Еңбек нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 13:00, курсовая работа

Краткое описание

Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келсім –шарт арқылы реттеледі. Өзара шарт –бұл жалдаүшы мен жалданушы арасындағы қысқа мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.

Оглавление

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы

1.1. Еңбек нарығының құрылымы

1.2. Еңбек нарығына әсер ететін факторлар

1.3. Жалақының қалыптасуы

II. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері

2.1. Жұмыссыздық мәні

2.2. Жұмыссыздықтың көрсеткіштері мен түрлері

III. Еңбек нарығының қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру

3.1. Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты

3.2. Еңбек биржасының мәні

Қорытынды

Қолданыған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Еңбек нарығы. 30.DOC

— 199.00 Кб (Скачать)
 

    Жұмыссыздық масштабын азайту мақсатында жұмыссыздық  ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыздықты мүлдем жою мүмкін емес.  Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А. Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7%-ға өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2%-ға өсуі жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және , керісінше, ҰІӨ- ң қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді. 

    2003 жылдың маусымында экономикалық тұрғыдан белсенді 15 жас және одан асқан халықтың саны 7,5 млн.адамды құрады. Республиканың экономикасында 6,9 млн.адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен аймен салыстырғанда 66,3 мың адамға көп, жұмыссыздар – тиісінше 643,5 адам не 12,9 мың адамға кем. Жұмыссыздық деңгейі 8,5% болып қалыптасты.

    Қазақстан Республикасы және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша биылғы қаңтар – маусымда жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға жұмыссыздар ретінде 146,5 мың адам , маусымда 24,9 мың адам өтініш білдірген  тиісінше  олардың 51,2 мыңы және 9,2  мыңы  ауыл тұрғыны.

    2003 жылғы маусымның соңында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған адамдар саны -172 мың, бұл өткен айдағыдан 11,5 мың адам (6,3%). 2002 жылы тиісті кезеңгіден 84,1 мың адам (32,8%) кем. Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді халық санындағы үлесі  үстіміздегі жылдың мамырындағы 2,5%-дан маусымда 2,4%-ға қысқарды.

    Келесі  көрсеткіш- жұмыссыздық ұзақтығы: жұмыссыздың  іздеу  уақыт мерзімін көрсетеді 

    Қазақстанда жұмыссыздық ұзақтығы бойынша жұмыссыздардың бөлінуі, пайыз есебімен 

Жұмыс-

сыздар

Саны,

Барлығы

1996ж. 1998ж. 2001ж.
жұмыссыздар жұмыссыздар жұмыссыздар
Бар-лығы Оың

ішінде

Бар-лығы Оның  ішінде Бар-

лығы

Оның  ішінде
әйел-

дер

Жас-

тар

әйел-

дер

Жас-

тар

әйел-

дер

Жас-тар
100 100 100 100 100 100 100 100 100
Оның  ішінде                  
Жұмыссыз-

дық ұзақтығы

                 
1айдан  3 айға дейін 22,6 22,6 23,5 22,4 22,5 24,4 7,5 6,4 -
3 айдан  6 айға дейін 26,8 27,3 27,5 25,2 24,3 24,3 7,0 6,2 -
6 айдан  12 айға дейін 29,9 27,0 25,8 25,2 26,1 26,4 5,1 4,6 -
Жұмыссыз-дықтың орташа ұзақтығы 5,9 5,9 5,8 6,0 6,1 5,7     -
 

    Кестеден  байқайтынымыз: әйелдер, жастар және ауыл тұрғындары әлеуметтік әлсіз топтары болып келеді. Абыржытатын жағдай – ол бір жылдан астам жұмыссыз жүрген адамдар үлесінің артуы. Ұзақты жұмыссыздық адамның кәсіби және әлеуметтік азуына әкеледі.

    Жұмыссыздықты әр автор өзінің жүргізетін зерттеулер тұрғысынан жіктейді. Көп жіктеудің бір түрін келтірейік. Ол жұмыссыздықтың және еркін түрін ажыратады. Амалсыз жұмыссыздықта адам  берілген жалақы деңгейінде жұмыс істейді және ол қалынан келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды.

    Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы, ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.

    Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықтың төрт түрі болады:

    • Фриксиондық жұмыссыздық, қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
    • Құрылымдық жұмыссыздық, экономика құрылымында ұзақ  үақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі  бойынша сәйкестіксіз пайда болады;
    • Циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
    • Маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық  белсенділігінің жыл бойында теңселумен байланысты болады.

      Көріну  сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Бұған берілген  уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады, бірақ олар егер де ұсынылған жұмыс қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр. Қазақстанда жасырып жұмыссыздық  көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасып кәсіпорынмен ресми түрде үзбеген және мөлшерленген жұмыс уақытында жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жайтты толық жұмыс істемеушілік деп атайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

       ІІІ. Еңбек нарығын  қалыптастыру  мен әлеуметтік жағдайын көтеру 

    Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының еңбекпен қамтылуы экономиканың  барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауыл шаруашылығында төмендеді.  1991- 1995 жылдар бойы экономиканың салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық орташа шамасының төмендеуі 3,7%. Еңбек нарығындағы өзгерістер елдің еңбектің потенциалын жалпы сандық және сапалық қолайсыз ұақытында өтті.

    Республиканың  агрорлық секторвндағы өндіріс көлемінің түсуі осы саладағы тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етілуіне қатты ықпал жасады.

    Нарыққа өту өндіріс көлемінің түсуіне орай кәсіпорынның  еңбектік потенциалын сақтау үшін қолданылған жасырын жұмыссыздық, сонымен бірге,  есепке алуға және реттеуге көнбейтін қалыптан тысқарғы еңбектің және көлеңкелі нарықтың кеңеюі сияқты арнайы құбылыстардың пайда болуымен қатар жүрді.

    Аталмыш ахуал еңбекпен қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруға керекті басты бағыттарды анықтап берді:

    -Еңбекпен қамтамасыз етуде альтернативті, экономикалық сектордың мемлекеттен тысқарғыларын дамытудың жағдайын жасау мен кеңейту;

    -Еңбектен босанған қызметшілерді санациялық шаралары мен босатылғандарды әлеуметтік қорғау үшін  кәсіпорындарды реабилитациялау жолдарын біріктіре отырып реттеу;

    -Еңбек етуге жарамды тұрғындардың кәсіпкерлік жинақтауларына жұмыссыз азаматтар мен еңбекпен қамтамасыз етілмеген тұрғындарды кәсіптік  оқып – үйретудің тиімділігін арттыру мен көлемін кеңейту жолымен көмектесу, босатылған қызметшілермен жеделдетіп үйрету және қайта даярлықтан өткізуді іске асыру;

    -Еңбек  нарықтың нормативті- құқықтық инфрақұрылымын дамыту;

    -Жұмыссыздарды  әлеуметтік қорғауды мемлекеттік кепілдік пен нормативтердің жүйесінің дамуының әр кезеңінде қабылданған шектерді қамтамасыз ету;

    -Еңбек  нарығының жедел жүйесінің мониторингін жасау; 

    3.1. Еңбекпен қамтамасыз  ету саясаты 

      Қазақстан Республикасының еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы 1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді . Мұнда әлеуметтік қорғаудың дәстүрлі қалыптан басқа  (жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы төлеу, үйрену мен қайта оқыту , қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру), еңбекпен қамтамасыз ету қызметтері арқылы шағын кәсіпорындарға орналастыру мен тұрғындарды басқа аймақтарға бөлу қарастырылды. Бірақ бағдарламада салынған болжамдар  өзін- өзі ақтамады. Жұмыссыздардың еңбекпен қамтамасыз ету қызметтеріне арызданған 185 мыңның әрбір екіншісі ғана еңбек орнымен қамтамасыз етілді; 45%-кәсіптік оқуға  және қайта даярлықтан  өтуге жіберілді, 34%- жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы алып тұрады, 12%- қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сөйтіп, әлеуметтік  қорғаудың шараларының санатында белсенді қалыптарға басымдық берілді.

      1994 жылы Министірлер кабинеті еңбекпен қамтамасыз етуге көмек беруші қордың қаражатынан жұмысшы орындарын құруға кететін, несие беруге қызметшілерді босатуға тоқтау салатын т.б. шығындарға тиім салатын әрқатар қаулылар қабылдады. Сондықтан осы кезеңде әлеуметтік қорғаудың тек жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақысын төлеу, дайындау мен қайта даярлықтан өту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шаралары бөлінді.

      1995 жылы Республиканың әлеуметтік- экономикалық дамуы еңбек нарығын қалыптастыруды маңызды әсер көрсете алды. Республиканың барлық аймақтарында  іс жүзінде әлеуметтік  қорғаудың баяулау шаралары басымырақ болды.

      1996 жылы саясат үш кезеңге созылды. Сөйтіп, бірінші кезеңде (1996ж.) еңбекпен қамтамасыз ету саясаты жұмыссыздарға кешенді әлеуметтік  қолдау жасауды көздеген еді (жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша төленетін төлемдермен стипендия төлеу, оларға материалдық көиек көрсету, қажетті мамандықтарға оқыту мен қайта даярлау , қағамдық жұмыстарға орналастыру т.б.)

      1996 жылы жұмыссыздардың саны 392 мың адамды құрады, ал жұмыссыздықтың  деңгейі 5,6% жетті

      Екінші  кезеңде (1997ж.) бірінші кезеңде басталған құрылымды- инвестицияның саясаттың іске асырылуымен мемлекеттің нығаюына, өндіріс орындарының және жұмыс орындарының  және жұмыс орындарын ұсынушы  қызметтердің, жұмыссыздық бойынша алдын- ала қорғаудың  қосылуларымен үш деңгейлік қаржыландыру қалпын құру негізінде еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің қалыптастыруын қамтамасыз ететін қаржылық реформалар іске асырылды.

      Үшінші кезең (1998 және одан әрі) еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің еңбек нарығына ыңғайлануының шаралары бойынша бағыттарды іске асыруға мүмкіндік беретін, тоқырауға байланысты қиратылған оның шешуші бөліктерін қалпына келтіру мен дамытуға және еңбек нарығының бәсекелестігіне жауап беретін мамандардың екпінді кәсіптік құрылымын қамтамасыз етуге орай есептеледі.

      Қазақстан Республикасының «1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңына және Қ.Р.Үкіметінің  1999 жылдың 29-қаңтарында №68 «Қазақстан республикасының тұрғындарының еңбекпен қамтамасыз ету  мемлекеттік қызметтерін және еңбекпен қамтамасыз ету мемлекеттік қоры мәселелері» қаулысына сәйкес жұмыссыздарға жұмыссыздығы бойынша төленетін әлеуметтік төлемақы төлеу қаржыландырылған  қаражаттардың еңбекпен қамтамасыз ету қоры, және оның басқару органдары жойылды.

      Кедейленудің  мен тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етуінің деңгейінің өсуін есепке ала отырып 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2000- 2002 жылдар аралығында жұмыссыздықпен және кедейленуімен күрес жүргізу бойынша бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның мақсаты- Қазақстанның көлемінде кедейленуді қысқарту, еңбекпен қамтамасыз ету саясатын белсенді іске асыру арқылы жұмыссыздықты төмендету және кедейлерге тікелей әлеуметтік көмек көрсетуді өткізу. Бағдарламаны іске асыру ең аз дегенде Қазақстандық отбасының әрқайсысының бір мүшесінің еңбекпен қамтамасыз етілуін қамсыздандыруға мүмкіндік береді және бос тұрғындарды еңбектік іс- әрекетпен айналысуға тарту үшін жаңа жұмыс орындарын құруды ұсынады. Бағдарламаның шеңберінде 2000 жылы әлеуметтік қамтамасыздандыру мен әлеуметтік көмекке мемлекеттік және жергілікті бюджеттен жоспарланған 21532,5 млн. теңге не 93,1% іс жүзінде 20029,9 млн. теңге қаражат игерілді. ЖІӨ жалпы көлемінің іс жүзіндегі барлық шығындарының үлес салмағы бағдарлама міндетіндегі – 0,8% тен 0,87% құрады.

      2000 жылғы бағдарламаның барысының іске асырылуына берілген талдау белгіленген оң жетістіктерге қол жеткізгендігін күәландырады. Мысалы: 2000 жылы бағдарлама бойынша 146,2 мың жұмыс орнын құру жоспарланған болса, 2001 жылдың 1- қаңтарындағы жағдай бойынша іс жүзінде 264,9 мың жұмыс орнын құрылған 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда еңбекпен қамтамасыз етуге өкілетті органдардың көмегі арқылы еңбекпен орналастырылған жұмыссыз азаматтардың саны екі есе еселенуі күтілуде. 
 
 
 

      3.2. Еңбек биржасының мәні

                                                         

       Жұмыссыздық проблеммаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Еңбек биржасы- ол жұмысшылар мен кәсіпкерлер жұмыс күшін сатып алу ,  сату ісін жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аралық қызмет атқаратын мекеме.

       Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсаты мен атқаратын қызметтері өзгереді. Еңбек биржасы- бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты негізде жұмыс жасайтын мекеме. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1930 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1- шілдесінен бастап Қазақстанда тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады. Қазіргі кезде бұндай еңбек биржалары жүйесі көбеюде.

Информация о работе Еңбек нарығы