e="text-align:justify">болуыҚазақстандық үлгі Еңбек
нарығын белсенді түрде жүргізу, жұмыспен
қамту саясатын іске асыру Еңбекке
орналастыру бойынша жалпы қоғамдық
жүйенің жұмыс істемеуі Жас маманды
жұмысқа алу кезінде мемлекет тарапынан
кәсіпорындарға қолдау көрсетудің жоқтығы
Ескету-Шетел тәжірибесіне
байланысты автордың құрастырған үлгісі
1-Еңбек нарығын реттеу
үлгілері
Осы
шетел тәжірибесін қолдана
отырып Қазақстанның еңбек нарығын
реттеу жүйесін жасауға болады.
Шетелдің еңбек нарығына байланысты
тәжірибесін қарастыра отырып
Қазақстан өзінің еңбек нарығын
реттеу бойынша үлгісін құруы
қажет.
Еңбек нарығындағы
жұмыс күшіне сұраныстың жалпы
сипаттамасы
Еңбек нарығына сыртқы факторларының
әсер етуі әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның
ықпал ету дәрежесіне байланысты және
ол ықпал ету үдерістерінің дамуы мен
республиканың Бүкіләлемдік сауда ұйымына
(БСҰ) кіруімен күшейе түседі. Халықаралық
еңбек бөлінісіндегі өзгерістер қазіргі
уақытқа дейін республиканың еңбек нарығына
онша әсер етпейді. Әлемдік бағалардың
шикізат ресурстары коньюнктурасы экономика
мен әлеуметтік саланың дамуына тұрақты
әсерін тигізеді.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылдың
ақпан айындағы Жолдауында Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы
қарастырылды. Экономиканың аса
маңызды басымды дамуының бірі
бұл – мемлекет Басшысының
«Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру
саясаты ең пәрменді саясаты
болған және болып қалады»
деп анықтаған қазіргі тұрақты
саясат болып табылады. Барлық
бағыттар бойынша бізде бағдарламалар
бар, олар қозғалыссыз емес: біз
халықаралық тәжірибені енгізіп
және жаңа беталыстарға сәйкес,
алға қойған міндеттерге жетуді
жалғастыруымыз керек.
Соңғы жылдары
әзірленген үкіметтік құжаттар («Қазақстан
Республикасында 2000–2002 жылдарға
арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен
күресу бойынша мемлекеттік бағдарлама»,
«Қазақстан Республикасында 2003 –
2005 жылдары кедейлікті азайту
бойынша мемлекеттік бағдарлама»,
«Қазақстан Республикасының 2004–2006
жылдарға арналған әлеуметтік
– экономикалық дамуының индикативті
жоспары», 2005–2007 жылдары әлеуметтік
реформаларды әрі қарай тереңдету
бағдарламасының жобасы), сондай
– ақ басқада мемлекеттік және
салалық бағдарламалар едәуір
шараларды көздейді, ал жалғасып
келе жатқан экономикалық өсім,
халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін
көтеру үшін мүмкіндік құрайды,
жұмыссыздықты төмендетеді, адамзат
ресурстарына салынатын инвестицияларды
көбейту үшін жағдай туғызады.
Қазіргі уақытта
Қазақстанның еңбек нарығындағы
жағдайы халықтың экономикалық
белсенді және белсенді емес
көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы
және жұмыссыздық көрсеткіштерінің
өзгеруімен сипатталады.
Президентіміздің
басты мақсаттарының бірі аса
дамыған 50 елдердің қатарына қосылу
үшін орта және кіші бизнесті
дамыту болып табылады. Бұл мақсат
үшін 10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор,
20 бизнес-ассоциациясы құрылды. Облыстағы
компанияларды ішкі нарықта дамытып,
көршілес елдердің іскерлігіне
қарап дамытуға тиіспіз. Өз
бизнесімізді ерекшелендіріп, шетелден
қызығушылық дамытып оларды өзімізге
тартуға тиістіміз. Бұл үшін
бізде басқа мемлекеттермен қарым-қатынас
жасау құрылымы бар. Осы бойынша
жоба құрып көздеген мақсатқа
жетуге тиістіміз. Тиімді жағында
жұмыспен тіркелгендердің саны
көп болуы да мүмкін, ал тиімсіз
жағында тіркелген жұмыссыз халықтың
көбісі жұмыспен қамтыла бермейді,
яғни олардың белгілі бір мөлшері
ғана жұмыспен қамтамасыз етіледі.
жеке меншік болғаннан кейін
жұмыссыз халықтың қамтамасыз
етілген бөлігі сол биржа мекемесінің
қызмет көрсеткені үшін белгілі
бір мөлшерде ақша сомасын
төлейді. Ал экономикалық тұрғыдан
белсенді халық санындағы тіркелген
жұмыссыздар үлесі бойынша жоспарлы
2007 жылды, өткен жылмен салыстырғанда
-1,1 мың адамға немесе 61,2 % бойынша
жылдан – жылға төмендегенін
байқалады.
Еңбек нарығының
негізгі көрсеткіші еңбек ресурсы
болып табылады. Еңбек ресурстарының
саны мен сапасы халықтың саны
мен жас-жыныстық құрамына байланысты
анықталады.
Қоғамдық даму
қажеттілігі мемлекеттің демографиялық
процестерді қалыптастыруға белсенді
араласуын міндеттейді. Демографиялық
процестер өз табиғаты жағынан
тікелей жоспарлау объектісі
бола алмайды, бірақ оны жанама
әдістер арқылы реттеуге болады.
Ол қоғамның жалпы әлеуметтік-экономикалық
саясатының құрамдас бөлігі болып
табылады. Оған демографиялық процестерге
тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, моральдық-психологиялық
және медициналық –демографиялық
шаралардың жиынтығы жатады. Өз
кезегінде, бұған демографиялық
факторды ескере отырып, тұрғын
үй жағдайын жақсарту, балаларға
арнайы жәрдемақыны төлеу, балалар
мекемелерімен қамтамасыз ету,
аналарға аяғы ауыр кезінде,
босанғанда және балаға қарау
кезінде берілетін демалыс уақытын
ұзарту мен оған жәрдемақы
төлеу, сонда-ақ, ұжымдарға моралдық
ахуалды жақсарту жатады.
Жұмыссыздық
мәселесін шешу, жұмыссыздарды әлеуметтік
қорғау үшін мемлекеттік жұмыспен
қамту саясаты және еңбек нарығы
саясаты тіркелген жұмыссыз азаматтардың
тиімді әлеуметтік корғалуын қамтамасыз
ететіндігі белгілі.
Еңбек
нарығы саясатының мақсаты жұмыс
берушіге - жұмыс орындарының меншік
иесіне сапалы жұмыс күшін
алуға ыкпал ету, сол арқылы
өндіріс факторларының қосылуына
алғы шарттар жасау болып табылады.
Жұмыс іздеп жүрген адамдарға
мүмкіндігіне қарай олардың кәсіби-біліктілік,
демографиялық және басқа да
белгілеріне сәйкес жұмыс орындарын
табуға көмектесу, жұмыссыздарды
оқыту бойынша қызмет көрсету
(кәсіби қайта даярлау мен біліктілікті
көтеру), олардың күн көрісін қамтамасыз
ету бойынша шаралар алу (қоғамдық
және басқа уақытша жұмыстар),
жұмыссыздық деңгейін бақылау
және т.б.
Жастардың
еңбек нарығында қорғалмағандар
жоғарғы орнын және арнайы
орта оқу орнын бітірген болып
табылады. Арнайы мамандарды бөлу
бағдарламасы алынып тасталғаннан
кейін көбісі жұмыссыздар қатарын
толықтырады, егер жұмысқа орналасса
өз мамандығымен жұмыс істемейді.
Жұмыспен қамту
саясатының мақсаты еңбекті
қолдану мәселелерімен-оның өнімділігін
арттырумен байланысты. Оған жүмыспен
қамту кұрылы мындағы өзгерістер
(салалық-алдыңғы қатарлы технология
үлесінің өсуі арқылы, кәсіптік-біліктілік-
білікті еңбек үлесінің өсуі,
демографиялық-білімді жастардың
көбеюі арқылы) ықпал етуі тиіс.
Еңбек нарығындағы
жұмыс күшіне сұраныс пен
ұсыныс мәселелерін реттеу
жолдары
Қазіргі ғылыми өндірістер еңбек
ресурсына жаңа көзқараспен қарауды
талап етуде. Бұл арақатынастар
макро деңгейінде ұлттық жұмыс
күнін ақы төлеуде кемшіліктерінің
сақтау саясатын білдіреді. Аралық
деңгейде жұмыс ету жағдайлары
шартты, ақысы төмен аймақтарға
мамандардың жұмыс ету қызығушылығын
арттыру. Микро деңгейде ресурстар
сапасын білімді жоғарылату жұмыстарын
жүргізу керек. Халықаралық тәжірибеге
сүйенсек, еңбек өндіргіштігі мен
мамандарының бір жұмыс орнында
жұмыс ету ұзақтығымен тығыз
байланыста екендігін көрсетеді.
Арнайы зерттеулер менеджер–маманның
бір орында оптимальды жұмыс
ету мерзімі – 4 жыл болатынына
куәгер бола алады. Психология
осы уақытта өндірісті дұрыс
түсіну және басқару жұмыстарын
шешуде қажетті тәжірибеде жинақталатын
дығын көрсетті, алайда әрі қарай
ізденісі кемігендіктен бұл білімдер
көрсетілген мерзімнен бастап
төмендей бастайды. Сондықтан тігінен
(қызмет тік өсу, карьерлік
ауысу) немесе көлденеңі бойынша
(жаңа міндеттер) маманның жұмысқа
тұрақты белсенді қатынасын көрсетеді.
2 - Еңбек ресурстарының
тиімділігін қолдану шаралары
Елімізде жүргізіліп
жатқан реформа мақсатты бағдарламаны
жүзеге асыруға қарамастан біздің
облыста жұмыспен қамту мәселесі
өте актуальді екеніне екінші
тарауда талдау нәтижесі бойынша
шешім жасауға болады.
Еңбек ресурстарын пайдалануды
жақсартудың негізгі шаралары келесідей
болуы керек:
- тұрғындар
үшін жалпы ұлттық деңейдегі
бос тұрған жұмыс орындары
мен жұмысшыларға қойылатын
талаптар жөнінде ақпараттық
жүйені қалыптастыру;
- болашақта
еңбек нарығының тапсырысына
еңбек ресурстарын қайта дайындау;
- елдің
барлық аймақтарында оның ішінде
ауылдық жерлерде еңбекке
сұраныс пен ұсыныс бойынша
инфрақұрылымды дамыту;
- жаңа
жұмыс орындарын ашылуына қолдау
көрсету;
- салааралық
және кәсіпкерлік еңбек ресурстарын,
еңбектің көші-қонын реттеп қайта
орналастыруға өз үлесін қосатын
іс-шараларын жасап қабылдау;
- мамандық,
тұрақты кәсіп және алдын-ала
сұраныс бойынша, орнынан босап
қалған жұмысшыны қайта дайындау
жүйесін және кәсіптік білім
беру мониторингін жасау;
- еңбек
ресурстар нарығындағы қажеттілікке
қол жеткізу үшін басқару және
қаржыландыру жүйесін жетілдіру
қажет;
Зерттеу
практикасында үш формалды тәсілге
бөледі:
немесе Х= ( ), , , ,
(1)
мұндағы –j-ші талдау көрсеткіштерінің
мәні t- уақыт ішінде i-ші объектінің
жағдайын көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық
болжау объектісінің жалпы берілген
мәліметтері панель мәліметтері
деп аталады.
Егер j–ші айналымның номері
мен зерттелу i-ші объектінің номерін
есепке алса, онда хронологиялық
тәртіппен жүйелік мәні j-ші көрсеткіш
i-ші зерттеу объектісінің бірдей өлшемді
уақытша қатар динамикасы деп
атайды немесе болғандағы Х=х(t). Бірақ
жалпы жағдайда динамикалық қатардың
жалпы мәнін береді .
Егер бірдей
уақытта р- белгілерінің динамикасы
анықталған i-ші объектінің көптеген
J-ші мүмкін объектінің мінездемесін
қарастырсақ, онда статистикалық
талдау көп өлшемді уақытша
қатарды айтуға болады
Тенденцияның түрлерін
анықтаудың бірнеше тәсілдері
бар. Өте кең тараған тәсіліне
зерттелу процессінің сапалық
талдауы, уақыттық қатар деңгейіне
байланысты графикті құру және
визуалды талдау жасау, динамиканың
кейбір негізгі көрсеткіштеріне
есептеулер жүргізу жатады.
Эмпирикалық
мәндер мен функцияның сәйкес
мәндері аралығындағы ауытқу
квадрат сомасын төмендету үшін,
тренд функциясын таңдау ең
төменгі квадрат әдісімен іске асырылады.
Трендтік үлгі эмпирикалық про цеске сәйкес
детерминация коэффициенті мәнінде оның
даму тенденциясы 1-ге жақындауын көрсетеді.
Тренд теңдеуінің ең жақсысын табу үшін
негізгі тренд түрлерінің периметрін
және детерминация коэффициентінің мәнін
R2 анықтайды, сонан-соң детерминация коэффициенті
минималды мәнімен тренд теңдеуін таңдайды.
мпирикалық қатардың бастапқы
мәні үшін анықталған түрдегі диаг
рамма тұрғызылады: сызықтық, графикалық,
гистограмма, нүктелі. Шыға рылған өнімдердің
көлемінің динамикасын зерттеу,
бұл көрсеткіш сызықтық тенденцияны
көрсетеді. Уақыттық теңдеуге жұмыспен
қамтылған тұрғындардың саны тәуелді
у=8,1086х+414,55 (2)
Детерминация коэффициенті осы
тәуелділік қаншалықты нақты
екенін көрсетеді. Мәндері 1-ге
жақын болған сайын тәуелділік
нақты болады. Біздің жағдайда R²=0,6253.
Болжау 2 жылға жасалды, яғни 2009 жылдан
2010 жылға. Болжау кезеңдерінің
номерлеріне мәндерді қою арқылы
болжау мәндерін аламыз. Еңбек
нарығы және халықты жұмыспен
қамту саласындағы үдерістер
әрқашан әлеуметтік – экономикалық
даму аспектілерінің орталық
мәселелері болып табылады. Өйткені
елдің тұрақты дамуы тікелей
тұрақты жұмыспен қамтылу және
еңбек нарығы саласындағы әртүрлі
қолайсыз жағдайлардың алдын
алумен байланысты. Қазақстандағы
еңбек нарығындағы жастардың
жағдайын талдау екі түрлі
маңызды жағдайға негізделеді.
Біріншіден, еліміздегі жұмыссыз
халық құрылымындағы 15–24 жас аралығындағы
азаматтар үлесі 26,3 пайыз болса,
25–29 аралығындағы азаматтар 17,4 пайызды
құрады.
Екіншіден, ең негізгісі –
ел болашағы. Жастар қоғамның
саяси экономи калық және әлеуметтік
құрылымын анықтайды, сол себепті
әсіресе, біздің елде олар ең
қорғансыз топтардың бірі болып
табылады. Аталған мәселелердің
өзектілігіне қарамастан, ғылыми
зерттеулерде оларға өте көп
назар аударылмай келеді. Мемлекеттік
және облыстық бағдарламалар
бюджеттік қаражаттармен қатар
жеке кәсіпорындардың, инвесторлардың
қаражаттарын тарта отырып, экономиканың
келешегі бар, дамыған салаларындағ
жұмыс орындарын ашуды және
қайта құруды ынталандырады.
Сонымен қатар әлеуметтік сауалнама
мәліметтері негізінде еңбек
нарығында жастарды жұмыспен
қамтуға мүмкіндік беретін төмендегідей
бағыттар ұсынылып отыр: