Еңбек нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 13:00, курсовая работа

Краткое описание

Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келсім –шарт арқылы реттеледі. Өзара шарт –бұл жалдаүшы мен жалданушы арасындағы қысқа мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.

Оглавление

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы

1.1. Еңбек нарығының құрылымы

1.2. Еңбек нарығына әсер ететін факторлар

1.3. Жалақының қалыптасуы

II. Қазақстандағы еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері

2.1. Жұмыссыздық мәні

2.2. Жұмыссыздықтың көрсеткіштері мен түрлері

III. Еңбек нарығының қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру

3.1. Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты

3.2. Еңбек биржасының мәні

Қорытынды

Қолданыған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Еңбек нарығы. 30.DOC

— 199.00 Кб (Скачать)

    Сондай- ақ жалақыны түріне байланысты екіге бөлеміз:

      1. Номиналды жалақы
      2. Нақты жалақы

    Номиналды жалақы- ақшаға шығарылып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық және айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшері арқылы жалақының дәрежесін білуге болоды, бірақ халық тұрмысының дәрежесін анықтай алмаймз. Ол үшін нақты жалақының мөлшерін  білу керек.

    Нақты жалақы- жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы,яғни тұлғаның күнделікті қажеттілігіне байланысты есептеу.

    Қызметкердің  жалақысы сала және қызметкерлер тобы бойынша қатты айырмашылығы бар. Осыған байланысты жалақы құрылымына және оның өзгеруіне дұрыс теориялық түсіндірме берудің маңызы өте зор. Бұл жерде жалақы құрылымы дегеніміз жалақыны экономика саласы, аймақ, жұмыс істеушілердің біліктілігі, жынысы, жасы және тағы басқа нышандар бойынша бөлу.

    Қазақстандағы жағдайды талдасақ, салалар бойынша орташа жалақының қатты айырмашылығын көруге болады (1-кесте бойынша). 
 
 
 

    1-кесте.  Қазақстандағы сала бойынша орташа номиналды жалақы, теңгемен. 

                                           

  1993ж. 1995ж. 1998ж. 2000ж. 2001ж.
Бүкіл экономикада. 127,5 4786 9683 14374 17303
Өнеркәсіп 170,5 7792 13465 20647 23812
Ауыл  шаруашылығы (аңшылық, орман шаруашылығымен қоса) 100,5 2392 3896 5657 6851
Құрылыс 170,4 7850 12375 21017 26805
Қаржы қызметі 288,1 10967 19324 36140 41686
 

    2001 жылы қаржы қызметінде орташа жалақы ауыл шаруашылығымен  салыстырсақ,  6,08 есе көп болды. Маңғыстаудағы орташа жалақы  ең  жоғары деңгейде- 36325 теңгеге тең болса, Ақмола облысында тек 10170 теңгеге тең болды. Еңбек рыногында ер адамдардың жалақысы әйелдерге қарағанда 70% артық келеді. Еріксіз көзге түсетін жәйт: бұл айырмашылық соңғы жылдары тек өсіп жатыр.

    Жалақының айырмашылық себебі келесінде жатыр:

    • Қызметкерлер біртекті емес: олардың білімі, шеберлігі, тәжірибесі, адам капиталына иелігі әр түрлі, осыған орай өнімділігі бірдей болмайды.
    • Сұраныс пен ұсынысқа байланысты.
    • Техника және технологиялық дәрежесі (өнеркәсіптік).
    • Экономикалық жағдай.

    2002 жылдың  тамызында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 20477 теңге болып, өткен жылғы тамызбен салыстырғанда-14,9% нақты мәнде 8,2 % өсті. Оның деңгейі ең аз күнкөріс шамасынан -4,3 есе, еңбекке ақы төлеудің ең аз мөлшерінен-4,9 есе асты. 

    2002ж.  Қызметкердің орташа айлық жалақысы

  Бір қызметкердің орташа айлық  атаулы жалақысы Орташа  жалақының жалпы республикалық деңгейге қатысы Ең аз жалақы шамасының тиісті аймақтағы орташа жалақы қатысы
Теңге пайызбен
2002ж.  шілде 2001ж. тамыз
Шығыс Қазақстан 18973 98,1 110,7 92,7 22,0
Батыс Қазақстан 26391 96,8 128,0 128,9 15,8
Солтүстік Қазақстан 13060 96,6 119,6 63,8 32,0
Оңтүстік  Қазақстан 13836 99,3 121,3 67,6 30,2
Алматы  қаласы 28081 99,8 116,7 137,1 14,9
 
 

    Осы жылдың тамызында осының алдындағы аймен салыстырғанда нақты жалақы 0,3%-ға артқан, ал атаулы (номиналды) жалақы шілдедегі деңгейде қалған.

    2002 жылдың тамызында, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы жалақының өсуі республиканың барлық аймақтарында байқалған. Ең көп өсім Батыс Қазақстан (28), Астана қаласы (24,8%), Оңтүстік Қазақстан (21,3%) облыстарнда болды. 

2003жылғы  еңбекке ақы төлеу көрсеткіштері

       Астана  қаласы.

    Қаладағы  қызметкерлер саны 50- ден асатын ірі және орта кәсіпорындарда және 50- ге дейінгі адамы бар шағын мемлекеттік (бюджеттік), сақтандыру ұйымдары мен банктерде қызметкерлердің  орташа саны 2003 жылдың қаңтар- мамырында 104,8 адам құрап, 2002 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,5%- ға өсті.

    Орташа  айлық атаулы жалақы 2004 жылдың қаңтар- мамырында – 28607 теңге (2002 жылдың тиісті кезеңіне өсуі 22,7%).

       Атырау облысы

    2004 жылғы мамырда бір қызметкердің  орташа атаулы жалақысы 47553 теңге болып, 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда18,3%- ға артты. Жалақының ең жоғары мөлшері – кен өндіру өнеркәсібінде- 105320 теңге, ол облыстық орташа деңгейден 121,5% - ға артық, ең төменгі мөлшері-ауыл, аң және орман шаруашылығында -8558 теңге (облыстық деңгейден 82% -ға кем) олардың айырмасы- 12,3 есе.

       Қызылорда облысы

    2003 жылдың қаңтар- мамырында бір  қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 18730 теңге немесе 2002 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 117%.

    Орташа  жалақының экономикалық  қызметтің түрлері бойынша айырмасы елеулі. 2003 жылдың қаңтар- мамырында аса жоғары жалақы (63350 теңге)- кен өндіру өнеркәсібінде ,  ал ең азы (7256 теңге) – мейманханалар мен мейрамханаларда және олардың арасындағы айырма -8,7 есе. 

       Оңтүстік  Қазақстан облысы

    2003 жылдың қаңтар- мамырында облыстың ірі,  орта және шағын кәсіпорындарда, мекемелері мен ұйымдарында жалдамалы жұмыс істейтін адамдардың саны есептік деректер бойынша 249 мыңға жуық  адам болды, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардағы қызметкерлердің саны 205,3 мың адам.

    Қазақстан Республикасының 2004 жылы 19 наурыздағы халыққа  жолдауы бойынша:

    Ең  төменгі жалақы- 2,6 мыңнан 6,6 мың теңгеге дейін

    Орташа  жалақы- 14,3 мыңнан 24,4 мың теңгеге дейін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     ІІ. Қазақстандағы  еңбек нарығының әлеуметтік мәселелері 

    Еңбек нарығын қалыптастыру және дамытудағы жағдай – экономикалық- әлеуметтік дамуы. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны нарыққа өту кезіндегі жіберіліп жатқан кемшіліктер мен қателіктердің оңды сипатқа және нәтижелерге әкелер еді. Экономикалық өмірдің ауыр салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Экономиканы толық тұрақтандыру күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Халықтың күнкөріс әрекеті сырғақ бағытқа  ие болды, әлеуметтік қорғау шараларының жүзеге асуы өте баяу, заман талабына әлде қайда төмен жатыр. Республикамыздағы нарықтық инфра құрылымдардың дамуы қандай да бір жеңіл- желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек нарығының дамуына белгілі дәрежеде тосқауыл  болуды.

    Еңбек нарығының негізгі мақсаты- еңбек ресурстарын тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси экономикалық  және әлеуметтік мақсаттарға жетудің  шартты жағдайларының бірі. Және де  экономикалық- әлеуметтік  мәселелердің басты қатарына - жұмыссыздықты жатқызамыз. Жұмыссыздық нарықтық қатынастан туындайтын обьективті процесс, бұдан планетамыздағы ешбір мемлекет қашып құтылған емес. 

    2.1. Жұмыссыздық мәні 

    Кеңес заманында жұмыссыздық  мәселесі туралы қайта құру кезеңінде шын әңгіме бола бастады. 1990 жылы жұмыспен қамтамасыз ету туралы заң қабылданды. Ал бұның алдында жұмыссыз мәселесі тек теориялық  тұрғыдан , батыс елдер тәжірибесіне сілтеп , негативтік түрде қарастырылды. Шынында, жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік – экономикалық мәселелері өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді.

      Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек , жұмыссыздық көрсеткіштері , жұмыссыздық деңгейіне  әсер ететін факторлар және т.б. сұрақтар талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиелінісе түсті,  өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қактынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.

    Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын. Мысалы , көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ обьективті және субьективті себеппен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында тіркелмейді. Оған себеп – осы қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу , алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқықтарын білмеуі және т.б. Екінші жағынан, халықтық жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін , ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады және т.б.

    Жұмыссыз  туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ  оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз – ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ , бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген  адам.  Ал жұмыссыздық – экономикалық  белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар  құрайтын экономикадағы құбылыс. 
 
 

    2.2. Жұмыссыздық көрсеткіштері мен түрлері 

    Жұмыссыздық деңгейін (U), жұмыссыздар санын (V) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) болу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:

    U=V/L=V/ (V+E)

    E – жұмыс істеушілер саны.

    Ол  Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша , мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл- мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады. Статистикалық мәліметтер соңғы кезде екі көрсеткіш  есептелініп жүр: жұмыссыздықтың ресми және жалпы деңгейі. 

    Қазақстандағы жұмыссыздық, %.

  1994ж. 1995ж. 1998ж. 2000ж. 2001ж.
Ресми жұмыссыздық деңгейі 1,1 2,1 3,7 3,7 2,9
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 7,5 11 13,1 12,8 10,4

Информация о работе Еңбек нарығы