Нарықтық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:14, реферат

Краткое описание

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.

Оглавление

1. Нарық туралы түсінік
2. Нарық шаруашылығының қазіргі заманғы модельдері
3. Айырбастың және нарықтың пайда болу тарихы
4. Нарықтың құрылымы және мәні
5. Нарық функциялары
6. Нарықтың түрлері

Файлы: 1 файл

нарыктык экономика.docx

— 37.13 Кб (Скачать)

Жоспар

  1. Нарық туралы түсінік
  2. Нарық шаруашылығының қазіргі заманғы модельдері
  3. Айырбастың және нарықтың пайда болу тарихы
  4. Нарықтың  құрылымы және мәні
  5. Нарық функциялары
  6. Нарықтың түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін  жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады  және болашақта бүкіл әлем елдерінің  экономикалық кейпін анықтап отырады.  
Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.  
Нарықтың құрылуы процесінің көптеген үшкір мәселелерін жеңілдететін өзіндік буфер қызметін атқаратын (жұмыссыздық, тауар өндірісі жетіспеушілігі) табиғи және жартылай табиғи шаруашылық жойлыды.  
Осы тақырыпты зерттей отырып, нарық тақырыбына арналған еңбектерінің көптігін байқай аламыз (оқулықтар, ғылыми әдебиеттер) қазіргі кезде де экономистер осы тақырыпқа назарын аударып отыр, олар экономикалық қатынастарды басқарудың принциптерін, заңдарын, рычагтарын қарастырады.  
Адамзат өзінің өмір сүрген тарихының көп бөлігін нарықсыз өткізгенін, тек табиғи шаруашылық дамығанын көсетіледі. Кейін тауар шаруашылығы өтіп кетті, нәтижесінде экономикалық субьект жеке мүдделеріне жетуге тырысуға бастады және олар өзара еңбекті тауар өндірушілер арасында бөлді. Алғашында айырбас дамыды, оның дамуы нарық құрылуына алып келді. Нарық өзіне тән бәсекелестік арқылы тауар шаруашылығына берік негіз бола білді. Нарық – көп өлшемді ұғым, сондықтан оған нақты анықтама беру біршама қиынға соғады.  
Экономикада нарықтың келесі түрлерін атаған жөн: еңбекті қоғамдық бөліністен бәсекелестікті шектеу және бағдарлану деңгейіне, нарықтық айырбас етуі ұйымдастырылуына, заңдық нормалардың сәйкестігіне, нарықтық қатынастардың обьектілерінің арналуына байланысты бөлінеді. Нарықтың осы аталған түрлері өзара байланысқан және экономиканы толығымен қамтамасыздандыратын жүйе ретінде қолданылады. Нарық дамуы оның күрделенуіне алып келді, сол себепті жаңа құрылған инфрақұрылымы да күрделене түсті. Нарықтық экономика мемлекеттің бағдарлауынсыз жұмыс істеп, өмір сүруі мүмкін емес.  
Құн заңы тауар өндірушілерді саралайды, нарықтың бәсекелестік және еңбектің қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыздандыру деңгейінен тауар өндіруге өзіндік қамтамасыздандырудан ауытқушылық әсерінен әлеуметтік қабаттануды жүргізеді. Құн заңы шағын, орта және ірі өндірістің бірігуін жақсы қарсы алады, бірақ бәсекелестік барысында әлсіздер шаруашылық дербестігін жоғалтып, ірі, әрі қуаттылардың құрамына кіреді.  
Осылай, құн заңы қоғамға қажетті еңбектің бағасының қатынасын білдіреді.

Қандай  да болсын тауарды өндіруге қаншама  еңбек күші кетсе, соншама оны  төлеп өтеу қажетсін. Бірақ, сауда-саттық процесіне тек еңбек күші ғана емес, басқа да көптеген факторлар: тауар сапасы, сұраныс пен ұсыныс қатынасы, баға саясаты шығарылған қағаз ақша мөлшері әсер етеді. Сондықтан  шын құнын әрқашан оның бағасындай емес, бірақ баға құнның маңайында  орналасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Нарық туралы түсінік.  
     Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады. Нарық – тауар өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да болсын өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретін механизм деген анықтама беріледі. Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатын қойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны қатысады: миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды, кандай мөлшерде сатып алуды шешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауап табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерін қарастырады. Нарық экономикалық дамудың маңызды, әрі тиімді жолдарын түсінуге және микро және макро деңгейдегі тиімділікті арттыруға арналған фундамент, негіз болады. Оның негізі барлық шаруашылық етуші  
6 субьектілерінің, адамдар мен жалпы қоғамның арасындағы тауар айырбасы қатынастарының жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің нарық айырбас саласында сатушы мен сатып алушы арасында арнайы экономикалық қатынастардың жүйесін құрайді деген пікірі толығымен расталған. Нарықтың сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастарға тигізетін әсері баға, сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, табыс және шығын, яғни «нарықтық механизм» ұғымына кіретін элементтердің барлығын қолдану арқылы қамтамасыздандырылады. Нарық нақты әлеуметтік-экономтикалық шарттармен өмір сүреді. Ол толығымен меншік институтына тәуелді болады. Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл кезеңдерінде - өндірісте, таратылуда, айырбас және тұтынуда аса маңызды рөлі бар.

 

 

 

 

 

 Нарыќ шаруашылығының ќазіргі  заманғы модельдері.  
Өмір сүріп жатќан нарыќтыќ жүйелер және олардың бағыттау дамуына байланысты:  
жағырафиялыќ орналасуынан;  
табиғи ресурстардың бар болуынан;  
дамудың тарихи жағдайын;  
халыќтың дәстүрі мен болмысынан;  
өндірістік күштің даму деңгейінен;  
ќоғамның әлеуметтік бағытынан;  
Сонымен бірге барлыќ нарыќ моделдерінде жалпы мінездер бар, оларға жататындары:  
меншіктің көптүрлі ќалыптарының болуы;  
тауарға және ќызметке еркін бағаның болуы;  
еркін бәсекелестің дамыған жүйесі;  
кәсіпкерлік ќызметтің таратылуы;  
экономиканың мемлекеттік реттестіруінің ерекше  
бір жүйесі;  
Нарыќтыќ экономиканың моделдерін бөліп айтуға болады, ќазіргі жағдайда пайдаланатын.  
Америкалыќ модель. Бұл модель капитализмнің либералды моделі, оның тиісті жағдайлары болып табылады:  
мемлекеттік меншіктің кіші салыстырмалы салмағы;  
мемлекеттің экономикадағы кіші реттеуші ролі;  
кәсіпкерлікті бүкіл әлемдік мадаќтау;  
байларға және кедейлерге жедел дифференциялау;  
еңбек аќы деңгейінде үлкен айырмашылыќ;  
халыќтың аз ќамтылған топтары өмір сүру деңгейі;  
Жапондыќ модель. Шаруашылыќтың ќазіргі заманғы моделінің ќалыптасуы спецификалыќ даму жағдайында өтті. Әскери шығындардан бас тарта отырып, Жапония барлыќ өзінің ресурстарын концентрация жасады, экономикалыќ мүмкіндіктерді өнеркәсіпте өсіруде.  
Бұл моделге тиісті:  
ұлттыќ экономиканың негізгі бағыттарына әсері  
мемлекеттік жоғарғы деңгейі;  
өзін ќорғау дамуының күшін және нығайтуды 5  
жылғы жоспарын ќұру, 1957 жылдан жасалған;  
жұмысшыларды фирмаларға жолдауды өмірлік кең  
түрде тарату;  
еңбек аќы деңгейінде азғана айырмашылыќ,  
фирманың бастығы мен ќызметкерлерінің арасында 17 есені ќұрайды;  
моделдің әлеуметтік бағыты;  
Неміс моделі. Ол өзінің әлеуметтік – экономикалыќ мазмұны бойынша бір-біріне жаќын.

  Әлеуметтік нарыќтыќ экономиканың  басты идеологы болып Людвиг  Эрхард табылады, өзінің кітабында  жаңа неміс экономикасының негізгі  принциптерін ќызмет етуін жазды.  Бұл жерде негізгі мінез болып  табылады:  
эконмикаға күшті мемлекеттік әсері, әлеуметтік  
мәселелерде шығады;  
банктердің шешуші ролі;  
басшымен ќызметкердің айырмашылығы;  
Швед моделі. Бұл моделдің ерекшелігі; әлеуметтік бағыт, мүліктік теңсіздікті ќысќарту, аз ќамтылған халыќтың бөлігін ќамќорлыќќа алу.  
Француз моделі. Оның ашыќ ерекшеліктері жоќ. Бұл модель америкалыќ және неміс моделдерінің ортасында. Француз моделінде мемлекеттің реттеуші ролі жоғары болып табылады.  
Оңтүстік-Кореялыќ модель. Бұл модель өзінің экономикалыќ даму процессінде пайдалануы Оңтүстік-Кореяға аз уаќыт ішінде артта ќалған елден индустриалды дамыған ел ќатарына айналды. Бұл моделде ерекше болып табылады:  
экономикалыќ дауды жоспарлау;  
несие – ќаржылыќ сферада мемлекеттік  
монополияның әсері;  
сыртќы экономикалыќ сфераны реттестіру;  
Экспорт мәселесі ерекше баќылауда болады. Экономиканың жансаќтауынан кейін алдыңғы экономикада үкімет әлеуметтік бағдарламаларды енгізуге кірісті.  
Жоспардың және бағдарламаны орталыќтандырылған түрде пайдалануы нашар дамыған борьерді басып озуға және әлем өркениетінде белгілі бір орын алуға мүмкіндік береді.  
Ќытай моделі. Ќытай экономикасын реформалау ауыл шаруашылығында пайдаланудан басталды, яки "халыќтың коммунадан” жанұялыќ әдіске өтуден.  
Бұл модель мемлекеттік реттестіру жағдайында нарыќтыќ механизм ќызмет етумен белгіленеді.  
Экономикалыќ реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуына альп келеді. Соңғы 10-жылдыќта 80 миллион жұмыс орны пайда болды. Бұның бәрі экономиканың жандануына және соңғы жылдары өнеркәсіп өндірісінің ең жоғарғы өсуіне әкелді.

                                                                                                                                                               Айырбастың және нарықтың пайда болу тарихы

Нарықты шын мәнінде қажетті экономикалық жағдай еткен үш негізгі шарт бар.  
Бірінші шарты – ежелде пайда болған еңбектің қоғамдық бөлінуінің бірнеше үлкен даму сатысы бар. Олардың алғашқысы – мал шаруашылығынан егіншілік шаруашылығының бөлінуі, екіншісі – шаруашылықтың өзіндік түрінің пайда болуы, үшіншісі – сауданың құрылуы болып табылады.

Кейін шаруашылықтың басқа түрлері  де бөліне бастады, бөлек өнеркәсіптің мамандандырылуы дамыды. Осы процесс  шексіз бола тұрып, өндірістік еңбек  өсімімен тығыз байланысты.  
Еңбектің бөлінуі айырбасты қажет етеді. Ежелгі малшылар жер өнімдерін қажет етті, ал жер иеленушілерге ет керек болған. Осы кезден бастап айырбас пайда болды, кенеттен мөлшері ұлғая бастады. Бастапқыда белгілі бір қоғам ішінде, кейіннен қоғамдар арасында да айырбас процесі өте бастады. Алғашында оның формасы өте қарапайым болған. Этнографтардың зерттеулері бойынша Калимантан аралында және қазіргі Малайзия аймағында айырбастың қызықты алғашқы үлгілері көріне бастады. «Сатушылар» өз айырбас тауарларын «сатып алушылар» келіп, көру үшін қойп кеткен де, өздері кетіп қалған. Егер «сатып алушылар» сол нәрсені алғылары келсе, олар өздерінің айырбас тауарын қалдырып кеткен. 10 Енді сатушыға қалдырылған тауар ұнаса, ол өз тауарын тастап, айырбас тауарын алып кетеді.  
Мұнда біз айырбас (бартер) туындысы көрінісін бақылай аламыз. Бұл – айырбастың ең қарапайым үлгісі. Әрине, осы әдістің шынайы нарыққа жете алатын мүмкіндігі болған жоқ. «Сатушы» мен «сатып алушы» көзқарастары бір-бірімен сәйкес болмауы да мүмкін еді. Онда өз тауарларына қажеттілігін өтеу үшін ірі бір емес, бірнеше айырбас жасау керек еді.  
Айырбастың дамуы ақшаның пайда болыуна алып келді. Нәтижесінде, арнайы және басқа да тауарларды сатуға немесе өнеркәсіптің дамуына жол ашты. Ақшаның пайда болуымен ғана тауар өндірісі пайда болды. Басқалай айтқанда, нарыққа шығу, басқа адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндіріс пайда болды.  
Екінші шарт - өндірушілердің экономикалық жағынан ерекшеленуі. Тауар айырбасы міндетті түрде эквивалентікке талпынысты ниеттейді. Ешкімнің де ұтылғысы келмейді, яғни өз тауарының орнына эквивалент- таурады алғысы келеді. Ал осындай талпыныс экономикалық шектеу және көзқарастардың ерекшеленуі негізінде туындайды. Осындай ерекшелік тарихи және меншік базасында құрылады. Әрі қарай ол ұтымдық меншікке қарай ығыса бастайды, бірақ шектеулі және ауқымды көзқарастар шеңберінде болады. (кооперативті серіктессіктер, акционерлі қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар, аралас кәсіпорындар, негізінде мемлекет араласуымен және т.б.)  
Нарықтың шаруашылықты тиімді қолдануы үшін үшінші шарт та қажетті болады: өндірушінің өзіндік құқықтары, кәсіпкерліктің еркіндігі, шаруашылықтың әр жүйесіндегі бейнарықтық басқару. Бірақ, тауар өндіруші неғұрлым оқшауланса, соғұрлым нарықтық қатынастардың дамуына үлкен орын бар болады. Нарықты өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп жиі айтып отырамыз. Бұл тұжырым дұрыс, бірақ нарықтың 11 дүниеге келуі ақыл-ойдың ғана жетістігі деп айтуға болмайды, бұл ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тарихи дамудың нәтижесі болып табылады..

 

2. Нарықтың түрлері, құрылымы  және мәні. Нарықтық экономика  туралы түсінік. 

2.1. Нарықтың мәні 

  1. Нарық категориясын тереңірек ұғыну үшін оның шаруашылық (экономикалық) іс-әрекетіндегі орнын анықтауымыз қажет. Экономикалық іс-әрекеттің 4 сферасын атап кетуге болады:  
    1.Өндіріс.  
    2.Тарату.  
    3.Айырбас.  
    4.Тұтыну.  
    Экономиканың жалпы, әрі қарапайым мақсаты – тұтыну болып табылады. Ал экономиканың ең маңызды саласы - өндіріс. Оның әсерінсіз ешқандай нарық болуы мүмкін емес, тек өнерәсіп қана қажетті тауар массасын өндіреді. Өндірістік сфераны өзгерту – басқа да экономикалық салаларды өзгерудің кілті болады. Ол нарықтық қатынастардың, олардың жоқ жерде құрылуы үшін аса маңызды фактор болып табылады. Егер бастапқыда ешқандай өндірістік нәтиже болмаса, онда нарықтың болуы мүмкін емес. Бірақ өндіріс пен тұтыну арасында басқа да салалар болады, өнеркәсіптен кейінгі тарату жүйесі өндіріс өнімін кімге бұйыратынын, өндірілген тауардың иесін анықтайды. Тарату жүйесі адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардың құрылуында маңызы зор.  
    Тарату жүйесі өндірістің нәтижесі ғана емес. Өнеркәсіп процесінің тиімділігі еңбек өнімінің таратылуы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.  
    Айырбас экономика иерархиясы саласында үшінші орынға иеленсе де, оның өндіріске тигізетін әсері таратумен де тепе-тең болады. Қалай болса да нарық фукнцияларын қарастырғанда оның тиімділігі айқын көрінеді. Айырбас сферасы барлық қоғамдық шаруашылықтың жүйесінде ең 13 маңызды рөлге ие. Сондықтан, тауар айырбасы жиынтығы ретіндегі нарық дамуы аса маңызды тарихи рөлге ие болған. Нарықтың механизмі ең жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады. Нарық дегеніміз не ? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіедерді. Қоғамдағы экономика дамып, қиындаған сайын еарық ұғымы да өзгеріп отырады. Қазіргі дамыған қоғамда нарық деген мінднтті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп келісім жасайтын орын емес, қазіргі заманда саудатер теледидар арқылы жарнама бере алады. Сатып алущылар мен тікелей байланыспай-ақ айырбас жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен біліп және тауарларды почта арқылы жібере алады.
  2. Сонымен нарық қоғамдық еңбек бөлінісінегізенде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді. Ал кейбір экономистер нарықамынадай анықтама береді: "Нарық шаруашыцлық жүргізетін субьектілердің өз бетімен дербес шешім" Қабылдайтын өзара қарым-қатынастар жиыны. Тауар өндірісі жағдайында нарықтың байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субьектілерін қамтиды. Нарықтың құрамна өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де тағы басқалар кіреді. Осыған сәйкес қазіргі нарықтық экономика нарықтардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші,қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, валюталық нарық және басқалары. Жалпы нарық ұдайы өндірістің барлық сатыларына түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарастырды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс жүйесінің маңызды сатысы айырбасты сипаттайды. Сонымен нарық туралы өндірістің құрамды компаненті, тауарлы өндірістің және айырбас айналасының заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Экономикалық дамудың обьективті жағдайы нарықты және оның категорияларын яғни бағаны, ұсынысты, сұранысты, бәсекені және тағы басқаларды өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың экономикалық өмірде нарықтың дамуына кедергі жасағанын білеміз. Өйткені елімізде басқару әкімшілдік-әміршілдік әдісте болатын. Ал соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтың айырбасқа кең жол ашы отыр. Экономикалық өмірле шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі, батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік елдердегі нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысында заңды көрініс. Мысалы:Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдік қалыптастырды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамызда нарық өндірістің тиімділігіне халықтың әлеуметтік тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады. Соңғы уақытша теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір біріне орынсыз қарап қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс). Нарықты оның икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шарушылық механизмінің құрамды бөлігі.

Информация о работе Нарықтық экономика