Аудит инвестиции

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Қаржылық инвестициялар есебі 7
1.2. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын занды
тұлғалардың инвестицияларының есебі 10
1.3. Инвестициялар есебі бойынша жүргізілетін есеп
операцияларының негізгі корреспонденциясы 16
2. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2.1. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері 20
2.2. Ұзақ мерзімді инвестициялар аудиті 23
2.3. Қысқа мерзімді инвестициялар аудиті 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 34

Файлы: 1 файл

аудит инвестиции.DOC

— 253.00 Кб (Скачать)

Бизнесті  басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік    және    қаржылық    қызметтерін    жетілдірмейінше    бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.

Нарықтық экономика  жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін  дамыту

мәселесінің   көп   қырлы   болуы   мына   аспектілерді   зерделеу   үшін   бөліп корсетуге мүмкіндік тудырады:

  1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның    бақылаушы - талдамалы    қызметінің    басқа    да    шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;
  2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау, 
    бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, 
    әдістерін     таңдау,     экономикалық     әлеуетті     (потенциалды) 
    пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және 
    шаруашылық    жүргізуші    субъектілердің    қызметін    жақсарту 
    бойынша әзірлеу;
  3. Ұйымдастырушылық:   бизнес  аудитін  жүргізу  мен  жоспарлау 
    механизмдерінің,     құқықтық - нормативтік     және    ақпараттық 
    базалардың    мағынасын    ашы;    аудиторлық    бақылаушы  -талдамалы   қызметтердің   технологиясы   мен    нақты   рәсімін 
    жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу. [8].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.    Ұзақ мерзімді инвестициялар аудиті.

Инвестициялар - бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен субъект ие болған объектілер (мысалы, БЕС 8 „қаржылық инвестиция есебі" коммерциялық есебі нәтижесінде проценттерді, роялтиді, дивидентдерді, жал төлемін, табысты).

Басқа жақтағы  тысқары ұйымдардан құнды қағаздарға, мемлекеттік және жергілікті қарыздардың проценттік облигацияларына, салымдар сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген қарыздар қаржылық инвестициялар болып саналады.

Сонымен, инвестициялар деп экономика салаларына капитал түрінде салынып жұмсалынатын шығындарының жиынтығын айтамыз.

Инвестиция аудиті мақсаты шаруашылық жүргізуші субъекті қолданатын Қазақстан Республикасының тексерілетін кезеңде қолданылатын жүрген құқықтық-нормативтік актілерге, инвестиция есебі бойынша операцияларға салық салу мен есеп әдістемесіне сәйкес белгілеу болып табылады, ол қаржылық есеп берудің анықтығы туралы пікірді барлық елеулі аспектілерде қалыптастыру үшін керек. [9].

Қойылған  мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі қажет:

  1. шаруашылық         жүргізуші         субъектілердің         активтерін 
    инвестицияларға жатқызылу дұрыстығын тексеру;
  2. инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу белгілері бойынша 
    шектеу;
  3. инвестицияларды    есепке    қойғанда   олардың    құнын   дұрыс 
    бағалау;
  4. инвестицияларға       байланысты       операцияларды       есебінің 
    дұрыстығын тексеру;
  5. инвестициялардың синтетикалық және аналитикалық есептерде 
    жүргізу жағдайын талдау;
  6. бухгалтерлік   есеп   пен   қаржылық   есептілікте   шаруашылық 
    операцияларын көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;
  7. инвестицияларды     түгендеу     мен     олардың     нәтижелерін 
    бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету;
  8. инвестициямен   байланысты   операциялар   бойынша  салықтық 
    заңнама талаптарының толық сақталуы.

Аудит объектілері аудитордың алдында тұрған мақсатар мен міндеттемелерге негізделіп анықталады: ұзақ мерзімдік инвестициялар, соның ішінде - еншілес және тәуелді үйымдарға; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, басқа да инвестициялар; инвестицияны артық бағалаудан түскен төленбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен табысы (зияны).

Инвестиция аудитіне аудиттелетін саладағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік кұқықтық актілерді мұқият зерттеу қажет. [10-13].

Қаржылық-инвестициялық операциялар әдетте көп емес, бірақ кейбір мәмілелер көлемі бойынша өте маңызды және елеулі, сондықтан осындай әрбір операцияны жеке зерттеу мен бағдарлаудың ерекше жөні бар. инвестициялардың бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы мәліметтерді алуда ішкі бақылаудың тәуекелділігін алдын-ала бағалау үшін тестілердің ойланып-толғанған жүйесі бар болғаны дұрыс (мысалы №1 кетеде берілген).

 

Инвестицияның ішкі бақылауы мен бухгалтерлік есеп жүйесі жағдайын тексеру

1-кесте.

Зерттеу мәселесі немесе обьектісі

Тексеру қорытындысы

Аудитордың тұжырымдары  мен шешімдері

1

2

3

а) Ішкі бақылау

   

Бағалы қағаздардың  сақталуы мен олар жайлы ақпараттың таралмауына жауапты бөлімше не жеке қызметкерлер анықталады ма?

Бұл мәсесле туралы шаруашылық жүргізуші субьекті басшының бұйрығы  бар.

Бұйрық берілген талаптарға сай.

Инвестицияның және олар жайлы ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар  жасалады ма?

Бағалы қағаздар кассада  сақталады, оларды рәсімдеу мен құжаттауға рұқсат.

Бағалы қағаздардың  сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар  қанағаттанарлық.

Инвестицияны түгендеу жүргізіле ма?

Басшының бұйрығымен тағайындалған түгендеу комиссиясы жыл соңында тек бір –ақ рет жүргізіледі.

Тұтастай түгендеу жүргізу  керек.

Инвестициялы операцияларды  санкциялау тәртібі қалай

Шешімдер директорлар  кеңесі қабылдайды, өкімдерін рәсімделеді.

Ішкі бақылау қанағаттанарлықтай. Атқару мерзімдерін анықтау.

Инвестициялар есебінде кіріске алудың толықтығы мен  уақыттылығын тексеру жүргізілеме?

Іріктемелі бақылау  жүзеге асрылады.

Бақылаудың тәуекелділігі  жоғары. Тұтастай тексеру жүргізу.

б) Бухгалтерлік есеп жүйесі

   

Инвестицияны тиісті топтарға жіктеу жүргізіледі ме?

Иә, ұзақ мерзімді және қысқа  мерзімді  инвестиция  түрлері  бойынша.

Жіктеудің дұрыстығын талдау.

Инвестицияларды шоттарда көрсетудің сызбасы жасалады ма?

Шоттардың жұмыс жоспары  белгіленеді, сызбалары жоқ.

Шоттар корреспонденцияларында қателердің ықтималдығы жоғары.

Инвестициялардың аналитикалық есебі ұйымдастырылады ма?

Аналитикалық есеп инвестиция түрлері бойынша жүргізіледі.

Аналитикалық есептің  регистрлер бойынша мәліметтерін талдап шығу.

Инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есептің мәліметтері қандай мерзімділікпен салыстырады.

Тоқсан сайын.

Мерзімді есептілікте  қателердің болу ықтималдығы жоғары емес.


 

Тестілеу қорытындысы  аудиторға шарушылық жүргізуші  субьектінің қарастырылылатын ішкі бақылау жағдайын бағалауға көмектеседі. Бақылау прцедураларын жоспарлауда аудиторлық тексерудің бағытын айқындап,

іс –қимылдың жүйелі дәйектілігін, қажетті дәлелдер алу  көзін анықтау керек. Аудиторлық тәуекелділігі қысқарту мен нақты  шараларды реттеу мақсатымен арнайы инвестицияларды тексеру бағдарламасын жасау ұсынылады. (2-кесте).

 

Инвестицияны аудиторлық тексерту бағдарламасы.

2-кесте.

Аудит рәсімдері (процедуралары)

Ақпарат көздері 

Инвестиция баланста көрсетудің дұрыстығын тексеру

Баланс, бас кітап

Инвестицияның аналитикалық және синтетикалық есебі мәліметтерінің сәйкестігін тексеру

Бас кітап, 12 –журнал  ордер, бастапқы құжаттар.

Қаржылық инвестицияларды  жіктеудің дұрыстығын тексеру.

Бастапқы құжаттар

Бағалы қағаздардың  бар екендігі мен сақталу орнын  анықтау 

Бағалы қағаздар есеп кітабы, акционерлер реестрі, сату –сатып алу актісі, төлем тапсырмалары, акциялар, сертификаттар, облигациялар, күәліктер, жүк құжаттар және т.б.

Инвестиция құнын бағалаудың дұрыстығын тексеру.

Шарттар, сатып алу  –сату актілері, төлем тапсырмалары, жүк құжаттар.

Бағалы қағаздар алу  жөніндегі бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын тексеру

Бас кітап; 1,2,3,4,6,7,8 журнал –ордерлері;

Бағалы қағаздар сату мен номиналды құны арасындағы айырманы есептен шығарудың дұрыстығын тексеру

Бас кітап; 1,2,3,4,6,7,8 журнал –ордерлері;

Қаржылық инвестициялардың істен шығуын есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 12 журнал –ордер

Басқа заңды тұлғаларға кәсіпорынның қарыз беру заңдылығын тексеру

Шарттар, есеп айырысу  –төлем құжаттары


 

2.3.    Қысқа мерзімді инвестициялар аудиті.

 

Айналымдық  қаражат функционалдық аудитінің  құрамдас бөлігі болып бағалы қағаздарға қысқа мерзімдік қаржы салымы мен басқа кәспорындарға берген қарызды бақылау және талдау саналады.

Осыған байланысты ең алдымен мыналардың дұрыстығын білу керек:

  1. ІІ -бөлімнің „Ұзақ мерзімді активтер" (2040, 2010-2020) шоттары бойынша аналитикалық есеп жүргізу;
  2. бухгалтердік өткізбе құрастыру мен Бас кітаптағы жазбаларға алғашқы 
    құжаттардағы жазбалардың сәйкестігі;
  3. бағалы қағаздардың сату мен атаулы құны арасындағы айырманы 
    есптеп шығару;
  4. есепте бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды көрсету.

Қысқа мерзімді қаржы инвестициялардың функционалдық аудит бағдарламасына келесі жағдайлармен басқару қызметтердің дұрыс орындалуын тексерулерді кіргізілуі керек:

    1. бухгалтерлік  баланста  қысқа  мерзімді  қаржылық  инвестицияларды көрсетуін;
    2. қысқа мерзімді қаржы инвестицияларды бағалау мен қайта бағалауын;
    3. бағалы қағаздарды алу жөніндегі бухгалтерлік жазбалар жүргізуін;
    4. бағалы  қағаздардың  сатып  алу  мен  номиналды  бағасы  арасндағы айырмаы есептеп шығаруын;
    5. еспте   қысқа   мерзімді   қаржы   инвестицияларының   істен   шығуын  көрсетуін;
    6. бағалы қағаздардың синтетикалық есебі мәліметерінің аналитикалық есепке сәйкестігін.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды баланста көрсетудің дұрыстығын тексеру белгілі дәйектілікпен жүзеге асады: баланс - Бас кітап -есептік регистрлер - бастапқы құжаттар. Алынған акциялар, сертификаттар, облигациялар, жасалған салым сомасына күәлік, қарыз берілу туралы шоттар, құнды қағаздарды иелікке алуды растайтын құжаттар болып табылады. Сату-сатып алу актілері, облигацияны өтеу немесе берілген қарызды қайтаруды күәландыратын төлем тапсырмалары және т.с.с құнды қағаздарды сатуды растайтын құжаттар бола алады. Субъектілер есеп саясатын жазғанда „Қаржылық инвестиция есебі" БЕС ұсынатын қаржылық инвестицияны бағалау тәсілдерін міндетті түрде таңдауы тиіс.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы, инвестиция- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа заттарды, яғни капиталды кез келген өндірісті дамыту үшін жүмсап, сол арқылы келешекте пайыз (процент) түрінде немесе басқадай уақыт пен тәуекелге байланысты үлкен кәсіпкерлік табыс табу.

Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар  нақтылық (реальный) жэне қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, қүрылыс) өсуіне, дамуына жүмсалыну үшін салынатын салымдар, ал қаржылық инвестиция - акцияларға, облигацияларға жэне басқадай қүнды қағаздаарға, банктердің депозиттеріне салынған салымдар.

Информация о работе Аудит инвестиции