Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 20:24, курсовая работа
Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік есептіѕ қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік –аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.
Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бүндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық)бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 1340 - "Аяқталмаған өндіріс" шоты дебеттеледі де, 8310 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі — бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудін көмекші өндірісіне жатқызылады.
Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8310 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 1340 - "Аяқталмаған өндіріс" шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің көрсеткен кызметін және аткарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық шығыңдары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша — будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт - тонна/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықтадады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.
Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.
"Көмекші
өндіріс қызметін таратудың"
талдамалық кестесі үш
Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі, Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы кызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың кұны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстармен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.
Екінші бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8310 шоты кредиттеледі.
Үшінші
бөлімде көрсетілген қызметтің
жабдықтаушысы болып
Көмекші өндірістің есебін ұйымдастыру олардың түрлеріне және олардың орындайтын функцияларына, технологиялық процестің сипатына, өндірілетін өнімдерге, өндіріс көлеміне және басқарудың ұйымдастыру түріне байланысты болады. Көмекші өндіріс түрлері мен орындайтын функциялары бойынша келесідей топтарға бөлінеді:
Технологиялық процестің қызметіне байланысты көмекші өндіріс мынандай топтарға бөлінеді:
- жеке (стандартты емес жабдықтардағы өте сирек болатын инструменталды жабдықтарды жеке тапсырыс бойынша дайындау; негізгі құралдардың жеке объектілерін жөндеу және модернизациялау);
- сериялық (қосалқы бөлшектерді, инструменттерді және басқалардың сериясын дайындау);
- массалық (энергияны өндіру және бөліп тарату, транспорттық, тиеу-түсіру жұмыстары және т.б).
Біркелкі өнімдер шығару бойынша көмекші өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Шалафабрикаттар мен аяқталмаған өндірісі жоқ, үнемі күрделі емес біркелкі өнімдер (энергетикалық, транспорттық, шаруашылық қызмет көрсету) өндірумен айналысатын өндіріс қарапайым болып табылады.
Шығаратын өнімнің (жұмыс, қызмет) көлеміне байланысты көмекші өндіріс ірі және ұсақ болуы мүмкін.
Көмекші
өндіріс шығындарының есебі типтік
шоттар жоспарының 8310 «Көмекші өндіріс»
кіші бөлімінде көмекші өндірістің
түрлері бойынша активті
8310- "Көмекші өндірістер (қорытушы шот)";
8311- "Материалдар";
8312- "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";
8313- "Енбекақыдаң қаржы бөлу";
8314- Үстеме шығындар
8311
«Материалдар» шотының дебеті
бойынша көмекші өндірістерде
технологиялық мақсаттарға
8312
«Еңбек ақы» шотының дебеті
бойынша көмекші өндіріс
Көмекші өндіріс шығындарының есебі калькуляциялық шығын баптары және цехтар бойынша жеке ведомостарда жүргізіледі. Қарапайым, біртекті өнімдерді өндіретін көмекші өндірістерде шығын есебі, аналитикалық бөлімшелерге бөлінбей, шығын баптары бойынша жүргізіледі.
Күрделі көмекші өндірісте де шығындар мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялау есебі тапсырыстық тәсілімен ұйымдастырылады.
Көмекші өндірістерде өнімдерді шығару және қызмет көрсетудегі негізгі, бастапқы құжаттарға мыналар жатады: құралдарды, құрылғыларды, қосалқы бөлшектерді, ыдыстарды беру накладнойы, күрделі жөндеуден өткен, модернизацияланған және қайта құрылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі; автотранспорт жұмысшыларының жол қағаздары, көлікке жүк тиейтін жұмысшылардың есеп ведомостары және т.б.
Кәсіпорынның өзінде өндірілген және сырттан алынған жылудың, энергияның түрлері, суық су және басқаларды тұтынушыларға босату, өлшеу аспаптарының көрсетілуі бойынша жүргізіледі, ал олардың жоқ болуы, жабдықтардың қуаттылығы және оның жұмысының ұзақтығына байланысты есептеу жолымен анықталады.
Өлшеу
аспаптарының көрсеткіштері немесе
бөлімшенің бас энергетигінің (энергетиктік)
есептеуі бойынша натуралды көріністе
тұтынушылар бойынша
Ведомость
бухгалтерияға тапсырылады және
энергетикалық ресурстарды
Көмекші өндірістің калькуляция объектісіне өзіндік құн есептелетін, өнімнің, жұмыстың және қызметтің түрлері жатады.
Қарапайым өндірістерде аяқталмаған өндірістердің жоқтығынан және бірдей өнімдерді шығарумен байланысты калькуляциялық бірліктің өзіндік құны барлық шығындарды өнімдердің (жұмыс, қызмет) санына бөлу арқылы анықталады.
Үстеме шығындардың есебі. Үстеме шығындардың түсінігі және олардың түрлері. Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлік), өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Бұл сөзбен айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтардағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, ғимараттрды және жалпы өндірістік (цехтық) бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндірістік (иехтық) сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірибе жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты басқа да цехтық шығындар.
Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептср бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда (бөлімшелерде) материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар.
Үстеме шығындар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады кешенді сипаттағы шығыстар құрамында шығынның барлық экономикалық элементтері көрсетіледі: екі және одан да көп бұйымдар шығаруда, бұл шығыстарды тікелей бұйымдарға апару мүмкін емес, сондықтан олар бір жағынан дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің арасында таратылады, екінші жағынан бұйымдардың арасында жанама тәртіппен таратылады.
Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану арқылы апаруға болады. Бірінші сатынын мақсаты барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтары бойынша тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді. Біріншіден, шығын орталықтары бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет нәтижесін бағалау үшін пайдаланылады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырландырылған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өмімдерге таратылады.
Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.
Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінін көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатында көрсетілуі мүмкін:
- өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;
- өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына пропорциональды;
- тікелей материалдар шығыстарына пропорционалды:
- цех құнына пропорционалды немесе шикізат құны шегерілген;
- цехтың өзіндік құнына пропорционалды;
- белігіленген шығындарды таратудың тұрақты коээфиценті бойынша;
- басқа да тарату базалары бойынша.
Үстеме шығындарды төлеу ставкасы. Әрбір өндірістік шығын орталықтары үшін үстеме шығыстар ставкасы орталыққа бөлінген жалпы шығындарды тарату базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Өнімдерге үстеме шығындар, әрбір өнімге қажетті, үстеме шығыстарды тарату базасының екінші сатысында алынған, әрбір орталықтағы үстеме шығыстар ставкаларына көбейту жолымен таратылады.
Кейбір
компанияларда үстеме шығыстарды таратудың
бірінші сатысынан бас тартады, олар шығын
орталықтары бойынша таратылмайды. Оның
орнына тұтас кәсіоорын үшін, барлық өнімдерге
таратылатын (қандай цехта, бөлімшеде
өндірісіне байланысты) бірыңғай ставка
енгізіледі. Бұл әдісті барлық бөлімшелердегі
өндірілетін шығын орталықтарының үстеме
шығыстары болса пайдаланған жөн. Егер
кәсіпорын өнімдердің көп ассортиментін
шығаратын болса, оның үстіне кәсіпорынның
әр түрлі бөлімшелеріндегі әрбір өнімге
әр түрлі сағат жұмсалатын болса, онда
оның орталықтары үшін үстеме шығыстарды
таратудың жеке ставкалары белгіленуі
қажет.
Қорытынды
Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.