Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 15:32, курсовая работа
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
КІРІСПЕ --------------------------------------------------------------------------------------3
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ -----------5
1.1Есеп айырысу нысандары ------------------------------------------------------------------5
1.2Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі --------------------------------------------------11
1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі ---------------16
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ ----------------18
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі -------------18
2.2Валюта шотындагы қолма-қол ақшаның есебі --------------------------------------25
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫЛЫСУ ШОТТАРЫ ----------------------------------------------------------------------------33
3.1Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу ------------------------33
3.2Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу ----------39
ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------------41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ------------------------------
1.1Есеп айырысу
нысандары ------------------------------
1.2Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі ------------------------------
1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі ---------------16
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі -------------18
2.2Валюта шотындагы қолма-қол
ақшаның есебі ------------------------------
3.1Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу ------------------------33
3.2Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу ----------39
ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
------------------------------
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбын тандаған себебім, үйткені Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы- нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшелікткрін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудын әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын “Қаржы” курсында қоғамның өндірістік қатынастарының еркшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
“Қаржы”- арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін бұл курстың мақсаты- қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы студенттердің теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастырудың нысандарының өзара іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады.
1.1 Есеп айырысу нысандары.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінін, тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша Төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Казақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды түлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет занды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары — бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ, заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айьрысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-кол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарын аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды республиканың заң актілермен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақылардың арасында болатын талаптары мен міндетгемелерді эачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген сомманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем гапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары жөне төлемдердің мақсатын бастайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында каражат болғанда ғана орындауға қабьлданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз түрінде де ұсынуы мүмкін. Бұл кұжаттардың данасын әр бір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте толтырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге кол қойылып, штамп басылып айтарылады. Төлем тапсырманың нысаны 201 бетте келтірілген.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе
тендестірілген (
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердіц коды (ЖК немесе КОд) — бұл кодтар екі символдан (белгілерен) тұрады: біріншісі — резидентгік үлгісін, ал екіншісі — экономиканың секторына көрсетеді;
- бенефициар — аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі — бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша кұажатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентифшацияланган) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымының коды — ҚР ҮБ нормативтік-құкықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификацшсының (жіктемесініц) коды — салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні — ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұксат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстык төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаған қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны керсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозитгермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті колданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттын негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиентгеріне чек берушіге (заңды және жеке түлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сактауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қодтарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде киғашынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетге, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем кұжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде кабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Информация о работе Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу