Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 20:32, реферат
Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған.
циклдік сипат: валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және ақша-несие дағдарысымен байланысты болды;
құрылымдық сипат; дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын-девиздік стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;
30 жылдардағы дағдарыс нәтижесінде, Генуэз валюталық жүйесі, өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сейтіп, барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа 9шырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын терендете түсіп, соғыс жылдарында 1943 жылы жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.
БҰҰ-ның Бретгон-Вудстағы (АҚШ) 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, валюталық, несиелік және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған Халыкаралық валюталық қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудск валюталық жүйенің келесідей қағидаларын анықтады:
алтынға және екі резервтік валютаға — АҚШ доллары және фунт стерлингке негізделген алтын-девиз стандарты енгізілді;
Бреттон-вудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде алтынды пайдаланудың төрт нысанын карастырды:
валюталардың бағамдық шекті қатынасы мен олардың алмастырылуы долларға бейнеленген валюталық құрамы незгізінде жүзеге асырылды.
бірінші рет тарихта халыкаралық валюталық-несиелік ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежузілік қайта құру және даму банкісь(ДКДБ) құрылды.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-вудс валюталық жүйесі дағдарысқа ұщырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері келесідей:
Экономкалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;
Бәсекелестік қабілетіне кері әсер етті;
Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания);
Бреттон-вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес келмеуі.
Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ, өзінің төлем балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір белігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд. доллар).
1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка) келісімі ХВҚ-дың жарғысына езгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:
Алтын-девиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгізілді, сөйтіп, жаңа Халықаралық валюталық есептесу бірлігін енгізу туралы 1967 жылы кол қойылған болатын;
Алтынды демонетизациялау занды түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы, алтындық құрамы алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды. Сонымен, Ямайка келісімі бойынша алтын күн өлшемі қызметін атқармайтын болды;
Елдерге кез-келген валюталық бағам режімін тандауға құқық берілді;
ХВҚ Бретгон-вудс жүйесінен сақталған мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейтуге шақырды.
СДР-дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:
1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0,888671г. алтынға тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы негізінде анықталды (16 елдің). Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана, халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.
Доллар бағамының төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды:
АҚШ экономикасы өсуінің баяулануы;
доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда 15—30%-ке жоғарылауы;
АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі;
Инфляцияның ұлғаюы;
АҚШ-тың ішкі және сыртқы қарыздарының өсуі;
Сонымен, Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.
Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану үдерісін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану үдерісінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық түрақсыздық жатады.
Еуропалық экономикалық қоғамдастық — бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған аумақтык интеграционалдық тобын білдіреді, ол 1957 жылы наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.
1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия және Испания қосылған.
ЕҚ-тың максаты:
Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:
Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интефалданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15—16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕҚ-қа Шығыс және Орталық Еуропа елдері (ЕҚ-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп күтілуде.
Екіншіден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).
Министрлер кеңесі— заң шығарушы орган.
ЕҚкомиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.
Еуропалық парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚбюджетін бекітеді;
ЕҚ Ерты — құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы;
Әлеуметтік және экономикалық комитет — кәсіпкерлер, кәсіподақтар екілдерінен құралған кеңес беруші орган.
Үшіншіден, интеграциялық үдерістің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.
Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған, валюталык саясаттың шоғырлану үдерісі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.
Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе қағидалары мынадай болды:
ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалык валюталық бірлікке негізделеді (1999жылға дейін). ЭКЮ-дің шартгы құны ЕҚ-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталар қоржынының әдісі бойынша анықталды.
ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықгы жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.[1]
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
нарықтық реттеу;
мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Баға тетігі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.
Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті 0атынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарыктық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекетгік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақта мемлекет, бұл жағдайда да, валюталык қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат—бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жузеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-тендікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен нысандары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты-валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы — валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу — занды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, оның валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және нысандарына байланысты екіге бөлінеді:
Құрылымдық валюталык саясат—дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жузеге асыруға бағытталатың ұзақ мерзімді шаралар жиынтыгы.
Ол валюталық саясат реформа нысанында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді. Ағымдық валюталық саясат — валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрдереттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың келесідей нысандары колданылады:
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу нысандары болады:
валюталық интервенция;
валюталық резервтерді диверсификациялау;
валюталық шектеу;
валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
валюталық бағам режииі;
девальвация;
ревальвация;
Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің кетерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды артгыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансынын, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртка ағылуына жол береді.
Девиздік саясат -мешекеттік ұйымдардьің немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция нысанында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.