Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 18:34, курсовая работа
Меншік экономикалық ресурстарды және тұтынушылық игіліктерді иелену үшін экономикалық агенттердің қатынастары болып табылады. Нақты анықтылық меншік құқықтарын бөлудегі өзгерістерге қарағанда, нарықтық экономиканың қызмет атқаруында түбегейлі мағынаға ие болады. Осы заманғы экономикалық әдебиеттерде меншік құқықтарының айқындылығы мен тұрақтылығы экономикалық өсудің басты факторы ретінде қаралады және тікелей сәтті экономикалық дамуымен байланыстырылады. Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншікке негізделген.
Кіріспе 3
1 Экономикалық категория ретіндегі жеке меншіктің мазмұны 5
1.1 Жеке меншіктің түсінігі және формалары 5
1.2 Жеке меншіктің қалыптасу тарихы 6
2 Жеке меншік құқығы мен жекешелендіру 9
2.1 Жеке меншік құқығының конституциялық концепциясы 9
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және жеке меншіктің даму жағдайлары 13
3 Жеке меншіктің экономикадағы орны мен рөлі 19
3.1 Өндіріс саласындағы жеке меншік 21
3.2 Жеке меншікті қорғаудың қауіпсіздік мәселелері 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Эксперттік институт мәліметтері бойынша, 1993 және 1994 жылдары ең маңызды проблема деп басшылардың 61% — қаржы, 13%— өткізім, ал 7% жабдықтау деп есептеді. Кәсіпорын басшыларының шағымдары қаржылық салаға бағытталды, сонымен қатар басқа да проблемалар қаржылық қиындықтардан туындады. Соның ішінде кәсіпорынның экономикалық жағдайын ауырлататын ең қиын проблемалардың ішінен бірінші орынға салықтар шықса, ал екінші орында – шикізатқа, материалдарға баға өсуінің жалғастырылуы. Үшінші орында – шаруашылық байланыстардың бұзылу проблемасы.
Шаруашылық байланыстардың бұзылуы бір-бірімен өзара байланысты фактордың екі тобымен түсіндірілген. Бірінішісі - бұл берілген салалардың өзіндік факторлары: ТМД-да шаруашылық байланыстардың бұзылуы, салалардағы және бірлестіктердегі технологиялық байланыстардың үзілуі, дәстүрлі жеткізушілерді жоғалтуы, шикізаттың кейбір түрлеріне тапшылықтың болуы. Екінші тобы – қаржы саласындағы факторлар: жеткізілімдер ақысын төлеуге қаражаттың болмауы, есеп айырысу мен төлемдердің кешігуі, соңғы өнімін жүзеге асыру үшін шарттары бойынша қол жетпейтін шикізаттың және жинақтамалардың бағалары. Өткізімдерге байланысты көптеген қиындықтарды басшылар тәртіпті өзгерту белгісі ретінде қабылдамайтыны өте қызық. Директорлардың санасында «сұраным» және «төлем төлеуге қабілетті сұраным» деген екі ұғым бөлінген, яғни тұтынушыларға бүгін өнім керек, бірақ соңғыларының оны төлеуге қаражаты жоқ.
Сонымен, сарапшылар кәсіпорын қызметін, еңбек ұжымының сақталуымен байланысты жағдайларды және өзінің тіршілік етуін қолдауға тырысу ретінде қарастырады. Кәсіпорынның 58% үшін бұл негізгі мақсаттардың бірі болып қалды. Сонымен қатар көптеген басшылар үшін басқа да мақсаттар маңызды болып табылады. Жекелей алғанда, кәсіпорынның пайдалылығын көбейту сияқты классикалық нарықтық уәждемені басшының 27% атап өткен. Нарықтық қатынастың 1/3 субъектісі негізгі міндет ретінде кәсіпорынның пайдалылығын көбейту, жалақының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету. Кейбіреулері мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтуді негізгі мақсат ретінде көздейді.
2 Жеке меншік құқығы мен жекешелендіру
2.1 Жеке меншік құқығының конституциялық концепциясы
30.08.1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке меншік бірнеше нормаларда көрсетілген. Салыстыру үшін: 28.01.1993 жылы ҚР Конституциясының 45 бабында тек «меншіктің көпүлгілік формалары» туралы еш түсіндірілусіз айтылған.
Азаматтық айналымды нарықтық шаруашылық дәуірінде әділетті құқықтық реттеудің алғашқы шарты болып меншіктің әртүрлі формаларының тең қорғанысы табылады. Маңызды тепе-теңдік Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабының 1 тармағында бекітілген. Мемлекеттік және жеке меншігінің құқықтық тәртіптемесін теңестіре отырып, заң шығарушы меншіктің қатысты формаларын қарсы қояды. Қарсы қоюшылықтан априори туындайды: егер азаматтық құқықтың барлық субъектілеріне ҚР Конституциялық кеңесінде көрсетілгендей өз қызығушылықтарын сотта қорғаудың бірдей процессуалды мүмкіндіктері және міндеттемелер бойынша меншіктік жауапкершіліктің ұқсастығының шаралары танылады. Осы қағиданың трактовкасы түсіндіруді қажет етеді, 03.11.1999ж № 19/2 берілген ҚР Конституциялық үкімінің уәждемелік бөлінеді: «Мемлекеттік және жеке меншіктің тең қорғануының конституциялық талабының шарты, сонымен қатар мемлекеттік және жеке меншіктің оларға заңнамамен рұқсат етілген және қол жетімділігінде қорытындыланады, бір құқықтық тәртіптемеге жариялылықта да (салықтар, т.б.), жекеде де (келісімдік қарым-қатынас, т.б.) салаларда бағынады». «Бір құқықтық тәртіптеме» тұжырымдамасы екі мүмкін болатын нәтижелік мағына береді.
Біріншіден, жеке және мемлекеттік меншікті қорғаудың «бір құқықтық тәртіптемесі». «Қорғаныс» сөзі, нормативті үнемдеу ойынан өткізілуі мүмкін, бірақ мағынасына қарай шешілуі және дәйектелген фрагментте тұспалдануы тиіс. А.С. Пиголкин және Е.М. Сморгунова жазады: «Нормативті-құқықтық нұсқаманы мазмұндаудың нақты талаптарында, әрине нормативтік актілердің мәтінінде тілдер құралын пайдаланудың үнемділік қажеттілігі туындайды. Бос сөз, шыншыл емес қайталаулар, заттарды сипаттау және түсіндіру кезіндегі көпсөздік - осының бәрінен заң шығарушы қашқақтау керек».
Екіншіден, «құқықтық режим» терминін жеке және арнайы ретінде жеке мемлекетке қатысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тәртібі ретінде немесе егер қаулыда ұлттық заңды жүйе ретінде оңайлатылған түзетуге толық жол берілген болса шартты түрде түсінуге болады. Яғни, заңдылықтың нормалары азаматтық айналымның барлық қатысушыларына активтерінің көлеміне, әлеуметтік беделіне, қызметтерінің мақсаттары мен басқа да жеке белгісіне қарамай бір деңгейде таралады. Қазақстанның заңдылық жүйе шеңберіндегі құқықтың барлық салалары үшін осыған ұқсас қағиданың түжырымы өзекті болып келеді. Бұл субъектілердің өздерінің қорғалғанына деген сенімділікті нығайтады, мемлекеттік мүдде маңызды болып жарияланған кезде, бұған негіздеме болмаса да, жеке қатынастарда қоғамдық биліктің жойылуына тежеу жасайды.
Жоғарыдағы постулат бойынша басқа тұрғыдан талқылау абсолютті түрде жалған қорытындыға әкеледі (алогизм): жария (салық) құқығы мен жеке (шартты өзарақатынастар және т.с.с.) құқықтық режим арасында ерекшелік жоқ. Бұл нәтиже дұрыс емес, бұдан шығатыны осыған ұқсас ҚР Конституциялық кеңестің 03.11.1999 ж. № 19/2 қаулысының тұсінігі анық. Өйткені «құқықтың бірлігінде қандай да болмасын елдің біртұтас әлеуметтік ағзасы сияқты жария құқық және жеке құқық – елдің әлеуметтік өміріндегі орны мен дамуының айрықша заңдарымен ерекшеленетін екі түрлі заңды әлем, екі «заңи ғаламшар».
Яғни, жоғарыда айтылған теңдестік мәні– жеке меншікке қатысты заңды шешімді қабылдауда қандай да бір артықшылықтардың болмауы, басқа жағдайларда берілген формалар өзіндік сипатта болады. Дәлелденіп жатқан жағдай Ресейдің Конституциялық Сотының судьясы Г.А. Гаджиевтің «мемлекет меншіктің алуан түрлі формаларының дамуына жағдай жасауы қажет» деген әділ пайымдауымен дәл келеді. Автор бұл жерде қандай «жағдай» екенін нақтыламағандықтан, кең мағынада құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, саяси және басқа да жағдайлар деп түсінуге болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабы 1 тармағында бекітілген ұйғарымды анықтылықтың толық талдамасы берілген тақырып шеңберінен шығып кетеді. Оның болашағы бар және жеке меншік құқығының қағидаларын талқылау кезінде қажет болып келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабы 1 тармағында байқалған қарама-қайшылық осы баптың 3 тармағының нормасында өз күшін тапқан. Мысалға, «Жер заңмен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде ғана жеке меншікте болады». Осындай әдіспен жерге жеке меншіктің ерекше құқықтық тәртіптемесінің конституциялық базасы қалыптасады. Басқа табиғи ресурстар (ауа, қойнау, су, фауна және т.б.) 3 тармақтың басқа ережелеріне сәйкес тек қана мемлекеттік меншіктің объектісі болып келеді. Мынадай сұрақ туады: егер Қазақстанда ешбір жағдайда жеке меншік құқығының объектісі болмайтын заттар тобы болса, онда жалпыға таралған мына тұжырым қаншалықты әділ: «меншік формалары жоқ, бұл құқықтың әр түрлі субъектілері бар» Мұндай ой «Меншік формалары біздің заңнаманың айғағы болып табылады, сол себепті олардың өмір сүру аясын нақты шектеу керек және мүлікті субъектінің қай түріне тиесілігін анықтау ретінде қарастырады». Көрініп тұрғандай, Қазақстан Республикасының Конституциясының ережелері керісінше қорытынды жасайды: меншік формаларының шектелуіне тек субъектілері ғана емес, сонымен қатар объективтілік құрамы бойынша да жол беріледі.
Автордың дәйексөз келтіруіндегі
өз қорытындысын ресейлік нормативтік
материалдарға сүйенгендігі түсінікті.
Алайда, азаматтық айналымнан алынған
заттардың мемлекеттікке
Қазақстандық негізгі заңын әзірлегендер мемлекеттің унитарлық құрылымын және ұлттық қауірсіздіктің негізін нығайта отырып, бар уақытта ресейлік заңи қоғамға әйгілі қағиданы қайталады және жақсартты. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның табиғи байлықтары тек қана мемлекеттік меншіктің объектілері болып табылады (жеке меншікке берілетін жердің белгілі бөліктерінен басқа), ал Ресей Федерациясында - жалпы ережеге сәйкес мемлекетке тиесілі болады, яғни арнайы заңмен белгіленген негіздемелер мен шектерде жеке меншік өте алады. Берілген бақылаулар бойынша нақты қорытынды шығару үшін келесі ұйғарымды айғақтықпен толықтыру қажет. Егер жердің иесі (Ресейде - басқа табиғи ресурстар) жеке тұлғалар болмаса, онда бұл мүлік мемлекеттік деп саналады (Ресейде немесе муниципалды). Ол ешқашанда қараусыз заттарға теңестірілмейді. Осы тұрғыдан объективтілік құрамы бойынша меншіктің екі формасының шектелуінің мүмкіндігі мен мақсаттылығы айқын.
ҚР Конституциясының 26 бабының 1 тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде иеленген кез келген мүлікке ие бола алады». Басқа негіз болатын бастаулардың жүйесінде, соның ішінде меншікке қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету, ұлттық тәртіптемесінің халықаралық тәжірибесінде кең етек алуы және т.б. келтірілген дәйектер конституциялық кепілдікті анықтайды. Бір жағынан, барлық жеке тұлғалардың адал иеленген мүлікті басқалардың қол сұғуынан қорғауға кепілдік береді (ҚР Конституциясының 26 бабының 1тармағын кең талқылау кезінде) және азаматтық айналымның тұрақтылығын ұйымдастырады.
ҚР Конституциясында тек қана үш ереже аталып кетті (26 бап 1 тармақ, 6 баптың 1,3 тармақтары), онда жеке меншіктің аты айтылады, осы әдістемені сақтай отырып тұжырымдаманы талдауды жалғастырамын. Егер жария терминмен («жеке меншік») байланыстырмай зерттеліп жатқан субъективті құқыққа мәні жағынан жақын нормаларды зерттеумен айналыссақ, онда заңды формулалар мен құрылымдар тізімі кеңейе түседі. Бұл зерттеуге кері әсер етеді – ол өзінің тұлғалылығын, яғни цивилистік мазмұны құқықтың басқа салаларының ережелерімен «жуылып кетеді».
Позитивті құқықтың қайнар көздерінің келесі сатысы – нормативтік қаулылар формасында мазмұндалған ҚР Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдері. Олар жалпыға міндетті, түпкілікті және шағымдануға жатпайды, заңды күшіне байланысты республикамен бекітілген халықаралық шарттардан асып түседі, тек ҚР Конституциясына ғана жол береді. Құқық теориясында осындай заңды актілердің реттеуші функциясы «статистикалық», «бағытталған механизм» деп аталады.
Сипатты ескерту. Жоғарыда аталған 03.11.1999 ж. №19/2 қаулысынан басқа меншіктің ір түрлі аспектілерін қозғайтын ҚР Конституциялық Кеңестің басқа нормативтік құжаттарында оның формалары айтылмайды, яғни бір заңды ұғым деп түсіндіріледі. Алайда бұл ұғымның бастапқы қағидалары жеке мүліктің айналымымен байланысты қиын жағдайлардан конституциялық қадағалау органдары шығарады. Мысалы, астындағы жер учаскесінде орналасқан мүлік объектілерінің иесіне тиесілігі туралы ұйғарынды айғақтық ҚР Конституциялық Кеңесінің «Богатырь Аксесс Комир» ЖШС–ке тұрақты жер пайдалану және жеңілдіктер берілуін рәсімдеу туралы іске негізделеді. ҚР Ұлттық банктің коммерциялық банктердің акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу талдамасының нәтижесінде жалпы жинақ қалыптастырылды: даусыз тәртіппен меншік құқығының тоқтатылуына жол берілмейді және т.б.
Құқықтық шығармашылық пен заңи тәжірибе бойынша бұл зерттеу қандай да бір теориялық мәнге ие ме? Сұрақ шешілді деп ойларсың: «Шын айтатын болсақ, меншіктің ешқандай формасы жоқ. Тек меншік және меншік құқығы деген ұғым ғана бар. Ол әр түрлі құқықтық жүйеде, алуан түрлі экономикалық және құқықтық теориялардың өкілдері тарапынан әр түрлі түсіндіріледі. Бірақ ең бастысы бұл ұғым бірдей болу керек». Алайда түсініспеушіліктер қалады.
Қазақстанда, белгілі бір игіліктерге
мемлекеттің меншігі
Мысалға, Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі 212 бабы 4 тармағында былай делінген: «Меншік иелерінің құқықтары тең деңгейде қорғалады». Бұл форма – азаматтық кодификацияны әзірлеушілердің ұқыптылық үлгісі. Олар түпнұсқа (авторлық), бірақ сол уақытта мәнін жоғалтпай–ақ Ресей Федерациясының Конституциясынан Азаматтық кодексінің 2 тармағының 8 бабына енгізілді («Ресей Федерациясында жеке, мемлекеттік және өзге де меншік формаларын теңдей үлеспен мойындайды және қорғайды»). В.В.Чубаров Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінде 212 бабы 4 тармағында өзінің түсіндірмесін пайымдаудан бастайды : «Барлық меншік иелерінің құқығы тең болып табылады (Конституции 8 баб)». Бұл қалай?! Меншіктің құқықтық режимінің құрамы тек қорғалу механизімімен ғана анықтала ма? Әрине, жоқ. «Құқықтық режим – құқықтық қаражат кешенін біріктіретін терең мағыналы, мазмұнды құқықтық құбылыс. Олардың арасында құрамы мен қорғану әдісінен, функционалдық институттан, принциптің арнайы әрекеті мен сипатынан басқа, құбылыстарды ажыратуға көмектесіп, ерекше объектілер мен субъектілердің құрамы, пайда болу және тоқтатылу өздік негіздері және т.б жатады. Бұл мемлекеттік заңдылықта дамып жатқан тек қана бөлшектері мен көлеңкелі тұстары.
Бірақ «заңгерлер құқық құралдарын іздеуге міндетті».
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабында былай делінген:
Информация о работе Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі