Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 19:29, курсовая работа

Краткое описание

“Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ –тың Азамат соғысы жылдары (1861 – 1865 ж.ж.) қағаз долларының (“гринбектердің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай – ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20 – сыншы жылдары жазыла бастады.

Оглавление

Кіріспе ...........................................................................................................3-4


I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................4-6


1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................6-8


1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13


1.3. Инфляция саясаты .................................................................................13-16


II. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары .................................................................16-18


2.1. Инфляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................18-24


2.2. Инфляцияға қарсы күресетін консервативтік әдістер. Инфляциялық таргеттеу .........................................................................................................24-26


2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28


Қорытынды ..................................................................................................28-29


Әдебиеттер тізімі ........................................

Файлы: 1 файл

саясат.doc

— 247.50 Кб (Скачать)

ал қаржы  саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға несиені ұлғайту  еркше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция (бағаның жылдық орташа өсуі 20-40  пайыз өсуі шамасында) сақталып, бірен – саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.

     Үшінші топқа жататын елдер – Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн – жеткілікті деңгейде экономикалық тепе – теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция (1-5 процент) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шет ел валютасының құйылуы зор рөл атқаруда, жұмыссыздық бір қалыпты деңгейде жүруде.

     Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы – бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады.

     Инфляцияны келесідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  1. Инфляциялық  процестің сипатына қарай:
  • ашық инфляция, яғни бағаға ешқандайда кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
  • жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады;
  • инфляциялық шошыну, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
  1. Таралу орнына қарай
  • локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
  • дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
  1. Бағаның өсу қарқынына қарай:
  • баяу инфляция – баға баяу қарқынмен біртіндеп
  • жылына 10% - ғана өседі.
  • орташа инфляция – баға тез қарқынды жылына 20 – дан 200% - ке дейін өседі, ондай баға қарқыны ауыр экономикалық және                              

          әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

  • ұшқыр инфляция – баға жылына 500 – ден 1000% - ке дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша    

        жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда да ақша           

          өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

     Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән болып келеді.

     Инфляция және оның қарқыны статистикалық көрсеткіші – тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.

     Тұтыну бағаларының индексі 275 – ке жуық тауарлар мен қызметтердің аттарын қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

     Инфляциялық процестің дамуының осындай түрі сұраныс түрткі болған инфляция деп аталады.

     Осындай сұраныс инфляциясының дәрежесін мынадай факторлар белгілейді:

  • Экономикалық өсудің орташа жылдық қарқыны;
  • Еңбек нарығының болмысы және толық жұмыспен қамтылу дәрежесі;
  • Жиынтық ұсыныс компоненттерінің динамикасы және өсім қарқыны;
  • Шаруашылық агенттерінің бағаның болашақта қалай өсетінін болжай алатын қабілеті.

     Экономикадағы инфляциялық импульсті жиынтық ұсыныстағы өзгерістер тудыруы мүмкін. Мұнда өндірістің жалпы көлемі төмендейді, ал баға өседі, ұзақ мерзімдегі осы процестің нәтижесі экономикадағы сұраныстың бастапқы өсуіндегідей болады.

     Осындай әдіспен инфляциялық процестің жүруі шығындар түрткі болған инфляция немесе шығындар инфляциясы деп аталады. Мұнда баға дәрежесі өндіріс шығындарының нақты өсуі нәтижесінде және ағымды шығындар өсуін күту нәтижесінде көтерілуі мүмкін.

     Шығындар қысқа мерзімді факторлардың (мысалы жиынтық сұраныстың қысқа мерзімде өсуі) қызметі әсерінің нәтижесінде ғана емес, ол ұзақ мерзімді факторларының қызметтерінің әсерінің нәтижесінде өседі:

  • өндірістегі диспропорциялар мен жекеленген қолайсыз жағдайлардың болуы (құрылымдық инфляция);
  • монополизацияны өсіру бағытындағы нарық құрылымын өзгерту;
  • ұсынысты бұзу немесе жою;
  • еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан артық қарқынмен жалақының өсуі.

     Жиі болатын жағдай – баға және жалақы өсе отырып бір – бірін «жалақы баға» инфляциялық спиральға тартады. Осының көрінісі – бағаның өсуінің есесін қайыру мақсатпен, еңбекшілер жалақының өсуін талап етеді. Пайда нормасы тұрақты болғанда, өндіріс шығындардың өсуі, өнімнің бағасын көтереді. Нәтижесінде, жұмыскерлер номиналдық жалақының одан әрі өсуін тілейді, бұл процесс оралып жүріп отырады. Осындай спиральді жою оңайға түспейді, өйткені сұраныс үнемі өсіп отырады және экономикада жұмыспен толық қамтылу орын алып отыр.

     Әдетте, экономикада сұраныстың өсуі бағаның, жалақының, жұмыспен

қамтудың, өндірістің нақты өсуіне әкеледі. Осы процесс шығындар

инфляциясы  түрін алуы мүмкін, ал шынында, шығындардың  өсуі сұраныстың күшті ықпалы арқылы жүрсе де, практикада инфляцияның  бейнесі екі түрі де бір мезгілде жүріп отырады және бір – біріне әсер етуде болады.

     Сонымен, экономикадағы ақша ұсыныс қарқынының өзгеруі мынадай жағдайларға әкеп соғады:

  • ұзақмерзімдік аспектіде - өндірілген өнімдердің саны өндіріс факторларының шығындарымен және қолданған технологиямен белгіленеді; қысқа мерзімдік аспектіде – егер экспансионистік ақша – несие саясаты күтпеген және болжамсыз сипатта болса, өндірістің нақты көлемі өсуі мүмкін;
  • өндірістің номиналдық көлемі және инфляцияның қарқыны ақшаның ұсынысымен белгіленеді. Статистикалық талдау ақша мен бағаның арасында байланыс барын (көбінесе асинхрондық) дәлелдейді.
 

    1.3. Инфляция саясаты.

     

      Нарықтық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай баға ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

      Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет – етпейді, өйткені өндіруші – кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.

      Жалпы инфляцияның себептері  базистік қатынастардың қарама  – қайшылықтарынан, экономикадағы  үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан,  оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.

      Инфляция сыртқы экономикалық  қызмет тарапынан арандатылуы  мүмкін, бұл – импорталатын және  экспорталатын инфляция. Бірінші  жағдайда ол шетелдік валютаның  шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиландырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

      Экспортталатын инфляция тауарлар  мен қызметтер көрсетуге экспорттық  бағаның көтерілуінен туады, бұл  тұтынушы – елдерде, соның  ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – рыноктердегі үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және комерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

      Инфляцияның көріну нысаны –  ақшаның құнсыздануы менөнімге,  тауарларға және қызметтерге  бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі.

      Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсетуге отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық – заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас теңдеуі арқылы көрінеді:

                                  P x Q = M x V

мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (M – ақша массасы, V – айналыс жылдамдығы) білдіреді.

      Ұлттық өдірістің артуы жағдайында  ұдайы өндіріс процестерінде  материалдық ағындарға қалыпты  қызмет көрсету үшін ақшаның  саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.

      Қазіргі мемлекет қаржы – қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени – ақпараттық мақсаттық,білімге, басқаруға, қорғанысқа, жұмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.

      Тұралаушы экономикада мұндай  шараларды қаржыландыру үшін  шаруашылық жүргізуші субъектілермен  халықтың қарыздар алу жолымен  жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары  сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден – бір көзі қосымша ақша шығару (эмиссия) болып табылады.

      Өндірістік емес сфераны қаржыландыру  міндетіліктермен қатар мемлекет  дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстырмалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъектілерге тура қаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге көрінеді; сондай – ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады.

      Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвистициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

      Инфляцияның дамуында инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын – инвистициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты