Сыртқы аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 08:05, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
I - ТАРАУ. Аудит түрлеріне сипаттама................................................................4
1.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі...........................................................4
1.2 Ішкі аудит және оның мақсаты.....................................................................9
1.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары.......................................17

ІІ- ТАРАУ Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы..........................................................19
2.1. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері.......................................................23
2.2. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері.................................27

Қорытынды.............................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................

Файлы: 1 файл

Сыртқы аудит.docx

— 78.47 Кб (Скачать)

      Сондықтан Қазақстан Республикасында аудит  қызметі жан-жакты таратылуы қажет, бірақ біздің елдің өзіндік экономикалық. әлеуметтік, тарихи даму ерекшеліктеріне  сәйкес дудит принцинтерін лайықты  түрде карастыру қажет. Әрине, оның   ішінде   ұйымдастыру,   құрылымы   туралы   көптеген өзгерістер енгізу өте қажет.

1.2 Ішкі аудит және оның мақсаты

 

      Ішкі  аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысьмың жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына  ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты өте кажет  жұмыс тәртібі. Сыртған қарағанда  ішкі аудиттің төуелсіздік сақтауы  мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат  тапсыру барысында түгелдей дербестігін  сақтайды.

      Аудит қызметі қалынтасқан елдерде  ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру  ерекшеліктері:

      1) шаруашынық субъектілерінің басшылары,  әкімшіліктері ішкі аудит қажет  деп тапқан жағдайда өзіне,  ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман  іздейді;

      2) аудитор маманы мен кәсіпорын  басшылары келісім-шарт жасасып:

      а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;

      б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының міндеті  наклы көрсетіледі;

      в) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы анықталады.

      Бұл келісім-шарттың зандынық қүқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор  тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек  ақысы туралы тапсырушыға тәуелді  емес. Яғни, каржылану, толем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит  тобы өз қызметін жүргізуде, барлық озіне  кажет молімет жинауда кәсіпорын  бастыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының туәелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей  жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына, директорлар қоғамынын комитетіне акпарат тапсырып отырады. Сондықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.

      Ішкі  аудиттің ең негізгі мақсаты —  ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына  бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында  қолданылатын мәліметтің шындыған, дұрыстығын қамтамасыз ету.

      Ішкі  аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау  жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы  өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру  жүргізіп отырады.

      Ішкі  аудит қызметі қалыптасқан елдерде  аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация күрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер  көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің  кәсіпкершілік көрсеткіштеріне  экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгшеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір  бөлімі болып саналады. Кәсіпорын  шаруашынығында аудит тобы ішкі бақылаушы  болып қана қомай ол есеп саясатының орьғадалуын бақылап, баға беріп  отыратын сарапшы ролін атқарады.

      Қорыта  келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында  басқарушылық жұмысын жүргізуге  өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған "Ереже" талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның күрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік  құжаттары, әдістемелік ереже-нүсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына. кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты боладьг Ішкі аудит хағдайы өз кезегінле "контракт" келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының қүқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағанан кәсіпорын басшыларының қүқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі максаты, жұмыс көлемі, іпш бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.

      Ішкі  аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметкерлері  қатысуы қажет. Біріншіден, экономика  және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бүл құжаттың жоғарш сатыдаш  құрылымда, акционерлер қоғамында  немесе жалпы жиналыста бекітілгені  жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының  тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың  нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкідцігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.

      Ішкі  аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы  ақпараты, өндіріс процесі және компьютер  жүйесі. Себебі, шаруашынық субъектілерінін  негізгі шығыны осы көрсетілген  шаруашылыққа тиісті. Оның ішінде .өндіріс  барысының шышны, әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне  еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шыған, ішкі аудитті ұйымдастыру  шығыны, таш басқа шығындар кәсіпорын  және олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын  ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы  ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау  және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар  барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс  жазынуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсілорын бойынша шығарылған бүйрықтың орындалуын қадағалап  тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық, мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.

      Ішкі  аудит жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақылау-тексеруді  жетілдіру, осіресе сату барысы, ондіріс  шығыны, таза табысты болжау, өндіріске  негізгі күралды енгізу, қаржыландыру, козш қарастыру мәселелерімен айналысады.

      Аудитордың  негізгі қызметі өндіріс бөлімдерін, сектордың жұмысын тексеріп, оңдағы өндіріс шығынын, мөлшерден артық  шығынын талдап немесе жетістіктерін  қарастырып оның қортындысын кәсіпорын  басшынарына уақтыны хабарлап отыру. Негізінде аудиттің мақсаты мен  міндеті, оның құрылымы және ішкі аудит  тобының құрамы тапсырушы кәсіпорынның талабына сәйкес анықталады. Ішкі аудит  құрылымы келесі бірнеше топтан құралады:

      - инвестицияның дұрыс және тиімді  пайдалануы, кәсіпорын мүлкінің, материалының  түгелдігін, еңбек және ақша, қаржы  ресурсын дұрыс пайдалану, салық  саясатын және салық сомасын  дұрыс есептеуді бақылау тобы  болып; арнайы қаржы ақпаратын  бақылау, арнайы тексеруші және  тексеру тобы болып бөлінеді. Аудит қызметі барысында бүл  ішкі аудит топтары, тапсырушының  қойған міндетіне, татабына сәйкес  жұмыс жасай береді. Әрине, мамаңдар  біліктілігіне байланысты, олар  барлық саланың жұмысына әмбепап  болғаннан кейін аудит кызметінің  саласы да, жоғары орындалуы да  жедел боладьу

      Арнайы  топтарға түсініктеме және онда қызмет мамандарға мінездеме берейік. Арнайы топтарға қызмет атқаратын мамандардың  түрі: аудит стандартының мамандары. Ішкі аудит қызметінің құрамында  оздерінің арнайы аудит стандарты  мен қызметі жүргізіледі. Стандарт мамандары кәсіпорын бухгалтерлік есебінде, есеп саясатының орындалу барысында  аудит стандартының дұрыс қолданылуын, оның тек түрі ғана сақталмай, негізгі  талаптарының орындалуын қадағалап. бақылау  және тексеру жүргізеді. Анықталған кемшілік болса оны тек қана кәсіпорын  басшысына хабарлауға міндетті; ішкі аудит тобының қызметкерлеріиің біліктілігіне жауапты адам. Дербес, жеке біліктілігін көтеру бірнеше вариантта жүргізіледі: сырттан мамандар шақырап, соның көмегімен оқыту арқылы оз тобының біліктілігін арттыру; Әр аптада немесс ай сайын барлық мамандарды шақырып тексеру материалдарын, талдауға түскен құжаттарды қарастыру арқылы мамандар біліктілігін көтеру; мамандар біліктілігін арттыру үшін бухгалтерлік жұмысқа. экономикалық кызметтерге жіберу немесе мамандар алмастыру

      Әрине, бүл жоғарыда келтірілген әрбір  тәсілдің өзіндік ерекшеліктері  бар, әрқайсысының өзіндік жақсы  жағы да, кемшілігі де бар. Ішкі аудит  тобының басшысы өзі тиімді жолын  пайдалануы қажет.

      Келесі  ерекше мәселе, ол ішкі аудит құрамына білікті мамандар жинап алу. Қазіргі  кезде бухгалтер мамандыш жеткіліксіз, ал білікті аудитор одан да аз. Оған тағы бір себеп аудит қызметін өте тығыз уақытта жүргізілу  ерекшелігі. Қатал, қаурыт графикпен  қызмет атқаруға кез келген маман  бере бермейді.

      Ішкі  аудит тобы шаруашылық субъектілерінің  және филиалдарының қаржынық ақпаратын  нақты. жүйелі тексеріп отырады. Олар, сол кәсіпорынның күрамында және еңбек ақысын сол жерден алып отырғандықтан  өзінің қызметі мен кәсіпорын  сенімін ақтауға міндетті. Ішкі аудит  қызметі, онын, берген кеңесі, ұсынысы  кәсіпорын қаржылық жағдайының, кәсіпкерлігінің  тұрақтынығын, тиянақтылығын қамтамасыз етеді

      Ішкі  аудит қызметі үлкен фирмаларда, Халықаралық корпорацияларда қызмет көрсетуінің рөлі өте жоғары. Себебі. ондай ірі кәсіпорындарда тексеру  құрылымы болады, ал олардын, сол кәсіпорын  бөлімдерінде тексеру бөлімдері  болады. Яғни. ондай кәсіпорындарда ішкі аудит тобы бухгалтерлік есепті, күнделікті шаруашылық әрекеттерді, құжаттарды тексерудш орнына олар сол кәсіпорынның экономикалық даму жолдарын қарастырып, кәсіпорынның қаржылық жағдайының күшею  жолдарын, табыстылықты көтеруді қарастырадш

      Ішкі  аудит оз қызметін талапқа сай  орыңдап. онын ролін көтеру үшін ол тек кана кәсіпорыннын, басшылық талабына сіай қызмет жасауға міндетті. Сондықтан  да шет елдерде, мысалы, неміс елінің кәсіпорындарында ішкі аудит құрылымының  бастығы сол кәсіпорынның жоғарғы  басқару тобына мүшелікке қосыларда  өзінің дербестігін қамтамасыз етеді.

      Ішкі  аудит жалпы үлкен көлемді  қызмет атқарады. Оның ішінде кәсіпорын  мүлкін тиімді пайдалануды тексеру, жұмысшылар күшін, еңбек ақы төлемінің  тиімділігін бақылау. Өндірістік кәсіпорындарда ішкі аудит жұмысы өндіріс шышнын және дайын өнімді сату процесін тексеру. Материалдық және еңбек шығынына экономикалық талдау жасап, оның тиімді, орынды болғанын анықтап, төзу сомасын  және басқару шығы-нын есептеуді, оның шығысқа шығарылу есебінің дұрыстығын тексереді. Бүл тексерулер шаруашылық субъектілерінің экономикасында ерекше орын алады, себебі, жоғарыда аталған  шығындар өндіріс өнімінің өзіндік  құнының негізін құрайтын элементтер. Олардың дұрыс есептелуін тексеру  арқылы өндіріс өнімінің өзіндік  қүнының дұрыс анықталғанын, оны  сату бағасымен салыстыру арқылы таза пайда сомасының мөлшерін дұрыс  анықтауға болады. Сондықтан да аудит  туралы басылымдарда, ғылыми зерттеулерде ішкі аудит — негізінде оперативтік  ішкі бақылау, тексеру деп тегін  айтпасас керек. Өйткені, тек қана ішкі бақылау, тексеру арқылы әндіріс  шығынына нақты өндіріс саласында  бақылау жүргізіліп, іс жүзінде тексеру  жасап жауапкершіліктегі мамандарға тікелей үкім беріледі және жіберілген кемшіліктер оперативтік түрде  тузетіледі. Содан кейін әрбір  өндіріс бөлімінің басшысына, өндіріс  шығынының дұрыс есептелуіне  жауапкершілік бекітшеді.

      Ішкі  аудит қызметінде жабдықтаушылармен, сатып алушынармен есеп айырысу, банк операциялары, қаржы, салық, әлеуметтік қамсыздындару мекемелерімен, дебиторлармен, кредиторлармен есесптесу процесі  тексеріледі. Сонымен қатар күнделікті касса әрекетін бақылап, тексеріп отыру, құнды қағаз әрекеттеріне тексеру жүргізеді. Осы орайда құнды қағаз әрекеттерінің ерекше дамуына сәйкес ішкі аудит қызметінде құнды қағаз биржасындағы оның бағасының толқуы, соған сәйкес құнды қағаз пакетін сатын алу немесе сату барысына жүйелі бақылау жасап, кәсіпкерге өзінің ұсынысын жасап отырады. Бүл өз бетінше ерекше экономикалық ізденіс болып табылады.

      Әрине, ішкі аудиттің күнделікті жұмысы —  ол кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің  ұйымдастыруын, күнделікті дұрыс жүргізілуін, материалдармен және мамандармен қаматамасыз  етуін бақылап, қадағалап, тексеріп отыру. Ішкі аудиттің бухгалтерлік есеп тобы қолданылатын бухгалтерлік есеп фирмасын, алғашқы есеп немесе бухгалтерлік құжаттау барысын, есеп кестесін толтыру  төртібін, екі жақты жасаудың дұрыстығын, Бас кіталты жүргізуді, бухгалтерлік ақпарат жасауды тексеріп отырады.

      Ішкі  аудиттің жаңа бір ағымы ол, кәсіпорында  басқару жұмысының құндылығын, тиімдшгін  анықтау. Осы тұрғыдан, кәсіпорынның басқару жүйесі, қызметкерлердің  міндетін бөлу, олардың жауапкершілігіне талдау жасап, басқару құрылымын  жақсарту, жетілдіру мақсатымен өздерінің  ұсынысын жасайды. Мамаңдар дайындауға олардың біліктілігін, іскерлігін жетілдіруге, қайта дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.

      Қорыта  келгенде, ішкі аудит қызметі кәсіпорын  шаруашы-лыған жан-жақты түгел  қамтиды. Өндірістік бриғада, цех, жеке бөлімдер шаруашынығынан бастап олардың  мемлекет заңын, нормативтік құжаттар талабын қалай орындалатынына бақылау  жасап, өндіріс технологиясына талдау жасайды. Сондықтан да ішкі аудиттің бақылау, тексеру барысында кэсіпорын  шаруашылығындағы қандай толқу өзгерістер болса да уақтылы анықталып оның түзету немесе өзгеріс енгізу жолдары  қарастырылады. Соның нотижесінде  кәсіпорын шаруашылық -қаржылық жағдайын жақсартуға арналған, оған әсерін тигізетін  факторларды пайдалану жолы қарастырылады.

      Ішкі  аудит қызметі күнделікгі жүйелі жұмыс жүргізу нотижесінде кәсіпорын басшыларына, тапсырушынарға кәсіпорын қызметін басқаруға, өндіріс барысының тиімділігін арттыруға қажетті анықтамалармен, мәліметтермен қамтамасыз етеді.

      Қазіргі кезде ішкі аудит қызметі күннен күнге қиындап, күрделеніп отыр. Оған себеп өндіріс көлемінің жедел  өсуі, өндіріс технологиясының өте  күрделі түрде дамуы, соған сәйкес экономикалық мәліметті қалынтастыру барысының күрделенуіне сәйкес болып  отыр. Оған қоса қазіргі кезде өте  көп шатысып жатқан қаржыны пайдалану  зандары да себеп болып отыр. Сондықтан  да, ішкі аудит қызметін атқарушы мамандар өте жоғары сатыдағы білімді, тәжірибелі болуы қажет. Олар өз жұмысын өте  тиянақты, орынды, аудит этикасын өте  жоғары үстайтын мамандар болуы керек. Сонда ғана олар жоғарғы беделді  кәсіпорын үжымының сеніміне ие болады.

Информация о работе Сыртқы аудит