Зейнетакы активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:50, реферат

Краткое описание

Міне, осымен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуына 7 жыл толып отыр. Осыншама кішкене жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылып, сапалы даму үстінде. Жеті жылдық өмірде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің активтері ішке ұзақты тез басты инвестициялық түбірі бола жаздады. Ол дегеніміз, басқа инвестиционалдық инвесторларға қарағанда, жинақтаушы зейнетақы қазіргі таңда ұзақ инвестиционалды ресурс және сонымен қатар ең ірі инвестициялық потенциал болып табылады.

Файлы: 1 файл

Zeinetaky_aktivteri.doc

— 83.00 Кб (Скачать)

• бағалы қағаздармен  мәмілелер жүргізуге арнайы кұрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;

• бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;

• бағалы қағаздарга баға белгілеу;

• өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес  беруші қызметін көрсету;

• жеке талдаулық  зерттеулерді жүргізу;

• құқықтық қатынастар субъектілері арасында клиринг жүргізу.

Экономикалық  тұрғыда қор биржасы мына функцияларды атқарады:

• баға белгілеуші — биржа экономикалық тұрғыда  негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік  береді;

• бағаны болжау және ақпараттық-талдаулық - биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың  даму үрдісін анықтау бойынша  ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады;

• тәуекелді  сақтандыру (мерзімді биржа мәмілелеріне ғана тән);

• бағаны тұрақтандырушы функция - биржада бағаның ауытку амплитудасы ескеріле отырып, күн  сайынғы баға тербелісі анықталады. Мұның аясынан тыс әрекет ету  мүмкін емес.

• қор биржасы кез келген занды тұлға ретінде өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субъектісінің шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялык құпияны ашып қойған жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.

Қазақстан қор  биржасы: құрылымы және сауданы ұйымдастыруы

Бүгінгі танда  біздің елде Қор биржаларының еуроазиялық  федерациясының (FEAS) мүшесі және Қор  биржаларының халықаралық федерациясының (FJBV) корреспондент мүшесі болып табылатын жалғыз Казақстан қор биржасы (KASE) бар. Биржалық сауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр.

1997 жылдың басында  Казақстанда 3 қор биржасы болған: Орталық Азия кор биржасы, Казақстан қор биржасы, Казақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын тандау тендерінде Қазақстан қор биржасы мен Қазақстандық Банкаралық қор биржасы жеңіске жеткен болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін токтатты.

1998 жылдың жазында  Қазақстан қор биржасы листингтік  емес бағалы қағаздармен мәмілені  тікелей баға белгілеу әдісі  арқылы жасау үшін арналган  сауда жүйесін іске асырды. Бұл  республикадағы биржадан тыс нарықгық баға белгілеудің ұйымдастырылуын құру мәселесін шешті.

КР «Бағалы  қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес, қор биржасының мүшелері тек кана биржада орындары бар және осы  қор биржасының листингіне кіргізілген  бағалы қағаздармен саудаға қатысатын  кәсіби қатысушылар ғана бола алады. Биржа мүшелерінің саны оннан кем емес болуы шарт. Олардьщ арасында КР багалы қағаздар нарығының кәсіби катысушысы мәртебесі бар шетелдік занды тұлғалар да болуы мүмкін. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді Биржалық кеңес шығарады. Қазақстан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды, қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын және уақытша тоқтатылуын, сонымен катар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Қор биржасының мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішін-де «С» санатты биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР аумағынан тыс жерлерде занды тұлға ретінде тіркелген, каржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие үйымдар да болуы мүмкін.

KASE мүшелері  қаржылық күралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:

• «Р» — ресми  тізімге кіргізілген мемлекеттік  емес эмиссиялық бағалы қағаздармен  саудаға қатысу құқығы бар санат;

• «Н» — қор  биржасының сауда жүйесінің «листингтік  емес бағалы қағаздар» секторындағы айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға жэне жеке менштік ұйымдардың мемлекеттік акция пакеттерімен саудаға қатысу құқығы бар;

• «К» — қор  биржасында айналыстағы мемлекеттік  бағалы қағаздармен саудаға қатысу кұқығы бар;

• «С» — қор биржасында айналыстағы мерзімді мәмілелермен саудаға қатысу кұқығы бар;

• «В» — шетел  валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.

Бір ұйым қор  биржасында бірнеше санаттар бойынша  мүшелікке ие бола алады.

Қор биржасының мүшесі оған берілген санатқа сәйкес қаржылық құралдар бойынша саудаға қатысуы; қор биржасындағы оның қызметі үшін жеткілікті және қажетті мәліметтерді алуы; Биржалық кеңеске, валюталық нарық бойынша Биржалық кеңес комитетіне биржа мүшелерінің жалпы жиналысы мен оның акцияларына саудалық, есептеу, ақпараттық және басқа да қызметтердің сұрақтары бойынша ұсыныстарды қарастыруға беруі, сонымен қатар оған берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналысының және оның акциясының жұмысына қатысуы мүмкін.

Сонымен қатар  қор биржасы мүшелерінің белгіленген міндеттері бар:

• әрекет ететін зандылықтардың, жарлыктың, басқа да ішкі қүжаттардың талаптарын орындауға;

• мүшелік салымдар мен биржалық жинақтарды оған берілген мүшелік санатына сәйкес биржада  бекітілген мөлшерде, кұрамда, мерзімде және тәртіпте төлеу;

• өз уақытында  толығымен және ең оңтайлы әдіспен  қор биржасында пайда болатын  міндеттерді каржылық құралдармен  жасалатын мәмілелерді, сонымен  қатар қор биржасының мүшелері мен  оның трейдерлерінің қызметін реттелетін әрекет етуші зандылықтың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарына негізделген басқа да міндеттерді орындау;

• үшінші тұлғаларға биржадағы мүшелік күшіне сәйкес осы тұлғамен алынған және биржаның ішкі қүжаттарына сәйкес коммерциялык, құпия немесе жасырын санатқа  жатқызылатын ақпараттарды бермеу және таратпау;

• құрылтайшылық  құжаттарға толықгырулар мен өзгертулерді енгізген жағдайда олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін жедел  түрде, сонымен қатар толықтырулар мен өзгертулерді енгізгені туралы егер ондай тіркеу әрекет етуші зандылыққа сәйкес талап етілсе, мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттарды ұсыну, өкілетті органдарға, оның қызметкерлеріне және үлестес тұлғаларға қатысты қабылданған әрбір дисциплинарлық әрекеттері туралы хабарлау;өзінің трейдерлер қүрамының әрбір өзгеруі туралы мәліметтерді беру және мүндай мәліметтерді уақтылы емес беру немесе бермеу нәтижелеріне толық жауапкершілікте болу;

Қор биржасының мүшелеріне санаттарына сәйкес оның мүшесі болмайтын тұлғаларға өзінің орындарын қолдануға беруге тиым салынады.

Қор биржасының ұйымдық құрылымы

Ревизиялык  комиссия КР «Бағалы кағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік  органдардың қызметкерлері, сонымен  қатар бағалы қағаздары қор биржасының листингіне кіргізілген акционерлік  қоғамның лауазымды тұлғалары биржаның басұару органдарына сайлана алмайды. Акционер жиналыста өзі иеленген акциялар санына тәуелсіз басқа акционерлермен тең дауысқа ие.

Биржалык кеңес  акционерлерден, баска да биржа мұшелері, оның лауазымды тұлғаларынан қалыптасады. Одан басқа оның құрамына тұрақты негізде ҚР Кдржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің өкілі дауыс құқығынсыз кіреді.

KASE айналымына  жіберілетін бағалы қағаздар:

• мемлекеттік;

• листинг рәсімінен  өткен мемлекеттік емес жэне биржада сатылатын бағалы қағаздардың ресми тізіміне кіргізілген, соның ішінде ҚР-да айналымға жіберілген және басқа мемлекеттік зандылықгарға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар;

• КР-да айналымға  жіберілген баска мемлекеттің мемлекеттік  бағалы қағаздары;

• жоғарыда айтылган бағалы қағаздардың базистік активі болып келетін туынды бағалы кзғаздар.

Қор биржасындағы саудаға листинг рәсімінен өткен  бағалы қағаздар ғана жіберіледі. Казақстан  қор биржасының бағалы қағаздарының листингі туралы жағдайына сәйкес осы рәсімнен өткеннен кейін, биржалық саудаға ҚР заңдарына жэне КР-да айналыска жіберілген басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік емес бағалы қағаздар жіберіледі.

Листинг рәсімін  Казақстан Республикасы мен КР-да айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің зандарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік бағалы қағаздар, сонымен қатар туынды бағалы қағаздар үшін талап етілмейді. Листингтік компанияның мәртебесін алушы заңды тұлгалар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

• құрылтайшылық  құжаттарында бағалы қағазды басқага беруіне деген ұстаушыларга шектеулер немесе қысымшылыктар туралы нормалар болмауы керек.

• занды тұлғаға  қатысты заңнамада белгіленген  жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері  төленген және тіркелген болуы керек;

• баска да талаптар бағалы қағаздар биржасындағы ресми тізімдегі санатта белгіленген шарттармен анықталады.

Эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімге  қосуда занды тұлғаның өтініші және қосымша талап етілетін құжаттары  биржаның листингтік комиссиясында  қаралып қабылданады..

Сонымен қатар биржа листингтік компанияның алдында мыналарға міндеттеледі:

• ресми тізімге  енгізілген бағалы қағаздардың саудасын уақтылы жүргізуге қажетті жағдай жасауға;

• бағалы қағаздар бойынша биржалық сауда ережелерімен белгіленген бұқаралық акдарат  құралдарына сауда нәтижесінің көлемі туралы уақтылы ақпарат беруге;

• эмитенттің жасырын  немесе жариялауға берілмейтін ақпаратын  үшінші тұлғаға бермеу немесе жария  етпеуге.

Листингтік  компания Биржалық кеңестің эмиссиялаған бағалы қағаздарын ресми тізімнен алуға, сондай-ақ саудада биржаның кызметін шектеуге және тоқтатуға кұқығы жоқ.

Эмитенттің  қызметі тоқтатылган жағдайда эмиссияланған  бағалы қағаздарды ресми тізімнен шығару туралы өтініш, лис­тинг талаптарындағы сәйкессіздік, сондай-ақ бағалы қагаздарды ресми тізімге қосу туралы өтініште толық ақпараттардың болмауы кезінде делистинг жүргізіледі. Листингтік комиссия бағалы қағаздардың делистингісін 1 жыл ішінде мәміле болмаған жағдайда да жүргізе алады.

Бүгінгі күні Қазақстан  қор биржасында мынадай қаржылық кұралдар айналыста:

• шетел валюталары: АКДІ доллары, Еуропалық одақтың  валютасы (еуро);

• мерзімді өзара  келісім: АҚШ долларына стандартталған жеткізілімсіздік фьючерсі;

• КР Каржы министрлігінің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;

• ҚР Ұлттық банкі шығарған бағалы қағаздары;

• жергілікті атқарушы органның облигациялары;

• ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру туралы департаментімен  саудага қойылған мемлекеттік акция  пакеттері;

• екінші деңгейлі коммерциялык, банктердің депозиттік сертификаттары;

• мемлекеттік емес бағалы қағаздар: облигациялар, АҚ-ның жай, атаулы, артықшылықты акциялары.

Қазақстан қор биржасында мемлекеттік және листингтік бағалы кағаздардың саудасы — үздіксіз карсы аукционның электронды әдісімен өткізіледі. Ол көрсетілген қарсы багалардың үздік баға белгілеулеріне сәйкестендірілген анонимді контрпартнермен автоматты келісімге келуге негізделеді.

Листингтік емес бағалы кагаздар кезінде саудаға қатысушылардың өздері мәміленің бекітілуі туралы ақпаратты Орталық депозитарийге немесе тәуелсіз тізілім-ұстаушыға беруде тікелей баға белгілеу әдісін қолданады.

Қазақстан қор биржасы  бағалы қағаздардың сатушысы және сатып  алушысы кызметтерін атқаратын  брокерлермен өзара қызмет жасасады. Саудаға қатысатын брокерлердің сәйкес лицензиясы болуы керек, демек біліктілік, қаржылык және басқада талаптарға сай келуі керек. Осыдан қор биржасы бұл брокерлердің клиенттеріне сенімді қызмет көрсетуіне кепілдік береді. Бұдан басқа жасалып жатқан мәмілелерді аяктау үшін биржаның есептеу органымен және Орталык депозитарийдің өзара арақатынасы қажет.

Өзінің мәні жағынан қор  биржасы — бағалы қағаздардың  көтерме нарығы болып табылады.


Информация о работе Зейнетакы активтер