмау шараларын жан-жақты іздестіруіміз керек.

        Мен Қазақстан экономикасының  бүгіні мен болашағының өркендеуіне  нық сеніммен қараймын.   

    Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

    
  1. ҚР Президенді Н.Назарбаев.- 2010 жылғы Қазақстан  халқына арнаған Жолдауы
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы заңы
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. Алматы, 1995.
  4. Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы заң”   Алматы  08.1995
  5. Қазақстан Республикасының  “Валюталық реттеу туралы заң” 12.1996 Алматы
  6. Межгосударственный статистический комитет СНГ материалдар жинағы, 2000-2002;
  7. Қазақстан Республикасының    « Ұлттық  Банкі туралы » Заңы  (ред. от 31.01.2007г.)
  8. Сейтқасымов Г.С. жетекшілігімен “Банк ісі” оқулық  Алматы 2007ж
  9. Колесников В.И., Лаврушин О.И. “Банковское дело” Москва 2004
  10. Закон РК  “О Банке Развития Казахстана” 03.05.2001 №90 Алматы 2002
  11. Крымова В. “Экономикалық теория” Оқулық  Алматы 2003
  12. Статистические показатели социально-экономического развития РК и ее 

               регионов №7, 2006 ж

  1. Информационно-аналитический журнал «Финансы и кредит», №№1-7
  2. Ежемесячный финансовый журнал «Банки Казахстана», №№1-7
  3. Мақыш С.Б.,Ілияс А.Ә. “Банк ісі” Оқулық  Алматы  “Алматы       университеті”2004 
  4. Ондасынова А.И. “Баға белгілеу” оқулық Алматы 2003
  5. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание,безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента РК народу Казахстана. Алматы,1997.
  6. Макконел К.Р., Брю С.Л. Экономика-Принципы, проблемы,политика. Т. 1-2. М.: Республика,1992.
  7. Көшенова Б. «Ақша, несие,банктер, валюта қатынастары” Алматы “Экономика” 2000 жыл.
  8. Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник/Под ред. Ю.К.Шокаманова/. - Алматы, 2006
  9. Основные индикаторы рынка труда в Республике Казахстан за 2006ж.
  10. Лекциялар “Экономикалық саясат” Алматы “Экономика” 2002 жыл.

Информация о работе Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары