Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:42, реферат
Икемділік – бір өзгеріспен шақырылған екінші өзгеріс. Экономика теориясында сұраныстың икемділігі жиі талданады. Сұраныс икемділігінің 3 түрі бар: бағалық икемділігі, табыс бойынша икемділігі, тоғысқан икемділік.
Сұраныстың баға икемділігі - сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
Экономика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Икемділіктің алгебралық талдауы және оның салық салумен өзара байланысының кестелік талдауы
Алматы - 2012 жыл
Икемділік – бір өзгеріспен
шақырылған екінші өзгеріс.
Сұраныстың баға икемділігі - сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сұраныстың баға икемділік коэффициенті жалпы формула бойынша есептеледі:
Еd = сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.
Баға бойынша сұраныс
Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:
1. Сұраныс баға бойынша икемді деп саналады, егер бағаның аз пайыздық өзгеруі сұраныстың көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп. Осындай сұраныстың қисық сызығы 1 суретте көрсетілген.
2. Сұраныс баға бойынша икемді емес (икемсіз) деп саналады, егер бағаның көп пайыздық өзгеруі сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз (2 сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.
3. Мүлде икемсіз сұраныс – бұл жағдайда икемділік коэффициенті нөлге тең, өйткені бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді (сұраныс бағадан тәуелсіз). Бұндай сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға қисық сызығының түрін алады (3 сурет).
P
1 сурет. Икемді сұраныс 2 сурет. Икемсіз сұраныс
4. Мүлде икемді сұраныс – бағаның аз ғана өзгеруінде де сұраныс айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.
5. Бірлікті икемділігі бар
P
3 сурет. Мүлде 4 сурет. Мүлде 5 сурет. Бірлікті икемділік
икемсіз сұраныс икемді сұраныс
Мысалы бір есеп қарастыра кетсем: нарықта ұялы телефонның бағасы 0,5%-ға өсті, ал бұл тауарға деген сұраныс 13%-ға кеміді. Баға бойынша икемділікті табу керек. Яғни формула бойынша = = =-26. Демек сұраныс икемсіз.
Баға бойынша икемділікке қатысты бірнеше ережелер:
1. Тауардың
орнын алмастырушылары
2. Тауар
неғұрлым қажетті болса,
3. Тұтынушының
шығындар құрылымында тауардың
неғұрлым көп меншікті салмағы
болса, соғұрлым оған деген
сұраныстың икемділігі жоғары. Мысалы,
басқа тамақ өнімдеріне
4. Қолға
неғұрлым қиын түсетін тауар
болса, соғұрлым сұранысы
5. Қажеттіліктерді
қанықтыру деңгейі неғұрлым
Егер жанұя мүшелерінің әр қайсысында автомобиль болса, енді бір машина сатып алу тек оған бағаның түсу жағдайында ғана мүмкін.
6. Уақыт
өткен сайын сұраныс икемділеу
болады. Жаңа тауар пайда болғанда,
оған деген сұраныс баға
Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан кем емес фактор. Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын анықтау үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті есептеледі:
Е = [(∆Q /
Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда
І – табыс. Кейбір тауарлар үшін
табыс бойынша сұраныс
1. Ең қажетті тауарлар – табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау, ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 0<E1<1;
2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1
3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары – оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау, тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең.
Төменде берілген кестедегі деректер бойынша тауарлардың санатын анықтандар:
Тауар түрі |
Табыс, тенге |
Сұраныс көлемі |
Айран |
I1=420, I2=580 |
Q1=70, Q2=48 |
Сметана |
I1=280, I2=210 |
Q1=30, Q2=54 |
Творог |
I1=250, I2=310 |
Q1=45, Q2=60 |
Қымыз |
I1=390, I2=410 |
Q1=40, Q2=70 |
Сүт |
I1=220, I2=200 |
Q1=58, Q2=42 |
1)Айран: Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q= 420/70* (-22/160)= -0,82. Демек бұл тауар сапасыз.
2)Сметана: Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q= 280/30*(24/-70)= -3,18, сметана да сапасыз тауарға жатады.
3) Творог: Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q= 250/45*15/60=1,37, творог сапалы тауар болды.
4) Қымыз: Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q= 390/40*30/20=14,62, демек қымыз сапалы тауар болып табылады.
5) Сүт: Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q = -16/(-20)*220/58=3,03, бұл тауар да сапалы.
Тоғыспалы икемділік дегеніміз – у тауарының бағасы 1%-ға өзгергендегі х тауарына сұраныстың қанша пайызға өзгергендігін көрсетеді.
Е(x,y)==*
Ұсыныс икемділігі
Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі.
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:
ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.
P S2 S1
Q 6 сурет. Икемді және икемсіз ұсыныс
«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (6 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (7 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (7 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ.
P S1
P0
Q0 Q1
7 сурет. Мүлде икемді және мүлде икемсіз ұсыныс
Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Икемділік категориясы салық ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Мына мысалды қарастырайық.
S1
Е1 S
P1
PE Е
P2
D
Q1 QE
8 сурет.Тауар салығын енгізу және тепе-теңдік
8 суреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады.
Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.
Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.