XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:58, реферат

Краткое описание

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызметінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағазары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.

Оглавление

Кіріспе
1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі
2. Граматикалық ерекшеліктері
3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы
4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат 1.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

     Қазақстанның  «Тіл туралы» заңына 1997 жылдың 11 шілдесінде тиесілі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе де, жалпы соңғы өзгерістер 2007 жылы толық қамтылса да, бұл заң  шын мәнінде бір қолымен мемлекеттік  тілді қолдай отырып, екінші қолымен орыс тіліне мемлекеттік тілмен бірдей басымдықтар береді. Бір мысал, тиесілі заңның 4-бабы мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындайды: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі». Бірақ мемлекет қазақ тілінде басқарылып жатыр ма? Қазақ тілінде қанша заң шығарылды? Футбол тілімен айтсақ, қазірше есеп орыс тілінің ұпайында 2:3000. Кейбір деректерге сенсек, осы күнге дейін ресми тілде 3 мыңнан астам заң қабылданған. Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, бүгінде «қазақ тілінде қабылданды» деген заңның аты бар да, заты жоқ. Ал сот істері толыққанды мемлекеттік тілде жүргізіліп жатыр ма? Отандық заңгерлердің айтуынша, бәрі де сот органдарына берілген талап-арызға барып тіреледі. Өкінішке қарай, талап-арыздың орыс тіліндегі нұсқалары оңай болған соң, құжатты қабылдаушылардың өздері орыс тіліндегі үлгілерді арызданушыларға ұсынатын көрінеді. Мемлекеттік тіл – іс қағаздар тілі ме? «Мемлекеттік тілге әне көшеміз, міне көшеміз» деп жүрген мекендер тағы бар, ал көшкендері құжаттың сапа мәселесіне назар аудармайды... Ал мұның бәріне бір ғана бап жауапты. Былайша айтсақ, мемлекеттік тілдің көсегесін көгерткісі келетін 4-баптың бетін орыс тілін қолдайтын 5-бап қайтарады! Бұл нонсенс!

     «Тіл  туралы Заңның» 5-бабы «Орыс тілін  қолдану» деп жеке-дара айшықталған. Біздің зиялы қауым өкілдері мен  бірқатар депутаттардың наразылығын  туғызып отырған да осы бап. Онда былай делінген: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады». Бұдан кейін күні кеше «КСРО-ның ұлтаралық тілі» боп келген тілге бір емес, бірнеше бапта басымдық беріледі. «Тіл туралы» заңның 8-бап, 9-бап және 10-баптарын сараптап көрсеңіз, сырт көзге мұны өз заманында Ресейге қатты жалтақтаған депутаттар қабылдаған сияқты көрінеді.

     «Тіл  туралы» Заңның 8-бабы. Тілдердің  қолданылуы.

     «Мемлекеттік  тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады».

     9-бап.  Мемлекеттік органдар актілерінің  тілі.

     «Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қа­былданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін».

     10-бап.  Құжаттама жүргізу тілі.

     «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйым­дарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі».

     Қарап отырсаңыз, аталған баптарда орыс тіліне «мүмкіндігінше», «қажет болған жағдайда» басымдық беру арқылы шынтуайтында мемлекеттік тілдің тынысы тарылып отыр.

     Осындай «алпауыт» баптардан кейін қалайша  мемлекеттік тіл дамымайды деп  таңданамыз? Тиесілі заң Кеңес  Одағында 70 жыл бойы тамыр жайып  үлгерген, ал тәуелсіздіктен бері 20 жыл бойы өз деңгейінде мемлекеттік органдарда дамып жатқан орыс тіліне осылайша басымдық берілген. Кезінде бізге сұхбат берген білікті заңгер Қабылсаят Әбішев мұндағы бар мәселенің бір-ақ бапқа, жоғарыда айтылған 5-баптағы: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген мәселеге тіреліп тұрғанын айтқан еді. Заңгердің айтуынша, дәл осы бап алынып тасталса, бәрі өз орнына түсіп, мемлекеттік тіл өз тұғырына жетеді. Бұл баптың артынша, одан туындайтын өзге де баптар күшін жоюы тиіс. Яғни «Тілдер туралы» заңымыз нағыз «Мемлекеттік тіл туралы» заң боп шығады.

     Ал  «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң қабылдауды қолдаушылардың бірі Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл бізге берген сұхбатында осы күнге дейін әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің бастамасымен «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның үш бірдей нұсқасының дайындалғанын жеткізген еді. Бұл орайда ол: «Үкімет басшысы Әділет министрлігі мен өзге де тиесілі құрылымдарға «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң жобасын дайындау жөнінде тиісті тапсырма берген болатын. Біздің талабымыз – бұл заң жобасының өте сапалы, толыққанды дайындалып шығуында. Біз өз кезегімізде оны қарап, толықтыруға тырысамыз» – деп мәлімдеген.

     Ең  сорақысы, Қазақстан биыл 1 маусымда «Тілдер туралы» заңының күшіне енгеніне 19 жыл, ал 22 қыркүйекте заңның қабылданғанына 20 жыл толуын атап өтсе де, тіл саласында 20 жыл түгілі 2 жылға  татитын нәтижелермен мақтана алмайды. Тіл мәселесі – қазақтың жан жарасына айналды. Ешкім де тіл мәселесін көтергендерді «ұлтшылсың» деп айыптай алмас. Бірақ 67 пайыздан асқан қазақ ұлты тіл мәселесінің шешілуін талап етеді. Әлеуметтанушылардың айтуынша, соңғы жылдары ел ішіндегі ұлтшылдық та кең өріс алуда. Бұл тұста Қазақ мемлекетінің иесі, қожасы – қазақ халқы өз ана тілінде сөйлеп, биліктен қазақша заңдар мен есеп алуға құқылы. Тіл жанашыры Мұхтар Шаханов айтпақшы, биліктен тілге қатысты таңертең бір ауыз тапсырма берілсе, түс қайта бүкіл Қазақстан, әкімдіктер мен министрліктер, құзырлы орындар мен қоғамдық салалар мемлекеттік тілде сөйлеп-ақ кетеді. Тек қазақ тіліне тұңғыш рет мемлекеттік тіл статусын сыйлаған «Тілдер туралы заңымыздың» 20 жылдығын нәтижесіз, өкінішті жағдайда қарсы алып жатқанымыз – елдігімізге сын.

           Осы туралы  айтатын  болсақ бұл мен жасаған мекемеде құжаттарды қазақ тілінде жүргізуге  көп көңіл бөлінгенмен жақсы  дамымаған. Мұның себебі мекеменің  іс жүргізушілердің қателігі емес, бұл мемлекеттегі жұмыс жасайтын барлық ұйымдардың қазақ тіліне толық  көшпеуінен және шетел фирмаларының көп болуынан.

           Мен тәжірибеден  өткенде көптеген құжаттармен жұмыс  жасадым. Келісім шарт, бұйрық, акт, сұраныс, өтініш хаттары және т.б. Жалпы  бұл хаттардың  50 пайызы қазақ  тілінде ал қалған бөлігі өзге орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Жалпы айтқанда қазақ тіліне көп көңіл бөлінеді және мемлекеттік тілде жұмыс жасауға тырысамыз. Мұның айғағы ретінде келісім шарттарды қазақ тілінде және орыс тілінде жасаймыз. Қорыта айтқанда қазақ тілі бір қалыпты дамып келеді.  

     Пайдаланылған әдебиет:

  1. «Ресми іс қағаздары» Л.Дүйсенбекова. Алматы баспасы 2000ж.
  2. «Іс-қағаздарын қазақша жүргізу» Л.Дүйсембекова, Ана тілі ЖШС, Алматы, 2001ж.

Информация о работе XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы