Iрі қара мал шаруашылығындағы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындарын есепке алуды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік есептіѕ қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік –аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.

Файлы: 1 файл

Курсовой Мусаев Баглан УКС-23.docx

— 67.62 Кб (Скачать)

        Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

        Өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

        Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық жарна,  еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады. Кәсіпорын өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік  құн  төмен  болса,   соғұрлым   өндіріс   тиімділігі   жоғары   болады.

        Нарықтық қатынастар жағдайында өнімнің өзіндік құндарының дұрыс қалыптасуы ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне әсерін тигізеді. Соған байланысты шұжық өнімдерін өндірумен  айналысатын ұйымдар үшін өндіріс шығындарын тиімді, әрі үнемді пайдалану мақсатында және саладағы қызметтердің өзіндік құндарын төмендету үшін негізгі шикізаттар мен көмекші материалдарды үнемді пайдалану, яғни өндіріске негізгі және көмекші материалдардың сапасын жоймай, оларды норма бойынша дер кезінде өндіріске жіберу, еңбекті ұйымдастыру мен өндірісті басқаруды жетілдіру, үстеме шығындардың нормаға сәйкес жұмсалуын бақылау; өндірісті автоматтандыру қажет.

        Кәсіпорынның  өндіріетін  әрбір  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  біле  отырып, сатып алушыға  осы  өнімнің  өткізілу  бағасын  немесе  құнын  анықтауға  болады. Өзіндік   құнды    азайтудың    ерекше    мәні   бар,  ол   пайданы   молайтудың   басты   көзі.

        Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

        Өндірістік тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық операцияларды іске асыру заңдылығын, өндірістік ресурстарды рационалды пайдалануды қамтамасыз ету үшін ұйымның ішкі бақылауын жиірек өткізу қажет.Шұжық өнімдерін өндірумен  айналысатын ұйымдар үшін өндіріс шығындарын тиімді, әрі үнемді пайдалану мақсатында және саладағы қызметтердің өзіндік құндарын төмендету үшін негізгі және көмекші материалдарды бірден өндіріс процесіне жеберу, қайталама ресурстарды пайдалану, сондай-ақ жұмысшыларға еңбек ақыны нақты өндірген өнім  көлемі мен сапасына қарай есептеу, өндірістегі ақауды болдырмау, өндірістік құрылғылар мен механизмдерді тиімді пайдалану, цехтық үстеме шығындарды бекітілген нормаға сәйкес жұмсау қажет. 
 

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Тайгашинова  К.Т «Басқару есебі». Оқу құралы. Алматы, 2011

2. Радостовец  В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы, 2003

3. Нұрсейітов Е.О. «Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп». Алматы, 2009

4. Төлегенов Э.Т. «Басқару есебі». Алматы, 2006

5. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. «Басқару есебі». Алматы, 2005

      6. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы, 2001

7. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. «Қаржылық есеп». Алматы, 2001

8. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері». Алматы, 2006

9. Ержанов А.К. «Басқару есебі». Алматы, 2009

10. Үмбеталиев А.Д. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік».      Алматы, 2009

11. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорынның экономикасы». Алматы, 2003ж

12. Кеулімжанов Қ.К., Тәжібаева З.Н. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы,2003ж

13. Әубакиров Қ.Т. «Экономика негіздері». Алматы, 2001ж 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Iрі қара мал шаруашылығындағы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындарын есепке алуды ұйымдастыру