Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 15:32, курсовая работа

Краткое описание

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.

Оглавление

КІРІСПЕ --------------------------------------------------------------------------------------3

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ -----------5
1.1Есеп айырысу нысандары ------------------------------------------------------------------5
1.2Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі --------------------------------------------------11
1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі ---------------16


АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ ----------------18
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі -------------18
2.2Валюта шотындагы қолма-қол ақшаның есебі --------------------------------------25


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫЛЫСУ ШОТТАРЫ ----------------------------------------------------------------------------33
3.1Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу ------------------------33
3.2Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу ----------39

ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------------41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------

Файлы: 1 файл

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

Аккредитив есебінен төлеу үшін, акцептелінген шоттар тізбесінде (реестрінде) немесе тауарлы-көлік құжаттарында (накладнойында) өкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.

Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады. . Егер аккредитив кыска мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 601 "Банк несиелері" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шотында аккредитивтін ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (441, 604) кредиттеледі де, 421 "Аккредитивтердегі ақша қаражаттары" шоты дебеттеледі.

 

Жабдықтаушылар шотын  төлеу 421 шоттың кредиті бойынша және 671 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 441,431,432,601 шоттарының дебеттерінде және 421 шоттың кредитінде көрсетіледі.

Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 821 шоты дебеттеледі де, 441 шоты кредитттеледі.

422 "Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары" шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

Чек кітапшасы бойынша  депоненттелген сомасы берілген кезде 422 дебеттеліп, 431,432, 441, 601 шоттары кредиттеледі.

Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек  ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа тұлғаларға беру кезінде 334 "Басқа  да дебиторлык қарыздар" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 687 "Басқа кредиторлық қарыздар" шотының "Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 687 шоты дебеттеліп, 422 шоты кредиттеледі.

423 "Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол қаражат" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған каражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіп одақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шотган күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

424  "Басқа да" шотында субъектінің құрамына  кіретін филиалдардың, құрылымдық  бірліктердің ақша қаражаттары  керініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

 

 

 

 3.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгелдеу

Кассаны түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретіңде шығарылған басқа да кұжаттар) және ақша құжатттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыкқа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөншдегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәлшеттерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы корсетіледі.

Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және ІІакгылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі (қолда бар ақша қаржысын түгелдеудің акписі жоғарыда келтірілген).

Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсі мді өткізу кезінде, банк инкоссарторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас көсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс белімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша йсрілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Ақша қаражаттарын, құнды  қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін  түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жасалады.

Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 411, 422, 451,452 шоттары дебеттеліп, 727 шоты

кредиттеледі

Кем шыққан ақша қаражаттары  мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне  шығарылады:

334 шоты дебеттеліп, 411,422,451,452 шоттары кредиттеледі.

Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 334 шоты кредиттеліп, 333 шоты бсттеледі, яғни 334 шоты жабылады.

Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 334 кредитінен Н21 шоттың дебетіне есептен  шығарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз енді ғана қанатын  жайған елдер қатарына жатады. Бүгінгі  күні инфрақұрылым, аграрлық саясат, білім  беру жүйесі және де несие жүйесі дамуда.

Қазіргі кезде  Қазақстанда көптеген банктер өз қызметтерін көрсетуде. Солардың ең үздігі «Казкоммерцбанк». Оның активі 64 млрд. АҚШ долларын құрайды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген:

«Қазақстан  Даму банкісіне сыртқы, әзірге таяу жатқан рыноктарда жұмысқа кірісетін  кез келді».

Несиелік қатынастар қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттармен уақытша бос капиталды (ақшалай) жинақтау мен қайта бөлу бойынша несиелік мекемелер мен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстарды білдіреді. Несие жүйесі кең мағынада – бұл несиелік қатынастар несие формалары мен несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар мағынада – елдегі несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айналысын реттеуші және басқа қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер торабы.

Несиелік жүйенің  маңызды элементтері: Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несиелік мекемелер болып табылады.

Несие жүйесін  құрудың негізгі принциптері: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекет монополия, елдегі ақша несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің автономиясы болып табылады.

Қазіргі әлемдік  несие жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар әртипті банктер арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасында өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа ақпараттық техниканы енгізу, ал банктердің тез өсуі.

Қорытындылай  келе, несие жүйесі бүкіл экономиканың тұрағы болып саналады.

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі

 

  1. Сейітқасымов Ғ. «Ақша, несие, банктер» Алматы  2001жыл.
  2. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы  2000 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының банктер және банк мекемелері.

Негізгі заң актілері. Алматы  2003 жыл.

  1. Жүнісов Б. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы  1994 жыл.
  2. Назарбаев Н. «Қазақстан-2030» Алматы  1997жыл.
  3. Кушербаев Б. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу»  Қарағанды  2002жыл.
  4. Мақышев С. «Қазіргі несиелік механизм және оны жетілдіру жолдары»  Алматы 1999 жыл.
  5. Мамыров Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы  1998 жыл.
  6. Бас  редакторы: Қабдиев Д. «Экономикалық  саясат»  Алматы  2002 жыл.
  7. Финансовое право – Найманбаева С.С. Астана 2005.
  8. ҚР салық кодексі.
  9. ҚР «жол қоры» туралы зањы.
  10. Положение о государственном фонде занятости населения РК.
  11. Положение о страховых медицинских организациях.
  12. Положение о порядке уплаты страховых взносов в Государстенные и территориальный фонды обязательного медицинского страхования.
  13. Закон РК  «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в РК» Алматы 2004.
  14. Закон РК «Об инвестиционном фонде Казахстана» Алматы 2004.
  15. Нормативные акты по финансам, налогам, страхованию.
  16. Указ Президента РК "О неотложных мерах по сохранению научно-технического потенциала РК" .
  17. Указ Президента РК "О разработке и внедрении внебюджетных форм инвестирования жилищного строительства" .
  18. Государственный закон РК «О тарифах страховых взносов в Пенсионный Фонд РК, Фонд социального страхования РК, Государственный фонд занятости населения РК и в фонды обязательного медицинского страхования на 2004 год».
  19. Финансы / под ред. А.М. Ковалевой - М.: Финансы и статистика - 1998 г.
  20. Финансы / под ред. В.М. Родионовой - М.: Финансы и статистика - 1993 г.
  21. Выбор невелик, да медлить не велит // Экономика и жизнь.- 1998.-№46.-С3.
  22. О размере пени за несвоевременную уплату налогов, поступающих в дорожные фонды, физическими и юридическими лицами. //Экономика и жизнь.-1999.-№7.



Информация о работе Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу