Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, доклад
Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе – теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстын бір – біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын ( қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек нарығы
Еңбек нарығы
– бұл тауар болып табылатын еңбек
ресурстарының нарығы, бұлардың тепе –
теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс
пен ұсыныстын бір – біріне әсер етуімен
белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке
қабілетті адамдар нарықтың агенттері,
- еңбек нарығында өзара қатынаста болады.
Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс
механизімі арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде
жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және
еңбек төлемі дәрежесі орнайтын ( қалыптасатын)
экономикалық орта немесе болмыс болып
табылады.
Еңбек нарығының қызыметтері қоғам өміріндегі
еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың
және жақсы хал – жағдайдың өте маңызды
көзі. Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз
өте маңызды өндірістік ресурс ( фактор
) болып табылады. Осыған сәйкес еңбек
нарығы екі қызымет атқарады.
Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары
мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей
дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлерідің
өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде
ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады.
Еңбек нарығының экономикалық функциясына
еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу
және пайдалану жатады.
Еңбек нарығы бір сыпыра ынталандыру функцияларын
атқарады, олар бәсекелестік қабілеттін
күшеюне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның
өсуіне, квалификацияның жоғарлуына, мамандықты
ауыстыруға тағы басқа мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық
үлгісінің негізін мынадай принциптер
құрайды : фирмалардың ынталарын бенелейтін
және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілернің
көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін
және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің
көп болуы. Еңбек нарығындағы субъектілердің
тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріні
жетуді және пайда табуды көздегенмен
белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында
еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер
болмайды. Жұмыс берушілер ұсыныстын жұмыс
орындары және жұмыскерлер ұсыныстын
жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен
қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер
санымен өлшенеді.
Икемді нарықтын механизімі баға арқылы
жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген
бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай
нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген
жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға
әсер ете алмайды: жалақының тепе – теңдік
ставкалары жекелеген фирмалардың немесе
жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне
тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен,
яғни нарықтық прцестің барлық мүшелерінің
жалпы өзара әсерлермен белгіленеді.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстың
қисық сызығының еңкеюі теріс брышты болады:
жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын
еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең
білік – еңбектің саны (Q), тік білік (P)
– жалақының ставкасы.
Еңбек ұсынысы қисық сызығының оң еңкею
бұрышы болады, жалақының жалпы дәрежесінің
өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады.
Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен
есептесе отырып, тауарлар мен қызыметтер
өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар
жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс
берушілердің жалдауға қажеттіліктермен
белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы
еңбекке қабілетті жастағы адамдардың
өздерінің қабілеттерін әдеттегідей ұдайы
өндіру керек қажеттіктермен белгіленеді.
Сұраныс та, ұсыныс та әр түрлі факторлардың
әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен,
шығындармен, жалақымен, еңбек өнімділігімен,
адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалмфикациялық
– мамандық құрылымымен, несие – қаржы,
салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың,
мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызыметтерімен
қалыптасады. Сұраныс (DD) пен ұсыныстың
(SS) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының
тепе – теңдік дәрежесін (PE) көрсетеді
де жалақының осы дәрежесінде экономикада
толық жұмыспен қамту байқалады: Qe – еңбекке
сұраныс еңбек ұсынысына .
Жетілген бәсеке жағдайында жалақының
тепе – теңдік дәрежеден ұзақ мерзім бойы
ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен
тепе – теңдік дәрежеден артық өсуі фирма
жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді.
Сонымен бірге жұмыскерлер жағынан еңбек
ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек
ұсынысының артықшылығы пайда болады.
Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық
жалақы мен оның тепе – теңдік дәрежесінің
жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден
төмендеп кеткен болса, керсінше процесс
жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік нарығы
еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының
жалпы тепе – теңдігімен және жалақының
тепе – теңдік дәрежесімен сипатталады.
Еңбек
нарығы – бұл жұмыс күшін
(адамның еңбек ету қабілеті) тауар
түрінде сатып-сатуға
Еңбек нарығына барынша қабілетті және
іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде
іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді
және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды.
Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды
қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына,
қозғалысына, ширақтығына себепші болады,
іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.
Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным
заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін
ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде
жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар
кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек
ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар
болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер
жұмыс күшінің сатып алушылары болады.
Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау
жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық
табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен
қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде
біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар
табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен
аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының
әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға
айналады, ол оны өндіріс құрал-жабдықтарымен
қосу нарықтық тәсілмен сату, сатып алу
арқылы жүзеге асады.
Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның
құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады
және қазіргі оның шамасы қандай ? Жұмыс
күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті
өмір сүру құралдарының құнымен анықталады.
Әзірше, дүние жүзінің көптеген елдеріне
қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі,
оның жұмыс күші төмен бағаланады. Еңбек
нарығы барынша күрделі және жетілмеген
нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс
күшін ұсынатындар әдетте олар еңбегіне
деген сұранымнан хабарлар бола бермейді,
олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі
бос жұмыс орны туралы да білмейуі мүмкін.
Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы
одан да аз біледі.
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек
биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту
қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық
қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы
алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру
мақсатында адамгершілік институттары
ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және
еңбек қатынастарының дамуына сәйкес,
оның мақсатымен және атқаратын қызметтері
өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті
жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің
арасында делдалдық келісім жасалатын,
тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы
КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы
жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай
– еңбек нарығының барлық элементтерін
қайта жаңғыртудың қажеттілігін көрсетіп
отыр. 1991 жылдың 1-ші шілдесінен бастап
Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды
еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын
қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы
сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздарды
есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу;
жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға
тілек білдіретін адамдарға ақпарат беру;
жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен
қайта дайындауға ұйымдастыру; жастар
арасында кәсіптік беру жұмысын жүргізу;
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық
қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты
жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар
мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала
отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына
әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа
жалдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды,
ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады,
себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде
таңдауға құқы бар және оны өздерінің
кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне
сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар
банкісі болуы қажет. Осы бағытта АҚШ-та,
мысалы, аймақты және жергілікті деігейде
жұмыс күшінің электронды банкілер құрылған.
Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары
сапалы консультациялық көмек көрсетіледі.
Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы
жұмыссыздардың 40 пайызы бір айдың ішінде
жұмысқа орналасады. Сондай-ақ, жұмыссыздарды
қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген.
Әсіресе, Вашингтон штатында федералдық
үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі
бар және өз ісінің маманы болғысы келген
400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа
дейін мүмкіндік беріп, алдын ала жәрдемақы
төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының
экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды
өткен, сондай-ақ жаңа істі консультант
көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.
5