Мүлікке салық салу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 14:28, автореферат

Краткое описание

Дегенмен, қазақстандық тәжірибеде мүліктік салықтардың реттеушілік және фискалдық қызметтерінің рөлі мен маңызы әлі күнге өз дәрежесінде бағаланбай келеді. Бұл негізінен аталмыш салықтардың мемлекеттік және жергілікті бюджеттердегі үлесінің салыстырмалы түрде төмен болуымен, сондай-ақ табысқа салынатын салықтар, қосылған құн салығы сияқты салықтармен салыстырғанда, азаматтар мен ұйымдардың салық ауыртпалығына ықпалының барынша аз болуымен түсіндіріледі.

Файлы: 1 файл

autoref_makenova.doc

— 344.00 Кб (Скачать)

ӘОЖ  336.226.2 (574. 54)                                                          Қолжазба құқында

                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

МАКЕНОВА АЙГУЛЬ АКИМЖАНОВНА

 

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасында мүлікке салық салу: құрылу

негіздері және жетілдіру жолдары 

(Қызылорда  облысы мәліметтері негізінде)

 

08.00.10 – Қаржы, ақша айналымы және несие

 

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін 

алу үшін дайындалған  диссертацияның

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.

 

 

Ғылыми жетекшісі                        

 

 

 

 

Ресми оппоненттер    

 

 

 

 

 

 

 

Жетекші ұйым

       

экономика ғылымдарының докторы А.А. Нұрымов

 

 

 

экономика ғылымдарының докторы С.Ш. Әуелбаев  

 

экономика ғылымдарының кандидаты Б.Ж.Ермекбаева

 

 

 

«Тұран» университеті


 

 

 

 

Қорғау 2008 жылдың «22» мамырында сағат 14.30 Халықаралық бизнес университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне іздену бойынша Д 20.01.07 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді.

Мекен жайы: 050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8А, 208-бөлме.

 

 

Диссертациямен Халықаралық бизнес университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

Автореферат «21»  сәуір 2008 жылы таратылды.

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, э.ғ.д.,

профессор:                                                                                    М.Х. Түсеева

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.

Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.

Әйтсе де, қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы  негізінен заңды және жеке тұлғалардың  табыстарына көбірек түсуде. Бұған  табыс салықтарынан түсетін түсімдердің мүлік салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр.

Сол себепті бүгінгі күні бюджеттің кіріс көзінің басым бөлігін құрап отырған, экономика салаларының табысына салынатын шектен тыс салық ауыртпалығының бір бөлігін осы уақытқа дейін салық жүйесімен мүлде ескерілмей келген мүліктен түсетін кіріс түрлеріне аударған жөн.

Мүліктің басқа объектілерге (табыс және қосылған құнмен) қарағандағы ерекшелігі, ол салық салудың барынша тұрақты объектілерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге мүлікке салық салу осы мүлікті барынша тиімді пайдалануға ынталандырады әрі мүлікті салық салудан жасыру тіптен мүмкін емес.

Сондай-ақ мүліктік салықтарды жергілікті деңгейде қолдану салықтың негізгі функциялары – фискалдық, реттеушілік және бақылау қызметтерін айтарлықтай дәрежеде көтеруге мүмкіндік береді. Мүлікке салық салу өткен кезеңдерде жасалған капитализацияланған табысқа салық салу объектілерін қоса, табысқа салық салуға толықтауыш қызметін атқарады.

Мүлікке салынатын салықтар әлемнің көптеген елдерінде салық  жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, жалпы мемлекеттік кірістердің құрамында айтарлықтай жоғары орын алады және көптеген мемлекеттердің жергілікті бюджеттерінің негізі болып табылады. Олар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы болуымен қатар, өндірістің ұлғайып дамуына да оң ықпалын тигізеді.

Дегенмен, қазақстандық тәжірибеде мүліктік салықтардың реттеушілік және фискалдық қызметтерінің рөлі мен маңызы әлі күнге өз дәрежесінде бағаланбай  келеді. Бұл негізінен аталмыш салықтардың мемлекеттік және жергілікті бюджеттердегі үлесінің салыстырмалы түрде төмен болуымен, сондай-ақ табысқа салынатын салықтар, қосылған құн салығы сияқты салықтармен салыстырғанда, азаматтар мен ұйымдардың салық ауыртпалығына ықпалының барынша аз болуымен түсіндіріледі.


Мүлікке салық салудың  жаңа әдістерін дайындау мәселесі және оның өндірісті дамытуға инвестициялық-ынталандырушылық тұрғыдан ықпалы ҚР ғалым-экономистері тарапынан дербес зерттеу объектісі ретінде ғылыми тұрғыдан жеткілікті зерттелмеген. Дегенмен, мүлік пен жерді қоса бағалау және оған салық салу жүйесін жетілдірудегі мәселелерге қалам тартып жүрген Қазақстандық ғалым-экономистердің еңбектері  кезеңдік басылымдарда жарық көріп жүргенімен, экономикалық әдебиеттерде жеткілікті көңіл бөлінбеген. Соған байланысты мүлікке салық салу мәселесін жетілдіру ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан толық зерттеуді қажет ететін күрделі міндеттердің бірі болып табылатына еш күмән жоқ. Демек, осы аталған мәселелердің өзектілігі, ғылыми зерттеу дәрежесінің толық ашылмауы және мүлікке салық салуды жетілдіру мәселесінің басыңқылық деңгейінің жоғарылығы осы бағытта терең ғылыми зерттеу жүргізудің объективті  қажеттілігін айқындап отыр.

Осылайша мүлікке салық  салу жүйесін жетілдірудің теориялық  және тәжірибелік негіздерін зерттеу, мүлікке салынатын салықтардың  қалыптасу және есептеу тәртібін анықтау, бақылау қызметін ұйымдастыру, жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемесін қарастыру, мүлікке салық салу жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін, ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала айқындауға мүмкіндік берді.

Тақырыптың  ғылыми зерттелу дәрежесі. Мүлікке салық салудың теориялық және тәжірибелік негіздерін қарастыруға А. Смит пен Д Рикардоның, П.П. Гензельдің, Ф. Ниттидің, Дж. Мильдің, Д. Локтың, В. Твердохлебовтың еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Олар байлық пен мүлікке салық салудың заңға сәйкестілігі және мұндай салық салуды жалпы теориялық талқылау мәселесіне көп көңіл бөлді.

Қазіргі уақытта мүлік  және онымен байланысты операцияларға  салық салу мәселесі, сондай-ақ салық салумен тікелей өзара байланысты үдерісі ретінде оны бағалау мәселелері шетелдік ғалымдар Г.С. Харрисон, Дж.К. Эккерт, сол сияқты ТМД елдері мен Қазақстанның көрнекі ғалымдары Е.П.Ушаков,         Д.Г. Черник, В.И. Гуреев, А.Г. Грязнова, В.П. Федорова, М.М. Соловьев, И.Т. Балабанов, В.М. Пушкарева, С.В. Барулин, Н.И. Химичев, И.Г. Русакова, Т.Ф. Кашин, С.Г. Пепеляев, Э.К. Ыдрысова, Ф.С. Сейдахметова, Г.А. Лесбеков,    Қ.Қ. Ілиясов, М.Т.Оспанов, С. Құлпыбаев, А.Б. Зейнелғабдин, А.А. Нұрымов және тағы басқа ғалымдардың монографиялық-ғылыми еңбектерінде кеңінен зерттелген.

Аталған авторлардың еңбектерінде қолданыстағы мүліктік салықтардың есептеу мен төлеуді талдау және мүлікті бағалау мәселелерінің теориясы мен тәжірибесінің кейбір тұстары қарастырылған. Әрине, бұл авторлардың еңбектері мүлікке салық салу жүйесін дамытуда маңызды орын алады. Дегенмен, бұл еңбектердің бірқатары нарықтық экономиканың және халықаралық-сауда, экономикалық байланыстардың тұрақты орын алуына дейін жарық көргендіктен, қазіргі экономикалық өзгерістер мен жаңа талаптар мүлікке салынатын салық жүйесін жетілдіруді қажет етіп отыр.


Мәселен, экономикалық әдебиеттерде қандай да бір объектінің мүлікке  жататындығын білдіретін біртұтас пікір  жоқтың қасы, мүліктің қандай түрлері  мүлікке салық салу объектілеріне жатуға тиіс екендігін анықтауға негіз болатын айқын критерийлер жоқ, сондай-ақ мүлікке салық салуға жатқызылатын төлемдер құрамы бүгінге дейін толық анықталмаған. Соңғы уақытта салық жүйесінің  жедел қарқынмен дамуына қарамастан, ондағы мүлікке салық салу жүйесін жетілдіру мәселелеріне арнап жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстары жоқтың қасы.

Сондықтан, мүліктің бағасы мен одан алынатын салықтардан бюджетке түсетін түсімдер арасындағы алшақтық сияқты мәселелер мүлікке салық салу жүйесін оңтайландыру қажеттігін білдіреді.

Аталған мәселелердің маңыздылығы  мен тақырыптың осы күнге дейін  толыққанды зерттелмегендігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысының  мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында мүлікке салық салу жүйесінің теориялық және тәжірибелік негіздерін әлемдік тәжірибемен салыстыра отырып, мүлік салығын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру болып табылады.

Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:

- мүлікке салық салудың теориялық және әдістемелік негіздерін талдай отырып, жалпы салық жүйесінде мүлікке салынатын салықтардың рөлі мен маңызын анықтау;

- әлемнің дамыған елдеріндегі мүлікке салық салу жүйесінің құрылуы мен даму заңдылықтарын зерттеудің нәтижесінде оларда жинақталған тәжірибені республикадағы мүлікке салық салуды жетілдіруде қолдану үшін негізгі мүмкіндіктерін бағалау;

- қолданыстағы заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтарының жергілікті бюджетті қалыптастырудағы ықпалын анықтау;

- Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке салынатын салықты енгізудің негізгі алғышарттарын айқындау;

- ҚР мүлікке салық салу жүйесін жетілдіру бойынша негізделген тәжірибелік ұсыныстар беру;

Зерттеу жұмысының  пәні мен объектілері. Зерттеу жұмысының пәні нарықтық жағдайда мүлікке салық салу жүйесіндегі мемлекет пен меншік иелері арасында салық қатынастарын зерттеу болып табылады.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы мүлікке салық салу жүйесі саналады.

Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғылыми ой өкілдерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибешілердің монографиялары мен мақалалары, салықтық және қаржылық-бюджеттік қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.


Ақпараттық база ретінде  ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің, Қаржы министрлігі Салық комитетінің материалдары, Қызылорда облысы Салық комитетінің мәліметтері, халықаралық және республикалық конференциялардың материалдары пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының  ғылыми жаңалығы. Экономикалық дамудың қазіргі талаптарына сай қолданыстағы мүліктік салықтарын бірыңғай жылжымайтын мүлікке салынатын салықпен алмастырудың қажеттігін негіздеу, осы салықты енгізудің ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне, бюджет кірісін қалыптастыруға және азаматтардың әл-ауқаты деңгейіне  әсерін зерттеу және жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.

Негізгі ғылыми жаңалықтардан  тұратын зерттеу жұмысының маңызды  нәтижелері болып мыналар саналады:

- автордың жеке зерттеуінің нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы мүлік салығының экономикада алатын орны анықталып, «жылжымайтын мүлік» анықтамасына ғылыми негізделген тұжырым берілді;

- мүлікке салық салудың әлемдік тәжірибесін сараптай отырып, «жылжымайтын мүлікке» салынатын салықтың жетістіктері мен артықшылықтарының негізінде, оны ҚР-на енгізу қажеттілігінің негізгі және дәлелді белгілері анықталды;

- нарықтық қатынастарға өту кезеңінен бастап еліміздегі экономикалық байланыстардың қарқынды даму тұсындағы мүлік салығының жағдайы анықталып, оның жергілікті бюджетті қалыптастырудың көзі ретінде басымды ерекшеліктері айқындалды;

- мүлік салығы бойынша салықтық ауыртпалықты салық төлеушілер арасында тең бөлудің ұстамдарына және нарықтық бағаға негізделген жылжымайтын мүлікке салынатын салықты енгізудің негізгі алғышарттары мен қажеттілігі ғылыми тұрғыдан негізделінді;

- Републикадағы мүлік салығын төлеушілерді жылжымайтын мүлік салығына біртіндеп көшірудің сатылары белгіленіп, одан алынатын нақты нәтижелердің сипаттамасы анықталды.

Қорғауға шығарылған негізгі ұсыныстар:

1. Мүлікке салық салудың теориялық және әдістемелік негізін зерттеудің нәтижесінде «мүлік», «жылжымайтын мүлік» ұғымдарына авторлық анықтама берілген және мемлекеттің салық жүйесінде мүлікке салынатын салықтардың рөлі мен маңызына талдау жүргізіліп, мүлік салығының объективті қажеттілігі теориялық тұрғыдан негізделді;

2. Әлемнің кейбір елдеріндегі мүлікке салық салу жүйесінің тәжірибесіне талдау жүргізіліп, оның тиімді жақтарын Қазақстанның қазіргі жағдайында пайдалану мүмкіндіктері дәлелденді;

3. Қазіргі уақыттағы заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу жүйесін талдау арқылы мүлікке салық салудың механизмі мен заңдық базасындағы кемшіліктері анықталды;


4. Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке салынатын салықты енгізудің негізгі белгілері мен алғышарттары анықталды;

5. Нарықтық қатынастар жағдайында республикадағы мүлікке салық салудың қолданыстағы жүйесін жылжымайтын мүлікке салынатын салыққа ауыстырудың артықшылықтары мен тиімділігі анықталды.

Зерттеу жұмысының  ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда берілген  ұсыныстар мен қорытындылар мүлікке салық салу жүйесін жетілдіру бойынша тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған.

Зерттеу нәтижелерiн салық  комитеттері мүлікке салық салу жүйесін жетілдіруде пайдалана алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.

Информация о работе Мүлікке салық салу