XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:58, реферат

Краткое описание

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызметінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағазары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.

Оглавление

Кіріспе
1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі
2. Граматикалық ерекшеліктері
3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы
4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

реферат 1.doc

— 126.50 Кб (Скачать)
  1. Граматикалық ерекшеліктері

     Орфографиялық ерекшеліктері. Араб графикасымен жарияланған текстерде қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде еленбейді, нәтижесінде көптік жалғау тек –лар түрінде, табыс септік –ны, ілік септік –ның, жатыс –қа, шығыс –нан түрінде беріледі. Мысалы, хазратдар, қазақдар, қазақлар, адамлар, арызлар, халықдық т.б. Бұл кезеңде сонымен қатар сөз басында ж дыбысы келетін жерлерде й әрпін жазу, мысалы, йыл, йаш, йазұлады, йахшы, йаман, ш әрпінің орнына ч-ны қолдану, мысалы, барча, чақлы, үчун кездеседі. Бұл қолданыстарда бірізділік  жоқ, аталған сөздердің дыбыс ауысып қолданған варианты да, ауыспаған варианты да қатар қолданылады.

           Ал орыс графикасымен берілген құжаттарда мұндай орфографиялық  ерекшелік жоқ. Мұнда қазақ сөздерінің ауызша айтылудағы фонетикалық заңдылықтары мейлінше сақталған. Сондықтан мәтіндердің жазылуында дыбыс үндестігі де, ерін үндестігіде орын алады. Орыс тілінен енген сөздерді жазуда қазақша сөйлеу тілінде қалыптасқан түрде жазу да, орысша орфограммасымен сақтап жазу да қатар жүреді. Мысалы, Штрап, болус, уез, кандилат, песир, нагрет т.б. Ал төмендегі сөздерде орыс орфограммасы сақталған: военный, губернатор, начальник, закон, волостной съезд, чиновник т .б.

     Морфологиялық  ерекшеліктері. Құжаттар тілінде өткен  шақ есімшенің қыпшақтық –ған тұлғасының орнына оғыздық –мыш вариантын қолдану орын алған. Мысалы, отырмыш, айтылмыш, шығармыш. Етістіктің III жақтағы –ды қосымшасының орнына –дүр тұлғасын қолдану орын алған. Мысалы, етіләдүр, көрінәдүр. Етістіктің III жақ көпше түріне –лар жалғауының жалғануы кездеседі. Мысалы, бардылар, қойсалар. Тұйық етістіктің –у жұрнағының –ғу варианты да беріледі. Мысалы, жазғучы, тұрғучы т.б. Сонымен қатар есімшенің –тын,-тұғын жұрнақтарының орнына тұрған сөзін келтіру орын алған. Мысалы, жаза тұрған. Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздар стилінде бұл келтірілген тұлғалар жүйелі түрде қолданылмайды.    

     Лексикалық  ерекшелігі. Бұл кезеңдегі қазақ  әдеби тілінің сөздік құрамы: 1) жалпыхалықтық  қазақ тілі лексикасы, 2) араб-парсы  сөздері, 3) орыс сөздері. Іс қағаздарында қолданылған кейбір сөздердің қызметі мен мағынасына талдау жасайтын болсақ, төре –XIX ғасырға дейін ақ сүйек нәсілді адам мағынасында жұмсалған. Оның ресми адам болуы шарт болмаған. XIX ғасырдың екінші жартысында бұл атаумен ақ сүйек тұқымдарын да қарадан шыққан әкімдерді де, орыс әкімшілік өкілдерін де атай бастаған. Би сөзі шешен, тапқыр, билік айтушы мағынасында қолданылатын болса, бұл кезеңде әлеуметтік термин болып қалыптасады. XIX ғасырдың  екіші жартысында би сөзі үш жылға сайланып қойылатын, ресми әкімнің атауы ретінде қолданылады.

     Осы тұста қазақ қоғамының әлеуметтік және әкімшілік құрлысын бейнелейтін  көптеген жаңа сөздер әдеби тілден орын алып, терминдік мәнге ие болды. Олар: сенат, болыс, старшын, ауылнай, жандарал, ұлық, атқамінер, атшабар, әкім, дуан, пошташы, шен, жарлы т.б.

           Қазақ жеріне империялық  соттың келуімен байланысты закон, сот, статья, іс, арыз, абақты, қараңғы үй, тінтуші, тұтқын сөздері пайда болды. Бұлардың бірқатары калька жолымен  жасалса, бірқатары орыс тілінен  енді.

           Бұл кезеңдегі ресми  іс қағаздар тілінің алдыңғы кезеңдерге қарағанда әлдеқайда қазақшаланғанын байқауға болады. Іс қағаздарын жазу стилінде, безендіруде XVIII ғасыр іс қағаздар стиліндегі XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тіліндегі ерекшеліктер сақталады. Мысалы, жоғары лауазымды атайтын стандарттар патша хазратлары (Его Величество), генерал-губернатор хазратлары т.б. Бұл дәуірде де араб сөздерінің көбірек қолданылғанын атауға болады. Мысалы, хизмет (служба), хисаб даптары (список служебный), уалайат (территория по определенному административному делению), низам (положение), жария бұйрық (приказ опубликованный) т.б.

           Бұл кезеңге тән  тағы бір ерекшелік – ресми  іс қағаздар стиліне тән стандарт сөздер мен тұлғалардың пайда  болып, тұрақтала бастауы. Мысалы, бұйрық-жарлықтардағы  міндеттеу ұғымын білдіретін етістік тұлғасы (должно быть, должны делать) көбінесе шартты рай мен керек сөзінің тіркесі арқылы берілген. Мысалы, қолдарын қойсалар керек, тексирип қарап тұрса керек, жибермесе керек т.б. Мұндағы қойсалар керек қазіргі қоюлары керек немесе қойсын, қарап тұрса қарап тұру керек немесе қарап тұрсын, жібермесе керек – жібермеу керек немесе жібермесін тұлғаларының орнына жұмсалған.

           «Стильдік стандарт элементтер» қатарына мағлұмдүр (известно), бұйырамын, бұйырылдүр, тағайын қылынады, аталмыш, бойунча, турадағы, қараған, атына т.б. сөздер жатады. Олардың бірқатары калька жолымен жасалғаны байқалады. Мысалы, төмендегі – нижеследующий, жоғарғы көрсетілген – вышеуказанный, жоғарыда аталмыш – вышеназванный, бекітіледі, тағайын болады – назначается, атына – на имя т.б.

     Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар стилінің тағы бір ерекшелігі қазақ сөздерінен жасалған терминдердің қалыптаса бастауы. Мысалы, приказ – бұйрық, распоряжение – жарлық, положение-ереже, прошение – арыз, ғарыз, подпись – қол (қою), повинности – алым-салық, чиновник – төре, начальник – ұлық, тюрьма – абақты (лабақты) набақты, кибитковладелец – үй иесі т.б.

           «Әсіресе заң –  законға қатысты ресми документтерде  юриспруденция терминдері негізінен  қазақша қалыптасты. Бұған осы  саладағы ұғым атауларының бұрыннан қазақтардың әдет-ғұрып заңы («Обычное право») бойынша жасалып, тұрақталып қалғаны үлкен себепкер болды. Олар: дау, бітім, билік, кеңес (защита), тергеу (судопроизводство), мойнына алу (признание),  даугер, тоғыз (бір тоғыз) төре, төбе басы, шығын, тергеу, іс (дело служебное) сияқты сөздер»1.

           Бұл кезеңдегі ресми  іс қағаздар тілінің лексикалық құрамы үш қабаттан тұратынын жоғарыда айтып  кеттік. Соның бір қабаты – араб-парсы  сөздері. Бұл сөздер бұдан бұрынғы  кезеңдерде де іс қағаздарында актив қолданылғандықтан едәуір тұрақталған. Оған мысал ретінде айп (айып), шариат (шариғат), кефіл (кепіл), куә, куәлік, күнә сөздерін келтіруге болады.

           Обвинение, наказание, признание, доказание сияқты сөздері  қазақ тіліне құранды етістіктер арқылы аударылған.

           Мысалы.

                                обвинение – айыпқа тарту

                                наказание – жазаға тарту

                                признание – мойнына алу

                                доказание – мойнына салу

           Қазіргі қазақ тілінде  мұндай сөздер есім сөзге етістік тудырушы –ла, -ле,- да, -де, -та, -те жұрнақтары + тұйық етістіктің –у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айыптау, жазалау, мойындау, қаралау т.б.

           Сөз болып отырған  кезеңде нормалану процесі әлсіз  болды. Бір ұғымды беруде қазақша, орысша, араб-парсыша сөздердің параллель қолданылуы жиі кездесіп отырды. Мысалы кеңсе сөзімен қатар, сол ұғымды білдіру үшін махкама сөзі, қақ сөзімен жалованье сөзі, шығын сөзі мен расход сөзі, ереже сөзі мен положение сөзі, заң сөзі мен низам, закон сөздері қатар қолданды.

     XIX ғасырдың екінші жартысындағы  іс қағаздары стилінің едіуір  дамуына әсер еткен елеулі  оқиғаның бірі – Семей облысы  әскери генерал-губернаторының 1892ж. 20-21 январьда шығарған №459 жарлығы.  Бұл жарлық ресми орындарға  жазылатын өтініш-шағымдарды қазақтардың өз ана тілінде жазуларына рұхсат ету жайында болатын. Жарлық «Дала уалаятының» газетінде 1898 жылы 7 февральда жарияланды. Бұл кезеңде баспа бетін көрген ресми іс қағаздарының дені орыс әкімшілік орындарының халық арасына тарату үшін шығарған түрлі құжаттары, сондықтан олардың көпшілігі орыс тілінен аударылған аударма материалдар. Бұл материалдар тіліне аудармашылардың көпшілігі татар, башқұрт болғандығы, аудармашылардың білім, тіл білу дәрежесі әсер етпей қойған жоқ.

           Ресми іс қағаздарының тарихы көне дәуірден басталса да, XIX ғасырдың екінші жартысында оның түрінің көбейіп, тілі мен стилінің біраз жетілгенін көреміз. Бұл дәуірдегі іс қағаздарына әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, циркулялары, заң жинақтары мен әр түрлі ережелер, эпистолярлық материалдар кіреді. Бұлардың тілінде көне әдеби тілдік формалар өзге стильдерге қарағанда көбірек сақталған.

  1. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы

     XIX ғасырдың екінші жартысында баспа  жүзін көрген алғашқы қазақша іс қағаздарының бірі – 1852 жылы Орынбор шекара коммисиясының жергілікті қазақ әкімдеріне жолдаған қатынас қағазы. Көлемі бір бет. Орысша-қазақша екі тілде басылған. Бұл құжаттың қысқаша мазмұны төмендегідей: Бөкей Ордасындағы кейбір қызмет адамдары өздері орысша  білмесе де, орысша жазылған қағаздарға қол қойып, мөрлерін басады. Ол хаттар олардың айтайын деген ойын дәл жеткізе алмауы мүмкін. Сондықтан орыс әкімшілік орнына жазған хаттарын қалауынша орыс, татар тілдерінің қайсысымен де жазуға болады.

           Нұсқау-хаттың тілі негізінен қазақ оқушысына түсінікті, әкімшілік терминдерінің көпшілігін қазақша түсінікті етіп беруге тырысқан. Мысалы,

           Служебные переписки  – қызмет бабында болатұғын қағаздар.

           Должностные лица –  лауазым иелері

           Дело – іс

           Канцелярия –  махкеме

           Столоначальник –  стол бастығы т.б.

           Генерал-губернатор, советник, комиссия сияқты әкімшілік  атаулары орысша берілген. Сонымен  қатар бұл нұсқау хатта кейбір орысша атаулар араб-парсы сөздерімен аударылып берілген. Мысалы,

           пограничная комиссия – хыдудиа мекемесі

           письмоводитель –  катіб

           объвляет – ағлам  қылады т.б.

           Бұл құжаттың орфографиясы мен граматикалық құрылысында түркі  әдеби тіл дәстүрі толық сақталған. Құжатта с дыбысы келетін орындарда  ш әрпі жазылып отырады. Мысалы, іс – іш

                                                                  сол – шол

                                                                  істерге – ішлерке т.б.

           Ж дыбысы келетін  орындарда й әріпі жазылады. Мысалы,

     жазу  – йазу

     жаздырсын – йаздырсын

     ш әріпінің орнына ч қолданылған. Мысалы,

     үшін  – учун

     бойунша – бойынча

           г әрпі жазылатын  орындарға к әрпі қолданылған. Мысалы,

     көрмегі – көрмекі

     істерге – ішлерке

           Осы кезеңге тән  түркі әдеби тілінің емле заңдылығына  сай түбір мен қосымшаның жігінде  үндестік заңының сақталмауы, сөздің соңғы буынында қысаң дауыстылар орнына ерін дауыстыларының келуі жиі кездеседі. Сондай-ақ араб-парсы сөздерінің негізгі тұлғасының сақталыпжазылуыда мұнда кездеседі. Көне түріктің –дүр, -илан, -лар, қосымшалары жүйелі қолданылған. –дүр қосымшасы етістіктің III жақ қосымшасы ретінде және сөйлемді тиянақтау мақсатында қолданылған. Мысалы, қағазлардан көрінедүр, ағлам қыладүр, йазмай тұрғандүр, йазсада ықтиар лұлардүр. Илан қосымшасы қазіргі көмектес септік мағынасын береді. Мысалы, қай тіл илан. Етістікте қосылған –лар қосымшасы қимыл иесінің көптігін білдіру үшін жалғанған тәрізді. Мысалы, ...қай тіл илан өздерінің ой уа  мұрадларын баян қылуб йаздұрмаққа қолайлұ көрселер, шөл тіл илан қағазларына һәм йаздұрсұнлар.

           Қазіргі қазақ тілінде ыңғайластық мағынада қолданылатын және, мен шылауларының қызметінде құжатта араб тілінің дәстүрлі уа, һәм шылауы қолданылған. Көсемше етістікте  жалғанып есімше туғызатын –тын жұрнағы бұл құжатта тұрған формасында қолданылады. Мысалы,...хызмет бабында болатұрған қағаздардан көрінедұр...

           Тағы тоқтала кететін  бір құжат Б. Әбілқасымов еңбегінде2 тілдік талдау жасалған жарлық. Бұл жарлық 1890 жылы 29 майда жазылған нөмірі 1071. Степной кенерел кубернаторының қыр облыстарының бастұқтаруна деп жазылған. Бұл да орыс тілінде жазылып, қазақшаға аударылған ресми іс қағаздарына жатады. Сөлем құрылысы қазақ тілі граматикасына сай. Орыс тілінің генерал-губернатор, жандарал, ойазнай, облыс сияқты бірен-саран сөздері болмаса, көпшілігі қазаққа түсінікті сөздермен аударылған. Мысалы,

     чиновник  – төрелер

Информация о работе XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы