Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 13:38, реферат
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Қаржылық инвестициялар есебі 7
1.2. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын занды
тұлғалардың инвестицияларының есебі 10
1.3. Инвестициялар есебі бойынша жүргізілетін есеп
операцияларының негізгі корреспонденциясы 16
2. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2.1. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері 20
2.2. Ұзақ мерзімді инвестициялар аудиті 23
2.3. Қысқа мерзімді инвестициялар аудиті 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 34
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
операцияларының негізгі корреспонденциясы 16
2. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
КІРІСПЕ
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Өзектілігі: Бұл жоғарыда айтылған
процеспен екі фактор байланысты
болып келеді, оның біріншісі - уақыт, ал
екіншісі - тәуекелдік. Сонымен
қатар инвестиция экономикалық өсудің
негізі бола отырып, елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен
қатар инвестиция
экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты
қарқынын қалыптастырудың,
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің, инфрақұрылымды
дамытудың маңызды
факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі - жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды.
Ғылыми-практикалық мәні: Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға, банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратын деп түсінген дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды қарастырайық.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкерлердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы нарықта сата алатын
дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) Қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін;
э) Ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер үзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында экономикалық дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі мен маңызы өте зор ерекше. Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:
Мақсаты мен міндеттері: Жоғарыда көрсетілген тақырыптың өзектілігі мен ғылыми-практикалық мәніне орай дипломдық жұмыста Инвестициялардың есебі, аудиті мен талдауына жүйелі зерттеу мақсаты қойылды.
Осыған сәйкес жұмыста мынадай міндеттер алға қойылды: бірінші бөлімде қаржылық инвестициялардан басқа еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі және де олар бойынша жүргізілетін есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы қарастырылды, ал екінші бөлімде ұзақ және қысқа мерзімді инвестициялар аудиті мен инвестициялар тиімділігін талдау мәселесі зерттеледі.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, Қорытынды және Қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ.
Қаржылық инвестициялардың есебі ХҚЕС сәйкес Бухгалтерлік есеп шотының 2-бөлімінде Ұзақ мерзімді активтер бөлімінде жүргізіледі, оларға 2040- "Акциялар", 2020- "Облигациялар", 2010 -"Басқадай қаржылық инвестициялар" шоттары жатқызылады. Бұл аталған шоттардың барлығы да активті шот болып табылады. Бұл шоттардың дебетінде қаржылық салымдардың әрбір айдың басы мен соңындағы қалдықтары жэне инвестициялардың ұлғаю операциялары, кредитіне қаржылық инвестициялардың кемуі, яғни азаюы бойнша операциялар жазылады.
Сатып алынған акциялардың сатып алу қүнына акциялар келіп түскен кезде 2040- "Акциялар" шоты дебеттелініп, мына төмендегі аталған шоттардың тиісті кредиттелінеді 641- "Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге қарыз", 642- "Туынды серіктестіктерге қарыз", 643- "Бірлесіп бақыланатын заңды түлғаларға қарыз"5 3310- "Жабдықтаушылар және ммердігерлермен есеп айырысу", 3210- "Басқа да кредиторлық қарыздар жэне есептеулер", 1050-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақшалар", 1050- "Шетелдік валюталық шоттардағы ақшалар" (Шет мемлекеттердің банкілері мен компапияларының акцияларын алған кезде)5 1040- "есеп айырысу шотындағы ақшалар", 1010-"Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалары", 1020- "Кассадағы шетелдік валютадағы ақшалар".
Қазақстан республикасының ішкі рыногындағы акцияларын алған кезде 2020- "Облигациялар" шотында мемлекеттік және жерплікті заемдардың проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың
нақтылы қолда бары мен қозғалысы көрсетіледі және осындай бағалы қағаздар сатып алу құнымен есептеледі. Жалпы облигациялардың мынадай реквизиттері болуы қажет, аталуы, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері, сатып алушының аты немесе облигацияны талап етушінің тіркелгені (жазылғаны) туралы жазба, нақты құны және пайыздық (проценттік) мөлшері (егер қарастырылған болса), шығарылған уақыты мен орны, өтелу, яғни пайыздарды (проценттерді) төлеу мерзімі, сериясы мен номері, эмитенттің өкілетті тұлғалары қолдарының үлгілері және тағы да басқалары.
Облигацияларды алған кезде 2020- "облигациялар" шоты дебеттелініп, мына төмендегі шоттар кредиттелінеді. 3210- „басқа да кредиторлық қарыздар және есептеулер", 1050-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақшалар", 1040-"Есеп айырысу шотындағы ақшалар ", 1010- "Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалар".
Облигацияларға қаржыларды инвестициялау оның нақты құнының мөлшеріне байланысты анықталған процентті алуға, сондай-ақ облигациялардың нақты құны өтелгеннен кейін өндіріп алуға мүмкіндік береді. Облигацияларды сатып алудың екі түрлі үлгісі бар:
Облигациялардың нақты және сатып алу құны арасындағы айырмашылық амортизацияланудың нәтижесінде облигациялардыц өтелу мерзімінің аяғындағы номиналдық құнына тең болады. Яғни облигацияларда көрсетілген номиналдық бағасынан артық бағаға сатып алудан пайда болған айналым олар бойынша табысты есептегенде шығарылып тасталды. Бұл операция бухгалтерлік есепте былайша жазылады, бағалы қағаздар бойынша
алынуына тиісті табыстың сомасы, яғни 1270- "Есептелген проценттер" шоты дебеттелініп, 6210-"Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар" шоты кредиттелінеді. Сондай-ақ 7470- "Басқа да негізгі емес қызмет бойынша қызмет бойынша шығындар" щоты дебеттелініп, 2020-"Облигациялар" шоты кредиттелінеді.
Олигациялардың өтелуі және сатылуы кезінде төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. 7410- "Бағалы қағаздарды сату бойынша шығындар" шоты дебеттелініп 2020-"Облигациялар" шоты кредиттелінеді.
2020-шотта - "Депозиттік сертификаттар", "бондар", "вексельдер" және тағы да басқалар есептелінеді.
Жалпы бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикалық маңызды элемент болып табылады. Өйткені ол арқылы экономиканың басты саласына шетелдік жэне отандық капиталды тартуға мүмкіндік пайда болады. мемлекеттің макроэкономикалық реттеушісі болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы еліміздегі нарықтық қатынастардың аса ерекше мәселесі больш табылады. [1].
1.2. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестициялық есебі.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі №13 Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес „Инвестициялар" -деп аталатын бөлімшесінің мына шоттарында жүргізіледі:
Еншілес серіктестіктер деп - негізгі серіктестіктің бақылауындағы, яғни қол астындағы серіктестікті айтады. Ал негізгі серіктестік бақылауында, яғни өзінің қол астында бір жэне одан да көп еншілес серіктестіктерді бар серіктестік болып табылады. Егер негізгі серіктестік дауыстың - және одан да жоғары пайызына ие болса, он да оны толық дерлік иелену деп атайды.
Бақылау дегеніміз - басқа серіктестіктің қызметінен пайда табу мақсатында оның қаржылық жэне басқа да саясатын қадағалап отыру қүқығы.
Тәуелді серіктестігі — деп дауыс бере алатын акцияларының - Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес 20% - дан артығына басқа заңды тұлға ие болған серіктестікті айтады.
Тәуелді шаруашылық серіктестіктері - бұл инвестордың айтарлықтай ықпалында болатын серіктестіктер, сондай-ақ еншілес шаруашылық серіктестіктер қатарына және бірігіп бақыланатын заңды тұлғалар қатарына және бірігіп бақыланатын заңды тұлғалар қатарына жатады.
Айтарлықтай ықпал дегеніміз инвестиция салынған субъектінің бақылау мумкіндігін оның қаржы және басқа да саясаты бойынша шешім қабылдануына қатысуы. Үлестік қатысу әдісі – бұл әдіс бойынша инвестиция сатып алған кезде сатып алынған күні бойынша есептелінген, кейін тәуелді шаруашышылық серіктестігінің таза активіндегі өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындауына қарай оның, яғни инвестицияның құны өсіп нмесе кеміп отырады. Инвестордың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындығы немесе зиан ретінде мойындалады. Үлестік қатысу әдісін қолданған жағдайда инвестицияның баланстағы құны инвестициялардың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиандағы үлесінің мойындалған бөлігінде өсіп немесе кеміп отырады және де ол табыс немесе зиян ретінде танылады. Ол жағдайда мынандай бухгалтерлік жазу жазылады, егер табыс болса дебет 2040 –«Тәуелді серіктестіктердегі инвестициялар» шоты, кредит 871-«Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан болатын табыс немесе зиян» шоты, ал зиян болған жағдайда, керісіше дебет 871 – шоты, кредит 2040 – шоты. Тәуелді шарушылық серіктестігінің жинақталған таза табысынан алынатын дивиденттер инвестицияның баланстық құнын көбейтеді және бұл жағдайда төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады: табыс алынатын жағдайда, дебет 1220 –«Еншілес серіктестіктердің дебеторлық қарыздары», 1050 –«Валюталық шоттағы ақшалар», 1040 –«Есеп айырысу шотндағы ақшалар», 1010 –«Кассадағы ақшалар» бас шоттараының тиісті бөлімше шоттары, кредит 2040 –«Тәуелді серіктестіктеріндегі инвестициялар» шоты. Ал зиян шеккен жағдайда, дебет 871- „Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан болатын табыс немесе зиян" шоты, кредит 2040-„Тәуелді серіктестіктердегі инвестициялар" шоты.