Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 15:32, курсовая работа
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
КІРІСПЕ --------------------------------------------------------------------------------------3
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ -----------5
1.1Есеп айырысу нысандары ------------------------------------------------------------------5
1.2Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі --------------------------------------------------11
1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі ---------------16
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ ----------------18
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі -------------18
2.2Валюта шотындагы қолма-қол ақшаның есебі --------------------------------------25
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫЛЫСУ ШОТТАРЫ ----------------------------------------------------------------------------33
3.1Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу ------------------------33
3.2Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу ----------39
ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------------41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде - 451 шоты дебеттеледі де, ал 451 шотының "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша" субшоты кредиттеледі.
§ 5. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және баска да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті - заңды түлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен екендігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттиасісі) бар кұжатты (мұның үлгісі төменде келтіріліп отыр); клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де төменде келтірілген); аудандық еңбек жөне халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі кұжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазакстан Республикасы заң тәртібнен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжатының (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырынады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетше алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша каражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сөйкес, шот иесінің ақша каражаттарының жұмсалынбауына (тоскдуыл қою) немесе алуға тыйым салу кұқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкітегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе кдулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түскен қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі (хабарлама төменде келтіріліп отыр).
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардын. есебі 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-кол ақша" шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі — бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің "көшірме үшін" мөрінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні ( датасы ) көрсетілген календарлық штампелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек. Банк көшірмесі төменде келітіріліп отыр.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 441- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредитінен 334 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 441-шоттың дебеті және 687- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға — шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жыддан астам кезенде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде — шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек. Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары керініс табады:
441- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" - шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
451 - "Кассадағы ұлттың
валюта түріндегі қолма-қол
301- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты — сатылған өнім, жұмыс пен қызмет төлем ақысына;
661- "Тауарлы-материалдық босалқылармен жабдықтау үшін алынған аванстар", 662 - "Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар" шоттары — сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден
алынған аванстарына.
441- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредиттеледі де, мына
шоттар дебетгеледі:
671- "Жабдықтаушылармен
және мердігерлермен есеп
451 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі колма-қол ақша" шоты — еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға
алынған сомасына;
141- "Еншілес серіктестіктерге
салынған инвестициялар", 142 - "Тәуелді
серіктестіктерге салынған
401- "Акциялар", 402- "Облигациялар",
403- "Басқа да қаржылық
351 - "Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жабдықтау үшін берілген аванстар", 352 - "Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар" шоттары — жабдыктаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына;
601 - "Банктер несиелері", 602 - "Банктен тыс мекемелерден берілген несиелер" шоттары — есеп айырысу шотынан етелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;
641 - "Еншілес серіктестіктерге қарыздар", 642 - "Тәуелді серіктестіктерге қарыздар", 643- "Бірлесіп бақьшанатын заңды тұлғалрға қарыздар" шоттары — еншілес және тәуелді серіктестіктерге есеп айырысу шотынан қарыздарды өтеуге;
633- "Қосылған қүн салығы", 634- "Бюджетпен басқа да есеп айырысулар" шоттары - салықтар бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;
651 - "Жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша есебі" - жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша қарыз сомасын төлегенде;
631 - "Төленетін ағымдағы табыс салық" - бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде.
2.2 Валюта шотындагы қолма-қол ақшаның есебі
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, Нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер
арасындағы валюталық операциялар ¥лттык банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салық пен кеден заңдарында, карастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетгі банктер және банктік емес қаржылык мекемелер арқылы жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық ретту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы №115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Казақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негізгі болып табылады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері Туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.
Заңды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-кол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.
Заңды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін төлем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк Шоттарына кірістелуі керек.
Заңды тұлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген кұжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.) тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Ұлттық банкіде тіркелгені жөнінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда заңды тұлға-резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.
Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге кұқылы.
Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер екі жактың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.
24 желтоқсан 1996 жылғы "Валютаны реттеу туралы" Заңдарына және 31 Наурыз 2001 жылғы №88 ҚР ҮБ басқармасының каулысымен бекітілген "Капитал (Козғалысымен байланысты валюталық операцияларын тіркеудің Ережелеріне" сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін орын ауыстыруын) қарастыратын капитал қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған қаулымен белгіленген.
Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес баска валюталық операцияларынан түскен қаражаттар (мүліктерді) міндетті түрде тіркеуге жатады:
- резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған несиелер, лизингіні де қоса алғанда;
- резидент еместердің
экспорттық-импорттық
- резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік объектісін толық әрі айрықша құқын берген жағдайда;
-резидент еместердің
төлем ретінде қозғалмайтын
Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың тіркелген тіртібі бойынша нақты қаражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет беріп отыру болып табылады. Заңды тұлға-резидент өзінің келісім-шартын тіркеген орны бойынша тіркелген келісімшарттың әрекет ету кезінде болған барлық өзгерістері мен қосымшалары туралы хабарлап отыруға міндетті.
Капитал қозғалысына байланысты қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін (орын алмастыруын) қарастыратын валюталық операциялардың түрлері тәртіп бекітілген келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: 120 күннен астам мерзімге несиелер (кредиттер) алу; 120 күннен астам мерзімге жасалынған экспорттық-импорттық мәмілелерге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар; мүліктік және қозғалмайтын мүліктерге қатысты Гшсқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда жүзеге асады.
Заңды тұлғалар — резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаражаттарының шегінде колма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс; экспорттық валюталық түсім; жарғылық, капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге каржылық жәрдем (фант) беру; өкілетті банктерден, шетелдік банктерден, қаржылық мекемелерден және баска шетелдік заңды тұлғалардан алынатын несиелер, сондай-ак, жеке тұлғалар-резидент еместер берген қарыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада (рыногында) теңгеге сатып алынған валюта.
Информация о работе Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу