Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 19:29, курсовая работа

Краткое описание

“Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ –тың Азамат соғысы жылдары (1861 – 1865 ж.ж.) қағаз долларының (“гринбектердің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай – ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20 – сыншы жылдары жазыла бастады.

Оглавление

Кіріспе ...........................................................................................................3-4


I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................4-6


1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................6-8


1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13


1.3. Инфляция саясаты .................................................................................13-16


II. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары .................................................................16-18


2.1. Инфляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................18-24


2.2. Инфляцияға қарсы күресетін консервативтік әдістер. Инфляциялық таргеттеу .........................................................................................................24-26


2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28


Қорытынды ..................................................................................................28-29


Әдебиеттер тізімі ........................................

Файлы: 1 файл

саясат.doc

— 247.50 Кб (Скачать)

     Екіншіден, инвестициялардың қайнар көзі ретінде тұрғын халықтың қаржы жинауын жанама ынталандыру, осы шаралар жиынтығы “рейганомика”деген ат алды және сол жақтан табанды сыңға ұшырағанына қарамастан тұтастай алғанда табысты болып шықты. Ол нарықтың бәсекелестіктің жандануына, еңбек өнімділігінің артуына жәрдемдесті. Ал бұдан соң инфляцияның “жорғалап” келе жатқан инфляция түрлеріне дейін кемуіне жеткізді.

      Инфляцияны басқаруды жақсарту  және инфляцияға қарсы саясат  шараларының бірі ретінде қазіргі  кезде инфляциялық таргеттеуге  үлкен маңыз беріледі.

       Ұлттық банктің негізгі міндеті  ретінде бағалардың тұрақтылығын  қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидатарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша – кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша – кредит саясатына деген сенімді артырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

      Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа  Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.

      Ұлттық банк рыноктық мөлшерлемелерді  репо мөлшерлемесімен айқындалатын  кейбір дәлізде ұстап тұру  арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшерлемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргеттеу кезіндегі негізгі құралдар ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар.

      Қазіргі уақытта инфляциялық  таргеттеуді енгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық банк 2000 жылдан бастап ақша – кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер –  “базалық инфляция” индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік – құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді.

      Инфляциялық таргеттеуге көшуге  қажетті база жасау үшін Ұлттық  банктің алдында бірқатар мынадай  ірі проблемаларды шешу міндеті  тұр:

      ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;

      өзінің бағалы қағаздар портфелін  ұлғайту;

      бағалы қағаздардың қайталама  рыногын дамыту;

      трансмиссиялық тетіктің үлгісін,  яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;

      инфляциялық таргеттеуді пайдалана  отырып, шешім қабылдау қағидаттарын  іске асыру рәсімін әзірлеу  және т.б. 

   

2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою. 

     Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша – несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шеегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.

      Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.

      Инфляция жекелеген адамдарға, сондай – ақ тұтастай барлық қоғамға өте ауыр зардап әкеледі:

    • халықтың нақтылы ағымдық табыстарын және жеке жинақтауларының нақтылы құндылықтарын азайту;
    • өсуіне деген ынталандырудың өзгеруіне байланысты өндірісті ықшамдау, ұлттық өндірушілер тауарларының бәсекелестігін төмендету;
    • әлеуметтік шиеленісушілік, әсіресе мөлшерлі табыстары бар топтардың арасында;
    • жоғары инфляция бизнесті қауіпті,м ал ұлттық экономиканы басқаруға келмейтіндей етеді.

      Инфляцияның экономмикалық субъектілердің  экономикалық жағдайларына ықпалы  қарама – қайшылықты болып  келеді. Жоғары инфляция бизнеске  қауіп төндіреді және инвестиция  көлемін кемітеді. Әдетте, инфляция  тұрақты табыс алушылар үшін тиімсіз (бюджет сферасындағы қызметкерлерге, несие берушілер және жинақ иелеріне). Бағаның деңгейіне қарағанда табыстары тез өсетіндер үшін оның келеңсіз салдарынан құтыларлықтай мүмкіндік бар. Табыстың кеңейтілген көздері, мысалы, қаржылық активтер мен қозғалмайтын мүліктер, өздерінің иелерін инфляциядан бір мезгілде ұтып та, ұтылып та қалуларына жеткізеді. Инфляция, сондай – ақ, мемлекетке пайдалы да бола алады, мәселен, бюджеттің жетімсіздігін ақшаны бопырлата басып шығару есебінен қаржыландырып, инфляциялық салық алады.    

      Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тәсіл бар: бірі – инфляцияға бейімділікті қарастырса; екіншісі – оның антиинфляциялық шараларын жояды.

     Бейімділік шаралары: табыс индексациясы және баға деңгейін бақылау. Жеке деңгейде табыс индексациясы кәсіподақтың кәсіпкермен ұжымдық келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Табыс индексациясының саясаты мемлекеттік кешенде мемлекеттік қызметкерлердің, студенттердің, зейнеткерлердің, әскерлердің жағдайын, жеке кешендегі адамдармен салыстырғанда нашарлатпау мақсатын қойған.

     Екінші әдіс (жою) – экономикалық құлдырау мен жұмыссыздық өсуі арқылы белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы. Бұл жолдың экономикалық, әлеуметтік шығыны зор. Бірақ нәтижесі, бейімділік саясатына қарағанда тиімді.

     Тәжірибеде көп елдер инфляциямен күрес ретінде “келісімді” жолды таңдайды. Бұл теорияның негізінде жұмыссыздық қозғалысы мен инфляция қарама – қарсы деген тұжырым жатыр.

     Демек, үкімет жұмыссыздықты немесе инфляцияны таңдауы тиіс. Алғашқы номиналдық жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты айқындауға әрекет жасаған Филлипс (1958 ж.). Жұмыссыздық  деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген, бұл АД қисығы (Филлипс қисығы).

     Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл қорытынды қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5 – 10 жыл) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды, бұл тұжырымды кәсіподақтар мен фирмалар жалақы мен бағаны көтере отырып ұрындырады.

     Статистика дәлелдегендей, инфляция 1 % - ке түсу үшін, жыл бойына жұмыссыздық 2 % табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Инфляцияны  түсіру үшін, жұмыссыздықпен өтеу керек деген оймен барлық экономистер келіспейді. Әзірше бұл мәселе бір шешімге келген жоқ.

     Өндіріс стагнациясымен ере жүріп, жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі және бір уақытта бағаны өсіру инфляциясы стагфляция деп аталады.    

     Антиинфляциялық саясат шартты түрде екі типке бөлінуі мүмкін: инфляцияға ыңғайласу және онымен күрес. Бірінші жағдайда табысты индекстеу болжамданады. Алайда бұл шара өте шектеулі, себебі 100% - дық индекстеу “жалақы – бағалар” деген инфляциялық шиыршықты тудыруы мүмкін.

      Күреске қатысты алсақ, оны  жүргізу нұсқаларының ішінен  – естен тану терапиясы деп аталатын әдісті баса көрсетуге болады – қатаң ақшалай несиелік саясат инфляцияны тез басады және айтарлықтай өндіріс құлдырауымен қатар жүреді. Мұнан басқа, мұндай бағдарламалар, әдетте, әлеуметтік бағдарламалар шаруашылық өмірді, бағаны ырықтандыру, мемлекет рөлін шектеу және т.б. есебінен бюджеттің жетімсіздігін азайту жағын қарастырады.

      Инфляция қарқынын біртіндеп  түсіруге бағдар алу, керісінше,  бағаның құрылу, кәсіпкерлікті қолдау, нарықтық инфрақұрылымдарды жасау,  сондай – ақ біртіндеп ақша  массасын шамалап азайту сфераларында мемлекеттің реттеушілік ықпалына арқа сүйейді. 

Қорытынды. 

      Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.

      Реформаның барлық кезеңінде  кейде әсіре инфляцияға айналған  өршімелі инфляция экономикалық  дағдарыстың дәлелді сипаты болып  табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. –  3006% - ды, 1993 ж. 2266% - ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30% мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55% - ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608% - дан 759% - ға көтерілді.

      ҚР Ұлттық банкісі жүргізген  қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18 – 19% деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. – 11,2%; 1998 ж. – 1,9; 1999 ж. – 17,8; 2000ж. – 9,8; 2001 ж. – 6,4% - ды құрады.

      Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

      - ұлттық экономикада өндірістің  терең құлдырауынан болған тауар  тапшылығы;

      - өндірілген өнімдерге энергетиканың,  материалдардың, еңбектің жоғары  мөлшерде жұмсалуы;

      - өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

      - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы,  оны бүркемелеу үшін мемлекет  қағаз ақша шығарады;

      - мемлекеттің өнімсіз шығындарының  жоғары деңгейі; 

      - басқа мемлекеттердегі экономикалық  дағдарыстардың ықпалы.

      Көп уақыттар бойы айналыстағы  ақша массасы мен инфляция  арасындағы тәуелділік экономис  – монетаристердің назарында  болды, солардың ішінде танымал  Милтон Фридмэн де бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс – инфляцияның негізгі факторы болады деп санайды.

      Инфляция процесінің Қазақстандағы  дамуы да осы көз – қарасты  куәландырады. Айналыстағы ақша  массасының өсу қарқыны бағаның  үнемі өсуін ынталандырды. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125%; 1995 жылы - 216% және 160% құрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді.

      Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды – ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білу тәжірибесі бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30 – 40% - дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты