Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:20, курсовая работа
Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді.
Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі – сынық қисық сызығының үлгісін 1939 жылы П. Суизи ұсынды. Бертран үлгісінде сияқты, мұнда негізгі басқару ауыспалы ретінде бағалар тұрады. Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі негізінде бағалардың «жабысқақтығы» деген қасиеті түсіндіріледі. Олигополия нарығындағы фирмалар бір түрлі тауар сатады дейік: Р бағасы бойынша сатулар көлемі Q бірліктерін құрайды (78 сурет).
P2
P
P1
q2 Q2 Q q1 Q1
78 сурет. Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі
Енді А фирмасы бағаны Р1 дейін төмендетеді дейік, онда оның сату көлемі Q1 дейін өсуге тиісті. Бірақ, қаралатын үлгіге сәйкес бәсекелес – фирмалар бағаның түсуін нарықты билеу деп түсінеді, себебі олардың ешқайсысы нарықтан кеткісі келмейді, сондықтан олар А фирмасы сияқты бағаны түсіреді, оның нәтижесінде нарық сұранысының қисық сызығы ауысады. Енді А фирмасы өнімнің тек қана q1 бірлігін сата алады. Егер А фирмасы төмендетпей, бағаны Р2 дейін көтерсе, бәсекелестер оған ермейді де, сату көлемі Q2 құрайды. Осы 2 жағдайда да біз сұраныстың сынық қисық сызығын аламыз. Олигополистер баға көтеру стратегиясынан бас тартады, өйткені бұл пайданың жоғалуына әкеледі.
Бағаның «жабысқақтығы» осында көрінеді – олигополист – фирмалар бәсекелестердің бағаны көтеруіне емес, түсуіне назар аударады. Сұраныстың сынық қисық сызығы үлгісінің ең шекті жағдайы – бағалар соғысы. Бұл бағаларды бірте-бірте төмендету жолымен бәсекелестік тудыру, бірақ ол олигополистер үшін тиімсіз. Сұраныстың сынық қисық сызығының үлгісінде де кемшіліктер бар. 1) Бәсекелестер көбінесе бағаның түсуін нарыққа ие болу, оны билеу деп қабылдамайды. Белгілі экономист, Нобель премиясының лауреаты Дж. Стиглер сұраныс сынық қисық сызығының үлгісін зерделеуінің керегі жоқтығы туралы, оны баяғыда ескірген деген пікір айтқан. Бұл сында шындық бар: осы үлгі олигополияның негізгі үлгісі ретінде қарала алмайды. Бірақ, сонымен бірге, ол олигополистердің белгіленген ахуалдарда мінез-құлықтары жөнінде түсінік береді (мысалы, жаңа нарықта, фирмалар бір-бірін жаңа «тани» бастағанда).
Картель. Олигополистердің кооперативтелмеген стратегиясы кооперативтелгеннен экономикалық жағынан тиімсіз, ұтымсыз. Олигополист – фирмалар қосылып, монополия сияқты қызмет жасауы мүмкін. Картель – олигополист – фирмалар тобы. Олар нарықты бөлу жөніндегі келісіммен бірігіп, өндірістің көлемі мен бағаларға қатысты бірдей іс-қимылдар жасап, монополиялық пайда алуға көзделген. Сондықтан, өз өніміне сұранысты біле тұра, олигополист – фирмалар жоғарылау баға және шектелген өндіріс көлемі туралы келісіп тұрақты экономикалық пайданы алады.
Картельге фирмалар немесе елдер де кіреді. Екінші тұрпатты картель мысалы – мұнай экспорттаушы елдердің Ұйымы (ОПЕК). Егер картельге бірігуге заңнама бойынша тыйым салынса (мысалы, АҚШ-да сияқты), жасырын картель келісімдер құрылады. Оларды жасырын сөз байлау деп атайды. ОПЕК мысалында картельдің құруының пайдасын қарайық. 13 мүше – елдер кіретін ОПЕК 1973-74 жж 6 айдың ішінде мұнайға деген дүниежүзілік бағаларды бір барреліне 2,5 доллардан 11 долларға дейін көтерді. 1980 жылы мұнай бағасы 1 баррельге 32-34 долларға дейін жетті. Картельдің келісілген саясатының нәтижесі – ОПЕК мүше – елдердің адам айтқысыз пайдалары мен мұнайды импорттаушы – елдердің көптеген шығындары (70-ші жылдары болған «мұнай естен танулары») ОПЕК-тің сондай нәтижелі саясатының себептері:
Осы шарттарды сақтаса, кез келген картель келісімі нәтижелі болады. Бірақ, бұрын айтып кеткендей, картельдің қирау механизмі картель табиғатының өзінде. Енді бұның қалай болатындығын қарайық. 79 суретте нағыз бәсекелестік (РК және QK) жағдайында салада өндірістің болуы мүмкін бағасы мен көлемі, сонымен қатар картель келісімін жасағанда белгіленетін баға мен өндіріс көлемі көрсетілген (Рkr мен Qkr). Картельдің бағасы жоғары, ал өндіріс көлемі бәсекелес нарықтан төмен, осының арқасында МС = MRkr экономикалық пайда алынады. Бірақ экономикалық пайданы алудың шарты – әр олигополист – фирма qkr өндіріс көлемін (өндірістің жиынтық көлемі Qkr құрау керек) қатал ұстануға тиісті. Әр жеке фирма q1 өнім шығарымында (мұнда баға шекті шығындарға тең) өз пайдасын көбейтетіні мәлім. Сондықтан, олигополист – фирмалар жасалған келісімге қарамастан, өндірістің q1 дейін өсуіне ұмтылады. Егер олар барлығы бағаны көтеріп, өндіріс көлемі Q жетіп, ал баға РК дейін түсетін деңгейге жетсе, экономикалық пайда нөлдік болады.
Рkr Сала MC P Фирма MC AC
Рk
P1
MRkr Dсала
Qkr
Qk Q1
79 сурет. Картельдің қирау механизмі
Сонымен, картельдің тұрақтылығы оған кірген олигополист – фирмалардың әр қайсысы қаншалықты қатал келісім шарттарын сақтап, ұстанатынына байланысты.
Баға билігі (баға көшбасшылығы). Картельдің құруына көптеген жағдайларда заңмен тыйым салынған (монополияға қарсы реттеу шара ретінде), сондықтан, олигополист – фирмалар картель артықшылықтарын алудың басқа тәсілдерін іздейді. Олар жасырын келісім жасауы да мүмкін, бірақ ол заңсыз болып саналады. Өз іс-қимылдары жөнінде жасырын түрде келіседі. Мұндай мінез-құлық саналы параллелизм деп аталады, оның бір түрі – баға көшбасшылығы. Баға көшбасшылығы – олигополистер баға стратегиясының жасырын түрі, олардың арасынан біреуі, қалғандардың қалауымен, баға көшбасшысы мәртебесін алып, осының негізінде өнім бағасын реттейді де басқалары оның бәсекелес ортасы, айналасы болады. Бұл стратегияның маңызды сипаттамасы – бәсекелес айнала, яғни олар баға көшбасшысы қойған бағаны қабылдайды. Әдетте, нарықтағы ең кұшті фирма – баға көшбасшысы. Баға көшбасшылығының 2 түрін айырады: ең төмен шығындары бар фирманың көшбасшылығы және сату көлемі бойынша нарықта беделді орын алатын фирманың көшбасшылығы. Мұндай үлгі барлық фирмалар үшін пайдалы. Көшбасшы – фирма монополист артықшылықтарына ие болып, ал қалған фирмалар өздерінен сұраныс зерттеулерінің және оңтайлы стратегияны іздеу ауырпалықтарын (қиындықтарын) түсіреді. Енді баға көшбасшылығы үлгісінде оңтайлы бағаны табу үдерісін (процесін) қарайық (80 сурет).
D Sn=ΣMCn
P1
PL
P2 MRL DL
Qn QL QD
80 сурет. Баға көшбасшылығы
Ең бірінші: көшбасшы – фирма өз өніміне деген сұраныс қисық сызығын салу керек. Нарық сұранысы (D) қисық сызығын және басқа фирмалардың жиынтық ұсынысының қисық сызығын біліп алу қажет, олардың ұсыныс қисық сызығы шекті шығындар қисық сызықтарының сомасы – Sn, ол өз өніміне деген сұраныс функциясын (D – Sn) деп анықтайды. Р2 баға бойынша барлық салалық сұраныс баға көшбасшысымен қамтамасыз етіледі, Р1 баға бойынша – басқа фирмалармен. Сондықтан, көшбасшы – фирма (DL) өніміне сұраныс қисық сызығы – сынық қисық сызығы Р1 Р2 DL . Ары қарай көшбасшы – фирма оңтайлы бағаны анықтайды: ең жоғары пайданы әкелетін баға (яғни MCL = MRL) – PL. Осы бағаны белгілеген жағдайда көшбасшы – фирма QL тең өндіріс көлемін қамтамасыз етеді, ал қалған фирмалар – Qn (олардың өндіріс көлемдері шекті шығындарға сәйкес қалыптасады). Өзіне көшбасшы рөлін алған фирма үшін осы үлгіде әрқашанда тәуекел бар: қалғандары оның мәртебесін танығысы келмей, бағаның өзгеруіне дұрыс назар аудармауы мүмкін. Тіпті бұл жағдайда баға соғысы басталады. К. Макконелл, С. Брюдің «Экономиксінде» осындай мысал келтірілген: «Америкэн тобакко» мен «Рейнольдс» компанияларында 1924-1941жж. кезеңінде бағалар 8 рет өзгертілді. Нәтижесінде, баға көшбасшысы ақыры анықталғанда, сала фирмаларының пайдасы нормадан 2 есе көбейді.
Қоршалған баға белгілеу. Қоршалған баға белгілеудің үлгісі тәжірибеде баға көшбасшылықтың біліну түрі болып табылады. Оның мақсаты: салаға жаңа фирмалардың кіріуіне кедергі жасау. Бұл басқа фирмалар үшін де пайдалы, сондықтан олар қалыптасқан жағдайларды сақтауға тырысады. Әдетте, олигополия жағдайларында кіру кедергілері бар (негізінде ауқым әсерімен, яғни саладағы өндірістің жоғары шығындарымен себептелген).
Егер бұл кедергілердің
нәтижесі аз болса, олигополист –
фирмалар оларды нарық бағасын түсіру
жолымен жасанды түрде
Қоршалған баға белгілеу
стратегиясы саладан
P
P1
81 сурет. Қоршалған баға белгілеу үлгісі
Ойындар теориясы. Дж.фон Нейман мен О. Моргенштерннің 1944 жылы жазылған «Ойындар теориясы мен экономикалық мінез –құлық» деп аталатын кітабында баяндалған ойындар теориясын қарайық. Олигополия нарығында тепе-теңдікті іздеудің мүлде басқа методологиялық тәсілді ұсына отыра, ол басқа үлгілерге тән кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Балама теориялармен салыстырғанда, ойындар теориясының жағымды жағы – бәсекелестіктің нақты жағдайларына жақындығы. Онда берілген шамалар, параметрлердің тұрақтылығы, ақпараттың толықтығы деген түсініктер жоқ. Керісінше, ойындар теориясында шарт есебінде анықсыздық, тұрақсыздық, ақпараттың шектеулігі, демек, тәуекел қабылданады.
Ойындар теориясы көптеген ойындарды ұсынады –қатысушылар (ойыншылар) әр түрлі ахуалдарда оңтайлы шешімдерді қабылдауға тиісті. Мысалы, баға белгілеу, шығару көлемін, жарнамаға шығындарды анықтау немесе нарықта тауарларды жылжыту мақсаттарды қоятын ойындар. Ойыншылардың мінез-құлқының түріне байланысты ойындар кооперативтік және кооперативтік еместерге жіктеледі. Нәтижесіне байланысты нөлдік сомасы бар және нөлдік емес сомасы бар ойындарға бөлінеді. Ойындар теория методологиясының қағидасын белгілі «Тұтқын дилеммасы» мысалында түсіндіруге болады, – бұл қарапайым кооперативтік емес ойын (нөлдік сомамен). Жеке камерада (бөлмеде) отырып, бір-бірімен байланыса алмайтын 2 тұтқындардың шешім қабылдау процесін (үдерісін) қарастырады. Әр қайсысының алдында дилемма тұр: барлық шындықты айту немесе үндемеу. 3 мүмкін нұсқаның әр қайсысында қандай оқиға болатындығы оларға мәлім.
Шешімдердің балама нұсқаларын есептеу матрица (қалып) түрінде көрсетіп аламыз:
Шындықты айту |
Үндемеу | |
Шындықты айту |
3,3 |
0,15 |
Үндемеу |
15,0 |
1,1 |
Егер тұтқындар дұрыс шешімге келіп, екеуі де шынын айтса, ең жоғары жазаны алу мүмкіндігі әрқайсысы үшін азаяды. Нәтижесінде екеуі де түрмеге 3 жылға отырады. Егер олар келісіп жасаса, (кооперативтік ойын жағдайында сияқты), шешімнің ең тәуір нұсқасын алушы еді. Осылай бұл ойын микродеңгейдегі оңтайлы шешімдер микродеңгейде оңтайлы емес нәтижеге әкелетіндігін көруге мүмкіндік береді. Бұл ойын экономика мәселелерінен алыстау болса да, негізінде олигополистердің мінез-құлқын көрсететін жақсы мысал болып табылады. Олардың алдында әрқашан стратегиялық бағыт (мінез-құлық) таңдау дилеммасы тұрады: агрессивтік бәсекелестікке, баға соғысына дейін барып, нәтижесінде жеңу немесе жеңілу: келісу (райласу), екеуіне де оңтайлы, ұтымды болатын нәтижеге жету. Олигополистердің оңтайлы (тепе-теңдік) стратегиясын таңдау мақсатын қоятын ойындардың мүмкін нұсқалары: бағаны түсіру немесе сол күйінде (деңгейде) қалдыру. «Тұтқын дилеммасы» сияқты, бірақ мүмкін нәтиже ретінде таңдалған бағыттың арқасында фирманың алынған/жоғалтқан пайдасы. Демек, олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет) бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске асырылады: