Халықаралық валюталық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 20:32, реферат

Краткое описание

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған.

Файлы: 1 файл

Халықаралық валюталық қатынастар.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ, сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валютальіқ институт қ9рылды (1994 жылы)

Валюталық резервтерді диверсифкациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жургізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр турлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің қурылымынреттеуге бағытталған мешекеттің және банктердің саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде түрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

Девальвация мен ревальвация — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатынасын төмендету.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарылату.

Валюталық жүйе және валюта бағамының қалыптасуы

 

Валюталық жүйе — ұлттық зандылықтармен немесе мемлекет аралық келісім шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
1. ұлттық валюталық жүйе
2. дүниежүзілік валюталық жүйе
3. аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе Валюта бағымының қалыптасуы — көп факторларды процесс.
Валютаға сұраныс мен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар: инфляция қарқыны; процент мөлшерінің деңгейі; бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі; төлем балансының жағдайы.
Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен салыстырғанда елдегі инфляцияның бағамы солғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық құнсыздануы оның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта операциясының құлдырау тенденциясын тудырады.
II. Валюталық операциялар есебі
2.1. Валюталық шотты ашудың, жүргізудің және жабудың тәртіптері
Өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы шетел валютасын сатып алу-сатуды екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылар теңгені валюталарға айырбастау құнын дербес белгілеуге құқылы.
Заңды тұлғалар — резиденттер шетел валютасын ішкі валюта рыногында сатып және шетел валютасымен несиелерді алып, резиденттер еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және шетел валютасында алынған банк несиелері жөніндегі мәмілелерін орындау үшін ғана ала алады.
Шетел валютасындағы несиелер нақты ақшасыз төлеу тәртібінде беріледі.
Ішкі валюта рыногында шетел валютасын сатып алу меншікті қаражаттар есебінен де, сондай-ақ заем қаражаттары есебінен де теңге есебімен жүргізіледі.
Заем қаражаттары есебінен шетел валютасын сатып алған кезде шетел валютасын мақсатты пайдалану көрсетіледі.
Қазақстан Республикасына резиденттер мен резидент еместердің валюта құндылықтарын әкелу кеден заңдары талаптарын сақтай отырып шектеусіз жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалар — резиденттер өкілетті банкте валюта шотын ашу үшін мына төмендегі құжаттарды ұсынады: нотариалдық жолмен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесін; валюта шотын ашу туралы өтінішін; өкілетті адамдардың қойылатын қолдары мен мөр таңбасының үлгілері; салық органының салық төлеушісі ретінде есепке қою туралы анықтамасын; Қазақстан Республикасының өкілетті органында тіркелу туралы куәлігін ұсынады.
Валюталың операцияларды құжаттап рәсімдеу

