Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 13:03, курсовая работа

Краткое описание

М Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.
Экономикалық құрылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оның тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс: ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
I. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары.......5
II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы 1999-2010 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер динамикасы...........................................................................................................9
2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................16
III. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................19
3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................28

Файлы: 1 файл

Инфляция мани, себептери.doc

— 202.50 Кб (Скачать)
 

   Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық  нарығынан қарыз алып, артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта елеулі ықпал көрсетті. Шетел активтеріне қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды. Банктердің шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей инвестициялық қаржылардың елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы валюта ұсыныстарын қайтадан қалпына келтірді. 

    Кесте 7 – Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары 

Жылдар ЖІӨ іс жүзіндегі  бағада, млрд теңге Жыл аяғындағы  МЗ, млрд тенге ЖІӨ-ге МЗ қатынасы, %
1997 1014,2 115,7 11,4
1998 1415,8 135,0 9,5
1999 1672,1 173,0 10,3
2000 1733,3 148,5 8,6
2001 2016,5 273,9 13,6
2002 2600,0 397,0 15,3
2003 3250,6 376,0 17,7
2004 3747,2 764,9 20,4
2005 4449,8 969,9 21,8
2006 5542,5 1650,1 29,8
2007 6867,0 1881,3 27,4
2008 9738,8 3716,0 38,2
 

   Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының  негізгі тауарларына бағаның  өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта  өз тауарларының бағасын соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық фактор болды.

   Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың  тұтыну нарығында инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл аяғында (2005 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы 8,4%-ды (2005 жылы 7,5% еді), ал орташа жылдық инфляция – 8,6%-ды құрады (3-сурет).

   2006 жылғы инфляцияға ықпал еткен  негізгі микро және макроэкономикалық  факторларға экономиканың елеулі  өсуі, Қазақстанға шетел капиталының  үздіксіз ағыны, банк несиелерінің  айтарлықтай көтерілуі, қуат және  шикізат тауарларына әлемдік  бағаның жоғары болуы жатты. 

 

3-сурет  – Инфляция серпіні

   Мұнайлы жерлерді әрі қарай игеру төлем  балансының ағымдағы шотына ағылатын капиталдың қосымша көздеріне жол  ашты, бұл өңдеуші өнеркәсіптің бәсекелестік қабілетін төмендетуге әсер етуі мүмкін, өйткені тікелей инвестицияны әрі қарай игерумен жалғасатын экспорттық түсімдердің көбеюі теңгенің айырбастау бағамын нақты қымбаттатуға тікелей қысым көрсетеді.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінің  баспасөз қызметінің мәліметі бойынша  Қазақстандағы тауар мен қызмет бағасының өсуі инфляцияның өсуіне әсер еткен. 2007 жылдың қыркүйек айындағы инфляция деңгейі өткен жылдың тиісті кезеңіндегі пункттен 2,7 пайызға артық. Ал қыркүйек айындағы инфляция деңгейі жылдық көріністе 11,2%-ға жеткен. Алайда, ағымдағы жылдың тоғыз айында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономиканың басты маңызды көрсеткіштерінің серпінді өсуі бірқалыпта сақталғанын көрсетеді. 2007 жылдың 9 айында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша ЖІӨ 10,1 пайызды құраған. Құрылыс, қаржы қызметі, көлік және байланыс қызметі, сауда сияқты ұлттық экономика салалары жылдам қарқында дамыған. Астық өнімінің жоғары болуына байланысты ауылшаруашылығы жоғарғы көрсеткішке жеткен, өнім көлемі 8,1 пайызға өскен. Еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі мен жалақының өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың үшінші маусымындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 7,5 пайыз болса, биыл 7 пайызға азайған. Осы жылдың сегіз айындағы жалақы көрсеткіші орташа есеппен 50 мыңнан асқан (400 доллардан астам). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.2 Инфляциялық таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын талдау 

          Инфляцияны басқаруды  жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі  кезде инфляциялық таргеттеуге  үлкен маңыз беріледі.

          Ұлттық банктің  негізгі міндеті ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама  Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен  үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындап және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді арттырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

          Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания  инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.

          Ұлттық банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде ұстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшерлемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргеттеу кезегіндегі негізгі құралдары ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар.

          Қазіргі уақытта  инфляциялық таргеттеуді енгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданады. Ұлттық банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер – «базалық инфляция»  индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді.

          Инфляциялық таргеттеуге  көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық банктің алдында бірқатар мынадай  ірі проблемаларды шешу міндеті  тұр:

          ашық рынок операцияларын  кең ауқымды көлемде жүргізуге  көшу үшін жағдайлар жасау;

          өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;

          бағалы қағаздардың  қайталама рыногын дамыту;

          трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің  инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға  мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;

          инфляциялық таркеттеудің пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін әзірлеу және т.б.

    Инфляцияны  таргеттеудің артықшылықтары:

    оның  барлық тұлғаларға түсініктілігі;

    елдегі  баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Орталық Банк тарапынан нақты  іс-шаралар жүргізеді;

    Орталық Банк инфляция деңгейін төменгі деңгейде ұстап отыру үшін өзіне жауапкершілік алады;

    осы шара арқылы жүргізетін ақша-несие  саясаты елдің ішкі мәселелерін  шешуге араласады;

    ақша-несие  саясатын жүргізу стратегиясы, ақша агрегаттарымен инфляция деңгейімен тұрақты  қатынасын талап етпейді.

    Инфляциялық таргеттеудің кемшіліктері:

    Орталық Банк үшін ақша-қаражаттарының құрлысы  және ақша агрегаттарымен салыстырғанда  инфляция деңгейін үнемі бақылап  отыру өте күрделі;

    Ақша-несие  саясатын іске асыру шараларына әсер ету белгілі бір мерзімге кешігіп жүргізіледі. Соған айланысты инфляциялық таргеттеу Орталық Банк жүргізіп отырған ақша несие саясаты туралы тікелей ақпараттарды заңды және жеке тұлғаларға бірден жеткізе отыруға қабілетті емес.

        Инфляцияны таргеттеу шараларын  іске асыру үшін бүгінгі күні шама мен жүзге жуық елдер қызығушылық танытуда. Соңғы жылдары 93 елге жүргізілген зерттеу нәтижесінде 54 елдер Орталық Банктері инфляциянық көрсеткіштер жүйесін пайдаланамыз деп жариялаған. Олардың тек 16 ғана инфляцияны таргеттеу жүйесін нақты ережелерге сәйкес орындаған.

        Сонымен бірге көптеген елдерде  инфляцияны таргеттеу шараларымен  бірге ақша агрегеттары немесе  айырбастау курстары бойынша  мақсаттық көрсеткіштерде пайдаланылған.

       Сонымен инфляцияны таргеттеуді  енгізу қажет, себеп салдарлардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

    елде  жалпы экономикалық макро тұрақтылығына  кепілдеме болуы, сонымен бірге  елде жоғары діңгейде жұмыс істейтін қаржы жүйесінің болуы.

    Орталық Банктің ақша-несие саясатын жүргізу  үшін пайдаланатын құралдардың тәуелсіздігі.

    Орталық Банктің елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, өкілеттіліктің бар болуы.

    Ақша-несие  саясатының құралдарымен инфляцияның  өзара байланыстылығын жеткілікті деңгейде түсіну.

    Инфляция  деңгейін болжау үшін тиімді әдістеменің бар болуы.

    Орталық Банкке деген сенімділіктің және есеп берудің күшеюіне әсерін тигізетін  ақпараттардың түсініктілігі және ашықтылығы. 

        Инфляциялық таргеттеу шараларын  жүзеге асыру үшін заң жүзінде  мынадай ережелер бекітілуі керек:

    елдегі  баға тұрақтылығына қол жеткізу Орталық Банктің жүргізіп отырған ақша несие саясатының ең негізгі және жалғыз мақсаты болуы керек.

    Ақша  – несие саясатының құралдарының таңдау кезіндегі Орталық Банктің  тәуелсіздігі.

Информация о работе Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары