Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:06, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттердің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарастары жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал, ұрпақ тәрбиесі Қазақстанда болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің алғышарттарының бірі, яғни елімізде азаматтық құндылықтардың өркендеуіне жан-жақты жол ашылуы.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................................3
І тарау. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстард
ұйымдастырудың педагогикалық негізд
1.1. Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік.................................................7
1.2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мүмкіншіліктері
мен шарттары.............................................................................................15
ІІ тарау. Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстарды
ұйымдастыру әдістемесі
2.1. Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстарды
ұйымдастыру жолдары........................................................................22
2.2. Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстар
бойынша жүргізілетін озық іс-тәжірибелер........................................30
Қорытынды............................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................35

Файлы: 1 файл

11.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

      Л.В.Занков оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы оқу әрекетіне белсене араласуына аса мән бере отырып, «... басқа мектеп жұмысының ерекшелігінен ауытқымайтын оқушының оқу қызметін оған өз өмірінің басқа салаларына ұқсас, мәселен, әңгімелерге, ойындарға, семья сабақтарына, т.б. шығармашылық әрекеттерге психикалық қызметтің әр түрлі жақтары енгізілетіндей етіп ұйымдастырылған оқыту түрі»,-деп, оқушыны оқыту арқылы шығармашылық ізденістерінің, ішкі сезімдерінің дамуына, жанұядағы оқыту мәселелерін жан жақты қамтиды.

      Ал, Ш.А.Амоношвили 6 жасар балалардың жан-жақты дамып, қалыптасуына және оқыту мазмұны мен ұстанымдарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда айқындауға ерекше мән беріп, «балалық шақ» деген ұғымға өз көзқарасын білдіреді. «Балалық шақ өмірдің алаңсыз «жұмақ» сынды кезеңі емес. Ол-алға ұмтылу, толассыз есею процесі жүретін адамның бастапқы өміріндегі белгілі бір кезең». Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері тап осы балалық шақ кезеңімен дәл келеді.

        Бастауыш сынып оқушылары алғаш мектепке келгенде жазу мен сызуды үйреніп, сыныптас жолдастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсіп, ынталанады. Ол ұлы Абайдың еңбектеріндегі адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай қалыптасқан «толық адамды» /білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты, жан-жақты жетілген тұлға/ тәрбиелеп жетілдіргеннің нәтижесі еді.

       Әрбір  оқушының іс-әрекеті ұжым арқылы  іске асады. Тұлғаның қоғамдағы ролі, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы ұжымның ықпалы туралы Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, А.Подласыйдың еңбектерінде зерттелген.

       А.С.  Макаренко: «тәрбие ұжымы дегеніміз  мақсат-мүддесі бір бағыттағы  адамдар жиынтығы»,-деп атап көрсетсе, А.Подласыйдың «Педагогика» атты еңбегінің «Ұжым және жеке тұлға» атты бөлімінде «оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына орта мен ұжымның игі ықпалы бар екенін көп жылғы іс-тәжірибемізден көріп жүрміз. Әсіресе, анкеталық сұрақтар мен тестік жұмыстар бойынша оқушылардың берген жауаптарынан аңғардық. Оларға ең күшті және белсенді ықпал ететін «орта және ұжым» деген жауаптар берілген»,- деп тұлғаның дамуына ұжымның ықпалының мол екенін көрсетеді.

       Сондай-ақ, жеке тұлғаны дамытуда әлеуметтендіру мәселесіне аса назар аударуымыз керек. «Әлеуметтендіру- жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек, жас ұрпаққа оқыту ментәрбиелеу үрдісінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп жинақталған ғылыми-білімдерді, дағды-іскерліктерді, біліктілікті, рухани байлықтарды, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту арқылы оларды біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық  құрылысына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу»,-дейді О.Нұсқабаев.

      Бүгін  мектеп қабырғасында отырған жас буынды ұлттық менталитет пен мәдени дәстүрлерге негіздей отырып тәрбиелеуде іс-әрекеттің де маңызы зор. Іс-әрекеттің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық жұмыстар, көркемөнер, спорт, т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеттің салалары мен мазмұны, ұйымдастыру әдіс-тәсілдері мен мотивтерінің өзгеріп отыруы әр түрлі іс-әрекеттердің түрінен байқауға болады.

      Мектепте  іс-әрекеттің мынадай түрлері  бар: 

- өзіне қызмет ету;

- қоғамдық пайдалы  еңбек;

- өнімді еңбекке баулу;

        Іс-әрекеттің бұл түрлері еңбек тәрбиесі барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай іске асырылады. Еңбек тәрбиесі жүйесінде баланың өзіне-өзі қызмет етуінің маңызы зор. Олар үйде өзінің төсек орнын жинайды, тамақ пісіру ісінде ата-анасына көмектеседі, сыныпта кезекшілік міндетін атқарады. Осының әсерінен бала бұлшықеттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасады, миының үлкенжарты шарының функциялары дамиды.Баланың басы 115 см-ден 134см-ге дейін өсіп, салмағы 32-35 кг шамасында болады. Бұл жастағы /7-12/ балалардың іс-әрекеті оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. А.С. Макаренко мен Н.К. Крупская балалар үшін ойындардың маңызын атап көрсетті.Олардың айтуы бойынша, балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қоймай, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауға тәрбиелейді. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік маңызы зор.7-12 жастағы балалар ұзақ уақыт дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға қабілетсіз болғандықтан, бұл жағдайды ойын, дене еңбектерінің барысында іске алынған жөн.

        Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау ету, т.б. Бұндай теріс қылықтарға жол бермеу ата-аналардың беделіне, біліміне, өмір тәрбиесіне байланысты. Осының салдарынан біздің мақсатымыз тұлғаны дамытуда тәрбие жұмысының, соның ішінде сыныптан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың негізінде жеке тұлғаны дамытудың ерекшеліктерінің мән-мағынасын ашу.

      З. Әбілова «Оқушыларға сыныптан тыс уақытта эстетикалық тәрбие беру» деген еңбегінде оқушыға сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру, олардың эстетикалық мәдениетін, талғамын арттыру, сол арқылы өмір шындығын тани білуге үйрету мәселелері қамтылады. Автор эстетикалық тәрбиеге байланысты «Сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбиені тек сабақ арқылы толық іске асыруға болады деген мақсат көздеп қоймай, сол мектептің үйі, іші-сырты, жабдықталуы, тазалығы оқу-тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы педагогтар ұжымының ынтымақты болуы, балалар ұжымыныңтәртібі, сыпайылығы, кішпейілділігі арқылы да берілесіндігін ұмытпауы тиісті», - дей келе, еңбек, дене, адамгершілік тәрбиесінің эстетикалық тәрбиемен өзара байланысты екенін көрсетеді. Эстетикалық талғамын қалыптастыруда драмалық, сурет, техникалық, ән-күй, би, зергер өнер, т.б. үйірмелердің тәлімдік мәніне тоқталады.

      А.Б.  Байназарованың да еңбегінде сыныптан тыс уақытта оқушылардың танымдық қасиетін, белсенділігін арттыруды басты нысана етіп, еңбек, эстетикалық тәрбиеге және оқушылардың шығармашылық дамуының өзіндік ерекшелігіне тоқталады. Тәрбие үрдісін күрделі және үздіксіз жүретінін ескере келе, оқу мен тәрбиеніөзара сабақтастыра жүргізуді көздейді.

       Еңбек  жеке тұлғаны қалыптастыруда  маңызды болғанымен, мазмұнын жаңалауды қажет етеді.

      К. Бұзаубақованың еңбегінде жалпы орта білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу мәселесімен ұштастырылғанын көрсетсе, М.Н. Сарыбеков осы сала бойынша бастауыш сынып оқушыларын экологиялық біліммен арнайы дайындалған мамандарды әзірлеп шығару мәселесін қарастырды.

      Бүгінгі  күні сыныптан тыс оқу-тәрбие  жұмысында атадан балаға жалғасқан  ұлттық мұраларды пайдалану мәселелері  көптеген ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Мәселен, Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. «Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы», Иманбаева С.Т. «Ерлік тағылымы», Балтабаев М.Х., Ұзақбаева С.А «Елім-ай» бағдарламалары бүгінгі оқу-тәрбие үрдісін жандандыруға үлкен септігін тигізуде.

Аталған бағдарламалардың ішінде «Елім-ай»- бағдарламасында  бастауыш сынып оқушыларының  эстетикалық сезімін ұлттық өнер арқылы қалыптастыру  мәселесі  қарастырылады. Бағдарлама төрт бөлімнен  тұрады. І тоқсан- «Сарыарқа», ІІ тоқсан- «Тұлпар», ІІІ тоқсан- «Аққу», ІV тоқсан- «Елім-ай» деп аталады. Әр бөлімнің атына сай мазмұны берілген.

        «Сарыарқа» бөлімінде бүкіл қазақ  халқының жазира даласындағы  қолөнер, туған жер табиғатынан  эстетикалық сезімді қалыптастыру  көзделеді.

      «Тұлпар» бөлімінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, мал-жануарларға байланысты аңыз-әңгіме, ертегі, мақал-мәтелдермен танысуға болады.

      «Аққу»  бөлімінде киелі, қасиетті құстарды  қорғай білуге, олармен достаса  білуге шақырады.

     «Елім-ай» бөлімінде қазақ халқының басынан кешкен сұрапыл заманды суреттейтін ән арқылы оқушының бойында ұлттық ерлік пен сезімді қалыптастыру қарастырылады.

      Аталған  бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының  тарихқа, салт-дәстүрге, өнерге деген  қызығушылығын дамыта отырып, Отанын  сүюге тәрбиелейді. 

     «Баланы оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістеріндегі тапқырлық, сабақ берудің әдісін баланың жас ерекшелігіне қарай икемдей отырып, әрбір оқушының өзіндік және шығармашылық қабілеттерінің жан-жақты ашылуы мен дамуына қолайлы жағдай тудыра білу, әр сабақ тиімді өту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді дәл тауып, дөп басу мұғалімнен үлкен ізденіс пен толғанысты талап етеді»,- дегендей оқушының дамуына сабақ үрдісі мен қоса сыныптан тыс жұмыстар да үлкен ықпал етеді.

 

1.2.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мүмкіншіліктері мен шарттары

      «Адам  ұрпағымен мың жасайды»,- дейді  халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат  баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу, надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ . Жас ұрпақтың біліммен сусындап, көкірегін ашып, ақыл-ойының жан-жақты дамып, ХХІ ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптасуы ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен оқыту формаларына байланысты.

      Оқыту  жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру  мүмкін емес.

      Сыныптық  – сабақ жүйесінің негізгі  кемшілігі- оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы- оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың  сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрлері-жеке және топтық, сондай-ақ қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, ертеңгілік, конкурс, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады. Соның ішінде бастауыш мектепте негізге алынатыны: экскурсия, үйдегі оқу жұмысы, пәндік үйірме жұмыстары.

        Экскурсия жұмысының мақсаты-оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе, дүниетану , бейнелеу өнері, еңбекке баулу т.б. сабақтарында кеңінен қолданылады.

        Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектеп алаңын, табиғат аясын, ауыл шаруашылығын, көрмелер мен музейлерді жатқызуға болады.

      Экскурсияға бөлінген уақыт жүрген жолды есептемегенде, 40-45 минуттан 2-2,5 сағатқа дейін созылады. Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын, техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін алдын ала түсіндіреді, ал оқушылар сол ережелерді ескере отырып, нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды.  Бұл сабақ мұғалімнің оқушылармен бірге отырып көрген-білген, естігендерін ортаға салып, пікірлесумен аяқталады.

     Оқытуды  экскурсия жолымен ұйымдастырудың 3 түрі бар:

1. Кіріспе экскурсия- сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Бұны бастауыш сыныпта өтсе өте қызықты болады.

2. Ілеспелі экскурсия-белгілі бір тақырып қа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойындажүргізілуі мүмкін.

3. Қорытынды экскурсия-күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.

      Мұғалім экскурсия болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға мақсатын түсіндіреді. Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда мына мәселелер қарастырылады:

  • экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;
  • маршруты, қамтитын нысанасы;
  • қажетті құрал-жабдықтар;
  • экскурсияның барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары;
  • жеке және топ болып атқарылатын жұмыс түрлері;
  • экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары;

Үйдегі оқу  жұмысы- оқу барысын ұйымдастыру формасы, мұғалімнің тікелей қатысуының, бірақ оның аралық ықпалымен оқушылардың сыныптан тыс тапсырмаларды өз беттерімен орындауы. Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмысы оқу жұмысы сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.

 Үй жұмысы келесідей түрлерге бөлінеді:

а) Оқушыны жаңа тақырыпты  оқып үйренгенде жаңа материалды меңгеруге  бағыттайтын тапсырмалар;

ә) Білімді тәжірибе жүзінде  іске асыруға бағытталған тапсырмалар;

б) Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар;

     Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

1.Үй тапсырмаларын  бергенде мұғалім орындаудың  тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету  керек.

2. Үй берілген тапсырмалар қызықты, өмірмен байланысты болу керек.

3. Үй тапсырмаларының бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.

4. Мазмұны шығармашылық  сипатта болғаны жөн.

5. Көлемін белгілеуде  мұғалім оқушылардың жас ерекшелігі  мен таным қабілеттерін ескеру  қажет.

6. Орындалу сапасына  мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне баланың назарын аударып отырғаны жөн.

7. Мұғалімнің берген  бағасы әділетті болса  онда  ол оқушының  ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап  отыруға септігін тигізеді.

8. Мұғалімнің бағалауы  оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ .

   Мұғалімдер тарапынан  оқушыларға шамадан тыс үй  тапсырмасын  тапсыруды болдырмау  және олардың жас ерекшеліктері  мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін  ескерту мақсатын көздей отыра,  оқу министірлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта  үй тапсырмаларын орындауға  берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:

Информация о работе Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары