Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 15:32, курсовая работа

Краткое описание

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.

Оглавление

КІРІСПЕ --------------------------------------------------------------------------------------3

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ -----------5
1.1Есеп айырысу нысандары ------------------------------------------------------------------5
1.2Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі --------------------------------------------------11
1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі ---------------16


АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ ----------------18
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі -------------18
2.2Валюта шотындагы қолма-қол ақшаның есебі --------------------------------------25


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫЛЫСУ ШОТТАРЫ ----------------------------------------------------------------------------33
3.1Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу ------------------------33
3.2Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу ----------39

ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------------41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------

Файлы: 1 файл

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

Заңды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма-кол ақшасынан резидентгік емес еңбеккерлеріне жалақы төлеу үшін және қызмет бабы бойынша еңбекшілерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстарын жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін заңды- тұлға резиденттері өкілетті банкісіне тиісті дәрежеде рәсімделген құжатты ұсынады (іс-сапар туралы бұйрық, іс-сапарының шығыстарына жасалған сметасы, жалақы төлеу туралы өтініш т.б.).

Заңды тұлғалар — резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталық операцияларына, сондай-ақ қолма қол акша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банкінің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспасөзде жарияланады.

Өкілетті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып-сату арқылы екі жақты мәмшелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.

 Резидент - заңды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында несие алуына болады және шетел валютасында банкіден алған несие бойынша мідеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.

Валюта шоты бойынша  жасалатын операциялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр.

Банк мөрімен (штампымен) және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік  валюталық кіріс ордері валюталық  шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.

Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.

Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару " Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді, ол төменде келтіріліп отыр.

Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 431-"Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақша" және 432- "Шетелдердегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" — шоттарында жүргізіледі.

Аталған және басқа да құжаттардың негізінде банк валюталық шотының бет есебше тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.

Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.   Валюталық бақылау – Барлық резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Валюталык бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.

Валюталық бақылау Қазақстан  Республикасында валюталық бақылау  органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  заңына сай валютаны ретке келтіру  міндетгерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекетгік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

 Алған лицензияларына  сәйкес операциялар жүргізген  кезде валюталық заңның сақталуын  бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.

Валюталық бақылау органдары ез міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

 Қазақстан Республикасында  валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидентте, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Шетел валютасын  сатып алу. Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.

Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.

 

Заңды тұлға-резидентгердің ішкі валюталық саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.

Заңды тұлға — резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.

Заңды тұлға-резиденттерге валюталық операциялар бойынша көрсетілген банктік қызмет түрлеріне өкілетті банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.

Теңгемен алынған несиелерді (кредиттерді), сондай-ақ олар бойынша пайыздар (проценттер) мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.

Тауарлар экспорті төлем, сондай-ақ несие (кредит) немесе инвестиция ретінде заңды тұлғалар-резиденттер арқылы алынған болса, онда ол осы резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы №130 шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес өкілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.

Заңды тұлға — резиденттердің пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқа да түсімдер ретіндегі түскен шетел валютасы олардың өкілетті банкілері арқылы төленеді.

Өкілетті банкілерден шетел валютасын сатып алған кезде келесі шоттар корреспонденциясы қарастырылады.

431 және 432 шоттар бойынша  жазбалар есеп айырысу шотындағы  жазбаларға сәйкес жазылады.

431 және 432 шоттарының  дебеті келесі шоттардың кредитімен  корреспонденцияланады:

452 "Кассадағы шетелдік  валюта түріндегі қолма-кол ақша" — валюталық кассадан валюталық  шотқа өткізілген валютаның сомасына;

301 "Алынуға тиісті  борыштар"— тиелген өнім, орындалған  жұмыстар мен көрсетілген қызметтер  үшін төленетін валюталык каржы келіп түсті;

725 "Бағам айырмашылығынан  түскен табыс" — шетелдік  валютаның ұлттық валютаға қатысты  бағамының өсуінің нәтижесінде  пайда болған оң бағам айырмашылығының  сомасына;

431 және 432 шоттарының  кредиті келесідей шоттардың  дебетімен корреспонденцияланады:

452 "Кассадағы шетелдік  валюта түріндегі накты ақша" — валюталық шоттан валюталық  кассаға алынған валютаның сомасына  барабар;

671 "Жабдықтаушылар  және мердігерлермен есеп айырысу"  — жеткізілген материалдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін шетелдік фирмалардың (шот фактуралары) инвойсы төленеді;

844 "Бағам айырмашылығы  бойынша шыққан шығыс" —  шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының төмендеуінің нәтижесінде пайда болған теріс бағам айырмашылығының сомасына.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫЛЫСУ ШОТТАРЫ

3.1 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу.

 

Кәсіпорындар банкілердін  арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 "Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары" деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

421 "Аккредитивтегі акша қаражаттары" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив — клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контракттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк-эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері  ашылады:                                                       І

жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

Жобылотын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең акдіа сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы акшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

 Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын- ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-шартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар койған жөне бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта каралса.

Дәлелденген аккредитив — бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кеплідігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

Трансферабельдік (аударма) аккредитив — бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір  ғана бенефициармен есеп айырысуға  арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтау шыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша каржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге койылатын талаптар, басқа кажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

Аккредитивтің қандай түрге  жататындығы анық болуы керек, яғни қайтарып алынатын ба, жоқ әдде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтің пайдалану тәсілі де анық болғаны жөн ұсынған азаматқа төленетін немесе бөліп-бөліп төлеуге болатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау үшін пайдаланатын болып бөлінеді.

Аккредитив бойынша  қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтін, шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғаклвуы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.

Бенефициар банкісі аккредитив бойынша қаржының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде делдаддық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

Бенефициар банкісі (атқарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шарттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделгенін, ондағы бенефициардың қолы мен мөрінің белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетгі. ( Егер аккредитивтің шарттарында уәкілетті сатып алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы-көлік құжаттарының нөмірі, тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелтхен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, кабылдау, кабылдау-еткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктіңтүрі көрсетілмесе шот-тізбесін төлеуге беруге болмайды. Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот-тізбесінің) үш данасы ұсынылады, Олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот-тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының қаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін банк-эмитентке жіберіледі. Аккредитивті қолма-кол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді. Егер аккредитивтің шарттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлкұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін (қолдын, үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетті.

Информация о работе Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу