Лекций по экономической теории

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 14:57, курс лекций

Краткое описание

«Экономикалық теория негіздері» курсының мақсаты мен міндеттеріне- студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтары мен эволюциясы және шектеулі ресуратар жағдайында адамның экономикалық қылығының принциптерімен себептері туралы теориялық білім беру, сондай-ақ оларда экономикалық дүниетаным мен мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда азаматтық бағытын ұстануды қалыптастыру Студенттердің білімдерін тестілік бақылау формасын тексеру, есептеу шығару, логикалық жаттығулардың және әр түрлі мәселелерді шешу, экономикалық негізгі түсініктер және категорияларға арналған тренигтар өткізу. Бұл студенттердің ойлау процессін және экономикалық теория пәніне деген қызығушылығын туғызады.

Оглавление

Кіріспе

1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
2-тақырып. Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері.
3-тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатыастары мен экономикалық институттар.
4-тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар-ақша қатыастарының дамуы. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.
5-тақырып. Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері
6-тақырып. Өндіріс шығындары және фирма табысы
7-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
8-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі. Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы.
9-тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде 10-тақырып. Экономикалық өсу және оның түрлері.
11-тақырып. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
12-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу.
13-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша-несие саясаты.
14-тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары
15-тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет

Файлы: 1 файл

Экон-лык теория лекции.doc

— 589.00 Кб (Скачать)

Валюталық курсты реттеу үшін  4 негізгі тәсіл  қолданылады:

  1. Валюталық интервенция  валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа  өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.
  2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде  шетелдік  валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі  нарықта қайта бөлуге кіріседі.
  3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.
  4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.

Халықаралық экономикалық интеграция

Соңғы уақытта әлемдік  шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы –  ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен  өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай  жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) -  кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.

ЕЭЗ-ның  негізгі мақсаттары:Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.

Мақсаттың нақты  түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі  түрлері болуы мүмкін:

еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар.

Ғаламдық  проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам  тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі  мен өмір жағдайын төмендету болып  табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :

  • милитаризация мен қару-жарақтану;
  • қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
  • қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.
  • дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
  • ұлттық мәдениеттің жойылуы;
  • дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.

 

 

 

Протекционизм

Фритредерство

Мағынасы:

Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті  қорғау үшін шектеу.

Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін жүруі.

Артықшылықтары

Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды  қорғайды, өндіріс  көле-мінің  өсуін  ынталан-дырады.

Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар  төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Кемшіліктері:

Өндіріс тиімділігі  төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды.

Ұлттық экономиканы  шетелдің теріс  әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.).



Информация о работе Лекций по экономической теории