Iрі қара мал шаруашылығындағы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындарын есепке алуды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік есептіѕ қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік –аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.

Файлы: 1 файл

Курсовой Мусаев Баглан УКС-23.docx

— 67.62 Кб (Скачать)

     1    Басқару есебінің теориялық аспектілері 

       1.1 Басқару есебінің мәні мен мазмұны 

        Ұйымдардың қызметін басқару табыс алуға негізделген кәсіпкерлікті дамыту және қазіргі нарықта тауар өндірушінің бәсекеге қабылетті болуымен байланысты басқару есебінің теориялық және әдістемелік негізінің мәселелері қажетті ақпаратты қалыптастыруға нақты көзқарасты талап етті. Бухгалтерлік есептіѕ қазіргі жүйесі барлық деңгейдегі менеджерлерді жедел ақпараттармен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп, өзінің ерекшеліктеріне орай, құрылымдарды ішкі басқару үшін жедел ақпарат ұсынуға мүмкіндігі жоқ. Кәсіпкерлік қызметті басқару механизмі технологиялық, жоспарлы, есептік –аналитикалық ақпараттар негізінде іске асырылады. Ұйымдарда оның құрылымдық бөлімшелерінің болашақтағы дамуын бюджеттеу, жоспарлау аналитикалық есептеулер, ішкі есеп берулер негізінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, басқару персоналын қамтамасыз етуге арналған ақпараттар жүйесі қазіргіге  қарағанда көлемді түрде ұсынылуы керек. Өндірістік ұйымдар ішінде ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған бухгалтерлік есепті жетілдіру қажет. Қазіргі  кездегі ақпарат кәсіпорындарда, соның ішінде, оның құрылымдық бөлімдеріндегі процестердің ағымдағы жағдайы туралы есеп мәліметтері бойынша дайындалуы қажет. Мұндай ақпарат өндірістік, технологиялық  операцияларды табысты орындау  үшін, тек қана ішкі емес, сонымен  қатар сыртқы жағдайлардың қысқа  жәее ұзақ мерзімді кезеѕдегі өндірісіне болжам жүргізу үшін қажетті болып  табылады.

         Ресей ғалымдары А.Д.Шеремет пен Н.П.Кондраков осы мәселе жөнінде: “Отандық тәжірибеде казіргі басқарушы есеп ұәымы кеңінен қолданылмайды” деп әділ атап көрсетеді. Оның көптеген элементтері бухгалтерлік есепке (өндіріс шығындарының  есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау); жедел есепке (жедел есеп беру); экономикалық талдауға (өнімнің өзіндік құнын талдау, қабылданған шешімдердің негізделуі, жоспарлы тапсырмаларды орындауды бағалау және т.б.) кіреді. Сонымен бірге, отандық тәжірибеде басқарушы есеп маркетингпен әлі де үйлеспеген, нақты шығындардың болжамды шығындардан ауытқуы анықталмайды.

         Басқару есебінің қалыптасуы, деп жазады Т.П.Карпова ол калькуляциялық есептің базасында (негізінде) қалыптасқан, сондықтан оның негізгі мазмұны болашақтағы және өткен кезеңдердегі өндіріс шығындарының әр түрлі классификациялық аспектідегі есебін құрайды. Бұл жағдай, соңғы кездерде пайда болған аудармалы және отандық экономикалық әдебиеттерде, сондай-ақ басқару қызметінде қолданып

жүрген  ақпараттарда, және бухгалтерлік есеп бойынша шыққан еңбектерде,                           “Басқару есебі” туралы берген ұйымының анықтамасында кездеседі.

         Отандық экономикада басқару есебін жаңа құбылыс түрінде қарау қателік болар. Бухгалтерлік қызметтің атқаратын жұмысы совет өкіметінің кейінгі жылдарымен салыстырып қарағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір кеңірек болған. Сол заманның бухгалтері есептік те, сондай-ақ жоспарлы –талдамалық жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесі мен орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму деңгейлерінде біртіндеп бухгалтерлік қызметтен жоспарлы және қаржылық бөлімдерінің бөлінуі, оларға бухгалтерлік өкілеттіктің бір бөлігін беру орын алды. Осының нәтижесінде бухгалтердің бұл қызметі іс жүзінде кәсіпорынның шаруашылық өмірінің фактілерін есептік тіркеумен ғана шектелгені баршаға мәлім.

Қайта құру кезінде, нарықтық экономиканың пайдасына  орталықтандырылған басқару жүйесінен  бас тартып, бірақ жоспарлаудың ролін  дәлелсіз төмендетудің салдарынан –кәсіпорынның  техникалық -өнеркәсіптік –қаржылық  жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқару есебіндегі бюджеттеу, көбінесе отандық тјжірибеде қолданылған техникалық –өнеркәсіптік –қаржылық жоспарды жасаудың тәртібін еске салады.

        Кеңестік экономикасының, тұсында  басқару есебініің бір тұжырымдамасы (концепциясы) – жауапкершілік орталықтары бойынша басқару болып табылды, яғни осының бір белесіндей көрінген, ішкі шаруашылықтың есеп айырысуды енгізуге бірқатар табанды талпыныстар жүргізілді.

        Бірақта, қазіргі кезде тек  шығындарда ғана басқарып қоймай, жабдықтау процесі, өндіру және  өткізу немесе қызмет көрсетуді  де басқаруға болады. Сондай-ақ, әрбір  процестің аумағында нақты жұмыстар  жүргізіледі, сондықтан ақпаратты  дайындауды әр процестің ішіндегі  жұмыс түрлері бойынша жүргізу  қажет. Осыған орай, біздің пікірімізше,  бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланумен  қатар, жоспарлауға, талдауға, бақылау мен болжауға жатқызылатын жұмыс түрлеріне сәйкес аналитикалық есеп шоттары бойынша аналитикалық ақпараттардың кең кәлемін дайындау қажеттігі туындайды. Мұндай функцияларды басқару есебі орындайды.

       Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін шешу үшін, қаржылық бухгалтерия мен өндірістік бухгалтерияны болу, сонымен қатар басқару есебін қалыптастыру қажет.

        Басқару есебін қалыптастыру  мен дамытуда  епті қадам болып,  кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік  қызметінен калькуляциялық (басқарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды.  Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық  және калькуляциялық) құру ең  алдымен өндірістің ұлғаюымен,  оны шоғырландырудың өсуімен,  капиталды орталықтандырумен, ірі  компанияларды құрумен, сондай-ақ  оларда коммерциялық құпияларды  сақтау кажеттілігімен байланысты  болып келеді.

        Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас  ұлттық шоттарды қалыптастыруға  әсер етті.

        “Батыс бухгалтерлерінің бағалауы  бойынша, - деп жазады” А.М. Карминский және т.б. – тек басқарушылық есепті жолға қойылуы мен жүргізілуі ресурстар мен уақыттың 90 пайызына жуығы кетеді, ал дәстүрлі қаржы есебіне қалған уақыт бөлігі кетеді”. Осыған ұқсас пікірлерді проф. П.С.Безруких пен Н.П. Кондраковта растайды, жалпы экономикалық ақпараттардың жиынтығында, 2/3 жуығын бухгалтерлік есептің мәліметтерін құрайды”, және олар басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет. Бірақта, есептің екі түрі де өз кезегінде мынадай жүйе элементтерінен тұрады: алғашқы құжаттау мәліметтері бойынша ақпараттарды өңдеу; әр түрлі өндіріс сипатын немесе оның жекелеген бөліктерін өлшеу; бақылау қызметтерін орындау кезінде тура және кері байланысты көздейтін және тағы басқа реттеуші ролін атқарады және ол оны атқарып та жүр. Жоғарыдағыны растау үшін бухгалтерия мен кәсіпорын службаларының және бөлімшелерінің арасындағы есеп беру құжаттамасының қарқыны қозғалысын айтсақ болғаны. Одан басқа, соңғы жылдары ақпаратпен қаныққан басшылар шаруашылық субъектінің ішіндегі есептік пен қаржылық қызметтердің интеграциялануына байланысты, бухгалтерлік есептің дәстүрлі процедурасының тиімділігін арттыру мәселелеріне басты назар аударып отыр.

        Бүгінде зерттеушілердің басым көпшілігі басқару мен қаржы есебінің өзара байланысты екендігін мойындағаны жөнінде айтуға болады, ал ол өз кезегінде басқарушылық процестерді ынталандырады. Бұл есептің екі түрінің өзара байланысты екеніне саяды, бірақ сонымен қатар есептің әр қайсысы өздеріне тән қызметтерді атқаруға арналған.

        Қазақстандық тәжірибе көрсеткендей, қаржы есебі сыртқа есеп берулерді (негізінен салық салу мақсатында) жасауға арналған, ал басқару есеп болса басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет. Қаржы есебінің мәліметтері басқарушылық мәліметтерінен ерекшелігі бар, бірақ дәл қазір қазақстандық есепте ол жоқ.

        Басқару есебінің мақсаты – ұйымдарда шаруашылық процестерді бақылау, жоспарлау және басқару үшін пайдаланушыларды ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында уақытылы жинау және өңдеу. Егер қаржылық есеп шаруашылық субъектінің есеп саясатында және қаржылық есеп берудің халықаралық стандартында белгіленгендерді қатаң сақтаса, басқару есебі бойынша маман есеп және талдаудың тәсілдерін, формалары мен әдістерін өз еркімен таңдайды. Осыған орай, басқару есебі бір жағынан – бұл шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі, басқа жағынан – қызметтер немесе жұмыстарды жоспарлау мен шешім қабылдау үшін басшыны қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, жедел түрде басқару мен бақылауға көмек беру, белгіленген бағдарламаны орындау барысында шаруашылық субъектінің қызметкерлерін ынталандыру, ұйым ішіндегі басқару аппаратының, жеке қызметкерлердің, бөлімшелердің қызметтерін (жұмыстарын) бағалау мақсатындағы жасалатын іс әрекет.

Осыдан  келіп, басқару есебінің мақсаты болып, өткен құбылыстарды талдау негізінде болашаққа ұсыныстар жасау болып табылады. Міне, сондықтан басқарушы есепті кейде болашаққа талдау жасау деп те атайды. Осы мақсаттарға қол жеткізу ұшін басшылар басқару есебі бойынша оларға мамандар дайындап берген қажетті ақпараттармен істес болуы қажет. Есептің бұл тұрі салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды, ол шаруашылық субъектінің ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан, дәстүрлі қаржы есебінің жалпы ерекшеліктеріне ие, бірақта оның одан айырмашылығы болуы да міндетті емес.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда басқару есебі  қаржы есебімен тығыз интегралданған, өйткені шоттардың стандартты жоспарында өндірістік шығындар есебі мен қызметтерінің  нәтижесі үшін арнайы шоттар қарастырылған.

        Біздің елдегі нарықтық қатынастарға, барлық меншік нысандарын дамытуға және шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін енгізуге бағытталып жасалып жатқан шаруашылық механизм, сондай-ақ өндіріс аясында басқарушы есептің барлық басты элементтерінің пайда болуы және басқарушылық пен қаржылық немесе қаржылы-экономикалық талдаудың қалыптаса бастауы, жалпы бухгалтерлік есептің бірнеше салаға бөлінуі, яғни бұларда және басқалары да, өндірісті басқарудың экономикалық механизмін жасаудан тұратындықтан (немесе туындайтындықтан), олар міндетті түрде аталған салаға күрделі өзгерістерді әкеледі.

        Нарықтық экономика жағдайында, яғни қатал бәсекелестік күресте, табыс табу  мен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, өнімнің өзіндік құнын төмендету, ал ол үшін өндіріс шығындары мен өнім бірлігінің өзіндік құны туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Осыдан  келіп, өндірісті басқару жүйесінде  басқару есебініңің атқаратын ролі ең алдымен “басқару шешімдерін жасау” мәселесін шешумен анықталады, бірақта бұл үшін бір мезгілде, өндірісті басқаруда жақсы жағдайы болу керек.

        Басқару есебінің ролі – бұл екі бапты ұйлестіру немесе өндірісті басқарудың барлық шешуші элементтерін, бизнесте ірі жетістікке жетуге бағышталған бір бүтінге айналдыру. Яғни, болашақта кәсіпорынды тиімді басқару мақсатында, оның қаржылық жағдайын талдау, есеп беруді жасау және ағымдағы есепті қамту қызметтерін біріктіретін бухгалтерияның ролін түбегейлі өзгертуге тура келеді.  
 

        1.2 Өндірісте басқару есебін жүргізу  

        Қазіргі уақытта шығындар есебінің  жүйесі өнімнің өзіндік құнын  басқару талаптарына сай келуге  тиіс. Сонымен қатар, өндірістік  есептің

басты мақсаты – басқаруға алынатын өндірістік қызметтің өткен, қазіргі және болашақ нәтижелерін қоса алғандағы өндірістік шығындардың есебін жургізу.

        Нарықтық қатынастар қалыптасқан  жағдайда, өндірісті басқару жүйесін  қайта қарау кезінде «өндірістік  шығындар есебі» және «өнімнің  өзіндік құнын есептеу» сияқты  ұғымдар заманауи өндірістік  есеп бойынша түбегейлі түрде  жаңа сипатта қарастырылады.

        Өнім өндірудің шығындар есебі  мен өнімнің өзіндік құнын  есептеуді ұйымдастыру тәсілдері  әлі толық деңгейде жасалып  біткен жоқ. Шығындар есебі  мен өнімнің өзіндік құнын  есептеу тәсілдері бойынша ғылыми  тұжырымдамада жасалмаған, оған  қоса, көптеген әйгілі ғалымдар  бұл ұғым- дардың қолданыстағы жалпылай сипаттарымен келіседі, ол ұғымға өнім өндірудің шығындар есебін басқару процесін құру, шығындар түрін таңдау, шығындар есебі объектілерінің тізімін жасау, шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілдерін жатқызады.

        Өндірістік есеп жүйесінің тағы  бір маңызды жағы, өндіріс шығындары- ның есебі мен калькуляциялау тәсілін өнім өндіру, жұмыс пен қызмет көрсету бойынша есеп жүргізудің біртұтас процесі ретінде қарастыруы.

        Іс жүзінде шығындар есебі,  шығындардың жеке түрлері бойынша  бақы-лауды қамтамыз етпейтін, қорлардың өзіндік құнының шынайылық деңгейі төмен, экономикалық мазмұны мен мақсаттары әртүрлі объектілер туралы ақпараттарды біріктіріп, ақталмайтын шығындарды қысқартуға жол береді. Сондықтан жеткізушіге есептесудің «қауіпсіз шекарасын», кейбір шығындар-ды қорлардың өзіндік құнына қосу заңдылығын анықтау үшін, ал сатып алушыға – сатып алатын өнім бағасын негіздеу үшін калькуляция жеткілікті түрде ақпарат бере алмайды. Өндірістік шығындар есебінің қалыптасқан түрі ХҚЕС талаптарына және келісімшартты жасау мен оны орындау барысында әкімшілік пен менеджерлердің бағаны анықтау процесіне қоятын қазіргі замандық жоғарғы талаптарына жауап бере алмайды. Қалай болғанда, өнім өндірудің барлық сатысында шығындар есебін жүргізбей калькуляция жасау мүмкін емес. Ал өнімге, жұмыс пен қызметке калькуляция жасаудың мақсаты белгісіз болса, шығындар есебін жүргізуден түсетін пайда жоқ.

Информация о работе Iрі қара мал шаруашылығындағы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындарын есепке алуды ұйымдастыру