Iрі қара мал шаруашылығындағы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындарын есепке алуды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік есептіѕ қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік –аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.

Файлы: 1 файл

Курсовой Мусаев Баглан УКС-23.docx

— 67.62 Кб (Скачать)

    Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны  көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің  бірлігіне қанша болатынын есептеу.

        Калькуляцияны құру уақытына  қарай алдын – ала есептелетін  калькуляция және соңынан есептелетін  калькуляция деп бөлінеді. Алдын  – ала есептелетін калькуляция  жоспарлық, сметалық және жобалық  деп бөлінеді.

    Жоспарлы  калькуляциялау – бір дана өнімді өндіру үшін кететін шығындарды баптар бойынша есептеу. Ол өнімнің барлық түрлеріне есептелінеді. Есептеу  барысында еңбек және өндіріс  құралдары шығындарының прогрессивті мөлшерлері қолданылады. Бұл мөлшерлер  өндірісті басқару тәжірибесінде  өндіріс шығындарының төмендету  жолдарын және өзіндік құнды төмендету  арқылы пайданы молайту тәсілдерін анықтау мақсатындағы салыстыру  эталоны ретінде қолданылады.

    Сметалық  калькуляция – бұл жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалатын калькуляция.

    Жобалық калькуляция – бұл келшекке құрылған жоспарлы калькуляцияның бір түрі. Ол күрделі салымның, жаңа техника  мен технологияның тиімділігін  анықтау үшін қолданылдады.

    Соңынан есептелетін калькуляцияға есептік  калькуляция немесе нақты шығындар бойынша құрылатын калькуляцияны  жатқызады. 
Мұндай калькуляция бақылау және басқару жұмыстарын жүргізуде бөлімше басқарушыларының қызметіне байланысты шығындарды есептеуге қажет болады. Кәсіпорында шығындарды толық және дұрыс есепке алу өнімнің толық өзндік құнын калькуляциялауға мүмкіндік береді.

    Шығындарды  есепке алу объектісі – цехтар, өндірістің жеке сатылары, агрегаттар, бөлімдер және тағы басқалар жатады.

    Калькуляциялау  объектісіне – өндірілетін өнім, жартылай фабрикатар, әр түрлі қызмет түрлері жатады. Кейбір жағдайларда  шығындарды есепке алу объектісі  мен шығындарды калькуляциялау объектілері  өнімнің бір түрін өңдеуде  бір-бірімен сәйкес келеді. Ал кешенді  өндірісте шығындарды есепке алу  объектісі калькуляциялау объектісіне  қарағанда кеңірек болады, себебі бір өндіріс үрдісінде өнімнің  бірнеше түрі өндіріледі.

    Шығындарды  есепке алу объектісі калькуляциялау объектісіне қарағанда аздау  болатын себебі есепті ұйымдастыру  өңдеудің жеке түрлері бойынша жүргізіледі, ал осы өндірісте барлық өнім калькуляцияланады.

    Калькуляция объектісінің калькуляциялық есеппен  және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляция объектісінің сапасы мен  тұтыну құнын сипаттайды.

    Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялық объектілердің  өлшеуіші болып табылады. Калькуляциялық бірліктер төрт түрге бөлінеді:

  1. Заттай бірліктер – бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, кг) сәйкес келеді. Ірілендірілген заттай бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады;
  2. Шартты-заттай бірліктер – өнімді калькуляциялау үшін қолданылады, бірліктегі пайдалы заттық құрамы ауытқуы мүмкін:
  3. Құнды бірліктер – көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы бөлшектер және өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі;
  4. Еңбек бірліктері – кәсіпорын бөлімшесінің өнімін, еңбек шығындарын есепке алып калькуляциялауға арналған бірліктер.

    Орындалған  жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте  қолданылады.

    Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды  рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында  белгіленген шығындар бабы номенклатурасы бойынша өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызмет түрлері  бойынша құрастырады. 

Калькуляция баптары  бойынша есеп жүргізу шығындардың  мақсатты бағытталуын анықтауға  және өнім бірлігі мен жеке түрлердің  өзіндік құнын есептеуге көмектеседі. 
 

        2.2 Ірі қара мал шаруашылығындағы өндіріс шығындарының есебі 

    Өндірістік  есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.

    Шығындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.

    Өндіріс шыгындарының есебі үшін, әр түрлі бағыттағы 8110 «Негізгі өндіріс» шоты қолданылады.

    «Негізгі  өндіріс»  активті шоты өндірістегі  барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған. 8111 «Материалдар», 8112 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы». 8113 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар», 8114 «Үстеме шығындар» шоттарында жннақтадады да. сонан сон әрбір есепті кезеңнің соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотына жинақтап, қорытылады.

    Шығындарды  және өнімнің шығарылуын есепке алу  мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері  пайдаланылады:

    «Цехтар бойынша шығындар» ведомосы, онда 8110, 8210 және 8310 бөлімшелер шоттары бойынша  шығындар есепке алынады. 8110, 8210 және 8310 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады.

    Ай  соңында бухгалтерия өндіріс  шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.

    «Цехтар бойынша шығындар» ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:

        1) «Материалдар (жалақы) шығындарын бөліп-тарату» кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық босалқылары көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбекақы шығыстары; еңбекақыдан аударылатын аударымдар;

       2) «Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі;

        3) «Материалдық емес активтер амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті амортизацияның сомасы көрсетіледі;

        4)«Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі.

    Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция объектілерінің және цехтар мен өндірістер негізінде  шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық карточкаларда  немесе ведомостарда жүргізіледі.

    Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары  бойынша қандай калькуляциялау объектісіне  жататындығын белгілеу үшін есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығындарын ажыратады. Ал, бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері  бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік  береді.

    Орташа  және ірі кәсіпорындарда өндіріс  шығындарын есепке алу және өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында  біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

    Қаржылық бухгалтерия жұмысшы шоттар жоспарының 1010-8410 шоттарының есебін жүргізіп, есептің Бас кітабін, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

    Басқару бухгалтериясы жұмысшы шоттар жоспарының 8110-8410 шоттарын пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де жабық болуы мүмкін.

    Жұмысшы шоттар жоспарында көрсетілген шығын  шоттарында көрсетілген ақпараттар нақты жасаған шығындар туралы белгілі  бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып, шығарылған өнімнің нақты  өндірістік өзіндік құн туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі  деп есептелінеді. Әрбір бөлімше  өз кезегі бойынша үш категорияға  жіктеледі:

  1. шығындарға кеткен тікелей материалдар;
  2. шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
  3. үстеме шығыстар.

    Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындармен қатар қосылады. Мысалы, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі  үшін ағаш негізгі материал болып табылады.

    Жүмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар – бұл өнімді дайындауға тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбекақысы (еңбекақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады. мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбекақысы тағы басқа осы сияқты тікелей еңбекақылар жатады.

Қызмет көрсетуші  цех жұмысшыларының еңбекақысы тікелей  еңбекақы болып табылмайды, олар үстеме шығыстарға жатқызылады. Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан  тікелей шығындарды шегеріп тастағаннан  шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың  қатарына: амортизация шығыстары, жалақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің  салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.

    Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып  жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Көмекші өндіріс - негізгі өндірісті энергиямен, құралдармен, ыдыстармен, жөңдеу жұмыстарымен, көлік құралдарымен және басқа қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге арналған өндіріс ұйымының басқа бөлімшелері.

      Көмекші өндірістің шығындарын  есептеуге 8310 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

    Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

    Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын  баптары бойынша жүреді. Шығын ңоменклатурасы өндірістік күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

    Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын  өнімнің біртектестігі немесе біртектес  еместігі көмекші өндірістің көрсеткен  қызметінің өзіндік құнын есептеу  үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

    Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы  біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық  цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

    Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын  есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет керсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалык әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

Информация о работе Iрі қара мал шаруашылығындағы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындарын есепке алуды ұйымдастыру