Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 08:15, реферат

Краткое описание

Ақша дегеніміз не? Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.

Файлы: 1 файл

Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.doc

— 130.50 Кб (Скачать)

  Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді. Төлемді кешіктіре отырып, сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек, бұл - тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы - несие беруші (кредитор), ал сатып алушы (қарыздар) деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтелгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

  Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді топтастыруға болады:

 а)  тауарларға және көрсетілген  қызметтерге ақы төлеу;

 ә)  еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы,  жәрдемақы төлеу; 

 б)  мемлекеттік қаржы міндеттемелерін  өтеу;

 в)  банктік - мемлекеттік, тұтыну  несиелері бойынша қарызды өтеу;

 г)  сақтандыру міндеттемелерін төлеу; 

 д)  құқықты-сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б. Ақшаның төлем құралы қызметінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктер бұл қызметінде ақша сатып алу-сату процестерін аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүреді.

  Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбіне төлем құралы ретінде қолданылады. Несие қатынастарының дамуы қолма-қол ақшаны қатыстырмастан қарыз міндеттемелерін (мысалы, вексель) өзара есепке алу жолымен өтеуге мүмкіндік туғызады.

  Ақша төлем құралы қызметін орындауына байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәнге ие болады. Атап айтқанда, тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма-қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымға ақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтелетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша (жабдықтаушының шоты бойынша) уақытында төлем түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді (өтеу мезгілі өткен қарыздар, бюджетке төлейтін төлемдер, жалақы бойынша және т.б.төлемдер).

 Сөйтіп, ақшаның төлем құралы қызметі  несие қатынастары мен несие  жүйесін дамытты. Ол - алтын ақшаны  айналыстан ығыстырудың тағы  бір айғағы.

  Ақшаның келесі қызметі - қop жинау және байлық құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдары қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі - бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әр түрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы (Т-А-Т) тоқтап (Т-А) қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап, белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Әрине ақша қорын жинау әр түрлі нақты себептерге байланысты.

       Тауар айналымының үзіліссіз  бірқалыпта жүруі үшін қажетті  ақша мөлшері өзгеріп отырады.  Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша ақша мөлшерін қосып, кейде, керісінше, ондағы ақшаны шығару қажет болады. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі. Көктемде егін егу үшін алдын ала қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу немесе жөндеуден өткізу, тұқым және жанар-жағар майларды дайындау және т.с.с. жұмыстарға ақша қорын жинау керек. Бұл экономикалық себептер. Сонымен қатар пайдакүнемдік, әшекей бұйымдарын жинау, жеке қор жинауға құмарлық, т.с.с. әлеуметтік себептер де ақша жинауға әсер етеді.

  Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне: кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және депозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар, ал екіншісіне: халықтың банктердегі, мемлекеттік облигациялардағы және т.б. салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп, елдің ішкі қажеттілігін өтеуде толық құны жоқ ақша, яғни қолма-қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.

  Ал, толық құнды ақша (алтын) материалданған құн ретінде жалпы байлықтың өкілі болып табылады. Мұның мәнісі, ақшаның байлық құру құралы қызметін тек толық құнды ақша ғана: алтын құймалары, одан жасалған әшекей бұйымдары, сонымен қатар қымбат тастар атқарады. Бұндай қор - елдің байлығының көрінісі. Байлық мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде стихиялы құбылыстар кезінде жұмсалады.

 Қорыта  айтқанда, ақшаның қор жинау және  байлық құру құралы қызметі  арқылы ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу процестері  жүреді.

  Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар - ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша "өзінен ұлттық мундирін шешіп", яғни алтын құймасы (995 сынама) формасында айналысқа түседі. 1867 ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезден алтын дүниежүзілік ақша ретінде танылып, үш түрлі бағытта қолданылды. Атап айтқанда:

 •  бүкіл елдерде ортақ төлем  құралы, яғни халықаралық төлем  құралы ретінде ақша халықаралық  төлем балансы бойынша есеп  айырысуда қолданылады;

 •  бүкіл елдерге ортақ сатып  алу құралы, яғни халықаралық  сатып алу құралы ретінде шетелдерден  қолма-қол ақшаға тікелей тауар  сатып алғанда жүреді. (Мысалы, егін  шықпай қойған жылдары - астық,  қант және т.б);

 •  қоғамдық байлықты материалдандыру  құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция (соғыста жеңілген мемлекеттің жеңіп шыққан мемлекетке төлейтін соғыс салығы) салығын төлегенде, репарация (жеңілген елдің жеңген мемлекетке соғыс зиянын түгел, ия жартылай төлеуі) зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.

  Дегенмен, тіпті алтын стандартты ақша жүйесі кезінде де ағымдағы халықаралық есеп айырысу алдыңғы елдердің ұлттық валютасымен жүргізілді. Халықаралық төлем айналымында негізінен несие құралдары жүрді. Мысалы, 1913 ж. Халықаралық есеп айырысудың 80 проценті ағылшындық фунт стерлингпен толтырылған аударым векселімен жүргізілген, ал халықаралық есептесудің сальдосын (қалдығын) өтеу үшін ғана алтын қолданылған

  Әлемдік байланыстардың интенсивтендірілуі және несие қатынастарының дамуы, сонымен бірге әлемдік бірыңғай банкнотаның жоқтығы халықаралық айналымға алтынның орнына кейбір ұлттық валюталарды енгізуге мәжбүр етті. 1922 ж. Генуяда өткен бірінші Халықаралық келісімде ағылшынның фунт стерлингі және АҚШ-тың доллары алтынның эквиваленті деп жарияланып, халықаралық айналымға енгізілді. Екінші келісім 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) қабылданып, онда соғыстан кейінгі валюта жүйесінін негізі бекітілді. Бұл келісім АҚШ-тың долларына және фунт стерлингке резервтік валюта статусын берді. Одан кейін дүниежүзілік ақшаның жаңа формалары пайда болды: СДР - Халықаралық валюта қорының арнаулы есеп айырысу (ақша) өлшемі (1970 ж.), ЭКЮ - аймақтық халықаралық есеп айырысу өлшемі (1979 ж.), оны Еуропа валюта жүйесіне мүше мемлекеттер қолданады. Ал 1999 жылдың 1 қаңтарында енгізілген жаңа валюта - еуро бірте-бірте ЭКЮ-ды айналыстан ығыстырады деп күтілуде.

  Айта кететін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.

  Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілерінің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:

  Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие қатынастарында жоғары үлесті салмағы бар.

  Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.

  Бір сөзбен айтқанда, экономикасы дамыған және әлемдік нарықтағы тауарларының үлес салмағы қомақты мемлекеттердің ұлттық валютасы дүниежүзілік ақша ретінде жүреді. Бұған қоса, белгілі бір ұлттық валютамен бірге алтын орнына жүретін есеп айырысудың әр түрлі құралдары пайда болуда. Қазір дүниежүзілік несие ақшаларының жобасы қарастырылуда деген пікірлер де кездеседі.

  Алайда, дүниежүзілік ақша ретінде тек алтын танылғасын халықаралық есеп айырысу құралдары алтынға еркін айырбасталуы тиіс. Бұл қасиеттің болмауы дүниежүзілік төлем қатынастарының дағдарысын көрсетеді.  

1-сұлба.  Ақшаның қызметтері. 

 ІІ. Ақша теориясы және ақшаның  экономикадағы ролі 

2.1 Ақшаның  қажеттілігі және оның экономикалық  маңызы  

  Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша - кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір-бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

  Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл-ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп таниды. Осы кезге дейін шығарылған барлық дүниежүзілік алтын 90 мың тоннаға жуық болған. Осы мөлшердің 60 мың тоннадан астамы XX ғ. шығарылса, ал оның тең жартысына жуығы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шығарылды.

  Осы және басқа да бірсыпыра себептерге байланысты әлемде біртіндеп алтынды ақша материалы ретінде қолдану тоқталды.

 Әйтсе де шаруашылықта алтынды қолдану үнемі ұлғаюда. Ол әр түрлі салаларда - электроникадан бастап, зергерлік іске дейін - бірнеше микрондық қалыңдықпен, біресе тоғандау үшін құйма түрінде қолданылады. Мысалы, тек циферблатының диаметрі 6 м болатын Кремль куранттарын қалыңдығы 3 мк алтынмен жалатуға 26 кг алтын жұмсалады екен .

 Ал  электронды есептегіш және компьютерлік  техника, механиканың дәл аспаптары,  синтетикалық талшықтар және  т.б. алтын қосындысыз болуы  мүмкін емес.  

2.2 Ақша теориясы  және оның эволюциясы. 

  Ақшаның өндіріспен байланыстылығы талайдан белгілі. Ақша кез келген экономикалық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Ақшаның ролін бағалау және экономиканың дамуына ақша жүйесінің әсерін пайымдауға байланысты бірнеше ақша теориясы бар.

 Үш  ақша теориясын атап айтуға болады – металдық, номиналдық и сандық.

 Металдық  ақша теориясы. Бұл теория Англияда  капитала бастапқы шоғырлануы  тұсында XVI – XVII ғғ. пайда болды.  Металдық ақша теориясыныңы негізін  салушылардың бірі У.Стаффорд (1554- 1612).

 Бұл  теорияны мақұлдаушылар ақшаны қағаз ақша түрінде болғанын қаламады.

  Меркантилисттер металдық ақша теориясының бастауында тұрғандар болып табылады, сондықтан бұл ағымға біршама тоқталғанды жөн көрдім.

 Меркантилизм (итальян тілінен аударғанда «мирканте» - көпес, саудагер) ақша теориясының дамуындағы бір саты болғаны анық. Меркантилизм феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (1518 ғғ.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Бұл бағыттың өкілдері (Т.Ман 1571-1644 ж.ж), Ж.Б.Кольбар (1619-1683 ж.ж), Д.Юм (1711-1776) қоғам байлығы тек саудада ғана пайда болады деп санады. Бұл тұжырымдар кездейсоқ болған жоқ. Олар капиталдың алғашқы жиналымына, яғни халықаралық саудаға сәйкес келді. Мұнда тауарлар бір елде төмен бағаға сатып алынып, басқа елде жоғары бағамен сатылды. Сондықтан, меркантилисттер мемлекетке сауданы кеңейтіп, елдегі алтын қорын толтыруға кеңес берді.

  Металл ақшаға алтын мен күміске деген қажеттілік үстем экономикалық ілім меркантилизмнің теоретикалық қалыптасу бағытын анықтады.

  Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты.

 Бұл ілімді қолдаушылар ұлттың өркендеуінің негізі алтын қорларының болуында деп бекітті. Ақша құралдары (алтын, күміс түрінде) әскерді ұстауға мүмкіндік береді, мемлекет басшысының басқарушы ретіндегі дәрежесін күшейтеді, алтынның қордалануы отарлау соғыстарын жүргізуге, фабрикалар (мануфактуралар) салуға, жаңа жұмыс күшін қалыптастыруға себепші болады.

Информация о работе Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы