Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:03, курсовая работа

Краткое описание

М Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.
Экономикалық құрылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оның тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс: ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5
II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2010 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................16
III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................19
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................28

Файлы: 1 файл

Инфляция мани, себептери.doc

— 202.50 Кб (Скачать)

    Орталық Банк мемлекеттік шығындарды яғни бюджет тапшылығын қаржыландыруға тиім салу.

    Осы көрсеткен жағдайлардың барлығы  Орталық Банк тұрақтылығы, яғни Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңға енгізу арқылы заң түрінде  бекітілуі қажет:

        Инфляциялық таргеттеуді яғни  инфляциялық мақсаттық көрсеткіштердің есептеу әдістемесінде төмендегілер көрсетілуі керек:

    инфляциялық мақсаттық көрсеткіштерін ресми  түрде жариялау бұл жағдайда оны  кім жариялайтындығы туралы нақты  ақталуы керек, инфляцияның мақсатты көрсеткіші кейбір жағдайда өзара кеңес  жүргізе отырып Үкімет белгілеу мүмкін немесе Орталық Банктің өз бетінше белгілеуі мүмкін. 
 
 

    III- тарау. Қазақстан  жағдайындағы инфляцияның  ерекшеліктері және  оның экономикалық-әлеуметтік  салдары 

              3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері 

          Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып отырған инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген  дұрыс болады.

          Қоғамдық өндіріс  құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

          Кеңес экономиканың 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі дипрпорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

    1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл  шаруашылығы арасындағы алшақтық;

    2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп  арасындағы сәйкессіздік;

    3) шикізат өндірісі мен дайын  (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы              диспропорция;

    4) әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс арасындағы сәйкессіздік;

    5) материалдық өндіріс пен материалдық  емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

          Бұл диспропорциялар  Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде  қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды  реформалау шаралары осы инфляцияның  нәтижесін заңдастыру ғана болған.

          Қазақстанда қалыптасқан  өндірісаралық, оның ішінде шикізат  өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы  Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес  Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. Доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық түлік өндірісі – 50-60%ке қысқарды.

          Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропороциялар қысқарғанның орнына арта түсті.

          Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақмерзімдік  стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық ақша-несие арқыылы экономиканың дамуын реттеу саясаты ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының) Экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

          Қазақстандағы қазіргі  инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы – шаруашылықты басқарудың жоспарлы бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:

    1) ұлттық өнімді жинақтау қорына  және тұтыну қорына бөліп, соның  негізінде инвестициялық саясат  жүргізуде;

    2) құрал-жабдықтарды өндіру және  тұтыну тауарларын өндіру салаларында;

    3) мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;

    4) мемлекеттік бюджеттің кірісі  мен шығынында;

    5) несиелік және қаржылық ресурстарды  қалыптастыруда байқалды.

          Қазіргі инфляцияның  бір көрінісі – тауар тапшылығы  біздің экономикада ондаған. Жылдардан  бері байқалуда, оның түпкі себептері:

          біріншіден, бұрынғы  КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы  нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;

          екіншіден, бұрынғы  КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар  шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар – ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж. – 39,5%, 1940ж.-61%, 1960ж-72,5% болды;

          үшіншіден, бұрынғы  КСРО-ның ұлттық табысының жартысына  жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы  қатардағы өркендеген мемлекеттерде  ол – 15-25 процент болды;

          төртіншіден, бұрынғы  КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің (ҰЖӨ-нің) 25-30 проценті ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.

          Сөйтіп тауардың көтерме, сатыпалу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік бюджеттен дотация (жәрдем қаржы) беріліп отырылды. Бұл тауар өндірушілердің көтерме және дара бағаларды көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына және кейбіреулерінің сауда орындары мен өнеркәсіпте жиналып қалуына әкеп соқтырды. 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       3.2  Инфляцияға  қарсы саясаттың  күрес жолдары 

          Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:

    1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

    2) инфляцияны төмендету немесе  басу жөнінде инфляцияға қарсы  шаралардың кешенін жүргізу.

          Инфляцияны жою  жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік –  экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік – экономикалық сфера болып табылады.

          Сұраным инфляциясын  жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы  макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

          Инфляцияға қарсы  саясат – инфляциямен күреске  бағытталған экономиканы мемлекеттік  реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі  жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

          Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу белгілеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

          Кірістер саясаты  – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.

          Инфляцияға қарсы  саясат ақшалай ұсынымды шектеудің  әр түрлі әдістерін кірістіреді:

    1) Орталық банктің нақты ақша  эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы  ақша массасының ауқымын азайту.

    2) Барлық несие ресурстарын қымбаттату  және оларға қол жететіндігін  азайту мақсатында орталықтандырылған  кредиттер үшін қайта қаржыландырудың  есептік мөлшерлемесін арттыру.

    3) Кредит мультипликаторын қысу  және коммерциялық банктердің  кредит экспансиясын шектеуге  жету үшін Орталық банктің  коммерциялық банктерге резервтік  талаптарын арттыру.

    4) Сондай мақсаттарда Орталық банктің  кредиттерін тікелей қысқарту.

          Инфляцияға қарсы  фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің  тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

          Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

          Біріншіден, мемлекеттік  бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

          Екіншіден, экономиканың бастапқы ббуындарында - өндіріс пен  айырбас сферасында экономикалық белсенділікті  жандандыру қажет.

          Инфляцияға қарсы  салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың  инфляциялық сипаты болады, өйткені  олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

          Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

          Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына  да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілеріне қатысты материалдық  өндіріс сферасына да таратуды қажет  етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған  жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

Информация о работе Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары