Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 15:32, курсовая работа

Краткое описание

Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.

Оглавление

КІРІСПЕ --------------------------------------------------------------------------------------3

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ -----------5
1.1Есеп айырысу нысандары ------------------------------------------------------------------5
1.2Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі --------------------------------------------------11
1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі ---------------16


АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ ----------------18
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі -------------18
2.2Валюта шотындагы қолма-қол ақшаның есебі --------------------------------------25


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫЛЫСУ ШОТТАРЫ ----------------------------------------------------------------------------33
3.1Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу ------------------------33
3.2Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу ----------39

ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------------41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------

Файлы: 1 файл

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып  қайтарылады. Чектердің дефектілері  табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі  бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

біріншісі — банкте қалса;

екіншісі — көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына  беріледі;

үшіншісі — Клирингтік палатаға беріледі;

төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі.

Ақша каражатгарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық болып жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысынын жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі 45- "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

451- "Кассадағы ұлттық валюта  түріндегі қолма-қол ақша   және 452 "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында жүргізіледі.

"Кассадағы ұлттық  валюта түріндегі қолма-қол ақшаның" есебі Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир кол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе занды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны кабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын аныктау тәртібін" басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Толтырылған кассалық кіріс ордері төменде келтіріліп отыр.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы  мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол коюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне кол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс орден жоғарыда келтірілді.

Сенімхат бойынша берілген акша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері  мен оның орнына жүретін кұжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын  етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке  қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы керсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн  өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)" деген жазу жазылады. Толтырылған төлем тізімдемесі 222 б. келтіріліп отыр. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс  және шығыс касса құжаттарына  жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іс сапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы максаты көрсетіледі. Егер ақша қаражатгарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы керсетіледі.

Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың  рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып " Алынды" немесе "Төлеңді" деп белгі соғады. Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ү. №КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардын бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта калады; екіншісі (келбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парактың жыртпалы емес бөлігінің бет жағанан ("Басталған күніне дейінгі қалдығы" деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың   бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. "Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарьылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да керсетіледі.

Касса операциялары шағын  болса, онда касса есебі 3-5 күнде  бір рет жасалуы мүмкін. Касса  кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Кассирдің есебіңце корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 451 — "Кассадағы ұлтгық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шотының дебеті мен кредиті бойьшша машинаграммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебішң түсуше қарай жүргізіледі. Бірынғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жүлдызына регистрлердегі калдық шығарылады, ол кассирдің, есебше және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

  Кассаға ақша кірістелген  кезде 451 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

441- "Есеп айырысу  шотындағы қолма-қол ақша" шоты—  кассаға есеп айырысу шотынан  алынған сомаға;

333- "Қызметкерлердің  және басқа да адамдардың қарыздары" қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;

701- "Дайын өнімдерді  (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан  түскен табыс", 702 - "Сатып алынған  тауарларды сатудан түскен табыс", 709 - "Басқа табыстар" шоттары материалдар, жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезінде.

Кассадан ақша берілген кезде 451-шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары  дебеттеледі:

681- "Персоналдармен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу" шоты — кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;

333- "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты — кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;

441- "Есеп айырысу  шотындағы нақты ақша" шоты  — көсіпорынның есеп айырысу  шотына өткізілген, депозитке салынған  жалақы жөне басқа да түсімнің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі.

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452-"Кассадағы шетедік валюта түріңдеп қолма-қол ақша" шотын ашады. Валюта касасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұксас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинаграммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізшуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар

кредиттеледі:

431-"Ел ішіндегі валюталық  шоттағы қолма-кол акша" шоты  — валюта шотынан валюта түскен кезде;

301- "Алынуға тиісті  қарыздар" шоты — кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;

725- "Бағам айырмашылығынан  түскен табыс" шоты — тиісті  шетел валюталарына қатысты теңге бағамының кұлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

333-"Қызметкерлер мен  баска да адамдардың қарыздары"  шоты — есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде — 452-шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттардебеттеледі:

333- "Қызметкерлер мен  басқа да адамдардың карыздары"  шоты — есебіне берілген шетел  валютасының сомасына;

431- "Ел ішіндегі  валюталық шоттағы қолма-қол акша" шоты - валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

844 - "Бағам айырмашылығы  бойынша шығыстар" шоты — тиісті  валюталарға қатысты теңге бағамының  көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ 

2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.

Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда көсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін  түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша каражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады. №1034 6 тамызда шыкқан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің (әсіресе, сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындар) Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыншылык, жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.

ТЖБКМ көмегімен есептеуді  жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын куаттайды.

 

 

Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді. Оны тірекуден  өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден еткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы-кассалық машина) паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Арыздың нысаны төменде келтірілген. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салык. органының екілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сакталады.

Акша операциялык, кассаға түскен кезде 451 "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша" аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредитгеледі:

701- "Дайын өнімдер (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен кіріс", 704-"Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі Қызметтерінен түскен табыс" шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

301- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты - сатып алушылар Мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.

Информация о работе Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу