Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:58, реферат
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызметінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағазары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Кіріспе
1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі
2. Граматикалық ерекшеліктері
3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы
4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
МИНИСТЕРСТВО
ОБРАЗОВАНИЯ И
НАУКИ РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМ.
К.И. САТПАЕВА
Институт ИИ и ТТ
Кафедра
Автоматизация и
Управление
Реферат
Тема:
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының
қалыптасуы
№ | Качество выполнения работы | Диапазон оценки | Проценты |
1 | Не выполнено
Отсутствие на занятиях без уважительных причин |
0% | |
2 | Выполнение и активность обучающегося | 0-50% | |
3 | Оформление работы | 0-20% | |
4 | Умение пользоваться справочниками, технической литературой, учебно-методическим комплексом дисциплины, конспектами лекции | 0-5% | |
5 | Умение пользоваться техническими средствами | 0-5% | |
6 | Защита работы | 0-20% | |
Итого: | 0-100% |
Студент: Куанышева А.К.
Алматы
2011
Жоспар
Кіріспе
1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі
2. Граматикалық ерекшеліктері
3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы
4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ
тілінің мемлекеттік тіл
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарды. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған істері іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.
Адам өмірі тікелей құжаттармен байланыты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат – тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат – жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі – орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарға оқу орнына түсу үшін түрлі үлгідегі іс қағаздарын жазады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да арыз, резюме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбеккітапшасына жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жіберуге тура келеді.
Ресми іс қағаздарының қолданылуы, түрлері, мазмұны, мақсаты қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдаймен тікелей байланысты болғандықтан қай кезеңнің болмасын іс қағаздарын қарастырғанда сол кезеңдегі қазақ даласының ішкі, сыртқы саяси экономикалық, әлеуметтік жай- күйіне де шолу жасап отырдық.
XIX ғасырдың екінші
жартысында қазақ даласында
Іс қағаздарындағы көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған нұсқасы бар. Кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасы да қазақшаланған нүсқасыда қатар қолданылып жүр. Курстық жұмыста осындай нұсқалардың әлі қалыптасып, үлгермегендерін екі тілде қатар беріп отырдық. Мысалы резолюция-бұрыштама, резюме-түйіндеме т.б. Протокол терминінің аудармасы ретінде осы уақытқа дейін мәжіліс хат, хаттама сөздері қатар қолданып келді. Соңғы уақытта «хаттама» сөзі термин ретінде қалыптасып, курсттық жұмыста хаттама үлгісін алдық. Хаттаманың қолға берілетін белгілі бөлігін (выписка из протокола) осыған дейін хаттамадан көшірме де деп атап келдік. Енді осындағы көшірме сөзі копия сөзінің аудармасы және оның мағынасын дәл беретіндіктен және копия мен выписканы бір-бірінен шатастырмас үшін хаттамадан көшірме емес, хаттамадан үзінді деп алдық. Біріншіден, екі терминді бір өзбен атағанша, әрқайсының өз атауы болғаны дұрыс, екіншіден, копия мен выписка бір нәрсе емес, үшіншіден, үзінді сөзі хаттамадан үзінді (выписка из протокола) деп аталатын құжаттың мағынасын көшірмеге қарағанда дәл ашады. Шынында да хаттамадан көшірме деп атап жүрген құжатымыз хаттаманың бүкіл құжатының бүкіл мазмұнының көшірмесі емес, тек белгілі бір қажетті ғана үзіндісі.
Іс қағаздарын қазақша
жүргізуді қалыптыстыру үлкен де
жауапты іс. Бұл қалыптасып, бір
ізге түскенше іс қағаздарының түрлі
нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары
белең алуы мүмкін. Оны жүйеге түсіру
үшін де біраз уақыт керек болады.
Біздің мақсатымыз іс қағаздарын жазудағы,
оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы
өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене
отырып, ана тілінің заңдылықтырын сақтап,
өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып
ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.
Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны ерекше. XIX ғасырдың II жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәстүрі еді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби тілдің заңды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа құбылыс болғандығын байқаймыз. Бұл әрине әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де анық байқалады. Бұл өзгерістің өзіндік ерекшеліктері мынадай жағдайлардан көрінеді: XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процесі толық аяқталды. Россияда толық капиталистік қатынастар дами түсүімен байланысты қазақ жері шикізат көзі ғана емес, өндіріс орындарына да айналды.
XIX ғасырдың екінші жартысында
қазақ жері орыс патшалығының
үш үлкен әкімшілік
Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша өкіметінің жергілікті әкімшеліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ әдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздар стилін одан әрі жетілдіруде үлкен роль атқарды.
Бұл кезеңде қазақ жерінде білім көздері пайда бола бастайды. Орынбор, Омбы, Троицк, Орал, Қазалы, Перовск, Торғай қалаларында қазақ балалары үшін орыс-қазақ мектептері ашылады. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 100 шамалы екі кластық уездік және бір кластық болыстық мектептер ашылып, оларда 4000-ға жуық бала оқыды. Таза қазақ тілінде кітап шығару ісімен баспасөз органдары да осы кезеңде пайда болды. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті қалыптасты.
Осы кезеңдегі тіл
практикасын танытатын
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық Россияның әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Тағы бір ерекшелігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірдегідей хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жариялайтын мазмұнда болды.
Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ең алдымен патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар (указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминологиясы, стилдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Үшінші топқа жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері жатады
Информация о работе XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы