Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:53, курсовая работа
Су транспортында (теңіз және өзен ) ішкі мұнай және басқада мұнай өнімдері (бензин, керосин, дизельдік отын, мазут және т.б.) Өздігінен жүретін (танкерлер) және өздігінен жүрмейтін (мехтерлер, баржалар) түрдегі ыдыстарға тасымалданады.
Мұнай өнімдерін автомобильмен тасымалдағанда, оларды ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына, содан соң тұтынушыларға жеткізіледі.
Мұнай және мұнай өнімдерін құбыр арқылы тасымалдау кез- келген қашықтыққа көп мөлшерде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік береді.
Газдың жылдамдығы төмендейді, ал кинетикалық энергияның негізгі бөлігі потенциялдыққа айналуы есебінен қысым қалпына келеді. Осылайша, төменгі қысымдағы газ диффузорда өзінің қысымын 10-30% көбейтеді.
Эжекторлардың іс жүзіндегі пайдалы әсер коэффициенті 30% аспайды, өйткені жұмысшы газдың энергиясы мен қысымының шығындары болады. Бірақ, төменгі қысымдағы мұнай газын компрессорлеу үшін жоғары арынды табиғи газдың үлкен мөлшерінің болуы кезінде немесе төменгі қысымдағы газды сығу үшін магистралды газ құбырындағы артық қысымдағы газды пайдалану кезінде эжекторларды қолдану экономикалық жағынан тиімді болуы мүмкін, өйткені олар конструкциясы бойынша қарапайым және механикалық компрессорлардан айтарлықтай арзан, оларды орналастыру үшін өте үлкен фундаменттер мен ғимараттар қажет емес.
1.8.МАГИСТРАЛЬДІ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ТРАССАСЫН ДАЙЫНДАУ
Қазіргі магистральді құбырлар - ірі құрылыс объектілері болып табылады, олар үлкен диаметрімен (1420мм-ге дейін), жоғары жұмыстық қысыммен (7,5мПа-ға дейін) сипатталады. Құбырлардың трассасы әртүрлі табиғи - климаттық шарттарда өтеді. Магистральді құбырдың трассасын таңдағанда, құбыр ұзындығына әсер ететін барлық факторларды ескерген жөн; Мұндай факторларға: табиғи және экономика - географиялық шарттар, құбыр төсемдерінің түрлері, КС алаңдарының орналасуы және т.б. факторлар жатады. Трасса ұзын болған жағдайда, құрылысты тездету үшін оны бөлек учаскелерге бөледі және жұмысты бір уақытта әр учаскеде бригада топтары жүргізеді. Жобалау кезінде құбырдың трассасын арнайы белгілермен белгілейді. Оларды әр 100м сайын орнатады. Табиғи климаттық жағдайларға байланысты магистральді құбырларды салуға дайындайтын жұмыстарға мыналар кіреді. Жолдар тоғайдан, ағаштардан тазарту; бөлек өсіп тұрған ағаштарды, тастарды және т.б. бөгет жасайтын заттарды жою; траншея қазу (құбырдың астына) жердің қатып қамтамасыз ететін шараларды жүргізу, уақытша су өткізу жолдарын, су қайту жолдарын, трассаға кіріс жолдарын салу, сондай-ақ көпірлерден, өзеннен өтетін құрылыстарды салу, кіріс жолдарын қардан тазарту, және т.б.
Трассаның ені белгіленген нормаларға сай келуі тиіс. Құмды жерлердің трассасын тазалау қиынға соғады. Өйткені бархандар биіктігі 12м-ге дейінгі, әр жерлерде орналасқан толқынды, тау секілді беттердің пайда болуына әкеп соқтырады.
Трассаның әр километріне 1км-ге тең құбырлардың саны болуы тиіс. Трассаның өзінде жол жағдайына байланысты құбырларды құбыртасығыш машиналармен немесе тракторлар мен тасиды.
Трасса таңдау кезіндегі учаскелер мынадай түрлерге бөлінеді.
Белдеулер - құрғақ және жоғары (немесе төмен) температурадағы грунтты суы бар учаске. Құмды саз балшықты жер болып табылады. Белдеудің 12 категориясынан құралады.
Шөлдер - құмды, саз балшықты, тасты, климаты ыстық, халық аз шоғырланған жер.
Батпақтар - ылғалды, торф қабатымен төселген жер.
Магистральді құбырды салғанда батпақтың үш түрін қолданады:
І - торфпен толықтай толтырылған, 0,25мПа қысымда жұмыс жүргізуге арналған;
ІІ - торфпен толықтай толтырылған; 0,001мПа қысымда құрылыстық - техникалық жұмыстарды жүргізуге арналған;
ІІІ -жұмысты тек арнайы техниканың қолданылуы мен жүргізуге болатын батпақтар.
Таулар - бойлық және кесе көлденең еңістері бар учаске. Таулардың 11категориясы болады.
Су бөгеттері, өткелдер, теміржол және автомобиль жолдары. Су бөгеттеріне терең және жоспарлы жерлер жатады.
І - тип терең жерлері 1м аспайтын, ал жоспарлы жерлер кіші мәнде болатын жерлер;
ІІ - тип терең жерлері 2м аспайтын, ал жоспарлы жерлер 10м болатын жерлер;
ІІІ - тип терең жерлері 2м аспайтын жерлер.
1.9.МАГИСТРАЛЬДІ ҚҰБЫРДЫҢ ІШІН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ
Магистральді құбырды пайдалануға тапсыру алдында ең соңғы операция бұл құбырдың ішін тазалау және сынау салынған құбырдың қуысында құбырды дәнекерлеу кезінде қалып қойған қабыршақтар және қалдықтармен топырақ лас заттармен бекітіліп ластанады. Сондықтан барлық жұмыстардан кейін бөтен қалдықтардан құбырдың ішін тазалайды.
Құбыр тазалаудың 2 әдісі қолданылады.
1. Гидравликалық
2. Пневматикалық.
Гидравликалық - сумен шайып тазалау.
Пневматикалық ауамен және сумен тазалау поршендерді қолданады. Тазалау поршені цилиндрлі пішінді тұлға болып табылады. Оның шеткі бөлігінде болатты щеткалар бекітіледі. Негізінде сумен тазалауды гидравликалық сынақтан өтетін құбырда жасалады. Өйткені тазалауға құбырға айдалған су гидравликалық сынауға да пайдалануға да болады.
Пневматикалық тәсілде поршеннің қозғалыс күші ретінде ауа газды4 тасқыны болып табылады. Құбыр учаскесінің ортасына кран бекітеді. Кран жабық тұрған кезде құбырдың ішіне сол жағындағы келте құбыр арқылы 0,6-1,2Мпа аралығындағы қысыммен тазалау поршені орнатады. Сол жақтағы құбыр ішіндегі қысым көрсетілген қысымға жеткен соң ашады, ауа қысыммен құбырдың оң жағына өтіп және үлкен ν пен поршенді жылдамдатады. Поршен тазалау соңында ұшып шығады. Үрлеу және сумен шаю жұмыстары сияқты деуге болады. Егерде тазалау поршені ұшып шыққаннан кейін ластанбаған ауа, газ, су ағыны шықса, кей кезде поршен орнына қырлауыштарды қолданады. Бірақ қырлауыштарды құбыр жөндеу кезінде құбырдың ішінде қатып қалған парафинмен, механикалық қоспалардан тазалау үшін қолданылады. Яғни құбырдың пайдалану кезінде қырнауыштар өте төзімді, конструкциясы бойынша қарапайым болуы тиіс. Құбыр қабатына тығыз тақалу қажет. Сол кезде ғана жақсы тазаланады. Тырнауыш кей кезде құбырдың ішінде тұрып қалуы мүмкін. Оны табу үшін радиоактивті изотоптар қолданылады. Қырнауыштың бір бөлігінде радиоактивті изотоптар орнатады. Іздеп жүрген адамның қолындағы көрсеткіш изотопта ғана шығатынын сезеді. Құбыр қабатына қалық топырақтан кейін ғана сәулелер туғызады. Пепродуктор арқылы дауысты береді. Гидравликалық тазалауды сынау учаскесінің басына поршенді енгізеді. Содан кейін келте құбыры арқылы құбырға суды 0,2Мпа қысыммен айдайды. Судың әсерінен поршен жылжып құбырдың ішін тазалап шығады.
Траншеяға салынған құбырды сынаудан өткізеді. Сынау өткізудің мақсаты дәнекерленген жұмыстардың қосылыстарды саңылаудың бүтіндігін тексеру және оларды механикалық беріктікке сынау. Сынаудың 2 түрі қолданылады.
1) Гидравликалық
2) Пневматикалық
Сынауда су және ауаны қолданады. Өйткені, өте арзан өнімдер болып табылады. Сондай-ақ олар жанбайды. Құбырларды беріктікке сынау (1 этап) және саңылаусыздығын сынау 2 этаптан тұрады.
1 этабында сынау қысымы Рсын жұмыстың қысымынан Рж жоғары болуы тиіс.
1.10. ГАЗ ҚҰБЫРЫН КОРРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ
Газ құбыры - коррозияға бейім келетін, металлды құрылыс. Металл коррозиясы сыртқы ортаның электрохимиялық әсерінен туындайтын оның бейімділігінің бұзылуы.
Топырақ коррозиясынан құбыр металынан құбырдың бұзылуы, металл бетінде пайда болатын кішігірім электр тоғының әсерінен болады. Металл беті мен электролит өтетін металл бетінің бөлігін - анод деп, ал электролиттен шығатын тоқты - катод деп те атайды.
Анодты аймақтағы металл бұзылуға бейім болады, ал катодты аймақта металдың бұзылуынсыз коррозиялаушы өнімдердің жиналып қалуының әсерін туындайды. Топырақтағы ылғалдылық, тұздардың оттегі құрамына байланысты, олардың коррозиялық активтілігі әр түрлі.
Топырақ коррозиясынан құбыр металын қорғау мақсатында газ құбырының сыртқы бетін оқшаулайды (пластмассалық, синтетикалық шойыр негізінде), сондай-ақ коррозиядан электрлік қорғау әдісін қолданады, оларға катодты, протекторлы және дренажды қорғау қатысты.
Катодты қорғау кезінде құбырдың анодты учаскесіндегі коррозия темір бөлшектерімен ол потенциал жалғанып жерлендірілрген, тұрақты тоқтың сыртқы көзінен алынатын теріс потенциалының ескертілуі. Мұндай сұлба кезінде жерлендірудің коррозиясы бұзылады және катод құбырының бұзылуын (бүлінуін) алдын алады.
Протекторлық қорғау кезіндегі қорғаныс тоғы гальваникалық жұптың құбыр - протектор жұмысының нәтижесінде пайда болады, сонымен бірге протектор потенциалы, темір потенциалынан төмен болуы шарт.
Протекторды (анод) негізгі элементтері - цинк, магний немесе алюминий болып келетін арнайы қорытпалардан дайындайды. Протектор жұмысының тиімділігін жоғарлату мақсатында оған тұзы бар балшық қоспасын жағады, бұл анодты жерлестірудің кедергісін төмендетеді.
Дренажды қорғау рельстік желіге газ құбырынан, электрофикациялық теміржол өтетін аймақта пайда болатын одасқан тоқты бұруға арналған.
Коррозияға сондай-ақ, әдетті ылғалдылықты, жиі кезде көмірсутек, қышқыл және т.б. коррозиялы активті компоненттер бар, оған тасымалдаушы ортаның әсер етуі нәтижесінде құбырдың ішкі беті де бұзылады. Газды сәйкесінше дайындықтан өткізген соң (құрғату, тазалау) коррозияның болуы минимумға дейін төмендейді. Бірақ, коррозиядан кейбір жағдайда газды тасымалдау учаскесінен оны дайындау пунктіне немесе газды өңдеу зауытына дейінгі құбырлардың ішкі бетін қорғауды қамтамасыз ету керек.
Қорғаудың келесідей түрлері бар:
1.Коррозияға төзімді болаттан дайындалған құбырларды, арматураларды және жабдықтарды қолдану.
2.Құбырдың ішкі бетіне арнайы лактарды, шайырды жағу есебінен тасымалданатын ортамен металдың байланысының алдын алу.
3.Коррозия ингибиторларын қолдану. Мұнай және газ кәсіпшілігіндегі әр түрлі талаптарына арналған көптеген ингибиторлар енгізіліп игерілді. Жиі қолданатын И-1,-А, ИКБЧB, ИКАР-1, ИФХАН газ-1және тағы тиімділігі 98% жететін қорғанысы бар, ингибиторларды қолданады. Ингибиторды белгілі бір талаптар тәуелді кәсіпшілік нұсқауымен анықталатын, мөлшерімен енгізеді. (тасымалданатын газдың көлеміне, оның құрамындағы агрессивті компоненттердің, ылғалдылығының болуы, қолданылған ингибиторлардың қасиеттері). Одан басқа ішкі коррозияны алдын алу үшін арнайы шаралар қолданылады, соның ішінде газ құбырларының учаскесіндегі ылғалдың тұрып қалуы мен жиналып қалмауына жол бермеу мақсатындағы газ арынның қажетті жылдамдығын ұстап тұруда бар.
1.11. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
Құбырды төсеу және жөндеу жұмыстарын арнайы оқытылған жұмыстық бригадалар орындауы тиіс. Төсеу немесе құбырды жөндеу алдында барлық жұмысшылар жұмыс нұсқауынан өтуі тиіс.
Диаметрі 168мм-ден аспайтын құбырларды жөндеу және төсеу ағаш палубадағы металл киржимдерінде жүргізілуі тиіс. Полубадағы көтергіш қондырғылармен (крандар, шығырлар) жабдықталуы тиіс.Төсеу және жөндеу кезінде катер әрдайым өндіргіш жұмыс аудандарда тұруы қажет. Теңіз толқыны 2 баллдан аспайтын жағдайда құбырды төсеу жұмыстарын жүргізуге болады.
Диаметрі 168мм-ден аспайтын құбырларды жағадан шығырлар көмегімен төсеу қолданылады.
Құбырды төсеп болғаннан кейін теңізге түсірілетін құбырдың астыңғы жағына қалтқы қондырған жөн.
Төселіп болған құбырларды гидравликалық беріктікке сынайды. Сынау нәтижелері актпен бекітіледі.
Құбырларды теңізге тарту кезінде оның жолында адамдар болмауы тиіс. Құбырдың секциясы жағаға берік орнатылуы тиіс, өйткені, оны шығырмен тартқанда жағада тұрған объектілерге зияны тиіп кетуі мүмкін.
Құбырдың және арқандардың қозғалысы кезінде жағада және жан-жағында артық заттар болмауы тиіс (тастар, ағаш, тұрбалар, құралдар және т.б.)
Құбырлар секциясын тарту үшін арқанды құбыр трассасының бойына ілмексіз лақтырған жөн.
Құбырлар секциясын тарту үшін арқанды құбыр және бағыттауыш шығыршық арқылы өткізілуі тиіс.
Құбырды төсер алдында сымарқанды тексеруден өткізу қажет.
Киржимде тұғырықтар және басқа да тұрбаларда бұрап шығаруды жеңілдететін қондырғылар болуы тиіс.
Киржимде орнатылған шығыр киржимнің негізгі конструкциясына берік бекітілуі тиіс. Шығырға түсетін салмақ оның жүк көтергішінен аспауы тиіс.
Жұмыс өнімділігін арттыру үшін және тұрбалар домалап кетпеуі үшін киржимдегі тұрбалар берік төселуі және бекітілуі тиіс.
Құбырдың өрілген бөлігі теңізге түсірілгеннен кейін және құбыр киржимге бекітілгеннен кейін ғана тұрбаларды тұғырықтарға көтерген жөн.
Құбырларды төсеу кезінде әр бригада құбыр төсеуге қажетті механизмдермен, қондырғылармен қамтамасыз етілуі тиіс. Әр жұмыскер тиісті арнайы киімдермен, қондырғылармен жабдықталуы тиіс.
1.12. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтарды өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдар әзірлеп, олар өртке қарсы қызметпен келісіледі және оларды ұйым басшысы бекітеді.
Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтар осы ережелер, өрт қауіпсіздігінің талаптары бар нормативтік құқықтық, нормативтік-техникалық және басқа құжаттар негізінде, ғимараттардың, құрылыстардың, технологиялық үдерістердің, технологиялық және өндірістік жабдықтың өрт қауіптілігінің ерекшелігін негізге ала отырып әзірленуге тиіс.
Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтарда мына мәселелерді көрсету қажет:
А) аумақтарды, ғимараттар мен үй-жайлардың, соның ішінде көзі көшіру жолдарын, өрт сөндіру құралдарын күтіп ұстау тәртібі;
Б) технологиялық үдерістерді жүргізу, жабдықтарды пайдалану, өрт қауіпсіздігі жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
В) жарылыс-өрт қаупі бар заттарды, сондай-ақ өрт қаупі бар заттар мен материалдрды сақтау мен тасымалдау тәртібі, нормалары;
Г) электр қондырғыларын өшіруге жол беру реті;
Д) шылым шегу, ашық отты қолдану және отты жұмыстар жүргізу орындары;
Е) жанатын заттар мен материалдар қалдықтарын жинау, сақтау және әкету, арнаулы жұмыс киімдерін ұстау мен сақтау тәртібі;