Валюта шоты бойынша операциялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді:
Нақты валюта түсімі (табыс, пайдаланылған есебіндегі қалдықтар сомалары, т.б.) Валюта кіріс ордерімен рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі тіркемеде келтіріліп отыр.
Банк мөрімен (штампымен) және кассирдің, оырндаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктің валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.
Нақты валюта беру тапсырмамен (валюталық шығыс ордері) рәсімделеді; Банк куәландырылған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.
Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару "Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді:
Валюта шоттары бойынша операциялар есебі 431 — "Ел ішіндегі валюталық шоттардағы нақты ақша" және 432 - "Шет елдердегі валюталық шоттағы нақты ақша" шоттарында жүргізіледі.
Банкте аталған және басқа да құжаттардың негізінде валюталық шоттың дербес шотына жазу жазылады оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.
Осы көшірмелер валюталық шот бойынша жинақтау тізімдемесін немесе машинограммаға жасауға негіз болады.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады. Шот иесі өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жібереді. Шот қабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немес шоттың нөмері өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
Валюталық шот бойынша талдамалық (аналитикалық) есеп жүргізілмейді. Оны банк көшірмесі алмастырады.
Валюталық бақылау. Барлық резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резиденттер еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.
Валюталық бақылау Қазақсатан Республикасында валюталық бақылау органдары мен агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндетті жүктелген өкілеттік берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттік берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тарту және оларға орындалуы тиісті жекелеген тапсырмалар беру құқығын пайдалана алады.
Заңды тұлғаларға: Валюталық заңның ережелерін бұзатын операциялар жасағаны үшін келісім сомасының 10 проценті көлемінде, бірақ 1 млн. теңгеден аспайтын айыппұл салынады, бухгалтерлік есепте тиісті нәтижелері көрсетілген валюталық операциялар жасағаны үшін — есепке алынбаған соманың көлемінде айыппұл салынады; валюталық операциялардың бухгалтерлік есебін, есеп беру мен есепке алудың белгілеген нысандарын және тәртібін сақтамай жүргізгені үшін — тиісті емес түрде есепке алынған соманың 5 проценті көлемінде айыппұл салынады.
Көрсетілген айыппұл сомаларын өндіріп алу валюталық бақылау органдары арықлы жүзеге асырылады, сонымен қатар валюталық бақылау агенттерінің ұсынысы бойынша сот тәртібімен орындалады.
Валюталық заңның бұзылуына жазықты лауазымды тұлғалар, Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жауапқа тартылады.
Бағам айырмашылығын есепке алу Валютамен операция жасаушы субъектілерде осы валютаға қатысты теңгенің курсы өзгерген жағдайда бағам айырмашылығы 725 "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шотында немесе 844 "Бағам айырмашылығы бойынша шығыс" шотында есепке алынуы керек.
Келісімге сай өтеу мерзімі әлі келмеген шетелдік валютадағы дебиторлық және кредиторлық қарыздарға қатысты бағам айырмашылығын есептеп шығару, осы қарыздардың өтелуіне қарай немесе міндеттерін төлеу мерзімі өткен соң жүзеге асырылады.
Салық салу мақсатында жылдық табыс субъектінің валюталық шотына валюталық қаржы келіп түскен күні (немес соңғы есеп беру күні) күшінде болатын Ұлттық банк белгілеген шетелдік валютаға қатысты бағамның өзгеруі нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығының сомасына азайтылады және теріс бағам айырмашылығының сомасына көбейтіледі.
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда:
а) Ұлттық;
б)еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және шектеусіз айырбасталатын);
в)айырбасталмайтын тұйық валютада (жақын шетел мен дамушы елдердің Ұлттық валюталары);
г)клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу негізінде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 2 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне сәйкес валюталык операцияларды жасау үшін занды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталықшот ашады.
Шотты ашу үшін заңды тұлғалардың тапсыратыны:
1. Валюталық шотты ашу туралы өтініш;
2. Құрылтай құжаттарының нотариалды растаған көшірмесі;
3. Өкілетті тұлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгісінің үлгілері;
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
5. Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.
Резидент занды тұлғалардың валюталық шотты ашуы, жүргізуі және жабуы "Клиенттердің екінші деңгейдегі банктерде банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 Нұсқаулықта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
9 "Шетелдік валютадағы операциялардың есебі" БЕС-ына сәйкес валютада жасалатын мәмілелер шетелдік валютадағы операцияларболып табылады. Мұндай кезде субъект:
1. Мүлікті (тауарлы-материалдық қорларды, негізгі құраддарды және т.б. актілерді) шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады.
2.Төленуге немеес алынуға тиіс сомасы шетелдік валютада белгіленген несиелерді алады немесе береді.
3.Өзгедей жолмен активтерді шетелдік валютаға сатып алады немесе сатады, шетелдік валютаменөзіне міндеттеме алады немесе сол міндеттемелер бойынша валютамен есептеседі.
Валютамен операциялар жөніндегі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиісті. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жүргізілуі тиіс.
Шетелдік валютамен есеп айырысу әдетте, мынадай нысандарда жүргізіледі:
1. Банктік аударым — бұл бір банктің төлем тапсырмасының басқа банкке поште немесе телеграф бойынша салып жіберумен жүргізілетін есеп айырысу операциясы;
2.Құжаттамалық инкассо — бұл импортшыдан (төлеушіден) ақша сомасын немесе тауар құжаттарына қарсы белгілі бір мерзімде төленетіндігін растауды алуға экспортшының (кредитордың) өз банкіне берген тапсырмасы;
3.Құжаттамалық аккредитив — бұл импортшы — клиенттің тапсырмасы негізінде экспортшының пайдасына берілген банктің ақшалай міндеттеме. Валюталық шоттар бойынша операциялар мынадай құжаттармен рәсімделеді:
а)қолма-қол валютаның (түсім, пайдаланылмаған сома, есеп беретін сомалар және басқалар) келіп түсуі валюталық кіріс ордерімен рәсімделеді;
б) қолма-қол валютаның (шығысы) берілуі — валюталық шығыс касса ордерімен (тапсырмамен);
в) шетелде жүрген бенефициарға (алушыға) валюта қаражатын аудару аударым өтінішімен рәсімделеді.

 



Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар