Развитие животных в ювинильный период

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 11:28, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.

Оглавление

Кіріспе
1 Аналитикалық шолу
1.1 Дәрілік өсімдіктерге тарихи және әдеби шолулар мен
зерттеу бағытын таңдау 6
1.2 Дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинау әдістері 10
1.3 Дәрілік өсімдік түкті эрваның емдік қасиеті 12
1.4 Дәрілік өсімдік түкті эрваның сапасын
анықтаудың физико – химиялық тәсілдері 15
1.5 Дәрілік өсімдіктерден дайындалатын қоспаларды дайындау 18
1.6 Патенттік ізненіс анализдері 22
2 Ғылыми зерттеу бөлім
2.1 Зерттеу жұмысын жүргізу 25
2.2 Тәжірибе әдістемесі 28
2.3 Тәжірибе нәтижесі және оларды талқылау 30
Қорытынды 38
Әдебиеттер тізімі 39

Файлы: 1 файл

Дәрілік өсімдіктерге.docx

— 64.44 Кб (Скачать)

Витаминдер  – организм тіршілігіне өте қажетті  органикалық зат. Оның аз ғана мөлшерінің өзі адам, жан-жануар тіршілігінің өсіп-жетілуіне  мүмкіндік туғызады. Организмдердегі  зат алмасуда белок, углевод, май  секілді тағамдақы заттарды сіңіру процесін реттеуге өте үлкен қызмет атқарады. Витамин жетіспеген уақытта  организмдегі зат алмасу процесі  бұзылып, жалпы мүшелер функцияларының жұмыс істеу қабілеттілігі нашарлайды. Қазіргі уақытта табиғатта 30-дан  астам витаминдер бар. Олардың көбң осы дәрілік өсімдіктерде кездеседі. Бұлардан басқа өсімдік құрамында  қызғылт сары түсті каротин, фитонцидтер, кверцетин сияқты заттар бар. Жоғарыда аталған заттардан басқа тіршіліктің негізгі эликсирі –ферменттер туралы айта кеткен де жөн. Өйткені, ферменттер организмдегі биологиялық катализатор, оларсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес. Организмдегі химиялық өзгерістерді реттеу, бағыттау және шапшаңдату тек солардың қызметтерінің арқасында болып отырады. Тағамдық заттардың адам организміне тез сіңірілуіне осы ферменттердің әсері барекендігі ертеден белгілі болған. Мексиканың ежелгі тұрғындары етті пісірудің немесе қуырар алдында, оны қауын ағашының жемісімен үйкелеп, содан кейін сол ағашжапырағымен орайтын болған. Себебі, осы әдіспен пісірілген ет өте жұмсақ және сіңімді болады. Соңынан бұл жағдайды зерттеп қараса, жаңағы қауын ағашында папаин протеазасы мен химопапаин ферменттерінің сіңімділігі артатыны анықталды. Қауын ағашының осындай қасиеті жөнінде ел арасында аңыз бар. Қауын ағашын тағамға пайдаланғаннан тез өседі әрі керемет күшті болады деп ойлаған бір жас жігіт піскен күрішке қауын ағашының жапырағын қосып, сол ағаш түбінде отырып жей береді. Келесі күні сол жігіттің жолдастары жігітіміз қандай болды екен деп келсе, ағаш түбінде қалған бір топ сүйектерді көреді. Яғни қауын ағашының жапырағындағы етті жұмсартатын фермент – жаңағы жігітті түгелдей ерітіп жіберіп, тек сүйектерін қалдырған екен дейді.

Өсімдік организміндегі керекті заттар негізінен  осы ферменттердің күші арқылы пайда  болады. Ал ферменттердің өздері тек  қана белоктан тұрады. олардың организм ішіндегі химиялық процестерді жүргізу  жұмысы температураға байланысты. Ферменттердің  катализаторлық қасиеттері 470С ыстықта төмендейді, ал 540С болғанда тоқтайды. Бұдан біз қорек етіп жүрген заттарымыз шикі күйінде ондаған ферменттер түгелдей сақталады деген қорытынды шығады.

Осыған  байланысты жалпы өсімдіктерден  әзірленген тағамдарды (салат, шырын  т.б.) сол күйінде пайдаланғанда  ондағы емдік қасиетті органикалық  заттар адам организміне бұзылмай көбірек  мөлшерде сіңілетіні анық.

Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әсерлі заттардың тағы бір тобы – микроэлементтер. Бұлардың қатарына жажатындар – калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор, иод  тағы басқалары. Тек теңіз капустасының өзінде ғана 59-данастам осындай элементтер бар. Бұл микроэлементтер адам организміне  өсімдіктен жасалған тағамдар арқылы енген уақытта әр түрлі ауу\ру процестерін тоқтатуға көмектеседі.

Мысалы, кәдімгі қияр шырынындағы калий  қан қысымын реттеуге, ал бақбақ шырынындағы магний сүйекті беріктендіруге әсерлі.

Дәрілік өсімдік түкті эрваның  құрамындағы  әсерлі заттардың тағы бір тобы –  микроэлементтер. Бұлардың қатарына жажатындар – калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор, иод тағы басқалары. Тек теңіз  капустасының өзінде ғана 59-данастам осындай  элементтер бар. Бұл микроэлементтер  адам организміне өсімдіктен жасалған тағамдар арқылы енген уақытта әр түрлі ауу\ру процестерін тоқтатуға  көмектеседі. Сонымен қатар эрваның биологиялық құрамын анықтауда эфир майлары да үлкен қызмет атқарады. Эфир майлары - өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті хош иісті жеңіл, ұшатын зат. Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелеріне ыссы су, болмаса бу арқылы айдалынып алынады. Эфир майы өсімдіктердің 2000 астам түрінде кездеседі. Бұл өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол өсімдіктердің биологиялық өсіп-өну кезеңіне және ауа райының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Эфир майы, әсіресе әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазағ – ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады.

 

Кесте 2 - Түкті эрваның даму мен  өсу динамикасы

 

Мерзім

Ұзындығы, см

Диаметрі, см

Р1

Р2

30.06

5,8±1,1

6,7±1,8

6,6±1,5

12.07

9,5±1,7

9,2±1,9

6,8±1,2

20.07

15,0±2,2

15,0±2,0

7,5±2,1

2.08

31,0±2,5

31,0±2,8

14,0±2,3

5.09

51,4±2,0

47,7±2,5

42,1±2,1

5.10

95,0±2,6

65,1±2,4

57,8±2,5


 

 

1.5 Дәрілік өсімдіктен дайындалатын  қоспаларды дайындау 

 

Әр түрлі өсімдіктердің емдік  мақсатта жиналған бөліктерін уақтап, турап, әр түрлі қоспа жасап, оларды емдік мақсатта қолдану ел арасында ертеден таралған. Қазіргі уақытта, фармацевтік фабрикаларда дәрілік  өсімдіктерден жасалған қосындылар дәріханаларда  сатылады. Дегенмен қолда бар өсімдіктерден жасалған қосындылар дәріханаларда сатылады. Дегенмен қолда бар өсімдіктерден үй жағдайында керекті қоспаларды жасап, пайдалануға болады. Олар төмендегідей топтарға бөлінеді:

Тыныс органдары ауырғанда пайдаланатын қоспалар:

1) жалбыздіктен тамырының екі  бөлігі, өгейшөп жапырағының екі  бөлігі, жұпаргүл шөбінің бір  бөлігінің қосындысы. Осы қосындының  бір ас қасығына екі такан  қайнатып тұрған су құйып, шай  демдегенде қайнатады. Сонан соң  20 минут тұндырып араға үш сағат  салып стаканның ¼ бөлігін  ішуге болады;

2) жалбызтікен тамырының екі  бөлігінің, өгейшөп жапырағының  екі бөлігінің, жұпаргүл шөбінің  бір бөлігінің қосындысы. Осы  қосындының бір ас қасығына  екі стакан қайнаған ыссы су  құйып, шай демдегендей қайнатады.  20 минут тұндырып дәкемен зүзіп  алады. Осы тұнбаны жылы күйінде  екі мезгіл жарты стаканнан  немесе оның ¼ бөлігін ішеді.  Ол адамның тамаққа тәбетін  арттырады және қақырық түсіруге  көмектеседі;

3) жалбызтікеннен  тамырының бір бөлігін, құлқайыр  шөбінің бір бөлігін, салаубас  гүлінің бір бөлігін, аюқұлақ  гүлінің бір бөлігінен қосынды  жасайды. Осы қосындының екі  шай қасығына бір стакан (200 мл) қайнап тұрған су құйып, шай  демдегенде қайнатады. Суытылғаннан  кейін дәкемен сүзіп алады.  Осы тұнбаны күніне үш рет  жарты стаканнан ішуге болады.

Асқазан ауырғанда пайдаланылатын қоспалар:

1) итшомық  қабығының екі бөлігін, анис  дәнінің екі бөлігін, мыңжапырағының  бір бөлігін мия тамырының  үш бөлігін алады. Осы қосындының  екі шай қасығына бір стакан  қайнап тұрған су құйып, он  минут баяу отқа қойып қайнатады.  Содан кейін дәкемен сүзіп,  таңертен және кешке жарты  стаканнан ішеді. 

2) итшомырт  қабығының алты бөлігін, мыңжапырақ  жапырағының екі бөлігінің, қалақай  жапырағынының екі бөлігін қосады. Осы қосындыны бір ас қасығына  екі стакан ыссы су құйып,  он минут қайнатады. Сондан  кейін дәкемен сүзіп, түнде  жатар алдында 0,5 және 1 стаканнан  ішеді. 

3) шаянмойын  қабығының үш бөлігі, қалақай  жапырағының үш бөлігі, жусан  бөлігінің үш бөлігі, шүйгін шөп  тамырының қосындысы. Осы қосындының  екі ас қасығына екі стакан  қайнап тұрған су құйып, он  минут қайнатады. Қайнап болғаннан  кейін дәкемен сүзеді. Суытылып  таңертен және кешке жарты  стаканнан ішеді. 

4) итшомырт қабығының үш бөлігі  қалақай жапырағының екі бөлігі, мыңжапырақ шөбінің екі бөлігінен  жасалған қосындының екі ас  қасығына бір стакан ыссы су  құйып, шай демдегендей қайнатады.  Жиырма минут тұндырып алады  да дәкемен сүзіп алады. Осылай  дайындалған тұнбаның жарты стаканын  және ¾ бөлігін түнде жатар  алдында ішеді. 

5) қалақай  жапырағының үш бөлігі, итшомырт  қабығының үш бөлігі, жалбыз жапырағының  екі бөлігі, иір тамырының бір  бөлігі, шүйгін шөп тамырының  бір бөлігінің қосындысы. Осы  қосындының екі ас қасығына  бір стакан қайнап тұрған су  құйып, он минут қайнатады.  Қайнап болғаннан кейін дәкемен  сүзеді. Осылай әзірленген тұнбаны  түнде жатар алдында жарты  болмаса бір стаканнан ішеді. 

6)  жанаргүл  шөбінің төрт бөлігі мен мыңжапырақ  жапырағының қосындысының бір  бөлігі. Осы қосындыны бір ас  қасығына бір стакан ыссы су  құйып, шай демдегендей қайнатып, біраз тұндырып дәкемен сүзіледі. Осылай дайындалған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын бір- екі ас  қасықтан ішеді.       

7) итшомырт  қабығының үш бөлігі, қалақай  жапырағының үш бөлігі, жусан  бөлігінің үш бөлігі, шүйгін шөп  тамырының қосындысы. Осы қосындының  екі ас қасығына екі стакан  қайнап тұрған су құйып, он  минут қайнатады. Қайнап болғаннан  кейін дәкемен сүзеді. Суытылып  таңертен және кешке жарты  стаканнан ішеді.

8) қандыағаш  қабығының екі бөлігін, анис  дәнінің екі бөлігін, мыңжапырағының  бір бөлігін мия тамырының  үш бөлігін алады. Осы қосындының  екі шай қасығына бір стакан  қайнап тұрған су құйып, он  минут баяу отқа қойып қайнатады.  Содан кейін дәкемен сүзіп,  таңертен және кешке жарты  стаканнан ішеді. 

Тамаққа тәбет арт ыратын қоспалар: 1) жусан шөбінің бір бөлігі мен субеде жапырағының бір бөлігінің қосындысы.Осы қосындының екі шай қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып, шай демдегендей қайнатып, дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдында жарты стаканнан ішеді.

2) жусан  шөбінің екі бөлігі мыңжапырақ  жапырағының екі бөлігі бақ-бақ  тамырының бір бөлігінің қосындысы.  Осы қосындыны бір ас қасығына  бір стакан қайнап тұрған су  құйып, шай демдегендей қайнатады.  Дәкемен сүзіп алынған тұнбаны  тамақтанудан 15-20 минут бұрын бір  екі ас қасықтан ішеді. 

3) жусан  шөбінің төрт бөлігі мен мыңжапырақ  жапырағының қосындысының бір  бөлігі. Осы қосындыны бір ас  қасығына бір стакан ыссы су  құйып, шай демдегендей қайнатып, біраз тұндырып дәкемен сүзіледі. Осылай дайындалған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын бір- екі ас  қасықтан ішеді.       

4) жусан шөбінің үш бөлігі  мен мыңжапырақ жапырағының қосындысының  бір бөлігі. Осы қосындыны бір  ас қасығына бір стакан ыссы  су құйып, шай демдегендей қайнатып, біраз тұндырып дәкемен сүзіледі. Осылай дайындалған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын бір- екі ас  қасықтан ішеді.       

  5) жусан шөбінің бес бөлігі  мен мыңжапырақ жапырағының қосындысының  бір бөлігі. Осы қосындыны бір  ас қасығына бір стакан ыссы  су құйып, шай демдегендей қайнатып, біраз тұндырып дәкемен сүзіледі. Осылай дайындалған тұнбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын бір- екі ас  қасықтан ішеді. 

Тамақ ауруына  жасалып пайдаланылатын қоспалар:

а) емен қабығының алты бөлігі, жұпаргүл шөбінің  төрт бөлігі, жалбыз тікен жапырағы немесе тамырының екі бөлігінің  қосындысы. Осы қосындының 2 ас қасығына бір стакан қайнап тұрған су құйып, қайнатады. Содан кейін 10-15 минут  тұндырып, дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған  тұнбамен жылы күйінде күніне бірнеше  рет шаю керек;

б) шалфей жапырағының бір бөлігі, құлқайыр гүлінің бір бөлігі мен бузина гүлінің бір гүлінің қосындысы. Осы қосындының жарты шай қасығын  бір стакан ыссы су құйып қайнатады. Тұнбаны жылы күйінде тамақ шаюға  пайдаланады.

Зәр айдайтын қоспа түрлері:

а) толокнянка жапырағының үш бөлігі, гүл кекіре гүлінің бір бөлігі қоспасының бір  ас қасығының үстіне бір стакан қайнаған ыссы су құйып, 15 минут тұндырып, дәкемен  сүзіп, бүйрек ауырғанда тамақ алдынан 20 минут бұрын күніне 3-5 рет бір  ас қасықтан ішу керек;

б) толкняк  жапырағының төрт  бөлігі, құлқайыр гүлінің екі  бөлігі мен қара мия  тамырының бір бөлігі  қосындысы. Осы қосындының жарты шай қасығының  бір стакан ыссы су құйып қайнатады.

    в)  күлгін эхинацея жапырағының  екі бөлігі, қырық буын шөбінің  екі бөлігі, бидайық тамырының  бір бөлігі. Осы қоспаның екі  ас қасығына бір стакан қайнаған ыссы су құйып, 15 минут тұндырып, сүзеді. Дәрігердің белгілеуімен ішеді.

г) түкті эрва гүлінің төрт бөлігі, аюбалдырған тамырының үш бөлігі, гүл кекіре гүлінің үш бөлігінен  дайындалған қоспаның бір ас қасығына екі стакан қайнаған ыссы су құйып, 15 минут тұндырып, дәкемен сүзіп  алады, дәрігердің кеңесі бойынша ішеді.        

 

1.6 Патенттік ізденіс анализдері

 

(21) 96101126/14     

(22) 30.01.96

(46) 27.03.99. Бюл. №9

(72) Бенчаров  Ю.В.

(71) (73) Бенчаров  Юрий Владимирович.

    1. SU 1794454 А1, 1997. SU 1659054 А1, 1988.

(98) 121165, Москва а/я 115,000 “ЮСПИС”.

(54) Дененің  сыртына қолданылатын фитотерапевтикалық  дәрілер.

  1. Бұл жаңалық, медицина саласында дененің сыртқы жағын емдеуге қолданылады. Бұл жаңалықтың маңызы, бұл дәрінің құрамының 10 бөлігі суда еритін фракциялардан, мәселен сулы спирттен, сулы аммиак экстрактынан және аралас өсімдік компоненттерінен тұрады. Маралий және Марьин тамырлары, шүйгіншөп тамырынан т.б. көптеген дәрілік шөптерден жасалынады. Суда еритін фракциялардың барлығын Байкал суында ерітеді. Терапевтикалық емдеу тиімділігі: суланып тұрған, іріңдеген жараларға күйікке өте жақсы әсер береді. Фототерапевтикалық дәрі ретінде маздардың, лосьон, кремдердің құрамына кіреді;

Информация о работе Развитие животных в ювинильный период