Микроэкономика теориясының пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 21:20, курсовая работа

Краткое описание

Сапалы экономикалық білім алу барысында «Микроэкономика» пәнін зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

Микро. о_у __ралы.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

 

Еңбекке деген сұраныстың қисық сызығы MRPL қисық сызығымен беттеседі, бірдей келеді, өйткені осы қисық сызықтың әр нүктесі жалақы ставкасының (қосымша ақшаның) мүмкін болуында жалдайтын қызметкерлер санын көрсетеді. Сонымен, дайын өнімге деген сұраныстың қисық сызығы сияқты өндіріс факторларына сұраныс қисық сызығының еңкіштігі бар, бірақ оның себебі басқада. Еңбектің жеке ұсыныс қисық сызығының түрі – көлденен жалпақ тура сызық, яғни жалақының бұл ставкасы (мөлшері) (W1) бойынша фирма қанша қызметкерлер жалдағысы келсе, сонша жалдайды. Барлық қызметкерлер бірдей жалақы алып, бірдей шекті табыс әкеледі.

 

2. Ұзақ мерзімді  кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік

 

Екі факторлар ауыспалы болатын ұзақ мерзімді кезеңде оңтайландыру қиынға түседі. Оны мысалда көрейік. Еңбек те, капитал да ауыспалы факторлар болып табылса, фирманың еңбекке деген сұранысын анықтайық. 84 суреттегі А нүктесі жалақының ең алғашқы ставкасына (мөлшеріне) сәйкес. Жалақы мөлшерінің төмендеуінде де еңбекке деген сұраныс өседі (капиталдың шамасы сол күйінде қалса да, өйткені еңбектің шекті кірістілігі жалақы мөлшерінен жоғары болады). Еңбектің ары қарай арзандай беруінен өнім бірлігінің, өндірістің шекті шығындары да төмендейді, бұл өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі. Осы ахуалда фирманың ең дұрыс шешімі – өндірістік қуаттарын кеңейту үшін капиталға инвестицияларды өсіру. Бұл MRPL қисық сызығын оңға қарай ауыстырады, сонымен бірге еңбекке деген сұраныс қисық сызықтары да ауысады, яғни сұраныс өседі. Сондықтан, еңбекке деген фирма сұранысы С нүктесіне түседі.


Жалақы      MRPL2  

   


                              

        А       С

              В          DL

                      MRPL1                   

                                 Жұмыс уақыты

84 сурет. Ұзақ мерзімді кезендегі еңбекке деген сұраныстың қисық сызығы

Ұзақ мерзімді кезеңде, екі фактор ауыспалы болып тұрғанда, еңбекке деген DL сұранысының қисық сызығы MRPL1 және MRPL2 қисық сызықтарынан икемдірек, себебі фирма капиталды еңбекпен ауыстыра алады. Соңында өндіріс факторларына деген салалық сұраныстың қисық сызығын сызайық. Оны жеке фирмалар сұранысының қисық сызықтарын қосу жолымен алуға болады. Жалақы мөлшері төмендеді дейік. Саланың барлық фирмалары үшін оның төмендеуіне байланысты 2 нұсқа мүмкін:

  1. Жалақы мөлшерінің төмендеуінде тауар бағасы да төмендейді, егер барлық салада жалақы мөлшері төмендесе, саланың барлық фирмалары өндіріс көлемін кеңейтеді – D1 сұраныс қисық сызығы 85 сурет;
  2. Бір фирма шеңберіндегі жалақы мөлшерінің төмендеуінде салада өндірілетін тауар бағасы өзгермейді – D2 сұраныс қисық сызығы 85 сурет.


      15

 

      10                              D2

           D1

 

 LL1            L2                             

85 сурет. Еңбекке деген салалық сұраныстың қисық сызығы

15 долларға тең жалақы  мөлшерінде, саладағы еңбекке деген  сұраныс = L0. Жалақының 10 долларға дейін төмендеуі саладағы сұранысты L1 дейін өсіреді. Алайда, егер өнімге деген баға тұрақты болса, сұраныс одан сайын L2 дейін көбееді. Факторлар нарығында фирма пайдасын жоғарылататын ережені анықтау үшін, шығындарға теңей отырып, өндіріс факторларының бағасын пайдалану жеткіліксіз (қазірге дейін біз факторды сатып алуға кететін шығындар – ол фактордың бағасы, яғни жалақы немесе пайыз дедік). Енді орташа және шекті шығындарға сәйкес жаңа категорияларда қажеттілік туады (фирманың пайдасын жоғарылатуы кез келген нарықты МС пен АС шараларымен байланысты екені есімізде). Факторлардың бәсекелес нарығында тұрақты баға бойынша фирма факторлардың қанша санын сатып алам десе де алады, яғни ұсыныс қисық сызығы мүлде икемді (83 суреттегідей). Фирмада нарық билігі жоқ болғандықтан, ол бағаға ешқандай әсер ете алмайды. Фирма ұсынысының қисық сызығы факторлар санына қандай баға төлеуге тиісті екендігін көрсетеді. Сондықтан бұл өндіріс факторларын сатып алуға фирманың орташа шығындар қисық сызығы екен, ол ARC (average resource costs) деп белгіленеді. Сонымен бірге өндіріс факторларын сатып алуға фирманың шекті шығындары (ресурстарға шекті шығындар) болады – сатып алатын фактордың әр қосымша бірлігіне фирма шығындары, олар MRC (marginal resource costs) деп белгіленеді. Өндіріс факторларына шекті шығындар қисық сызығы дайын өнім нарығында шекті шығындар қисық сызығымен беттеседі. Ресурстардың бәсекелес нарығында шекті және орташа шығындар қисық сызығы сәйкес келеді. Сондықтан, 83 суреттегі графикте ұсыныс қисық сызығын осылай белгілеуге болады:

SL = MRC = ARC

MRP қисық сызығы MRC = ARC қисық сызығынан жоғары жатқанша, фирма факторлардың көп санына ие болып, пайдасын жоғарылатады, себебі MRP>MRC (шекті кіріс шекті шығындардан асады). Оған сәйкес, MRP<MRC болғанда, факторларды пайдаланудан алынған пайда шығындардан төмен болады. Енді біз факторлар нарығында пайданы жоғарылату ережесін аламыз: MRC = MRP. Бәсекелес нарық үшін:

MRP = W.

Өндіріс факторларына сұраныс  қисық сызығын салуының (сызуының) барлық жақтарын қарастырып (еңбек мысалында), факторлар нарығындағы тепе-теңдік үлгісін салуға кірісеміз. Біз пайдаланған маржиналистік амал (тәсіл) өндіріс факторларына сұраныс талдауымен бірге факторлардың ұсынысын талдауында да қолданады. Осы фактор алатын сыйақы оның пайдалануының орнын толтырғанша, фактор ұсынысы бар болады. Осылай фактор ұсынысы мен сұранысы араларындағы тепе-теңдікке жетіп, олардың реттеуіші баға болып табылады. Ол факторлардың ең нәтижелі қолдануын қамтамасыз етіп, ең өндірісті салаларда пайдаланудың кепілі болып келеді. 86-а суретте бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік көрсетілген (дайын өнімнің бәсекелес нарығында): тепе-теңдік жалақы WE құрайды, ал еңбектің тепе-теңдік ұсынысы (жалдаған жұмысшылар саны) LE .

жалақы                                             жалақы


                                             SL

                                                                       vM                                 SL

          wE                                                             

                                                                      wM                                         P•MPL

           DL=MRPL                                              DL=MRPL     

LE.      жұмыскерлер                         LM      жұмыскер-

саны                                     лер саны                                                 

                                                                        

а) өнімнің бәсекелес нарығы                     б) өнімнің монополя-

лық нарығы    

86 сурет. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік 

        

Бәсекелес нарығындағы өндіріс факторларына сұраныстың қисық сызығы фирма өндіріс процесінде (үдерісінде) пайданы қосымша пайдаланудан алынған пайданы көрсетеді. Сонымен, еңбек нарығында, нарық тепе-теңдік нүктесінде еңбектің шекті табыстылығы оның шекті шығындарына тең, яғни MRP1/W = MRPK/i. Капитал нарығында да осылай. Егер екі нарық (дайын өнім нарығы және факторлар нарығы) нағыз бәсекелес болса, өндіріс факторлары нәтижелі пайдаланады, себебі валдық табыс пен валдық (жалпы) шығындар араларындағы айырма көбееді (өседі). Егер дайын өнім нарығы монополиялық болып (86-б суреті), MRPL = MPL·P шарты сақталмаса, еңбектің шекті өніміне көбейтілген дайын өнімнің бағасын көрсететін қисық сызық сұраныс қисық сызығынан жоғары орналасады. Тепе-теңдік бұл нарықта жалақы = WM нүктесінде орын алады. (MPL·P) – тұтынушылар қосымша еңбек шығындарынан алатын шама, ал VM нүктесі қоғам үшін шекті пайданы білдіреді. Бұл пайданың себебі: монополист – фирма өндіріс факторларын көбірек сатып алып, соның арқасында өнім шығаруын көбейтіп, таза пайдасын өсіреді.

 

3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары

 

Егер дайын өнім нарығы монополия болса, одан туындаған  факторлар нарығы монопсониялық  билігі бар нарық болып табылады. Бұл бірегей факторларға, яғни тек  қана осы өнімнің өндірісінде  пайдаланатын факторларға таралады. Мысалы, IBM компаниясы монополист бола тұра,  монопсониялық билікке ие. Монопсонист – фирма үшін факторларды алуға шекті және орташа шығындардың қисық сызықтары сәйкес келмейді. Өндіріс факторының ұсыныс қисық сызығы сала ұсынысының қисық факторы болып табылады (себебі, салада ол жалғыз ғана сатып алушы). Бұл ұсыныс қисық сызығы монопсонист орташа шығындарының қисық сызығы, өйткені ол фактордың әр бірлігіне бірдей баға төлейді. Орташа шығындар қисық сызығының жағымды еңкіштігі бар. Пайдасын өсіретін фирма, өндіріс факторына өз сұранысының көлемін анықтай отыра, шекті шығындарға бағдарланады. Шекті шығындары фактордың шекті табыстылығымен теңелгенше дейін фирма сатып алатын фактордың санын көбейте береді. Бұл нүктеде (87 сурет) монопсонист еңбектің бірлігін жалдайды, олардың жалақы мөлшері = – ол еңбектің бірлігіне сәйкес орташа шығындар қисық сызығындағы нүктемен көрсетіледі. Мына жәйтке назар аудару қажет: монопсонист жалдайтын еңбек саны ( ) факторлардың нағыз бәсекелес нарығында пайдаланатын еңбек санынан аздау, жалақы мөлшері ( ) бәсекелестіден (We) төмен.

өндіріс факторының                   MRC


бағасы

                                                             ARC


          wc

 

          w'                                                D=MRPL

 

 

                                                                 факторлар саны

                               L'         Lc                 

87 сурет. Монопсония нарығындағы шекті және орташа шығындар

 

4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары

 

 Монополиялық билігі  бар факторлар нарығы әдетте  кәсіподақ қызметімен ойда  байланыстырылады. Еңбек нарығында өзінше монополист ретінде бола тұра, кәсіподақ өз мүшелерінің де, жалданған жұмысшылардың да бағасына (жалақысына) айтарлықтай ықпал жасайды. Бұны тыңғылықты қарастырайық. 88 суретте бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік көрсетілген, А нүктесі – нарықта кәсіподақтың қатысуынсыз орнатылған нарық тепе-теңдігінің нүктесі. Монополиялық билікке ие кәсіподақтың кірісуінде ахуал мүлде өзгереді. Енді бұл нарық монополиялық болып барады, ал кәсіпорын еңбектің кез келген бағасын және жалданатын жұмыскерлер санын белгілей алады. Жұмысшылар санын көбейту мақсатымен ол өз мүшелігін L1 дейін шектеп, жалақыны W1 деңгейде белгілейді.

 

 

 

 

 

 

жалақы


          w1

          w2

                                                  SL

          w'                             А

 

                                MR           DL                 

                        L1        L2    L3          жұмыскерлер саны

88 сурет. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік пен кәсіподақ қызметі

 

Сонымен, кәсіподақ мүшелері оның қызметінен ұтады да, мүшелігі жоқтар – жоғалтады. Өз мүшелерінің баламалы табысын жоғарылату мақсатымен кәсіподақтың мүшелікті шектеу процесі (үдерісі)монополиялық фирманың пайданы жоғарылату мақсатымен өндіріс көлемін шектеуіне сәйкес. Графикте – шекті табыстың қисық сызығы еңбектің нарықтық ұсынысының қисық сызығын кесіп өтеді (ұсыныс қисық сызығы – бұл жалданған жұмысшылардың баламалы шығындары), яғни L1. Бұл тәсіл қоғамдық пайда тұрғысынан ең нәтижелі емес. Ең нәтижелі нұсқа: жұмысшылар саны L1 деңгейден шекті табыс = 0 деңгейге дейін өскенде болады. Басқа сөзбен айтқанда: барлық жалданған жұмысшылардың жиынтық жалақысы W2 нүктесінде өседі. Кәсіподақ қызметінің қаралған үлгісі бірсекторлы деп аталады, өйткені онда кәсіпорынмен қамтылған тек қана экономика секторында (бөлімінде) болып жатқан процестер (үдерістер) талданады. Осыдан және де кәсіпорынмен қамтылмаған экономика секторында болып жатқан процестерді (үдерістерді) талдағанда, жұмыскерлерді жалдаудың 2 секторлы үлгісі пайда болады. Екінші секторға кәсіподаққа мүше болмаған жұмысшылар ауысып жүрген экономикалық қызметтің аялары кіреді. Жай айтқанда, кәсіподақ мүшелерін одақ қызметкерлері, ал оған кірмегендерді – одаққа кірмегендер деп атайық. Одақ қызметкерлері мен одаққа кірмегендердің жалпы саны тұрақты дейік, сондықтан еңбектің нарықтық ұсынысы тік.

Бұл үлгіде еңбекке деген  сұраныс одақтық сектордағы (DU) еңбекке деген сұранысқа одақтық емес сектордағы еңбекке деген сұранысты (DNU) қосу жолымен пайда болады (құрылады).

жалақы


               DU                     SL

                            DL

         wU

          w'

         wNU

                                         DNU

                                            

      ∆LU     ∆LNU                            жұмыскерлер саны

 

89 сурет. Жұмысшыларды жалдаудың 2 секторлы үлгісі

 

Егер кәсіподақ өз жұмысшылары үшін жалақыны бәсекелесінен жоғары WU деңгейге дейін көтерсе, одақтық жұмысшылар саны ΔLU азаяды (қысқарады). Бұл жұмысшылар жұмысты одақтық емес секторда (бөлімде) тапқанда, ондағы жалақы мөлшері төмендей береді, нарық тепе-теңдік күйге келгенше. Монопсонист пен монополист кездесетін нарық 2 жақты монополияны білдіреді. Бұндай ахуал еңбек нарығында болады. Оның нақты мысалы: кәсіподақ пен компания басшылары араларындағы жалақы туралы келісімдер, олар батыс тәжірибесінде кең таралған. Екі жақ та нарық билікке ие болғандықтан, осындай келісімдердің нәтижесінде белгіленген жалақы бәсекелеске жақын болады.

 

Сұрақтар мен  тапсырмалар

Талқылауға  арналған сұрақтар

 

  1. Факторлар нарығын сипаттаңыз. Дайын өнім нарығымен ол қандай қатыста?
  2. Өндіріс факторларының шекті табыстылығы деген не ? Ол қалай есептеледі?
  3. Факторлар нарықтарының қандай түрлері бар? Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес факторлар нарығындағы фирманың тепе-теңдігін сипаттаңыз.
  4. Факторлардың ұзақ мерзімді нарығындағы фирма тепе-теңдігінің ерекшеліктері неде тұрады?
  5. Өндіріс факторларына салалық сұраныстың қисық сызығын сипаттаңыз.
  6. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарығына сипаттама беріңіз.
  7. Монополиялық фактор нарығында тепе-теңдік қалай орнатылады?

 

Есептер, жаттығулар, тестілер

 

1. Өндіріс факторларына  сұраныс анықталады:

а) басқа факторларға  деген сұраныспен

б) фактордың өнімділігімен

в) фактор өндіретін өнімге деген сұраныспен

г) барлық жауаптар дұрыс

Информация о работе Микроэкономика теориясының пәні