XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:58, реферат

Краткое описание

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызметінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағазары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.

Оглавление

Кіріспе
1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі
2. Граматикалық ерекшеліктері
3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы
4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат 1.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

     дожностные  лица – қызмет адамдары

     начальники  – ұлықтар

     закон – низам

     налоги  – алым

     распоряжение  – хүкім т.б.

           Бұл құжатта да қазіргі  қазақ тіліндегі орындау етістігі орнына келтіру, душар болу, етістігі кіріфтар болу түрінде берілген. Қазіргі басқа сөзі – ғайры, осы, бұл есімдіктері – мәзкүр деп берілген. Мен, және ыңғайластық мағынасын «һәм» шылауы арқылы берілген. Бұлар сол кезеңнің жазба әдебиетіне тән тұлғалар.

           Құжат орфографиясында  сол кезеңдегі г орнына к, ш  орнына ч, п орнына б әріптерін жазу дәстүрі сақталған.

           Сол кезеңдегі кейбір іс қағаздарында аудармашының тәжірибесіздігінен болар, адам түсінбестей болып құрылған сөйлемдер де кездеседі. Бұл әрине  сол кезеңдегі Барлық іс қағаздарына  тән құбылыс емес. Іс қағаздар тілінің түсінікті, сол кездегі жазба әдеби тіл нормасына сай болуы аудармашы біліктілігіне де байланысты екендігі байқалады. Қалай болғанда да XIX ғасырдың екінші жартысында қазақша ресми іс қағаздар стилі қалыптасып, белгілі стандарттық қалыпқа түсе бастаған.

  1. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер

     XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған  ресми құжаттардың бірі – 1886 жылы қазанда басылып шыққан  «Семипалат облысының беш диуанының  барча халқының сайланмыш адамдарының  1885 йылында май айында чар бойында қарамола сиезінде жасалмүш ережесүдүр» деп аталатын кітапша. Бұл құжаттың түпнұсқасы Татар АССР-і мемлекеттік архибінде 684227 нөмірлі істе сақтаулы. Құжаттың соңына қол қойғандардың ішінде «Семипалат ойазының хұрметлі хазағы Ибрахим Құнанбай ұғлының болуына қарағанда», ережені жазуға Абай Құнанбаев та қатысқан. Бұл жөнінде М.Әуезов еңбегінде3  де айтылады.

           Құжаттың тілдік ерекшелігіне келетін болсақ, лексикасында әкімшілік, заң терминдері көп қолданылған, көпшілігі қазақтың төл сөздері мен қолданысқа еніп, сол кездегі халыққа түсінікті болып, сіңісіп кеткен араб-парсы сөздері. Олар: дағуа (дау), бітім, ғарыз, салауат (кешірім), береке бітім, салауат бітім, билік, айғақ, куаһлік, куман, куманчы, жөн беру, айғақ тазасы, шүйінші, ғайыб, құн, шариғат, ереже, қалың мал, түйебашлаткан бір тоғыз, қанлы ат, даукер, билік аты, дүре, жаза, барымта, шығын, үлгі, жауабкер, төреші, төбе басы, шабарман т.т.

           Сонымен қатар сиез, положение, тритай (суд), жребие, кофиа, прикавар, каталашка, метрически кнага, довернай, кфитансиа, черезвычайни сиез, боласнай, ойыз, управитель, түрінде жазылған орыс тілінің әкімшілік, заң терминдері де пайданылған.

           Ер, әйел сөздері  мағынасында еркек, ұрғашы сөздері  қолданылған. Әйелі, жұбайы сөзінің  мағынасын хатұн сөзімен берген. Жесір әйел мағынасы тұл хатұн тіркесі арқылы беріледі. Құжаттың грамматикалық құрылысында қазіргі әдеби тіл жүйесінен ерекшеленетін жайттар сол кезеңдегі жазба әдеби тілге тән –дүр, -мыш, -лар қосымшалары мен уа, һәм, бірлән, (илаг) шылауларымен байланысты. –мыш жұрнағы құжатта етістіктің ырықсыз етіс формасынан кейін қосылып, қазіргі қазақ тіліндегі –ған жұрнағының мағынасын береді. Мысалы, айтұлмыш – айтылған сұралмұш – суралған, кесілміш жаза – кесілген жаза, жасалмыш ереже – жасалған ереже т.б.

           -Мыш тұлғалы есімше  көптік жалғауын қабылдап, зат  есім қызметін атқаратын кездері  де кездеседі. Мысалы, сайланмышлар. Ережеде есімшенің –мыш тұлғасымен  қатар –ған тұлғасы да қолданылған.  Мысалы, қалған, чыққан, ауған  т.б.  Есімшенің –тын тұлғасы тұрған түрінде қолданылады. Мысалы, сала тұрған, -дүр қосымшасы өзі жалғанған етістік сөзге предикаттық мән беріп, көп кездерде қазіргі қазақ тіліндегі III жақ жіктік жалғауы –ды, -ді, -ты, -ті орнына қолданылған. Мысалы, йазыладүр – жазылады, айтадүр – айтады т.б.

           Бұл қосымша өзге сөз таптарына да қосылып, сөйлемді тиянақтайды. Мысалы, ережесідүр –  ережесі, тиұшлідүр –тиісті т.б.

           III жақтық етістікте  көптік қосымшасының қосылуы  сирек болса да кездесіп қалады. Мысалы, таңлаб аладылар –таңдап  алады, таңлаб чығарадылар – таңдап шығарады т.б.

           Қазақ тілінің және, я, яки, бірақ шылауларымен қатар  араб-парсы тілінен енген уа, һәм  шылаулары және шылауы мағынасында  қолданылады да, егер екеуі қатар  келсе сондай-ақ мағынасын береді.

           Бірлән сөзі мен  шылауының орнына да, жұмсалады. Ләкін сөзі бірақ, тек мағынасын беру үшін қолданылған.

           Құжаттың синтаксистік құрылымында қазіргі әдеби тілдің сөйлем жүйесінен өзгешеленетіндей жайттар жоқ. Сөйлемнің басқа  түрлерінен гөрі оның сабақтаса және араласа байланысқан түрлері жиірек кездеседі. Құжат тіліндегі қазіргі әдеби тіл үшін норма болып саналмайтын тіркестер:

     орнына  келтіру – орындау

     орай  қылу – жеткізу

     жаһат қылу – тырысу

     жаһат ету – тырысу

     күманка салу – күмәндану

     мойнына түсу – мойындау

     айтмаққа  тиұшлі – айтуға тиісті

     қыларға мүмкін – қылуы мүмкін т.б.

           Жоғарыда аталған  іс қағаздарындағы с мен ш сәйкестігі, ш мен ч барлық жағдайда болмаса  да бұл құжатта да кездеседі. Сөз  аяғында б әрпін жазу (барұб, жауаб), г орнына к әрпін жазу (прикавор, бірке, ережеке), үндестік заңының сақталмауы да орын алған.

           Араб графикасымен жазылған өзге материалдар тәрізді  мұнда да тыныс белгілері қойылмаған. Кейбір жерде біріңғай мүшелерді  ажырату мақсатында олардың арасына  сызықша қойылған.

           Бұл «Ереже» XIX ғасырдың екінші жартысындағы ресми іс қағаздар үлгісін көрсететін тілдік материал. Құжаттың сол кезеңде тілімізге ене бастаған терминдік лексиканы және термин ретінде қалыптаса бастаған қазақтың төл сөздерін де кездестіреміз. Сондай-ақ ресми іс қағаздар стилінің қазақ әдеби тіл заңдылығына сай біраз жетілгендігін байқауға болады. Бұл ереже 1) қазақтың ата дәстүрі, 2) шариғат жолы, 3) орыс әкімшілігі заңының қоспасы ретінде жасалған.

           Келесі құжат «Дала  уаләятіндегі облұсдардың тергеуі  турасынан» деп аталады. Бұл құжат 1896 жылы «Дала уалаятының газетінде» жарияланған. Сот ісін жүргізу процесіне байланысты заңдылықтарды халыққа түсіндіру мақсатында жазылған. Құжатта орыс тіліндегі заң терминдері төмендегіше аударылған:

           свидетель – айғақ

           обвинение – айып

           наказание – жаза

           обвиняемый – жауабкер, жазаға кіріфтар, жазакер, істі адам, содты адам

           потерпевший – даукер

           присягнуть –  жан беру

           свидетельство –  куәлік

           признание – мойнына  түсу, мойнына алу т.б.

           судопроизводство  – тергеу

           обыск – тінту

           публичный разбор –  жариа тергеу

           расход – шығын

           негласно – құпия

           защита – іс қорғау

           обвиняется –  кірледі

           дело – жұмыс, іс

           признан виновным –  ісі қара болу

           поручательство –  кепіл

           благонадежное лицо – сенімді адам т.б.

           Саяси-әлеуметтік терминдер  ретінде қазақшаға қолданылған  сөздер:

           қауым – общество

           халық – публика

           кеңес – заседание

           шәкірт – учащийся

           жөн – правило

           рет -  порядок

           әйел – жещина

           хатұн – жена.

           Әкімшілік, заң терминдерінің  қазақшаға аударылмай сол күйінде  қолданылғандары:

           закон                               удостоверение

           копиа                               поверени

           паспұрт                            адвакет

           каталашке                       доверености

           земски сома                    гражданский

           подписке

           Баска ресми іс қағаздарында қолданылған бірлән, -мыш, -дүр тұлғалары есімшенің тұрған тұлғасы етістікте көптік жалғауының жалғануы мұнда кездеспейді.

           Бұл құжатта кездесетін көне әдеби тіл формасы –һәм, уа шылауларының қолдануы.

           Жоғарыда аталған  құжаттар орфографиясында кездесетін ж мен й сәйкестігі, с мен  ш сәйкестігі мұнда жоқ. Бірақ  п орнына б, г орнына к, ш орнына ч дазу дәстүрі сақталған.

           Көптік жалғаудың  қатаң –тар, -тер варианттарының орнына ұяң –дар, -дер варианты актив  қолданылған. Мысалы облұсдар, қазақдар, ісдер т.б.

           Қорыта айтқанда бұл құжат тілінен іс қағаздар стилінің біраз жетілгендігін, заң, әкімшілік терминдерінің тұрақтала  бастағанын, сондай-ақ аударма сапасының  да жақсара бастағанын көреміз.

     Қорытынды

     Биыл  Қазақстан мен бірқатар Орталық Азия елдері жергілікті Тілдер туралы заңдарының 20 жылдығын атап өтеді. Дәл осыдан 20 жыл бұрын, 1989 жылы Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан өздерінің ұлттық тілдерін мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізсе де, Кеңес Одағы үкіметінің қысымымен орыс тіліне «КСРО халықтарының ұлтаралық қатынас тілі» деген статусты бекітіп беруге мәжбүр болды. Бірақ тәуелсіздікке қол жеткізген соң, өзге де ТМД және Балтық жағалауы елдері сияқты Өзбекстан 1995 жылы тиесілі заңға өзгерістер енгізіп, «ұлтаралық қатынас тілінің» мәртебесін алып тастады.

     Өзбек-қырғызда – Мемлекеттік тіл туралы заң,қазақта  – Тіл туралы заң...

     1989 жыл. Кеңес одағы. Тоталитарлық  режимнің әлі де бұлқанып, уысында  ұстап отырған халықтарды үрей  мен қорқынышқа душар еткен  кезең. Сол кездің өзінде Өзбекстан мен Қырғызстан жергілікті тілдерге басымдық беріп, «Мемлекеттік тіл туралы» заңдарын қабылдады. Өзбекстанның «Мемлекеттік тіл туралы» заңы 1989 жылдың 21 қазанында қабылданса, Қырғызстанның «Қырғыз ССР-індегі Мемлекеттік тілі туралы» заңы сол жылдың 23 қыркүйегінде бекітілді. Әрине, қазақтар қырғыз бен өзбектен аз ғана ерте «Тілдер туралы заңын» қабылдағаны рас. Қызығы сол, «Қазақ ССР-нің Тілдер туралы» заңы 1989 жылдың 22 қыркүйегінде бекітілсе де, іс жүзінде өз күшіне 1990 жылдың 1 шілдесінен бастап енді. Сорақысы сол, біз тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл бойы «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдаймыз деп нәтижесіз мәселені созбалап көтеріп келсек, біздің қос көршіміз «Мемлекеттік тіл туралы» заңдарын Кеңес одағының тұсында қабылдап кеткен. Яғни, оларда бізден гөрі бір проблема кем. Біз тіл деп басымызды қатырып жатқанда, бауырлас елдер ұлттық тілдерін тек қана күшейтумен келеді.

     Әрине, бүгінгі таңда Өзбекстанның тіл  саясаты қазаққа да, қырғызға да үлгі. Осыдан 20 жыл бұрын қабылданған «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік тіл туралы» заңы 1995 жылы қайта редакцияланып, 2004 жылы өзгерістер мен толықтыруларға ие болды. Мәселен, аталған заңның 1989 жылғы нұсқасының 1-бабында: «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі болып өзбек тілі танылады. Өзбекстан Республикасы өзбек тілінің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінде жұмыс істеп, дамуын қамтамасыз етеді» дей келе: «Өзбекстан Республикасы КСРО халықтарының ұлтаралық қатынас тілі орыс тілінің дамуы мен еркін пайдаланылуы үшін бар жағдай жасайды» деген. Ал аталған заңның 1995 жылғы редакциясында бос сөздердің бәрі алынып тасталып, онда бір ғана маңызды мәселе қамтылған: «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі – өзбек тілі». Оларда біздікіндей «КСРО-ның ұлтаралық қатынас тілі» автоматты түрде «тәуелсіз республиканың ұлтаралық қатынас тіліне», мұның артынша «ресми тіл» статусына ие болмады. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» – демекші, қазірше Қазақстанның «тілдік қазанында» әлсіз қошқарды күшті қошқар сүзгілеумен келеді...

Информация о работе XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы