Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 14:51, реферат
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Кіріспе. Құқық-таптық құбылыс
Негізгі бөлім.
1) Құқықтың түсінігі
2) Құқықтың мазмұны
3) Құқықтың функциялары
Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жоспар:
1) Құқықтың түсінігі
2) Құқықтың мазмұны
3) Құқықтың функциялары
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері
1. ерікті сипаты;
2. жалпыға міндеттілігі;
3. нормативтілігі;
4. мемлекетпен байланысы;
5. формалды анықталғандығы;
6. жүйелілігі.
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет- мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы – бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні – мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды: формалды және мазмұнды.
Объективті құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және нормативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық –
бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға
арналған заңды мүмкін болатын мінез
– құлықтарының өлшемі. Субъективті
құқықтарға адамның нақты құқықтары
жатады (еңбек етуге құқық, білім
алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі
субъектімен тікелей
Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай – да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті,субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама – қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.
Көпшілік (бұқаралық) құқық
– бұл мемлекеттік істер
Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір – біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.
Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде – құқықтың мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады.
Құқықты түсіндірудегі
қазіргі уақыттағы тәсілдер:
Құқық қағидасы –бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар.
Таралу сферасына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық және салалық қағидалар болып бөлінеді.
Құқық функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқықтың қайнар көздері – бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативті заңды актілер;
2. Санкцияланған әдет – ғұрыптар;.
3. Заң прецеденті;
4. Нормативті шарт;
5. Құқықтың жалпы қағидалары;
6. Діни мәтіндер.
Нормативті құқықтық
актілер – бұл құқық нормаларынан
тұратын және нақты қоғамдық қатынастарды
реттеуге бағытталған құзырлы
Заң – бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік – жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.
Заңның түрлері: 1)Конституция; 2)Конституциялық заңдар;3)Жай заңдар.
Заң күшіндегі актілер – бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:
1. Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
2. Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;
3. Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;
4. Ведомствалық актілер.
Пайдаланылған әдебиеттер: