Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:03, курсовая работа
М Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.
Экономикалық құрылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оның тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс: ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5
II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2010 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................16
III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................19
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................28
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Сөйтіп,
қаржы мен инфляция өзара тәуелді
болып келеді. Қаржы инфляциялық
процестердің тездеткіші бола алатыны
сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына
әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы
және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы
кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын
көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының
күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттік борыштың өсуіне
ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны
мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады,
өйткені салықтық кірістер мен қарыздар
оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі
бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан
мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады.
Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің
проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды
тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының
табыстылығын несиелік пайдеңгейінен
жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік
борыштың атаулы өсуін тудырады.
II.
ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ
САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1
Қазақстандағы 1999-2010
жж. кезеңіндегі инфляциялық
процестер динамикасы
1999-2000
жж. бастап Қазақстан экономикасы
тұрақты өсу траекториясына
Бірақ жалпы макроэкономикалық жағдай жақсарып, экономика тұрақты өрлеуге бет бұрғанмен, осы 2007 жылдың екінші жартысында тауарлар мен қызметтерге бағалардың өсуі байқалды. Әрине қазіргі жағдайдағы бағалардың өсуін 1990 жылдардағы инфляциялық процестермен салыстыруға болмайды.
Ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстанда инфляция деңгейі 8,2 пайызды құрап, жоспарланған деңгейден асып түсті. Бұл туралы үкіметте өткен отырыста, премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жылғы қаңтар мен тамыз айы аралығында айналымдағы қолма-қол ақша 36 пайызға және ақша массасы 24 пайызға өскен. Сондай-ақ бағаның көтерілуі Шымкент, Алматы, Тараз, Астана, Атарау қалаларында орын алған.
Экономика
және бюджеттік жоспарлау
Төмендегі 2-кестеде
көрсетілгендей, Қазақстанның қысқа мерзімді
сыртқы қарыздағы резервтер үлесі өте
жоғары. 2004 жылы резервтік активтер қысқа
мерзімді сыртқы қарыздан екі есе асып
кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған жағдайда
бір жылға дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерді
жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ
2005 жылы жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып
қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз көлемін
резервтер енді жаба алмайтын болды.
Кесте
4 – Халықаралық инвестициялық
ахуал бойынша өтімділік
Млн. АҚШ долл.
Жылдар | ||||||||
Көрсеткіштер | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 |
Резервтік активтер | 2003 | 2096 | 2508 | 3141 | 4962 | 9280 | 7070 | 19113 |
Жалпы сыртқы қарыз | 12081 | 12685 | 15157 | 18251 | 22920 | 32946 | 43539 | 73455 |
Сыртқы қарыздағы резервтер үлесі, % | 17 | 17 | 17 | 17 | 22 | 28 | 16 | 26 |
Қысқа мерзімді сыртқы қарыз | 1805 | 1021 | 1366 | 2360 | 3771 | 3941 | 8020 | 7253 |
Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша резервтер үлесі, % | 111 | 205 | 184 | 133 | 132 | 235 | 88 | 264 |
ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі, % | -1.41 | 2.00 | -6.28 | -4.16 | -0.88 | 1.34 | -0.97 | -2,3 |
Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, % | 175 | 123 | 148 | 157 | 153 | 145 | 142 | 177 |
Дағдарыстар қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтердің жоғары үлесі бар елдерде де, мысалы Венесуэлада, Малайзияда, Колумбияда орын алғандығын атап өткен жөн.
1994
жылы Венесуэлада болған
Халықаралық
инвестициялық позиция (көзқарас) мәліметтері
бойынша нетто-позиция елдің
Кесте 5 – Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы
Млн. АҚШ доллары
Жылдар | ||||||||
Көрсеткіштер | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
Сыртқы активтер | 2391 | 2599 | 4613 | 6117 | 9322 | 14284 | 23071 | 30159 |
Ішкі міндеттемелер | 3596 | 3669 | 15727 | 19192 | 23056 | 29042 | 38773 | 50436 |
Нетто-позиция | -1205 | -1070 | -11114 | -13075 | -13735 | -14758 | -15702 | -20277 |
Нетто-позицияның өсімі, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, % | -3866 | 11 | -939 | -18 | -5 | -7 | -6 | -29 |
Сөйтіп,
Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық
бағалы қағаздар шығарылымы түрінде
келетін капитал ағымы
Ұлттық Банк үкіметке несиелер бермейді, өзінің мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынын мүлдем ұлғайтпайды. Коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру мардымсыз көлемдерде жүргізіледі. Валюталық резервтерді арттыру нәтижесінде туындайтын ақшалай ұсыныстардың артықшылығын залалсыздандыру мақсатымен Ұлттық Банк коммерциялық банктерден депозиттер тартады.
Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне қатысты. Сатып алынатын долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді, яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың «долларизация» жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес, өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.
Долларға қарағандағы теңге бағамының төмендеуі бағаның инфляциялық өсуінің белсенді факторы болды, өйткені импорттық тауарлар Қазақстан тұтыну нарығының жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның тетіктері доллар мен басқа да шетел валюталарына жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын көрінді.
Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі – экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Ұлттық банктің нарықтан валютаны сатып алуын және өзінің алтын-валюта қорын көбейтуін тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақша көлемі баяу өседі, одан кейін ол мүлдем тоқтайды. Бұл инфляцияның төмендеуін ең соңында нөлге дейін алып келеді.
Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында көрініс табатын теңге бағамын білдіреді, ол өз кезегінде импорттың өсуіне, экспорттаушылар жағдайының нашарлауына және өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырады.
2006
жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы
19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға
өсті. Еңбекақының өсуі елдегі
экономикалық белсенділіктің
Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).
Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық белсенділік пен тұтынушылық сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі жағдайда қалыптасты (6-кесте).
5-кестеден
көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі
Елге
шетел валютасының ағылып келуі
қуат көздеріне әлемдік бағаның
жоғары болуымен байланысты еді, олар
Қазақстан Республикасының
Кесте
6 – ҚР-ның кезең аяғындағы
ақша агрегаттары
Млн. АҚШ теңге
Жылдар | ||||||||
2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | |
Қаржылық база (резервтік ақшалар) | 126749 | 134416 | 174959 | 208171 | 316962 | 577841 | 662971 | 1501500 |
Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, % | 55,7 | 6,0 | 30,2 | 19,0 | 52,3 | 82,3 | 14,7 | 26,5 |
МО (айналымдағы қолма-қол ақша) | 103486 | 106428 | 131175 | 161701 | 238730 | 379273 | 411813 | 600800 |
М1 | 162115 | 195442 | 224234 | 287293 | 411646 | 680632 | 799401 | 874502 |
М2 | 237260 | 290643 | 337980 | 498071 | 692844 | 1175491 | 1515962 | 1754861 |
М3 (ақша жиыны) | 273880 | 397015 | 576023 | 764954 | 971213 | 1650115 | 2065340 | 3716000 |
Өткен
кезеңдермен салыстырғандағы |
84,4 | 45,0 | 45,1 | 32,8 | 27,0 | 69,9 | 25,2 | 79,9 |
Информация о работе Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары