Материалдық емес активтер аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:24, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.

Оглавление

Кіріспе
1 Аудиттің мақсаты мен ұйымдастырылу жолдары.
2. Материалдық емес активтерді есептеу аудитін ұйымдастыру жолдары
3 Материалдық емес активтердің есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Материалдық емес активтер аудиті.docx

— 46.33 Кб (Скачать)

 

 

ЖОСПАРЫ

 

 

 

Кіріспе

 

1 Аудиттің мақсаты мен  ұйымдастырылу жолдары.

2. Материалдық емес активтерді  есептеу аудитін  ұйымдастыру  жолдары

3 Материалдық емес активтердің  есебі мен аудитін жетілдіру  жолдары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта  өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің  жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі  және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын  басқаруға аса қажетті әртүрлі  бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші  субъектілер қызметін талдау, аудит  және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз  беріліп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі күнннен  күнге артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің  нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есеп пен аудиттің басты мақсаттары болып табылады.

Микроэкономикалық деңгейдегі даму туралы айтар болсақ, өндіріс  тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі – субъектінің активтерін пайдалануын  жетілдіру, олардың қайтарымдылығын  өсіру, олардың тұрақты және реттелген  кеңейтілген ұдайы өндірісін  жетілдіру. Бұл кез-келген шаруашылықтың  материалдық және қаржылық ресурстарының  шектеулілігімен тікелей байланысты. Субъектінің активтерін толық пайдалану  еңбек өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік  береді.

Осыған байланысты активтердің  есебі мен экономикалық мазмұнын, кәсіпкерлік қызметтегі ролі мен  орнын дұрыс түсіну оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау өндірістің экономикалық нәтижелеріне оң әсер тигізеді.

Әр қоғамның өмірінде материалды өндірістен басқа рухани өмір маңызды  орын алады. Адам туылған кезінен  бастап ойлауға, шығармашылыққа, ғылым  мен өнер туындыларын жасауға  қабілетті болып келеді. Мұндай әрекеттердің нәтижелері әрбір халықтың, мемлекеттің  сонымен қатар жалпы адамзаттың рухани және интеллектуалдық потенциалын  құрайды және арттырады. Ол жетістіктер  интеллектуалдық меншік деп аталады, ал есеп жүйелерінің мақсатында оларды материалдық емес активтерге жатқызады.

Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы дұрыс әлеуметтік-экономикалық саясатпен бірге қоғамның алға қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды  болып отыр. Елімізде шикізат пен  энергия тасымалдаушыларды сыртқа шығаруға ғана сеніп қоймай, міндетті түрде ғылыми сиымды және күрделі  өндірістерді дамыту керек, әлемдік технологиялық еңбек бөлінісінде өз орнын табуға көңіл бөлу керектігін Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын жолдауында атап өтіп өтіп міндеттеп отырады.

Бухгалтерлік есепте материалдық  емес активтердің болмауы кәсіпорындардың  қаржылық көрсеткіштерінің бұрмалануына ұшыратты. Өндірісте бірінші рольде тұратын нақты бар капитал  – интеллектуалдық меншіктің  болуы теріске шығарылды, ал бұл  активтерді мойындап, олардың бағасын  білгендер үшін үлкен пайдаларға қол жеткізуге мүмкіндік болды.

Дамыған елдерде тауар  белгілері, фильмдер мен кітаптар, күрделі  химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен  тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық  таза технологиялар, электронды есептеуіш  машиналарға арналған интегралдық  микросхемалар мен бағдарламалық  өнімдер сияқты шығармашылық интеллектуалдық  әрекет нәтижелерімен сауда жүргізуде  басты табыс көзіне айналуда.

Қазақстан Республикасы орын тепкен нарықтық қатынастардың ақиқатын түсіне отырып, интеллектуалдық меншік мәселелерін реттеудің нормативтік-құқықтық негізін жасады, адамның шығармашылығының барынша елеулі объектілерінің мәртебесін анықтады. Бұл саладағы нормативтік  құқықтық актілер жеткілікті базаны қалыптастырады және әлемде белгілі  материалдық емес активтерді толық  дерлік қамтиды.

Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінде материалдық емес активтерді сауатты және дұрыс анықтау, рәсімдеу, бағалау мен есептеу бизнес нәтижелері мен фирма бағасына тікелей әсер етіп өте маңызды роль ойнайды.

 Материалдық емес активтерді  зерттей отырып мынандай шарттарды  орындау тиіс екендігіне көз  жеткіздім:

халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарындағы берілген анықтамасына сәйкес келуі;

 болашақтағы материалдық  емес активтерден алынатын пайданың  жоғары мүмкіншіліктерін анықтау;

активтердің құны нақты анықталғанда ғана мойындалуы;

мойындалған сәтте активтердің  құны бастапқы бағасымен бағалануы.

Материалдық емес активтерді №2 Ұлттық Қаржылық есептілік стандартының 17 бабында активтерден пайдаланылуы тиімді, әрі сенімді бағаланып  кәсіпорын ішінде қалыптасқанда  және сатып алынғанда талаптарға жауап беретіндей болуы тиіс деп  көрсетілген.                                                                

 Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орнын қарастыру, олардың түрлерін, бағалау тәсілдерін,  аудитін жүргізуді меңгеру болып табылады.

Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау  барысында келесідей міндеттерді  шешу қарастырылған:

материалдық емес активтер туралы әртүрлі әдебиеттер мен ғылыми жарияланымдарды пайдалана отырып, материалдық емес активтердің экономикалық мәнін айқындау мен нақтылау;

материалдық емес активтердің  түрлері мен қолданылу аясын  қарастыру;

материалдық емес активтердің  аудитін жүргізуді меңгеру.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі  тарау және қорытындыдан тұрады. 

Курстық жұмыстың мақсаты  – кәсіпорындағы материалдық  емес активтердің құрылымы мен өндірістегі  маңызы, есебінің  аудиттеу тәртібі, жетілдіру жолдарын зерттеу, сонымен  қатар оның есебін жетілдіру бойынша  ұсыныстар жасау.

Ал, маңыздылығына келетін  болсақ, кәсіпорын балансындағы материалдық  емес активтердің кәсіпорын шаруашылық қаржылық жағдайына әсер етуі немесе қаржылық жағдайын жақсартуға ықпалдылығының зор екендігін білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Аудиттің мақсаты мен  ұйымдастырылу жолдары.

 

Кәсіпорынның материалдық  емес активтердің аудиторлық мақсаты  мен міндеттері.   Аудитті аудиторлардың  алдында жүргізу кезінде мынандай міндеттер орындалады:

  • синтетикалық шоттағы мәліметтердің баланс пен Бас кітапта дұрыс көрсетіледі ме;
  • материалдық емес активтердің баланстағы мәліметтері дұрыс көрсетіледі ме;
  • материалдық емес активтердің синтетикалық шоты дұрыс жүргізіледі ме;

Журнал – ордер №10, №12 (журнал – ордер есебі бойынша);

  • материалдық емес активтер бойынша бухгалтерлік провоткалар дұрыс  құрылды ма;
  • баланстағы шотқа дейін материалдық емес активтердің есебі дұрыс жүргізілді ме.

Материалдық емес активтер баланстағы көрсетілімнің жүргізілуінің  қосындасын тексереді, олардың да материалдық  емес активтердің  сияқты екі ең аңызды сәттері болады:

  1. меншікті обьектілердің  материалдық емес активтердің құрамына кіреді ме екендігіне міндетті түрде көз жеткізу керек;
  2. материалдық емес активтердің олардың  тозуын және дұрыстығын тексеру.

Аудиттің ең басты міндеті  – материалдық емес активтердің  дұрыстығын тексеру:

  • материалдық емес активтердің есебін бағалау;
  • материалдық емес активтердің тозуы және жөндеу есебі бойынша қарастыру;
  • материалдық емес активтердің қолданысын рационалдау;
  • материалдық емес активтердің мен бухгалтерлік есеп беру есебінің қозғалысының мәліметтерін қарастыру.

Бұған қарамастан, аудиттің ең маңызды мақсаттарының бірі –  матеиалдық емес активтердің жеткіліктілігін  және сақтандыруын тексеру.

Осы тапсырмаларды қарастыра  отырып, аудитор материалдық емес активтердің дұрыс сақталуын  қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорынның жетекшісінің жарғысы бойынша материалды –  жаупкершілікті тұлғалармен белгіленуі, материалдық емес активтерді сақтандыруға жауап береді ме екендігін міндетті түрде біліп алу керек:

  • жеке жауапкершілікті тұлғалар жазба келісім шартқа отырады ма;
  • материалды – жауапкершілікті тұлғалар материалды құндылықтарды сақтандыруын қамтамасыз етеді ме, сейфтер, шкафтар және т.б. сақтау орындарының жағдайлары қарастырылды ма;
  • сақтау орны өрт сөндіру қызметімен жабдықталған ба;
  • кәсіпорын шекарасы материалды – құндылықтарды шақыру тәртібімен қамтылған ба;
  • материалды емес активтерді сақтандыру жағдайын текеру жөнінде жетекшінің жарғысымен инвентаризациялық комиссия белгіленді ме;
  • жылдық бухгалтерлік  есептесу алдында материалдық емес активтердің инвентаризациясы жүргізілді ме;
  • материалдық емес активтердің жетіспеушіліктеріне кінәлі адамдарға қандай жаза қолданылды.

Материалдық емес активтердің  аудиторлық тексерістерінің бағдарламасын  жасау кезінде төмендегідей шарттарды  орындау керек:

  • материалдық емес активтердің баланстағы дұрыстығын тексеру;
  • материалдық емес активтердің дұрыстығын тексеру;
  • материалдық емес активтердің дұрыс бағалануын тексеру;
  • материалдық емес активтердің түсуін есеп операциялары арқылы орналастыру;
  • материалдық емес активтерді тозу есебіне енгізу;
  • материалдық емес активтердің жөндеу есебі бойынша операцияларын белгілеу, материалдық емес активтерді жалға беру және жалға алу;
  • кәсіпорынның операцияларын салық заңдары бойынша жүргізу, материалдық емес активтерді иемденумен байланысты;
  • материалдық емес активтерді эффектілеу және техникалық жағын талдау;

Аудиторлық қорытындыны  аналитикалық бөлігінен бағалаймыз және жіберілген қателіктерді жою жолдарын анықтау және есепті орнықтыру ережелерін қарастыру және басқа да сұрақтарды аудитор игеріп білуі керек.

Материалдық емес  активтердің  қозғалысының дұрыстығын ішкі  және сыртқы аудит арқылы бағалау қажет. Есептік саясатта уақытты ұйымдастыру  мен қажеттілікті қарастыруға болады.

Есептік регистір мен алғашқы  құжаттар мынандай ретпен ұйымдастырады:

-   бухгалтерлік баланс 

  • балансқа  № 3 қосымша
  • Бас кітап
  • журнал – ордер № 10 және №12,
  • есептелген кесте № 6 және № 9 – алғашқы құжаттарымен (МА – 1,   МА – 2, МА – 3, инв  - 1, инв – 18) есеп беруді тексеру.

Материалдық емес активтер сомасын есептелген кестесі бойынша  есеп айырысу, материалдық емес активтер және басқа да құжаттардың есеп айырысу  сомасын есептік кестеде белгілеу.

 Қаржылық – шаруашылық  кәсіпорынның типтік жоспар шотында  бухгалтерлік есептер типтерге  бөлінеді: «Материалдық емес активтер»  шоттар орны: 2730, 2740, 2741, 2810 материалдық  емес активтер түрлерінің арасында  белгіленген. Бұған кіретіндер 

Статистикалық есеп және есептесу, көпшілік процестердің есептесуін қарастыру, эканомикалық заңдылықтарын қарастыруға, МА таңдауының маңызы болып танылады. Тозу аудиті және МА жөндеу құрылғылары да жатады. Осыған арналған спицификалық жағынан қолдансақ, бухгалтерлік есептің мәліметтері статистика жағынан қарастырылады.

Бухгалтерлік есеп пен  жедел есеп, статистикалық есеп пен  ұқсастығын салыстыру жөніндегі  мағлұматтар. Ішкі аудитке мұндай мәліметтер өте қажетті болып табылады. Шаруашылық процестер мен операциялардың міндетті тіркелуі кәсіпорында жиі өткізіледі, МА есебімен байланысты есеп беруді жасайды.

Таңдаулы есептік мәліметтерді тереңдетуге және бөлшектелген есептік  көрсеткіштердің МА қозғалысын көрсетеді, соңғы жылдары МА тексерісінің бөлімдік таратылымын алдық. Есептік мінездеменің бастамасы деп, бастапқы құжаттар мен  ағымдағы бухгалтерлік есеппен байланыстырып, таңдаулы мәліметтерді қарастыру қажет.

Аудиттік қозғалыстың  материалдық емес активтердің есептелмеген ақпараттар есебіне жататындары:

  • ішкі және сыртқы аудит материалдары;
  • санитарлық және лабороториялық материалдарын қадағалау;
  • баспа материалдары;
  • қаржылық және несиелік жұмыстарын қадағалау;
  • басшылықпен жеке қарым – қатынас арқасында материалдарға қол жеткізілген, тексерілмеген кәсіпорынның жұмысшылары мен жеке кәсіпкерлерден түскен мәліметтер;
  • басқа да жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, аудитке байланысты және тозу талдауына және материалдық емес активтердің жөнделуіне қажетті мәліметтер.

Информация о работе Материалдық емес активтер аудиті