Қазақстан валютасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 21:30, реферат

Краткое описание

Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш түрге бөлінеді:1.Ұлттық валюта жүйесі; 2.Дүниежүзілік валюта жүйесі; 3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.

Оглавление

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - 4
1.1 Валютаның мәні, нарығы - 4
1.2 Валюта бағамы, жүйелер, фактор, паритеті - 6
1.3 Халықаралық есеп айырысу балансы - 10

Негізгі бөлім

2. Қазақстан Республикасының валютасының даму кезеңдері - 13
Қазақстан Республикасының валюта жүйесі - 13
2.2 Қазақстан Республикасының валюта ресурстарының қалыптасуы,
пайдалануы - 16
2.3 Ұлттық валютаның даму жолдары - 21
Қорытынды -29
Қолданылған әдебиеттер тізімі -31

Файлы: 1 файл

Экономика СРС № 2.doc

— 171.00 Кб (Скачать)

    Импорттық тауарларға сұраныстың  икемділігі. Импорттық тауарларға  икемді  сұраныс, валюта  нарығындағы   доллардың санын көбейтеді. Импорттық  тауарларға  икемді емес сұраныс, сатылған  тауарлар  айырбасынан нарыққа түсетін доллардың санын азайтады.

    3.Табыстардағы  салыстырмалы өзгерістер. Бұрынан  мәлім тұтынулық шығындардың  көлемі ұлттық табыстың дәрежесіне  тікелей тәуелді болады. Табыс  өскен сайын осы елдегі тауарлардың  да шетел тауарларының  да тұтынуы өсе түседі. Сондықтан тауарлар мен қызметтердің импорты өндірілген ұлттық табысқа тәуелді болады. Егер бір елдегі ұлттық табыстың өсуі келесі елдегі  көрсеткіштен артық болса, онда  шетел тауарларының  импортының өсуі,  экспорттан  тез  жүріп  отырады. Осы жағдай валюта  нарығындағы  ұлттық  валюта  курсының төмендегені болып көрінеді. Сондықтан, ұлттық табысты өсіретін барлық факторлар валюта курсының төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.

    4.Инфляция (бағаның салыстырмалы өзгеруі). Егер бір елдегі бағаның өсу қарқыны басқа елдегі осы көрсеткіштен артық болса, онда импорттық тауарлар арзандау болады. Бұл осы тауарларға сұранысты өсіреді, бұның нәтижесіне шетел валютасына сұраныс өсіп, ұлттық акция құнсызданады. Шетел валютасын қымбаттатын тағы бір жағдай – ол инфляция өскен сайын адамдардың өздерінің нақты табыстарын сақтап қалуға тырысуы. Жинақтарын сақтап қалу мақсатымен адамдар «мықты» валютаға сұранысын өсіреді. Ал валютасының ұсынысы өзгермейді сондықтан айналымдағы ақшаның көбеюі мен инфляция валютаның айырбас курсын төмендетеді 

    5.Нақты проценттік ставканың жанама көлемі. Біз осыған дейін ағымдағы есепшот арқылы қалыптасатын, айырбас курсына әсер ететін факторларды қарастырған болатынбыз. Ағымдағы есепшоттың дисбалансы нәтижесінде пайда болатын валютаның сұранысымен ұсынысының сәйкес келмеуін капиталдың келуі мен кетуін ғана жояды. Сондықтан елге капиталдың келуіне ат салысатын факторлар ұлттық валютаның курсын өсіре алады және керісінше нақты проценттік ставкалардың көлемі инвестор үшін, капиталды орналастыратын елді белгілейтін маңызды көрсеткіш болып табылады. Нақты проценттік ставка жоғары болған сайын, сондықтан басқа елдермен салыстырғанда елдегі құнды қағаздардың табыстылығы жоғары болған сайын, қаржы құралдарын салуға осы ел ұнамды болады. Ұлттық қаржы активтеріне сұраныстың өсуі шетел валютасының ұсынысында көрінеді және ол ұлттық ақшаның курсының өсуіне әсер етеді.

    6.Белгілі  айырбас курсын күту. Шаруашылық  агенттерінде болашақтағы экономиканың  өсу қарқыны, инфляция темпі, нақты проценттік ставка көлемі, макроэкономикалық саясаттың бағыттары туралы тұжырымдамалар қалыптасады. Осыларды қорытындылай отырып, олар күтетін айырбас курсы туралы шешімдер болжамдайды. Басқа шарттар бірдей болғанда портфелдік активтерді күтім бойынша айырбасының курсы өтетін валюта түрінде сақтаған пайдалы болады. Сонымен қатар халықаралық нарықта болашақта курсы төмендеп кететін валюта түрінде қарыз алған пайдалы болады. Осындан басқа нашар валюта ұстаушылар оны күшті валютаға айырбастауға тырысады: Осы себептермен жүргізілетін валюта айырбасы, валютаның болашақта құнсыздану немесе қымбаттау қауіпін күшейте түседі. Шешуші ролді саяси тұрақтылық атқарады.

    7.Экономиканы  мемлекеттік макрореттеу. Осыған  жататындар: ресми валюта резервін пайдалану, сауда саясаты, валюта нарығында валюталық бақылау және валюта нарығын рационалдау, қаржылық және ақша-несиелік саясат. Валюта резервін шебер қолдана отырып, шетел валютасының ұсынысын өсіру үшін валюта нарығында белгілі валюта курсын ұстап тұруға болады. Бірақ резервтің көлемі шектелген, сондықтан осы жолмен курсты ұстап тұру қысқа мерзімге ғана мүмкін.

    Сұраныс пен ұсынысқа әсер етудің басқа жолы – валюталық бақылау немесе рационалдау. Валюта ұсынысын өсіру мақсатымен мемлекет экспортерлерге түскен барлық валютаның 100%-ін міндетті түрде сатуға мәжбүр етеді. Сұранысты азайту үшін, әкімшілік шешім арқылы валюта тұтынуына шек қоюға болады. Бірақ осындай саясат болып табылады, сондықтан ол жағымсыз нәтижелер тудырады.

      Бүкіләлемдік заңдылық бойынша: экономикалық дамудың дәрежесі өскен сайын ішкі бағалар әлемдік дәрежеге жақындай түседі, бұл автоматты түрде ұлттық валютаның нақты курсын өсіреді. Валюта курсы ұзақ мерзімдік тепе-теңдік болмысынан төмен еркін көрсететін көрсеткіштер аз емес.

    Біріншіден, экспорт және импорттың өсу қарқындары. Егер экспорттың өсу қарқыны импортпен салыстырғанда артық болса, онда басқа шарттар бірдей болғанда ұлттық валюта курсы төмен болғаны айқындалады. Егер импорт экспорттан жылдам өскен болса, онда керісінше курс көрсеткішінің жоғары болғаны.

       Екіншіден, сальдоның белгісі және сауда балансының өсу қарқыны. Егер сауда балансы оң шамада, немесе өскен болса, онда бұл жағдай валюта курсының төмен екенін ақиқат етеді және керісінше.

     Үшіншіден, валюта резервтерінің көлемі және динамикасы. Егер елдегі валюта резервтері өскен болса, онда басқа шарттар бірдей болғанда, осы жағдай курсты төмендету саясаты бар екенін көрсетеді. Егер резервтер азайған болса, онда курсты қолдау көзделіп отырғанды көрінеді.

     Төртіншіден, орташа жалақыны және жалпы ақшалай табыстарды доллар арқылы бағалау. Егер доллар арқылы есептелген табыстар өскен болса, онда басқа шарттар бірдей болғанда, ұлттық валютаның нақты нығайғаны болып табылады, төмендесе - нашарлағаны болғаны.

     Нарықтың барлық үшеуіндегі – тауарлық, ақшалық және сыртқы нарықтағы тепе-теңдіктің шарттарымен танысайық. Сыртқы нарықта жүріп отыратын процестер елдің төлем балансында көрсетіледі. Ағымдағы операциялар және капиталдың қозғалыстары есепшоттарының сальдосы нөлге тең болғанда, осы нарық тепе-теңдік болады. Басқаша айтсақ, ағымдағы операциялар есепшотының балансы, капиталдар қозғалысының есепшотының балансына тең болуы керек.[1,385-392 бет] 
 

  1. Халықаралық есеп айырысу баланстары
 

    Кез келген мемлекеттің халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады.

       Халықаралық есеп айырысу баланстары  агрегаттық экономикалық көрсеткіштер  жүйесінде маңызды орын алады,  себебі ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлуді көрсетеді.

       Халықаралық есеп айырысу баланстары  – ол бір мемлекеттің басқа  мемлекеттерге қарағанда ақшалы  талаптары мен міндеттемелерінің  және түсімдері мен төлемдерінің  арақатынасы.

       Халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі түрлері:                                                   

     1) төлем балансы

            2) есеп айырысу балансы

            3) халықаралық қарыз балансы

        Төлем балансы деген белгілі  бір уақыт аралығында мемлекеттің  шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгілі бір мерзімнің және бір күндік балансы болады.

       Бір күндік төлем балансы статистикалық  көрсеткіш ретінде жарияланбаса  да, ол белгілі датаға орындалуға  тиіс төлемдермен түсімдердің арақатынастығын көрсететін өзгерістер.

       Белгілі бір мерзімнің төлем  балансы осы уақыт аралығында  төлем мен түсімдердің арақатынасын  көрсетіп, мемлекеттің халықаралық  экономикалық қатынастардағы өзгерістерін  және елдің экономикасының жағдайын  білуге көрсетеді.

      ХВҚ- ның әдістемесі бойынша  құрылатын төлем балансы тек  жүргізілетін түсімдер мен төлемдері  көрсетіп қоймай, сонымен қатар  халықаралық талаптар мен міндеттемелер  бойынша болашақта орындалатын  төлемдерді, яғни есеп айырысу  балансының элементтерін де көрсетеді.

      Есеп айырысу балансы деген  бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге  қойған валюталық талаптары мен  міндеттемелерінің арақатынасы.  Бұндай талаптар мен міндеттемелер  тауарлар мен қызметтерді экспорттау  және импорттау нәтижесінде, сондай-ақ заемдер мен несие бергенде пайда болады. Есеп айырысу балансы екіге бөлінеді:

    1. Белгілі бір күн тізбектік  мерзімнің балансының активтік  тауарлары бір елдің шетел  мемлекеттеріне қойған жаңа талаптарының  сомасымен оның шетелден алған  инвестициясын көрсетеді.

    2. Елдің халықаралық есеп айырысу  позициясын бағалау үшін белгілі  бір мезгімге жасалған есеп  айырысу балансын алған дұрыс.  Ол осы елдің шетелге барлық  талаптары мен міндеттемелерін  қай уақытта пайда болғаны  және қай уақытта өтелуі керектігін  қарамастан олардың арақатынасын көрсетеді.

     Төлем балансы мен есеп айырысу  баланстарының негізгі айырмашылықтары:

      - Төлем балансына тек іс жүзінде  жүргізілген түсімдер мен төлемдер  кіреді; есеп айырысу балансына  елдің шетелге қойған талаптары  мен міндеттемелері кіреді.

      - Есеп айырысу балансында барлық  алынған және берілген несиелер  көрсетіледі, оның ішіне төлем  балансына кірмейтін өтелмеген  несиелер де көрсетіледі.

      - Төлем және есеп айырысу баланстарының  ақырғы сальдосы – активтік  немесе пассивтік – бір-біріне сәйкес келмейді, әдетте олар қарама-қарсы болады.

      -  Төлем балансына тек төленген  экспорт және импорт кіргізіледі,  ал есеп айырысу балансына  болашақта несие алумен төленетін  тауар айналымының төленбеген  бөлігін қамтиды.

    Сөйтіп, төлем есеп айырысу баланстарының бір-бірінен айырмашылықтары көбінесе халықаралық несие қатынастарының дамуымен айқындалады.

        Капитал және несие қозғалыстарының  балансы – ол жеке және мемлекеттік  капиталдарды әкелу мен әкету  бойынша алынған және берілген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсімдердің арақатынасы. Кәсіпкерлік капиталының қозғалысы тікелей шетелдік инвестиция және портфелдік қаржы жұмсау формасында жүзеге асырылады.

      Халықаралық қарыз балансы –  өркендеген және өркендеуші елдердің статикасында кең қолданылатын мәліметтер жиынтығы. Оның есеп айырысу балансына ұқсастығы болғанымен одан қаралатын тауарлардың жиынтығы және кейбір елдердің өз ерекшеліктерімен айрықшаланады.

     Қорыта айтқанда, халықаралық есеп  айырысу балансы (немесе төлем балансы, есеп айырысу балансы, халықаралық қарыз балансы) – макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде айрықша орын алады. Ішкі жиынтық өнім мен ұлттық табысты анықтағанда талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептелінеді.[6,197-203 беттер]

    Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк мекемелері туралы заңындағы 56 бабындағы Валюталық  реттеу және валюталық  бақылауда көрсетілген.

    Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады,шетелдермен  қаржы-валюталық  және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;

    Жасалынған  мемлекеттік шарттарға  сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валютасын  таратады.[7,56-бап] 

   

 

II тарау ҚР валютасының  даму кезеңдері

    2.1 Қазақстан Республикасының  валюта жүйесі 

    Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

       Қазақстан 1992 жылдың щілдесінде  ХВҚ –ға мүше болып кіргеннен  бастап өзінің валюта қатынастарын  Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық  қағидалары мен қордың Жарғысына  сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын  ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргүзумен шұғылдануға еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келін, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылдады.

      Қазақстан Республикасының шетелдермен  жүргізілетін валюталық қатынастарының  негізгі элементтері республикада  қабылданған заңдарда айқындалған.  Олар заңға қоса, «Қазақстан Республикасының  ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шілдедегі заңы; «Банк қызметі туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы заң, сонымен қатар  ҚР Президентінің Жарлықтары, Үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері.

Информация о работе Қазақстан валютасы