Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:06, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттердің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарастары жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал, ұрпақ тәрбиесі Қазақстанда болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің алғышарттарының бірі, яғни елімізде азаматтық құндылықтардың өркендеуіне жан-жақты жол ашылуы.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................................3
І тарау. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстард
ұйымдастырудың педагогикалық негізд
1.1. Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік.................................................7
1.2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мүмкіншіліктері
мен шарттары.............................................................................................15
ІІ тарау. Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстарды
ұйымдастыру әдістемесі
2.1. Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстарды
ұйымдастыру жолдары........................................................................22
2.2. Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен тыс жұмыстар
бойынша жүргізілетін озық іс-тәжірибелер........................................30
Қорытынды............................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................35

Файлы: 1 файл

11.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

Тақырыбы: Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойынша        

                      сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары

 

М А З М Ұ Н Ы

 

 Кіріспе.....................................................................................................................3

 

І тарау. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды

             ұйымдастырудың    педагогикалық  негіздері

 

1.1.     Сыныптан тыс жұмыстар  туралы түсінік.................................................7

 

1.2.      Сыныптан  тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мүмкіншіліктері    

            мен шарттары.............................................................................................15

 

ІІ тарау. Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен  тыс жұмыстарды

               ұйымдастыру әдістемесі

 

2.1.         Бастауыш мектепте еңбекке баулу  пәнінен тыс жұмыстарды

               ұйымдастыру  жолдары........................................................................22

 

2.2.         Бастауыш мектепте еңбекке баулу  пәнінен тыс жұмыстар 

               бойынша жүргізілетін озық іс-тәжірибелер........................................30

 

Қорытынды............................................................................................................33

 

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................35

 

 

 

 

 

К І Р І  С П Е

       Зерттеудің өзектілігі.

      Қазақстан  Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттердің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарастары жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал, ұрпақ тәрбиесі Қазақстанда болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің алғышарттарының бірі, яғни елімізде азаматтық құндылықтардың  өркендеуіне жан-жақты жол ашылуы.

     Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты бағдарламасында егеменді еліміздің стратегиясы мен тактикасын белгілей келе, бүгінгі және болашақ жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-техникалық прогрестен хабары мол, жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын өз бағдарламасына негіз етеді.

     Әсіресе,  бүгінгі жас буынның ұлттық  мәдениеттен нәр алған жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулы-қарарларында, тұжырымдамала-рында негізгі орын алады.

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты- ұлттық және азаматтық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау» керектігі көрсетілген.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы этно-мәдени білім беру тұжырым-дамасында «Бізге қажетті- жаны да, қаны да қазақ халқының тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен сіңірген, туған жерін түлетуді, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу»,-деп көрсетілді.

     Оған «Қазақстан  Республикасында 2015-жылға дейін  білім беруді дамыту тұжырымдамасында»:  «...жылдам өзгеріп отыратын дүние  жағдайларында алынған терең  білімнің кәсіби дағдылары негізінде  адамгершілік тұрғысынан жауапты  шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру , оларды ұлтжандылыққа, адамзаттыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет»,-деп тұжырымдайды.

      Қазіргі  кезде Қазақстан сияқты көп  ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологиялық озық  дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының және өзге ұлттардың дүниетаны-мына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.

     Осы тұрғыдан қарастырғанда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеу, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы саналады.

    «Еңбек міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға, қауіпсіздік және санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға міндетті және өзінің кәсіби білімділігін арттыруға құқығы бар»,- деп Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңының 7-бабында көрсетілгендей өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүргізу ісі бүгінгі күннің басты міндеті.

      Бастауыш  мектеп оқушыларының танымын  кеңейту, еңбекке деген құштарлығын  арттыру, қиялы мен бейнелі  ойлау сапасын дамыту жұмыстары  еңбекке баулу пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға тікелей байланысты болады. 

      Бастауыш  сыныптарда  тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушыларды үйлесімді дамытуға байланысты жазылған ғылыми еңбектер көбінесе пәннің білімдік мазмұнын ашуға негізделіп, тәрбиелік жақтарына сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына шолу жасаумен шектеледі.

     В.М. Коротов,  Н.И. Болдырев, О.С. Богданова, В.И.  Петрова, С.В. Мухина, т.б. ғалымдар  тәрбие жұмыстарын жүйелеп, зерттеп  педагогикалық тұрғыдан эксперимент  жұмыстарын жүргізіп, зерттеулер нәтижесінде көптеген көлемді еңбектер жазды.

      Тәрбие  жұмыстарына ғылыми сипаттама  беріп халықтық тәрбие тұрғысынан  негіздеген қазақ ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев,  С.Қ. Қалиев, С.Ұзақбаева, С.Ш. Әбенбаев, Қ.Бөлеев т.б. ұлттық педагогиканың  теориялық негізін жазумен қатар, мектептегі тәрбие жұмысын жетілдірудің практикалық жақтарын, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын, ерекшеліктерін ашып көрсетті.

      Зерттеудің қарама-қайшылықтары: Қазақстанмектептерінде бастауыш сатыда сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз дәрежесінде зерттелген жоқ. Балаларды отбасында, мектепте еңбекке тәрбиелеуге жеткілікті мән берілмегендіктен, оу-тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туындайды. Осы салада мұғалімдерге арналған теориялық және ғылыми әдәстемелік нұсқауларының жоқтығынан туындайтыны мәлім. Осының салдарынан еңбек басты күнкөріс көзіне айналған нарықтық экономика кезінде еңбек әрекетінің тұлға дамуындағы әсерін ескермеуіне байланысты қарама-қайшылықтар туындауда. Бұның шешінін табуда зерттеу тақырыбы «Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойнша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» деп алынды.

    Зерттеу мақсаты:

          Мектептің бастауыш сатысында еңбекке баулу пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жолдарын қарастыру.

    Зерттеу міндеттері:

  • Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыны дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау;
  • Әдістемелік кешен бойынша тәжірибелік жұмыстарды өткізу және оның нәтижесін анықтау;
  • Еңбекке баулу пәнінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағдылар деңгейін сыныптан тыс жұмыста жалғастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау.

    Зерттеу объектісі: 

           Бастауыш мектепте еңбекке баулудан  сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. 

    Зерттеу пәні:

           Еңбекке баулу пәнінен  сыныптан тыс уақыттағы оқу -тәрбие          үрдісінде оқушыны жан –жақты дамыту.

    Зерттеу әдістері:

            Сұрақ –жауап, тест, анкета әдістері арқылы оқушылармен, ата-аналармен сұхбаттасу, жұмысты бақылау, тапсырманы түсіндіру, көрнекілік пайдалану. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері

1.1. Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік

        Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегіндебіздің елімізде оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес  бір бөлігі мектептегі бүкіл оқу жылы бойында жүзеге асырса дұрыс болатын сыныптан тыс жұмыстарда жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап көрсетті.

       Осыған  сәйкес, сыныптан тыс жұмыс дегеніміз сабақтан тыс уақытта оқушының білімін тереңдетіп, біліктілігін арттыру үшін, сонымен қатар бос уақыттарын саналы және белсенді өткізу мақсатында жүргізілетін жұмыс.      / «Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі» 209-бет/

       Г.  М. Коджаспирова мен А. Ю.  Коджаспировтың «Педагогический  словарь» атты сөздігінде төмендегідей  анықтама берілген:

      Сыныптан тыс жұмыс- сабақтан тыс уақытта мұғалімнің ұйымдастыруымен  оқушының тұлғалық сапаларын қалыптастыру мақсатында өткізілетін жұмыс./20-бет/

     С.Ш. Әбенбаев өзінің «Сынып жетекшісі» атты кітабында: «сыныптан тыс тәрбие жұмысы- тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі»,-десе, ал профессор Р. М. Қоянбаев «сыныптан тыс тәрбие жұмысы- бала тұлғасын әлеуметтендіру үшін қажетті шарттарды қамтамасыз ететін тәрбиеленушілер мен сыныптан тыс уақытта педагогтың түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруы», деп анықтама берді.

     Қазіргі  таңда мектеп табалдырығын аттаған  әр бүлдіршін- ертеңгі қоғам  мүшесі, болашақ иесі.

     Сондықтан,  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»,-деп Әл-Фараби бабамыз айтқан қағиданы негізге алған ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне аса мән берген.

     Бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, нарықтық қатнастар жас ұрпақ тәрбиесінің алдына үлкен мақсаттар мен міндеттерді жүктейді. Оның негізгі міндеті- осы қоғамға лайықты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мәселе өкіметтің қаулы- қарарларында басты орын алып тұр. Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық  мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы /27/, Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы /2/, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы /28/ ұлттық менталитеті жетілген, бүгінгі қоғамдық қатнастарға еркін араласа алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

     «Білім  беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық  және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау»,-деп, бүгінгі мектептің алдына үлкен міндеттер жүктейді.

     Өмірде  болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы  саяси көзқарастар, әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер-еліміздің тарихына, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашылуда.

     Осыған орай сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты- сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілетін толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. 

     Осының  негізінде  сыныптан тыс жұмыстың  ерекшелігі төменде аталған міндеттерде көрсетіледі /Н.И.Болдырев бойынша/:

  • Сыныптан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;
  • мазмұны бағдарлама көлемімен сай келмеуі, яғни жұмыстың мазмұны мен формасы оқушылардың талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады;
  • жас шамасы әр түрлі оқушыны қамтығандығы;
  • формалары менәдістерінің сан алуандығы;
  • өздігінен жұмыс жасауға және еріктілік қағидасында құрылуы;
  • қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктің молдығы;

Осы ерекшеліктерге сай  анықтайтын талаптарды айтамыз:

1. Сыныптан тыс жұмысты  дайындау  барысында оның мақсатын  анықтау керек;

2. Сыныптан тыс жұмысты  ұйымдастыруда нәтижені алдын  ала болжау;

3. Оптимисттік көзқарас  болуы қажет;

4. Сыныптан тыс жұмысты  ұйымдастырушы мұғалім немесе  сынып жетекшісі жоғары тұлғалық  сапаға ие болуы тиіс;

5. Ұйымдастырушының үнемі  шығармашылық ізденіс үстінде болуы шарт;

6. Сыныптан тыс жұмыстың  формалары арқылы оқушыларды  қоғамдық пайдалы істерге белсенді  араласуға жағдай жасау;

7. Педагог пен оқушылардың  арасында ынтымақтастыққа қол жеткізу;

8. Баға қойылмайды;

     Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына арқау болатын  К.Д.Ушинский, А.В.Луначарский, Н.К. Крупская, Л.С. Выготский, Л.В.Занков пен Ш.А.Амоношвилидің еңбектері еді. 

      Л.С.  Выготский оқушының ішкі рухани  күшіне сырттан әсер ететін  күштің үйлесімділігіне аса мән  беріп, «ынтымақтастықта дербестіктен гөрі жетекшілік етумен, біреудің көмегімен бала әрдайым көбірек тындырады және қиынырақ мәселелерді шешеді. дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек, әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалдықиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі»,-дейді.             «Тәрбие ісін,-деді А.В.Луначарский,- тек оқыту деп қарауға болмайды. Себебі, адам ойы оқумен ғана толықтырылатын ақылдан ғана тұрмайды. Адамды оқыту- оның сезімін, еркін тәрбиелеумен тығыз байланысты»-деп тәрбие ісін алғашқы білім берудің бастамасы деп қарайды.

        Жалпы тәрбие мәселесінің негізін  салған педагог Н.К. Крупская оқушылардың жан-жақты дамуын зерттей келе бұл пікірге қарсылық білдіріп, тәрбиелеу мен оқытуды бірдей, өзара байланыстыра отырып жүргізуді ұсынады.

Информация о работе Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары